Ішкі секрециялық бездерге қандай бездер жатады, олардың сыртқы секрециялық бездерден айырмашылығы неде?



бет1/4
Дата03.12.2023
өлшемі24,23 Kb.
#132994
  1   2   3   4

9. Қалқанша безінің гипо- жөне ғиперсекрециясы.


  1. Ішкі секрециялық бездерге қандай бездер жатады, олардың сыртқы секрециялық бездерден айырмашылығы неде?

Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы түсінік. Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық (лат.секреция-сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады.Сондықтан оларды секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо –сыртқы, сыртқа+ген –тек, болмыс) бездер деп атайды. Ішкі секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон-ішкі+крино-бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімдері тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.



  1. Гормон деген не, оның қасиеттері бар ма?

Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон (грек. гормо-ішке қосамын, қозғаймын) деп атайды, ол өте белсенді химиялық зат. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына,мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Оған қоса, организмнің қызметтерін реттейді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек. Гипо-аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. гипер-артық,жоғары, шегінен тыс ) байқалады. Гормондардың қасиеттері:
а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде әсер ете алады;
ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормон немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;
б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет