Ислам және өнеге


« Р ахатқа бола бес күнгі, ренжіте



Pdf көрінісі
бет41/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71
«
Р
ахатқа бола бес күнгі, ренжіте 
көрме ешкімді!»
Адамзат  баласы  өмірдің  сын  сағаттарында  түрлі 
көңіл-күйді  бастан  кешеді.  Қамығу,  сағыну,  мұңаю, 
күйіну, сүйіну, өкіну – бәрі де екі аяқты, жұмыр бастыға 
тән қасиеттер. Кейде жалғыз ауыз жылы сөзге балаша 
мәз болып қуанса, кейде болмашы нәрсеге бола қатты 
құлазып, жүрегі мұздап, жаны сыздап, сол сәт өмірден 
безіп кеткісі келеді. Жақын адамыңыздың кейде аяқасты 
бұртиып, томсырайып қалғанын көресіз. Сол сәт ішіңіз 
қылп  етіп,  өкпелетіп  алғаныңызды  сезесіз.  Өйткені 
өкпелеу де оған тән мінез. Ондайда ол теріс қарап сөзіңді 
естімегенсіп  жүре  сөйлеседі,  тіпті  ләм-мим  деп  тіл 
қатпай қоюы да мүмкін. Хабарласа қалсаң, телефонын 
өшіріп  не  көп  уақыт  бойы  жауап  бермей  діңкелетеді. 
Ал көңілі қалса, «енді сені желкемнің шұқыры көрсін» 
деп біржолата теріс айналуы да мүмкін. Қанша деген-
мен «бір атым насыбайдың өзін» көңілге алып қалатын 
қазақ емеспіз бе?
Иә,  адамдар  арасындағы  реніш  –  тұрмыста  жиі 
кездесетін  жайттардың  бірі.  Оған  ұсақ-түйек  себеп 
көп.  Алайда  ешкімді  ренжітпеу,  көңіліне  келмейтін 
әрекет жасау – ілуде бір кездесетін жақсы мінезге жа-
тады.  Сүйікті  пайғамбарымыз  Мұхаммед  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  кісі  көңілін  қалдырмауға  қатты 
көңіл  бөлген.  Әрбір  ісінде  бұны  жіті  қадағалайтын. 
Пышақ  берсе,  сап  жағымен  ұсынатын.  Қылыштарды 
көшеде  жалаңдатып  алып  жүруге  тыйым  салған. 
Әрдайым  жүзі  күлімсіреп  тұратын.  Аузынан  қатты 


126
Ислам және өнеге
сөз  шықпайтын.  Бұйымтайын  айта  келген  адамның 
қолын бос қайтармайтын. Ешқашан «жоқ» деп айта ал-
мауы да оның осы бір көңілге қарағыштық қасиетінен 
туған  еді.  Қолында  жоқ  болса,  тауып  берем  деп  уәде 
беретін. Біреудің қателігін түзетпек болса, жұрт алдын-
да  мінін  бетіне  баспай,  көңіліне  келер  деп  ол  кісінің 
атын атамай, отырғандарға жалпылама айтатын. Кімге 
қарата  айтылып  жатқанын  әлгі  адам  өзі  сезетін.  Жай 
адамдарды  ғана  емес,  «Мүгедек  біреуді  көрсеңдер, 
сендерді сондай күйге түсірмеген Аллаһ тағалаға шүкір 
етіңдер, бірақ оны дауыстап айтып әлгі ғаріптің көңілін 
ренжітпеңдер»,  –  деп,  көңілі  жарымжан  мүгедектерді 
ренжітпеу керектігін білдіретін. Үш кісі отырғанда, екі 
кісі  өзара  күбірлесіп  сөйлеспегені  абзал,  өйткені  бұл 
үшінші кісінің көңіліне келуі мүмкін дейтін. Ренжісіп 
қалған жағдайда үш күн ішінде татуласуға кеңес беріп: 
«Бір  мұсылман  адамның  екінші  бір  мұсылман  бауы-
рына үш күннен артық ренжуі дұрыс емес. Кездескен-
де  бір-бірінен  сырт  айналған  екеудің  абзалырағы  – 
бірінші болып сәлем бергені», – деп, ондайда ренішті 
бірінші  болып  ұмытудың  артықшылығын  жоғары 
қоятын
172
.  Араз  кісілерді  татуластырудың  нәпіл  на-
маз  оқып,  нәпіл  ораза  ұстағаннан  да  үлкен  сауап 
екенін, ол үшін қажет болса жалған айтуға рұқсат ба-
рын еске салатын. Адамның ең нашары басқаға кесірі 
тиетін,  әркімді  ренжітетін  адам  дейтін.  Өсиеттерінде 
үнемі  ата-ананы,  сүйікті  жарды,  жақын  туыс,  көрші-
қолаңды ренжітпеуге, жетім-жесірдің ақысын жеп, көз 
жасына  қалмауға,  баланы  өкпелетпеуге,  дос  көңілін 
қалдырмауға шақыратын. Өйткені, «Пенденің жасаған 
амалдары әр дүйсенбі және бейсенбі күндері Аллаһқа 
жеткізіледі.  Ұлы  Жаратушы  сол  күндері  өзіне  серік 
172
  Бұхари, Әдеп, 57.


127
Адами мінез – арға сын
қоспаған  құлдарының  күнәларын  кешіреді.  Алайда 
араларында дұшпандық, реніші барларды бөлек қояды 
(кешірмейді).  Сөйтеді  де:  «Бір-бірімен  татуласқанша 
бұларды қоя тұрыңдар», – дейді», – деп түсіндіретін
173

Сол себепті «Мүмин адамның мүмин адамға үш күннен 
артық  ренжуі  дұрыс  емес.  Арадан  үш  күн  өткеннен 
кейін онымен сөйлесіп, сәлем берсін. Егер ол сәлемді 
алса, сауабы екеуіне тең бөлінеді. Алмаса, күнәсы сол 
адамға  жүктеледі»
174
  деп,  бітімге,  татулыққа  алғашқы 
болып  шақырушының  үлкен  сауапқа  кенелетінін, 
ал  қисық  мінез  танытып,  оған  көнбегендердің  күнә 
арқалайтынын  ұқтырған.  Хадисті  саралаған  ғалымдар 
сәлемдесумен арадағы реніш жойылады десе де, Ахмед 
ибн  Ханбәл:  «Бұрынғы  сыйластықтарына  қайта  орал-
майынша реніш тарқамайды», – деп тұжырымдаған. 
Ренішті  үш  күннен  асырмаудағы  сақтық  неде? 
Ондағы даналық – соңы бара-бара кекшілдік пен ере-
геске,  жанжалға,  өзара  жауыздық  пен  дұшпандыққа 
ұрындырмаудың алдын алу болса керек. Өмірде кішкене 
реніштен  барып  арты  үлкен  дауға,  рулас  елдерді  бір-
бірімен араздастырып қырғынға ұшыратқан жағдайлар 
аз  болмаған.  Сол  себепті  ашу  өртін  дереу  сөндіріп, 
арадағы ренішті жоюға талпынудың, ымыраға келудің, 
татулық  пен  діндегі  бауырмашылдықты  жоғары  қоя 
білудің қоғамдық мәні зор. Бірінші болып кешірімге бара 
білу – қай кезде де адамның кішіпейіл, қайырылғыш, 
иілгіш секілді жақсы мінезін байқатады. Ал өлсем де 
кешірмеспін  деп  ант  ішу,  анасы  тасқа  жерік  болып 
тас болып түскендей, не әкесі бүгін өлгендей түнеріп 
райынан  қайтпау  –  долы,  шайпау,  қатал  мінездің, 
қала  берді  кекшілдік  пен  сасық  тәкаппарлықтың  ны-
173
  Мүслим, Бирр 36.
174
  Әбу Дәуіт


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет