Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Қызылша  мелассасынан  (сірне)  спирт  өндірудің  тех-



Pdf көрінісі
бет126/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   305
Қызылша  мелассасынан  (сірне)  спирт  өндірудің  тех-
нологиялық  үдерісі.  Мелассадан  спирт  алу  өндірісінің  қант 
қызылша  қалдықтарынан,  крахмал  құрамдас  шикізаттан  спирт 
өндіруден бір неше айырмашылықтары бар.
Негізгі  процеске  шикізатты  дайындау,  суслоны  дайындау  жəне 
оны ашыту содан соң ашытқының басқа рассаларын колдану. Соңғы 
этап спиртті айдау жəне оны тазарту. 
Мелассаны  зауытта  арнаулы  бөлімшелерде  қабылдап  алып, 
кейін  оларды  арнаулы  аппараттарда  қайнатады,  үстіне  белгіленген 
мөлшерге дейін су құйып, күкірт қышқылымен қышқылдандырады. 
Ашытқының тағамдық құндылығын арттыру үшін фосфор қышқыл 
тұздарын  қосады,  азотты  тағам  көзіне  автолизат  ашытқысы  неме-
се күкірт қышқыл аммонийды қосады. Азотты тұздарды мелассада 
аз болған кездері ғана қосады. Негізгі суслоны ашыту үшін ашыту 
бөлімшелеріне  жібереді,  фосфорлы  қорек  ретінде  суперфосфатты 
немесе фосфор қышқылын қосады. 
Ашытқыны  дайындау.  Мелассаны  ашыту  үшін  ортаға  құрғақ 
заттардың  жоғары  концентрациясына  төзімді  осмофильді  ашытқы 
рассаларын қолданады. Қазіргі уақытта ашытқыларды ашыту үшін 
«Я» расасын пайдаланады. Көпшілік заводта өздерінің іріктеп алған 
өндірістік  культураларын  қолданады. «Я»  расасы  бойынша  толық 
мағлұмат төменде көрсетілген.
Таза  культураны  көбейту,  астық-картоп  шикізатын  қайта  өңдеу 
зауытта  іске  қосарда  немесе  ашытқыларды  ауыстырарда  іске  асы-
рылады. 
Заторды  ашытуға  арналған  өндірістік  ашытқыларды  ашыту 
бөлімінде үздіксіз арнайы ашытқы өсіретін аппараттарда (дрожжан-
калар) немесе дрожжегенератор аппараттарында көбейтеді.
Бұл аппараттарда ашытқылардың тіршілігіне қолайлы жағдайлар 
тудырып,  бөгде  микрофлораның  дамуына  жол  бермейді.  Бұл 
жағдайлар  келесілер:  суслодағы  құрғақ  заттардың  жоғары  концен-
трациясы,  спирттің 5%-дық  жоғары  концентрациясы.  Ашытқылар 
белсенді көбею үшін аэрацияны қолданады.
Ашу  процесі.  Көпшілік  заманауи  заводтарда  мелассаны  қайта 
өңдеуге ашудың үздіксіз технологиялық схемасын қолданады. 
Спиртті  айдау  жəне  оны  ректификациялау.  Астық-картоп 
шикізатынан,  мелассадан  алынған  толықтай  ашыған  ашытқыны 
резервуарға  жеткізіп,  насоспен  сорып  өткізгіш  аппаратына  алып 
барады.  Бұл  аппаратта  этил  спиртімен  ұшушы  заттар  алынады. 
Алынған  шикі  спирт,  ал  қалдығы  барда  деп  аталады.  Шикі  спирт 
техникалық мақсаттарға пайдаланылады, оны тазартып ректифика-
циялайды.  Сивуш  майлар,  альдегидтер,  эфир  бұлар  шикі  спирттің 
ішінде  ректификация  ішінде  бөлінеді,  содан  əртүрлі  тазаланған 
спирт ректификатын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет