Ж. И. Сардарова 1, Г. Н. Кисметова



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата06.04.2023
өлшемі425,13 Kb.
#80079
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


ISSN 2520-2634, eISSN 2520-2650 Педагогикалық ғылымдар сериясы. №1 (70) 2022 https://bulletin-pedagogic-sc.kaznu.kz
© 2022 Al-Farabi Kazakh National University 
47
ҒТАМР 14.35.07 https://doi.org/10.26577/JES.2022.v70.i1.04
Ж.И. Сардарова
1
* , Г.Н. Кисметова
2
,  
Г.А. Турежанова
2
, Д.С. Саркулова
2
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
2
М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ. 
*
e-mail: sardar.Zh@mail.ru
БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН
ПАЙДАЛАНУ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Бүгінгі таңда болашақ педагогтерді цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға даярлау 
– жоғары мектептің ең өзекті мәселесі. Олар қазіргі ақпараттық қоғам талабына сай оқу-тәрбие 
үдерісінің тиімді ұйымдастырылуына ықпалын тигізумен бірге, білім алушылардың тез өзгермелі 
ақпараттық қоғамға үйлесімді бейімделуінің, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыра алатын 
құзыретті маман тұлғасын дайындаудың әмбебап құралына айналып отыр. Ең алдымен, цифрлық 
білім беру ресурстары дидактикалық мақсатқа жетуге немесе белгілі бір оқу міндеттерін шешуге 
бағытталған дайын интерактивті мультимедиялық өнім болып табылады. Қазіргі таңда оларды 
пайдалану тиімділігі – бұл ақпараттық білім беру ортасына қызығушылықты тудырумен қатар 
ақпаратқа қолжетімділік дәрежесін қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру. 
Авторлар цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы білім алушылардың өз бетімен 
зияткерлік әлеуетін дамытып, білім қорын молайтады. Оларды шығармашылықпен пайдалану 
арқылы оқу-тәрбие үдерісін қызықты да мазмұнды түрде ұсынуға болатындығын ашуға тырысқан. 
Мақалада теориялық-әдістемелік әдебиеттерге жан-жақты талдау жасалып, келесі ұғымдар 
нақтыланып, анықтамасы ұсынылған: «Цифрлық білім беру ресурстары», «болашақ педагогтың 
цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға дайындығы». Сонымен қатар тәжірибелік 
эксперимент жұмысы барысында болашақ мамандардың цифрлық білім беру ресурстарын кәсіби 
өзін-өзі дамыту құралы ретінде меңгеруін қалыптастыруға бағытталған «Цифрлық білім беру 
ресурстары – кәсіби өзін-өзі дамыту құралы» атты курс бағдарламасы жасақталған. Зерттеуде 
теориялық, эмперикалық әдістер, «цифрлық білім беру ресурстары туралы танымы» сауалнамасы 
(авторлық өңдеуде), Н.П. Фетискиннің «Өзін-өзі кәсіби дамытуға қажеттіліктерді жүзеге асыру 
диагностикасы», Н.Р. Молочниковтың «Өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін бағалау» қолданыс 
тапқан. Эксперименттік жұмыстарға Атырау университетінің 82 студенті қатысты.
Түйін сөздер: білім беруді цифрландыру, цифрлық білім беру ресурстары, компьютер, 
мультимедиялық, интерактивтілік, қол жетімділік.
Zh.I. Sardarova
1
*, G.N. Kismetova
2
, G.A. Turezhanova
2
, D.S. Sarkulova
2
1
Abay Kazakh National Pedagogical University, Kazakhstan, Almaty 
2
JSC West Kazakhstan University named after M. Utemisov, Kazakhstan, Uralsk 
*e-mail: sardar.Zh@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет