Ислам және өнеге


« А шулы жұдырық – күліп тұрған



Pdf көрінісі
бет45/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71
«
А
шулы жұдырық – күліп тұрған 
бетті ұра алмайды»
  Жұмсақтық  –  адам  бойындағы  ең  асыл,  баға 
жетпес мінездің бірі. Мінезі жұмсақ адам кешірімді, 
байыпты, байсалды, ашуға бой алдырмайтын, сабыр-
лы,  шыдамды,  көңілдің  күйін  алыстан  бағамдайтын 
парасатты, кішіпейіл, жанашыр, жылы жүзді, майда 
тілді келеді. «Қауызында дәні жоқ – сабан мінезді адам 
болады; қорсылдаса көңілі тоқ – қабан мінезді адам бо-
лады» деген секілді дөрекілік пен дойырлық қай кезде де 
рухани осалдық, жабайы мінез ретінде сынға алынып, 
ал жұмсақтық қай халықта да игі саналған. Дана қазақ 
«Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа қайрайды», «Түсі 
игіден  түңілме»,  «Жылы-жылы  сөйлесең,  жылан  да 
інінен шығады» десе, қарақалпақтар «Қатты ағашты 
жейтін – жұмсақ құрт», моңғолдар «Жұмсақ жүрек 
–  жомарттықтан  көп  артық»,  қытайлар  «Ашулы 
жұдырық  –  күліп  тұрған  бетті  ұра  алмайды»  дейді 
екен. Армяндар «Айтқаның «жаным» болса, еститінің 
де  «жаным»  деп  ой  салса,  эстондар  «Жылы  сөз  – 
салқын судан да жақсы сергітеді» деп бағалайды. 
Байқасаңыз,  бүкіл  адамзатқа  ортақ  осы  қасиет  – 
мұсылманға тән мінез. Хазірет Мұхаммед (саллаллаһу 
алайһи уә сәллам) пайғамбар болғанға дейін де, кейін 
де  ең  жұмсақ  мінезді  жан  еді.  Құранда  Аллаһ  тағала 
оның осы мінезін мақтап, қатал адамның маңайына жан 
жуымасын былай деп білдірген: 


140
Ислам және өнеге
«Аллаһтың  рақымдылығымен  сен  оларға  жұм-
сақтық таныттың. Егер қатал жүректі болғаныңда, 
олар маңайыңнан тарап кетер еді»
183

Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  өзіне  жасалған  қастан-
дықтар үшін ешкімнен кек алуды көздемеген. Елшілік 
міндетін орындап, Ислам дінін жая бастаған алғашқы 
жылдары Құрайыштың азулы мүшріктері оны мазақтап, 
келеке-қылжаққа  айналдырып,  жүретін  жолдарына 
тікен тастап, үстіне малдың қан-жынын төгіп, тасадан 
тас  лақтыратын  еді.  Бұнымен  қоймай,  сиқыршы,  ай-
лакер, арбағыш, балгер, өлең шығарғыш деген секілді 
жаланың  неше  түрін  жабатын.  Алайда  олар  қанша 
жамандық  жасаса  да,  Пайғамбарымыз  шыдамдылық 
танытып,  ашуланбайтын.  Өйткені  ол  қаттылыққа 
қарағанда жұмсақтықтың анағұрлым артық екенін, там-
шылаудан танбаған су ғана тасты тесетінін, зорлықты 
тек  сүйіспеншілікпен  ғана  жеңуге  болатынын  жақсы 
білетін.  Жұмсақмінезділікті  ол  өз  іс-әрекетімен  үлгі 
етіп көрсетумен қатар, бірқатар хадистерінде де үмбетін 
осыған  шақырған:  «Қиямет  күні  Аллаһтың  алдында 
дәреже тұрғысынан адамдардың ең жаманы – мінезінің 
дөрекілігінен  жұрт  қашатын  адам»,  «Аллаһ  тағала  – 
жұмсақ,  әр  ісінде  жұмсақтық  танытқандарды  жақсы 
көреді, жұмсақ мінезділерге нәсіп еткен игіліктерін басқа 
ешкімге  нәсіп  етпейді»
184
,  «Жұмсақтықтан  мақұрым 
адам  –  барлық  жақсылық  атаулыдан  мақұрым»
185

«Адамдарға істің оңайын білдіріп, жұмсақтық танытқан 
мүмин  тозаққа  түспейді»
186
,  «Қай  жерге  жұмсақтық 
183
  «Әли-имран» сүресі, 159-аят
184
  Mүслим, Бирр уә сыла, 77.
185
  Мүслим, Бирр 75.
186
  Ибн Мәсғудтан Тирмизи риуаят еткен.


141
Адами мінез – арға сын
ұяласа,  сол  жерді  әсемдейді,  жұмсақтық  жоқ  жерде 
ақау пайда болады»
187
 т.б.
Бір  аймаққа  сахабаларын  жіберсе,  «(Дінді) 
ауырлатпаңдар,  жеңілдетіңдер.  Жек  көргізбеңдер, 
сүйдіріп  үйретіңдер»
188
,  –  деп  ескертіп,  қаттылықтың 
еш опа-жақсылық әкелмейтінін, қай кезде де жүрекке 
жұмсақтықпен ғана жол табу керектігін ұқтыратын. 
Бір жолы Пайғамбарымыз сахабаларымен мешітте 
әңгіме-дүкен  құрып  отырғанда,  сырттан  кірген  бір 
бәдәуи әлден уақытта мешіт шетіне барып кіші дәрет 
сындыра бастады. Оның бұл қылығын көрген сахабалар 
ашумен өре түрегелісті. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
оларға: «Тиіспеңдер, аяқтасын. Артынан ол жерге бір 
шелек су төгерсіңдер, өйткені сіздер қиындатуға емес, 
жеңілдетуге  жіберілгенсіздер»,  –  деп  басу  айтты.  Іле 
әлгі бәдәуиді қасына шақырып, қателік жасағанын жай 
сөзбен былай деп түсіндірді: «Мұндай мешіт орындары 
дәрет сындыруға, я болмаса, басқа да ластықтар үшін 
арналмаған.  Мешіттер  Аллаһты  еске  алып,  намаз  оқу 
үшін, Құран оқу үшін салынады»
189
.
Негізі,  сахабаларға  қарағанда  бұған  Пайғамбары-
мыздың көбірек ашулануы керек еді. Неге десеңіз, өзі 
бас болып салдырған әрі тек ғибадатқа ғана арналған 
мешітте жасалған бұл іс дөрекіліктің сойқаны болатын. 
Алайда  Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бәдәуидің  оны  әдейі 
емес,  білместікпен  жасағанына  түсіністікпен  қарап, 
барынша  жұмсақтық  танытты.  Кешіріммен  қарап, 
сабырға салды. Өйткені Екі жаһан сардары (с.а.с.) на-
шар қылықты адамға жұмсақмінезділік танытқанда ғана 
187
  Мүслим, Бирр 78.
188
  Бұхари, Ілім 11, Әдаб 80. 
189
  Бұхари, Уду 58, Әдаб 80.


142


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет