Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


дар мен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін



жүктеу 3.36 Mb.
Pdf просмотр
бет9/27
Дата29.12.2016
өлшемі3.36 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

дар мен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін 
жиналып, тіпті бір-бірін қолдап, күштерін жинаса да 
оған ұқсас бір кітап жаза алмайды» (Исра/88) – деп аят 
түсіріп, олардан Құранға ұқсас бір кітап жазуларын талап 
етеді.  Алайда  араб  ақын-шешендері  Құранға  ұқсас  бір 
кітап  жазу  қолдарынан  келмегендіктен  ауыздарына  құм 
құйылып, үн-түнсіз қала берді.
44 
  Бұл  жайлы  кең  мағлұмат  үшін  қараңыз,  М.  ИСАҰЛЫ,  Құран 
кімнің сөзі?, Алматы 2004.

122
ИМАНИ ГҮЛ
Алла  Тағала  басқа  бір  аятта:  «Жоқ,  әлде  олар 
(кәпірлер) Құранды өзі құрастырып алды деп жатыр 
ма? (Мұхаммед (с.а.у.) оларға айт: Егер айтқандарың 
рас  болса  Алладан  басқа  шақыра  алатындарыңды 
(жәрдемге)  шақырыңдар,  (бәрің  бірігіп)  сендер  де 
сол  сияқты  құрастырылған  он  сүре  жазыңдар!»
45
    - 
деп  әншейінде  намысшыл  болып  келетін  шайырлардың 
намысын  қайрап,  олардан  құрастырылған  он  сүре  жа-
зуларын  талап  етеді.  Бірақ  шайырлардың  ауыздарына 
құм  құйылып,  дәрменсіздіктен  Алланың  бұл  талабын 
да  жауапсыз  қалдырды.  Он  сүре  жазуға  шамалары  кел-
меген  шайырларды  Алла  Тағала  басқа  бір  аятта  былай 
деп,  бар  білетін  өнерлерін  көрсетуге  шақырады.  «Егер 
құлымызға түсірген Құранға күмәндансаңдар, қанеки, 
бір сүресіне ұқсас сүре жазып әкеліңдер және Алладан 
басқа  сенетіндеріңнің  барлығын  шақырыңдар,  егер 
күмәндарың әрине рас болса. Бұны жасай алмасаңдар, 
– ешқашан жасай алмайсыңдар да – Ендеше, отыны 
адамдар мен тастардан тұратын кәпірлерге әзірленген 
тозақ отынан сақтаныңдар» (Бақара, 23-24). Әншейінде 
намысшыл келетін шайырлар бұл жолы тағы да Алланың 
талабына дәрменсіз қалып, Құранға ұқсас бір кітап емес, 
тіпті  он  сүре  де  емес,  жалғыз  ғана  сүре  жазу  да  қол-
дарынан келмегендіктен тағы да үнсіз қалды. Иә, күмән 
келтірген  арабтардың  өздерінен  талап  етілген  Құранға 
ұқсас  бір  кітапты,  яки  он  сүресін,  тіпті  жалғыз  сүресін 
жазу  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  жаңа  дініне  тосқауыл 
болудың ең қысқа әрі оңай жолы бола тұра, мал-жандарын 
қатерге  соғатын  соғыс  жолын  таңдауларының  астарын-
да  Құран  сүрелерінің  ұқсасын  жаза  алмаулары  бар  еді. 
Өйткені Құран мағынасындағы тереңдігі мен тәсіліндегі 
ерекшелігі жағынан  арабтардың қара сөздеріне де, өлең 
45 
 Һуд сүресі/11-13.

123
ИМАНИ ГҮЛ
шумақтарына да ұқсамайды. Он төрт ғасырдан бері Құран 
сүрелеріне  ұқсас  бір  сүрені  күллі  адам  баласының  жаза 
алмауы  –  Құранның  Алла  Тағала  тарапынан  жіберілген 
хақ кітап екендігінің айқын дәлелі.
• Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінің 
арасында сөз стилі тұрғысынан жер мен көктей ерекшелік 
бар.  Ерекшелігі  соншалық  –  кез  келген  арабша  білетін 
адам мағыналары бір болып келетін Құран аяттары мен 
хадистерді «мынау – аят», «мынау – хадис» деп, оп-оңай 
ажырата алады. Арабтар пайғамбарымыздың хадистерін 
өздерінің  сөздеріне  ұқсас  деп  біліп,  Құранды  өздері 
қолданатын  сөйлеу  тәсілдерінің  ешқайсысына  ұқсата 
алмай,  қайран  қалатын.  Себебі,  Құранда  арабтардың 
қолданған қара сөздеріне де, өлеңдеріне де ұқсамайтын, 
жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше 
өзіне ғана тән иләһи (құдайлық) тәсіл бар.
•  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  хадистерін  оқыған 
уақытымызда  терең  толғанып,  Алланың  ұлылығының 
алдында  бас  иіп,  тебіреніп  айтып  тұрған  адам  бейнесі 
сезіледі.  Ал  Құранды  оқыған  уақытымызда  Алланың 
ұлылығы  мен  жаббарлығының  үні  байқалып,  сөздің 
жұмыр  басты  адамнан  емес,  бүкіл  әлемдердің  Ұлы 
Жаратушысынан  келіп  тұрғандығы  анық  байқалады. 
Пайғамбарымыздың бір-бірінен тым басқаша екі тәсілді 
әр  жерде  еш  ойланбастан,  оп-оңай  ажыратып  қолдануы 
Құранның ойдан шығарылған кітап емес, Алла Тағала та-
рапынан  түсірілгендігінің айқын дәлелі болса керек.
• Оқу-жазу білмейтін Алла елшісінің (с.а.у.) уахидың 
көмегінсіз  жеке  тұлғалық,  отбасылық,  қоғамдық, 
экономикалық  және  адами  қатынастарды  реттейтін 
құқықтық  қағидалар  қойып,  ислам  діні  сияқты  кемел 
жүйе  құруы  әсте  мүмкін  емес.  Алла  елшісінің  (с.а.у.) 
алып келген жаңа жүйесі ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан 

124
ИМАНИ ГҮЛ
алуан  ұлттар  тарапынан  іс  жүзінде  қолданылуда.  Тіпті 
заман  ескірген  сайын  ислам  діні  жаңара  түсуде.  Енде-
ше,  бұл  ереже-қағидаларды  орнатқан  Мұхаммед  (с.а.у.) 
емес,  Ұлы  Жаратқанның  өзі  болмақ.  Тарихқта  көптеген 
құнды  кітаптар  жазылған.  Бірақ  жұмыр  басты  пенденің 
туындысы  болғандықтан,  заманның  жаңалығына  өз 
шешімін беріп, адамзаттың күн сайын дамыған ой-өрісін 
қанағаттандыра алмағандықтан, жаңа толқын тарапынан 
«ісің  бітті»  делініп,  сөредегі  орнынан  беймәлім  жаққа 
тәрк етілген. Ал, Құранға деген адамзаттың мұқтаждығы 
күннен-күнге  артып  отыр.  Иә,  заман  ескірген  сайын 
Құран жаңара түсуде. Өткен ғасырларда тәпсірленіп, сол 
ғасырлардағы  аса  көкейкесті  мәселелерге  дауа  болған 
Құран аяттары бүгінде басқа қырынан тәпсірленіп, құдды 
жаңа ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен небір за-
манауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына жауап 
беруде  және  қияметке  дейін  бере  бермек.  Сөйтіп,  өзінің 
сарқылмас  қазынаға  толы  мәңгілік  мұғжиза,  ескірмес 
иләһи кітап екенін дәлелдей бермек.
• Әлемде миллиондаған адам жатқа білетін және күн 
сайын  жалықпастан  оқылатын  Құран  секілді  екінші  бір 
кітап жоқ. Қандай классикалық әдеби кітапты алсаңыз да, 
бірнеше рет оқығаннан кейін одан жалығасыз. Ал Құранды 
оқыған  сайын  жалығу  былай  тұрсын,  ол  сізді  жаңа 
ойларға жетелеп, рухани шабытқа кенелтеді. Көңіліңізге 
көктем  сыйлайды.  Алты  жүзден  аса  беттен  тұратын 
Құран Кәрімнің араб тілін білмейтін миллиондаған адам-
дар  тарапынан  сөзбе-сөз  толықтай  оңай  жатталуы  және 
адамның  жандүниесіне  ағыла  құйылып,  баурап  алатын, 
тек өзіне ғана тән ерекше әуені мен әуезі – Оның иләһи 
кітап екендігінің нақ белгісі.
• Құранның бұрын болып кеткен көптеген оқиғалар 
мен келешекте болатын оқиға, жаңалықтардан нақты ха-

125
ИМАНИ ГҮЛ
бар беруіне ат үсті қарап, оны адам баласының жазған ту-
ындысы деу қисынға қайшы. Бұл жерде оның барлығын 
қамтып жазу мүмкін болмағандықтан, мысал ретінде бір-
екеуін  ғана беріп отырмыз.
•  Салих,  Лұт,  Мұса  сияқты  пайғамбарлар  мен 
қауымдарының  ежелгі  дәуірде  ғұмыр  кешкен  мекендері 
мен өмір сүру ахуалдарын Құран баяндағандай енді ғана 
зерттеп тапқан қазіргі археология ғылымы Құранға ерік-
сіз таң қалуда.
•  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  дәуірінде  румдықтар 
мен  сасанидтер  үнемі  бір-бірімен  шайқаста  бола-
тын.  Румдықтар  сасанидтерден  соңғы  соғыста  қайта 
бас  көтерместей  ойсыра  жеңіліске  ұшырайды.  Осы 
жеңілістен кейін румдықтардың бірнеше жылдың ішінде 
жеңіс тұғырына қайта көтерілетіндігіне ешбір кемеңгер, 
данышпанның  болжам  жасауы  мүмкін  емес  еді.  Міне, 
осындай  ешбір  болжамның  ұшы  да  көрінбеген  кезеңде 
Құран  Кәрім  румдықтардың  осы  жеңілістерінен  кейін 
сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңетіндігін 
дөп  басып  айтып  салады:  «Рум  жеңілді,  сендерге  ең 
жақын жерде. Олар бұл жеңілістерінен кейін бірнеше 
жылдың  ішінде  қайта  жеңіске  жетеді...»
46
.  Құран 
айтқандай-ақ  румдықтар  сасанидтерді  бірнеше  жылдың 
ішінде қайта жеңеді.
Құран және ғылым
• Құран  Кәрімнің  енді-енді  кейінгі  ғасырларда  ғана 
ашылып  жатқан  көптеген  ғылыми  жетістіктерді  осыдан 
он төрт ғасыр бұрын айтып кетуі көптеген батыс-шығыс 
ғалымдарын  таң  қалдырып,  Исламға  бас  идірген.  Міне, 
бұл Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Алла тара-
пынан жіберілгендігінің дәлелі.
46
  Рум сүресі/1-4.

126
ИМАНИ ГҮЛ
Мысал ретінде бірнеше аят:
Өсімдіктер де аналық-аталыққа бөлінеді
Өсімдіктердегі 
аналық-аталық 
ұрықтарының 
ғылыми  тұрғыдан  соңғы  ғасырларда  ғана  зерттеліп 
білінгені бәрімізге мәлім. Ал, Құран мұны он төрт ғасыр 
бұрын  былай  деп  көрсеткен:  «Жерден  өніп-өсетін 
барлық өсімдіктерді және өздеріңді және сендердің т.б. 
білмейтін  нәрселеріңді  жұп-жұп  қып  жаратқан  Алла 
қандай пәк»
47
.
Желдің ұрықтандыру қызметі
«Хижр»  сүресіндегі:  «Біз  желді  ұрықтандыру 
үшін  жібердік,  сөйтіп  аспаннан  жаңбыр  жауғызып, 
сендерді  сусындандырдық…»  аяты  жаңбырдың  жау-
уында,  желдің  ұрықтандыру  қызметін  атқаратындығын 
ашық баяндайды. Аятта жел үшін қолданылған «уақих» 
сөзі «ұрықтандыру» деген мағынаны білдіреді.
Жел  су  буларынан  пайда  болған  бұлттарды  бір-
бірімен  қақтығыстырады.  Бұл  қақтығыс  салдарынан 
найзағай пайда болады. Жел бұлттарды тығыздап сыққан 
кезде  жерге  жаңбыр  жауады.  Желдің  бұлттарды  айдап, 
бір-біріне  қосу  ісі  жоғарыдағы  аятта  «бұлттарды  бір-
біріне қосады» деп емес, «ұрықтандырады» деп берілуі 
шынымен  де  назар  аударарлық.  Яғни,  аятта  айтылған 
желдің  бұлттарды  «ұрықтандырады»  деуінің  аста-
рынан  бұлттардың  да  бейне  бір  аталық-аналық  тәрізді 
позитив-негатив  болып  бөлінетіндігін  аңғаруға  болады. 
Демек,  желдің  позитив-негатив  бұлттарды  бір-бірімен 
қосып,  тығыздауы  нәтижесінде  жаңбыр  жауғызуы  оның 
«ұрықтандыруы» болмақ.
Тоғызыншы  ғасырдың  аяғында  яғни  осыдан  он 
бір  ғасыр  бұрын  өмір  сүрген  Ибн  Жәрир  әт-Табарани 
47 
Ясин сүресі/36.

127
ИМАНИ ГҮЛ
атты  ғалым  жоғарыдағы  аятты  тәпсірлегенде:  «Әуелі 
жел  өсімдіктерді  тозаңдайды,  сосын  бұлттарды 
ұрықтандырады»  -  деп,  желдің  өсімдіктерді 
тозаңдайтынын һәм бұлттарды да ұрықтандыратынын ай-
туы таң қаларлық.
Міне,  Құран  Кәрім  он  төрт  ғасыр  бұрын  желдің 
аналық-аталықтан  тұратын  өсімдіктерде  және  позитив-
негативті бұлттарда ұрықтандыру қызметін атқаратынын 
ашық  айтып  кеткен.  Ғылыми  тұрғыда  кешірек 
дәлелденген аталмыш табиғат заңдарын 1400 жыл бұрын 
ешбір адамның білуі мүмкін емес еді. Олай болса, Құран 
адам емес, осы заңдарды жаратқан Ұлы Құдіреттің сөзі 
болмақ.
Аспан әлемі үнемі кеңеюде
Ең жақын бес-алты галактикадан басқа барлық галак-
тикалар  бізден  өз  қашықтықтарына  сай  жылдамдықпен 
тоқтамастан  ұзақтап  жатқанын  1922  жылы  астроном 
Хабл  (Hubble)  зерттеп  тапқан  болатын.  Оның  айтуына 
қарағанда,  жарық  жылдамдығымен  есептегенде  бізден 
миллион  жылдай  қашықтықта  орналасқан  бір  жұлдыз 
бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл 
ұзақтағы  жұлдыз  екі  есе  жылдамдықпен,  үш  миллион 
жыл  ұзақтықтағы  үш  есе  жылдамдықпен  тоқтамастан 
алыстауда.
Иә,  1922  жылы  ғана  зерттеп  білінген  «Big-bang» 
Үлкен жарылыс» заңын Құран осыдан 1400 жыл бұрын, 
яғни  астрономия  ғылымы  дамымаған,  телескоп  сияқты 
құралдар болмаған ғасырда: «Аспанды құдіретімізбен біз 
жараттық және оларды үнемі кеңейтудеміз» (Зарият/47) 
–  деп  анық  айтып  кетуі  күмәнсіз  толғанған  ақыл  иесін 
Құранға бас идірері сөзсіз.

128
ИМАНИ ГҮЛ
Жердің домалақтығы
Құранның: «Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің 
үстіне  орайды»
48
  –  деген  аяты  жердің  шар  тәріздес 
екендігін меңзейді.
Араб  тілінде  «такуир»  сөзі  домалақ  нәрсенің  сыр-
тына бір нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. 
Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн үшін 
«орайды» сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің тәулік 
бойы өзара алма-кезек ауысып отыруы Жер шары домалақ 
пішінде болған жағдайда ғана жүзеге асады. Міне, Құран 
осылайша  «такуир»  сөзі  арқылы  Жердің  шар  тәріздес 
екендігін білдіруде. «Назиғат» сүресінің отызыншы аяты 
жер  пішінінің  аздап  сопақтау  екендігін:  «Содан  кейін 
жерді түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтірді»
49
 
– деп айқын білдіреді.
Батыс  әлемі  он  алтыншы  ғасырдың  өзінде  жердің 
домалақ екендігін дәлелдемек болған ғалымдарын инкви-
зиция сотында қаралап, отқа жағу жазасымен қорқытқаны 
тарихтан  белгілі.  Мұның  бәрі  шіркеудің  ғылымға  қарсы 
болғандығынан  туындады.  Батыста  жердің  домалақ 
екендігін әрі өз осьін және күнді айналатындығын атақты 
ғалым Коперник біле тұра, сол кездегі ғылым-білімге қас 
шіркеу поптарынан қорыққандықтан ашық айта алмады. 
Тың  жаңалық  жайлы  Коперниктің  бұл  кітабы  өзі  дүние 
салғаннан  кейін  ғана  жарыққа  шықты.  Коперниктің  бұл 
еңбегі  он  сегізінші  ғасырға  дейін  батыс  елінде  тыйым 
салынған бірқатар кітаптардың қатарында болды.
Коперниктен кейін Италияның атақты ғалымы Гали-
лео Галилей Жердің домалақтығын әрі оның өз-өзін және 
күнді айналуда екендігін өз кітабында жазған еді. Алайда 
48
   Зумар сүресі/5
49
  Бұл  аяттағы  «اَها َحَد»,  «дахаһа»  сөзінің:  төседі,  жайды  деген 
мағыналары да бар.

129
ИМАНИ ГҮЛ
инкивизиция  соты  оны  да  отқа  өртейміз  деп  қорқытып, 
сот  алдында  өз  пікірінен  бас  тартуға  мәжбүрледі.  Гали-
лей  сот  тарқағаннан  кейін  «Жер  бәрібір  айналыста» 
деген  пікірін  күбірлеген  бойда  кете  барды.  Галилейден 
кейін  Италия  философы  Бруно  да  өзіне  дейінгі  Копер-
ник,  Галилей  сынды  ғалымдардың  жерге  байланысты 
пікірін  қолдағандықтан  инквизиция  соты  тарапынан 
аяусыз  өртеліп,  жарық  дүниемен  қош  айтысты.  Міне, 
батыс әлемі жердің домалақтығын әрі өз осін және күнді 
айналып  тұрғандығын  он  алтыншы  ғасырдың  өзінде 
осылай  таласып-тартысып  жатқан  кезде,  ислам  әлемі 
оны  ғылыми  тұрғыда  он  бірінші  ғасырларда-ақ  анық 
дәлелдеген әрі мұсылмандар бұған кәміл сенген-ді. Тіпті 
көптеген мұсылман ғалымдар он бірінші ғасырға дейінгі 
өз еңбектерінде де жоғарыдағы аяттарға сүйене отырып, 
Жердің  домалақтығын  жазып  кеткендігіне  сол  тари-
хи  кітаптардың  өзі  куә.  Жердің  домалақтығын  ғылыми 
тұрғыда  әл-Бируни  атты  ғалым  он  бірінші  ғасырларда 
дәлелдеп берді. Әл-Бируни Жердің домалақ екендігін әрі 
өз-өзін  және  Күнді  айналып  тұрғандығымен  қоса  тіпті 
жердің  «тартылыс»  күші  жайында  да  сөз  қозғаған.  Әл-
Бируни  Жердің  «тартылыс»  күшін  кейіннен  дәлелдеген 
Ньютоннан  бірнеше  ғасыр  бұрын  жердегі  «тартылыс» 
күшін былай деп айтып кеткен:
«Жер айналып тұрса, онда жер бетіндегі тау-тас, 
ағаш,  жанды-жансыздар  неге  ғарыш  кеңістігіне  құлап 
кетпейді?»  деп  сұралса,  былай  деп  жауап  беремін:  Бұл 
жағдай  жердің  айналуына  қатысты  жаңалығымызға 
қайшы  емес.  Өйткені  барлық  нәрсе  жердің  орталығына 
түсуде. Демек жердің орталығында тартылыс бар. Міне, 
жердегі  осы  «тартылыс»  күші  жер  бетіндегі  барлық 
нәрсенің басқа жаққа құлап кетуіне кедергі жасауда»
50

50
  Шабан  Дөген,  Мұсылман  білім  өнжиллери  ансаклапедиясы, 
51-бет. Стамбул.

130
ИМАНИ ГҮЛ
Жердің айналу бағыты
«Тауларды  көріп,  оларды  тапжылмай  тұр  деп 
ойлап  қаласың.  Ал  олар  болса,  бұлттардың  көшуі 
тәріздес жылжуда»
51

Алла  Тағаланың  адамдардың  ақиқат  аясында  өмір 
сүрулері үшін шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның 
бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар 
оның  айналу  бағыты  да  айтылып  кеткен.  Қазіргі  заман 
ғылымының қол жеткізген жаңалықтарының бірі – 3500-
4000  м  биіктіктегі  негізгі  бұлт  жиындарының  қозғалыс 
бағыты әрқашан батыстан шығысқа қарай болатыны. Ауа- 
райын  болжау  үшін  көбінесе  батыстағы  жағдайға  назар 
аударылуының себебі де содан.
Ал,  бұлт  жиындарының  батыстан  шығысқа  қарай 
қозғалуының  негізгі  себебі  –  Жердің  айналу  бағыты. 
Өйткені жер батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі. 
Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр 
бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны керемет емей 
немене?
Теңіздердің бір-біріне араласпауы
Зерттеушілердің  теңіздердің  ерекше  қасиетіне  бай-
ланысты  соңғы  ғасырда  ашқан  жаңалықтарының  бірі 
Құранның  «Рахман»  сүресінде  былайша  баяндалады: 
«Алла  Тағала  екі  теңізді  ағызды,  олар  бір-бірімен 
қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір 
бірімен араласпайды»
52
. 
Иә,  бір-бірімен  қабысып  жатса  да,  сулары 
араласпайтын  теңіздердің  жоғарғы  аятта  айтылған 
51
  Нәміл сүресі/88.
52
   Рахман сүресі/19-20 аят.

131
ИМАНИ ГҮЛ
ерекшелігі  жақында  ғана  мұхит  зерттеушілері  тарапы-
нан  Жерорта  теңізі  мен  Атлант  мұхитының  қабысқан 
жерінен  табылды.  Ғасырлар  бойы  бір-бірімен  түйісіп 
тұрған теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі бо-
луы – екі теңіздің суларын бір-біріне араластырмай орта-
да көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.
Шынымен-ақ, физика ғылымы, су асты зерттеулері, 
тығыздық  өлшемі  сияқты  нәрселер  әлі  адамның  үш 
ұйықтаса түсіне кірмейтін дәуірде Құранның бұл ғылыми 
ақиқатты  дөп  басып  баяндауы  ойланған  адамға  көп 
нәрсенің бетін ашары сөзсіз.
Таулардың қозғалуы
Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ ажы-
рамас бөлігі – таулардың әрдайым қозғалыста болатыны 
турасында  былай  делінген:  «Тауларды  көріп,  оларды 
тапжылмай  тұр  деп  ойлап  қаласың.  Ал  олар  болса, 
бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда»
53

Таулардың  бұл  қозғалысы  жер  қабығының 
қозғалысына  байланысты  болады.  Жер  қабығы  болса, 
мантияның  үстінде  үнемі  қалқып  жүреді.  Ең  алғаш  ХХ 
ғасырдың  басында  неміс  ғалымы  Алфред  Вегенер  жер 
бетіндегі  құрлықтардың  бастапқыда  біртұтас  болғаны, 
кейіннен түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені 
туралы тұжырымды ортаға салған болатын.
Алайда,  геологтар  Вегенердің  айтқандарының  тек 
тұжырым  ғана  емес,  ғылыми  ақиқат  екендігіне  оның 
өлімінен 50 жылдан кейін ғана, яғни 1980 жылдары ғана 
көздері  жетеді.  Ал,  бұл  ақиқат  Вегенерден  де  пәленбай 
ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы – Құранда 
айтылып кеткен еді.
53
   Нәміл сүресі/88.

132
ИМАНИ ГҮЛ
Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына 
деректер  келтірілген  еді:  «Жер  бетіндегі  құрлықтар  ша-
мамен 500 миллион жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя 
атты бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Ша-
мамен  180  миллион  жыл  бұрын  Пангаэя  екіге  бөлінеді. 
Екі  бағытқа  қарай  жылжып  отырған  бұл  екі  құрлықтың 
бірі – Африка, Австралия, Антарктикада және Үндістанды 
қамтыған Гондвана, ал, екіншісі – Еуропа, Солтүстік Аме-
рика және Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия бола-
тын.
Осылайша,  Пангаэяның  бөлінуі  нәтижесінде  пай-
да  болған  бұл  құрлықтар  үздіксіз  түрде  жылда  бірнеше 
сантиметрлік жылдамдықпен жылжып отырады».
Бұл  жерде  айта  кететін  тағы  бір  маңызды  нәрсе  – 
Құран  аятында  таулардың  қозғалысына  байланысты 
«жылжу»  сөзінің  қолданылуы.  Қазіргі  ғалымдардың 
бүгінгі таңда осы таулардың қозғалысы туралы пайдала-
нып жүрген термині ағылшын тілінде «continental drift», 
яғни «құрлықтық жылжу».
Адам баласының дүниеге келуі
Адам өміріне ақиқат нұрын шашқан қасиетті Құранда 
пендені  иманға  жетелеу  үшін  алуан  түрлі  дәлелдер 
келтіріледі.  Адам  көзін  ақиқатқа  ашу  үшін  Жаратушы 
иеміз бірде көкті, бірде жерді, бірде өсімдіктерді, енді бірде 
жануарларды тілге тиек етіп, олардың жаратылысындағы 
ғажайып сырларды ашып салады.
Сондай-ақ,  Құранның  көптеген  аяттарында  адам 
баласының дүниеге қалай келетіні, Алланың құдіретімен 
ана құрсағында жатып қандай даму кезеңдерінен өтетіні 
туралы  жиі-жиі  сыр  шертіледі.  Мысалы  «Мүминун» 
сүресінде:

133
ИМАНИ ГҮЛ
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан 
жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде 
мықты  жерге  (жатырға)  орналастырдық.  Сосын  ол 
тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) 
сосын,  оны  мудғаға  (бір  тістем  ет  көрінісіндегі 
жаратылысқа), 
сосын 
мудғаны 
сүйектерге 
айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, со-
сын, оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла ең ке-
ремет Жаратушы»
54
 – делінеді. Осы сияқты мұғжизаға 
толы  аяттар  Құранда  көптеп  кездеседі.  Мұндай  аяттар-
да  7-ші  ғасырда  адамдардың  білуі  мүмкін  емес  болған 
ғылыми  детальдар  жатқанын  байқау  қиынға  соқпайды. 
Мысал бере кетсек:
1.  Адам  шәует  сұйығының  түгелінен  емес,  тек  бір 
кішкене  бөлігінен,  яғни  аталық  клеткадан  (спермадан) 
жаратылатыны,
2.  Сәбидің жынысын – аталық ұрық айқындайтыны,
3.  Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабысып 
тұратыны,
4.  Сәби  ана  құрсағында  3  қараңғы  кеңістік  ішінде 
өсетіні, т.б.
Бұл детальдар 20 ғасырда ғылым мен технологияның 
шарықтау  шегінде  ғана  айқындалғандығы  –  адамды 
Құранға  және  оны  түсіруші  Аллаға  жақындата  түспеуі 
мүмкін  емес,  сірә.  Енді  осыларға  тереңірек  тоқтала 
кетелік.
Шәуеттің бір тамшысы
Аталық  клеткалар  аналық  клеткаға  жеткенге  дейін 
бірталай  сапар  шегетіні  белгілі.  Бұл  сапардың  соңында, 
250  миллион  аталық  клетканың  тек  мың  шамасындайы 
54
   Муминун сүресі/12-14.

134
ИМАНИ ГҮЛ
ғана аналық клеткаға жетіп, оның ішінде тек біреуі ғана 
тұз ұсағының жартысындай ғана аналық клеткаға кіреді. 
Яғни, адамның негізі – шәуеттің түгелі емес, оның тек бір 
кішкентай  бөлшегі  ғана.  Құранда  бұл  ақиқат  былайша 
баян етіледі: «Адам баласы өзін (еш сұрақ алынбастан) 
Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет