«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Фетхуллаһ Гҥлен Хожаефенди жевшенге қатысты не айтады?



Pdf көрінісі
бет52/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   127
Фетхуллаһ Гҥлен Хожаефенди жевшенге қатысты не айтады? 
М.Фетхуллаһ Гүлен Хожаефенди бір сұхбат жиынында ӛзіне қойылған «Жевшен 
туралы мұсылмандар арасында әртүрлі кӛзқарастар бар. Біразы оны басына тәж етсе
біразы оны тіпті білмейді де. Сондықтан бізге жевшен туралы айтасыз ба?» деген 
сұраққа былай деп жауап береді: 
Жевшен туралы кӛптеген пікірлер мен кӛзқарастар бар. Оның Шиит кӛздерінен 
келуі әхли сүннеттің жевшенге салқын қарауына себеп болған. Алайда, біздің жевшенге 
қатысты түсінігіміз біраз ерекше. Сондықтан да басқалардың пікірін айтудан гӛрі біз ӛз 
ойымызды айтқымыз келеді: 
1.
Жевшен - шын ықыласпен жасалатын дұға. Оның қай сӛзін алып қарасаң да 
шынайы дұғадан тұрады. Олай болса, жевшен кімге тән болса да негіздегі 
осы ерекшелікке әсер етпеуі керек. Бұл жерде «Бір сӛздің пайғамбарымызға 
тән болуы мен басқа біреуге тән болуы арасында айырмашылық жоқ» дегіміз 
келіп отырған жоқ әрине. Біздің қалағанымыз мынау: Жевшеннің ең тӛменгі 
сипаты оның бір дұға болуы. Басқа ешқандай ерекшелігі болмаса тек оның 
осы ерекшелігінің ӛзі жевшенге бір баға беруге жеткілікті себеп болып 
табылады. Алайда, оның тағы қаншама ерекшелігі бар, басқа тақырыптарда 
олар туралы айтылады. Олай болса, тек жеткізілуі туралы теріс пікір үшін 
жевшенді сынға алу дұрыс әрекет болмаса керек. 
2.
Пайғамбарымызға қатысты сӛздер барлық адамзат баласының сӛздерінен 
үстем. Оған қатысты сӛздерді таңдап тануда маманданған адамдарға 
жасырын болып қалмайтын шындық жевшен басынан соңына дейін 
пайғамбарлық сӛздермен безендірілген сипатқа ие. Сондықтан да дұғада оған 
тән құралдарды қолдану маңызды, әрі қабыл болуға жақынырақ. Бірақ, бұл 
да бір таңдау мәселесі болып табылады. Әйтпесе адам намаздан тыс 
дұғаларды қай тілде жасаса да бұл оның негізіне әсер етпейді, ӛйткені, Хақ 
Тағала барлық тілдерді біледі және тек дұғаның шынайы кӛңілмен жасалуы 
негізге алынады.
3.
Жоғарыда да айтып ӛткеніміздей сүннит қайнар-кӛздерінде жевшен туралы 
айтылмайды. Тек Хакимнің «Мүстедрегінде» жевшен туралы бірнеше жерде 
айтылады. Одан басқа еңбектерден мен осыған дейін жевшен туралы сӛзді 
кездестірмедім. Алайда, бұл толығымен оның жеткізілу жолына тән 
ерекшелікке сүйеніп алынған ортақ әрекеттің кӛрінісінен басқа ештеңе емес 
және жевшеннің құндылығына ықпал ететіндей салмағы да жоқ. Бұхари мен 
Мүслімнің риуаят еткен қаншама хадистері бар, сол хадистер аздаған 
айырмашылықпен, тіпті кейде сол қалпында Күлейнидің Әл-Кафиінде 
кездеседі. Алайда, әхли сүннет ғалымдары Күлейниден бір де бір рет хадис 
алмаған. Алайда, ондағы хадистер Бұхари мен Мүслімде кездесетіндіктен 
жеткізу жолы және сӛздері жағынан терістелмейтін хадистер болып 
саналады. Алайда, Әл-Кафидегі хадистерді шиит имамдары кӛбірек 
102
Емирда
ғ
Лахикасы І. 


47 
жеткізген, сол себептен де сүнниттер тарапынан әу басынан-ақ күмәнмен 
қабылданған.
Жевшен туралы да осындай жағдай орын алған. Егер жевшен шиит имамдары 
арқылы жеткізілмеген болғанда барлық сүнниттер тарапынан қабыл болар еді деп 
ойлаймын. Алайда, жевшен жеткізілуі жағынан бақытсыздыққа ұшырап, осыншама 
адам тек сол үшін ғана оның нұрынан, берекесінен мақұрым қалған. Қазір мұндай 
бақытсыздықтың алдын алатындай күшіміз жоқ. Қаншама ғасырлардан бері 
жинақталған мұндай пікірді жою мүмін емес деуге келмесе де ӛте қиын.
4.
Кейде хадис қағидасы да ӛлшем болмауы мүмкін. Имам Раббани айтады: 
«Мен, Ибн Месудтан Фалақ пен Настың Құраннан еместігі туралы риуаятты 
кӛрген кезімде бұл сүрелерді парыз намаздарда оқымайтын болдым. Ал, 
пайғамбарымыздан олардың Құраннан екені туралы ескерту алғаннан кейін 
ғана бұл сүрелерді парыз намаздарымда оқи бастадым». Кейбіреулердің 
біздің Құныт дұғасы деп оқып жүргенімізді Құраннан деп қабылдауы 
жоғарыда кӛрсеткіміз келген мәселеге дәлел деп қабылдауға болады. Имам 
Раббаниден бір мысал былай дейді: «Мен кейбір мәселелерде Имам 
Шафиғиді ұстанамын. Алайда, маған Имам Әбу Ханифаның пайғамбарлық 
жолды ұстанатыны сездірілді. Мен Әбу Ханифаны ұстандым». 
Бұл жағдай әрине белгілі бір қағида мен ӛлшемді керек етеді. Әйтпесе, алдына 
келген әр адам ӛзіне бір нәрсе білдірілгенін айтып, ойдан шығарылған жаңалықтарға 
толып кетер еді. Бірақ, кейбір ұлы адамдарды бұл топқа кіргізу қателік болады. Олар 
«бізге білдірілді» дегендері шынында да солай болған және айтқандары шын. Оларды 
белгілі бір хадис қағидалары ішінде талдау мүмкін емес. Сондықтан да хадисшілер 
мұндай сӛздерге ыңғай танытпаған. Бірақ, олардың бұлай жасауы бұл сӛздер дұрыс 
емес деген мағынаға келмейді. Барлық осы айтқандарымыз жевшенге де қатысты. 
Сондықтан да біз нақты айта аламыз, жевшен мағынасы жағынан пайғамбрымызға уаһи 
жолымен келген. Кейіннен ехлуллаһтан бірі осы жевшенді ӛзіне білдірілу жолымен 
пайғамбарымыздан алып, бізге солай жеткен.
Бұларға мынаны да қосып айту пайдалы болады деп ойлаймын. Имам Ғазали 
сияқты ғалым Гүмүшханеви секілді үлкен уәли және Бәдиуззаман секілді ұлы тұлғалар 
жевшенді қабылдаған. Жевшеннің қайнар-кӛзіндегі күш пен қасиетке қатысты басқа 
ешқандай дәлел болмаса тек аттары аталған ұлы адамдарымыздың оны қабылдауы 
және жүз мыңдаған адамның жевшенге шын кӛңілімен беріліп, құнды санаулары 
жевшен туралы ең болмағанда абайлап сӛйлеуге жетерліктей күшке ие. Тек жеткізілу 
жолына қатысты бір мәселеге бола жевшенге тіл тигізу орынсыз әрекет болып 
табылады
103



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет