Жаңа оқу жылы құтты болсын!



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата17.01.2017
өлшемі10,25 Mb.
#2036
  1   2   3   4   5   6

C

M

Y



K

5

2015



Жаңа оқу жылы 

құтты болсын!



Индек

с 75579

Қоңыр күз келді

Қоңыр күз келді

Қоңыр күз келді

Қоңырқай күзде қалтырап тал,

Қоңырқай күзде қалтырап тал,

Тағатын тағы тауысады.

Тағатын тағы тауысады.

Тағатын тағы тауысады.

Сарғайған асыл жапырақтар

Сарғайған асыл жапырақтар

Сарғайған асыл жапырақтар

Созады сары саусағын.

Созады сары саусағын.

Созады сары саусағын.


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Туған жер тұлғалары

Бекет  Өтетілеуов

Өтетілеуов Бекет – ақын, аудармашы, ағартушы, педагог.  01.07. 

1883 жылы Қостанай облысына қарасты Обаған ауданында туды 

– 09.07.1949 жылы сонда көз жұмған. Екі класты орыс-қазақ 

мектебінде, кейіннен мұғалімдер даярлайтын курста оқыған.1907 

жылдан өмірінің соңына дейін ұстаздық қызметпен айналысқан.

1923 – 1925 жылдары Қостанайда Ы.Алтынсарин ашқан, кейін 

Қазкоммуна аталған мектепте меңгеруші. 1925 – 1929 жылдары 

округтік оқу комитетінің төрағасы.1930 – 1949 жылдары орыс 

тілінің мұғалімі болды. Өтетілеуов Ыбырай салған ағартушылық жол-

ды жалғастыра жүріп, аудармашылық, жазушылықпен де шұғылданды.

  “Дүние ісі ахиретке кетпес” атты тұңғыш кітабы 1912 жылы 

Қазанда жарық көрді. Онда ақынның екі дастаны бар. Келесі кітабы 

“Жиған-терген”  1914  жылы  Орынборда  басылып  шықты.  Оған 

“Қазақтың надан байлары мен нашар көршілері және ғалымдық пен 

надандық”, “Данышпан қазы”, т.б. шығармаларымен қатар Хемни-

церден “Құмырсқа мен дән”, Пушкиннен “Көктемнің келуі”, Жуков-

скийден “Туған жер”, Лермонтовтан “Үш бәйтерек”, Крыловтан 15 

мысал аудармалары енген. Осы кітаптардан кейін Бекет Өтетілеуов 

жазушылықты біржола қойып, педагогтік қызметпен айналысқан. 

  Ағартушының  барлық  саналы  өмірі  мектеп  ісіне,  шәкірт 

тәрбиелеуге арналды. Жазушы Жайсаңбек Молдағалиев «Өмірімнің 

бар мақсаты шәкірттерім болған соң, қимай жүрмін соларды» деген 

сөзді ұстаз аузынан талай естігені туралы тебірене жазады.

  Осы орайда Бекеттің екі шәкіртінің есімін атасақ та жеткілікті. 

Оның бірі көрнекті сөз зергері Ғабит Мүсірепов, енді бірі көрнекті 

қоғам қайраткері Ілияс Омаров.

  Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгімесінде» Бекеттің 

сабақ бергенін тамсана жазып: «Қандай іске кіріссең де таза қолмен 

кіріс дегенді көбірек айтушы еді. Тақтаға барып есеп шығарғаннан 

кейін, болмаса, жазуға отырарда  біз ылғи қолымызды жуып әдеттендік.  

Оның айтатыны бұл ғана еместігін мен кейінірек аңғардым. Қолың 

таза болуы шынында да  көп нәрсені аңғартпай ма?» – дейді.

C

M



Y

K

Тарихи суреттер

Сексенінші жылдар

Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанова     

Қостанайға келген сапарында.

Солдан оңға қарай: жазушы Сапабек Әсіп, 

Мәриям апа және ақын Ақылбек Шаяхмет.

Жау болған дерт...

Осыдан бір-екі ай бұрын Алматы 

қаласының вокзалында отырмын.  

Тұмау тиіп, мұрын бітіп, быт-шыт 

боп отырған жайым бар.  Айна-

лам  у-шу, бірін-бірі итеріп, әйтеуір 

бір  жаққа  асығып  бара  жатқан 

адамдарда жұмысым жоқ. Менде 

болса тек “мына бір билетті алып, 

тезірек  кетсем  екен”  деген  ой.  

“Әй, ауру” деген дауыс құлағыма 

оқтай қадалды да қойды. “Ауру” 

деп  отырғаны мен емес пе екен 

деп селт еттім. Сөйтсем, вокзал 

қызметкері үсті – басы кір бір мас 

кісіні қуып жатыр екен.

Мұны не үшін айтып отырмын?! 

Адамдарға  кенес  беріп,  бұл  не-

месе осыған ұқсас оқиғалардың 

мән –жайын ашатындай мен пси-

холог маманы емеспін. Дегенмен, 

“Осы адамдарға не жетіспейді?, 

Олардың  соншалықты ішімдікке 

салынатындай не себеп бар ” де-

ген сұрақтар көкейімнен кетпеді.

Б і р   к е з д е р і   б і л д ей   б і р 

мекемелердің  басқарушылары 

болып,  осы  бір  “40  градусқа 

деген  махаббаттан”  үй-күйінен, 

жұмысынан,  бала-шағасынан 

да айырылып жатқаны да құпия 

емес.  Енді  үйленіп,  үй  болып, 

басына кішкене  қиындық түссе 

болды  ер  мінездік  танытып, 

болған істі мойнымен көтеудің ор-

нына, бөтелке көмегімен шешетін 

жігіттеріміз де бар. Дастарханға 

қоятын асқа табылмайтын ақша, 

темекі  мен  араққа  табылады 

сондайларда.  Сөздің  шыны  ке-

рек,  көп  жағдайда  ата-бабамыз 

“жынды су” деп атап кеткен осы 

бір  ішімдік  болмаса  еш  мерей-

тойымыз  өтпейтін  тәрізді.  Ең 

өкініштісі,  дәстүрімізді  көздің 

қарашығындай  сақтайды  деп  

сеніп  жүрген,  өз  немерелерімен 

қатар  жастармен  жарысып  ішіп 

жүрген  үлкен  кісілеріміз  де  бар. 

Әрине,  көпке  топырақ  шашып, 

ақыл айтатын мен емес. Әйтсе де, 

бұл өзімдік пікірім, жан-айқайым.  

Барымызды бөтелкеге салып, ба-

баларымыз қызғыштай қорғаған 

шаңырағымызды  шайқалтып 

алмайық дегенім. Жау болған осы 

бір дерттен арылайық, емделейік, 

жазылайық. 



Жұпар Қожахметова

РЕДАКЦИЯНЫҢ 

МЕКЕНЖАЙЫ:

11000, Қостанай қаласы

А.Байтұрсынов көшесі, 

47-үй, 220 бөлме. 

Медиа – студия.  

“Жас өркен - Қостанай” 

журналының редакциясы.

Байланыс телефондары: 

қалааралық  

8-7142-51-11-67, 

Факс 51-11-95

Ұялы 8(701) 1509443

Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді

кері қайтармайды.

Журналдың қажетті 

сандарын редакциядан сатып 

алуға болады. 

Бағасы келісімді. 

«Жас өркен-Қостанай» 

журналына демеушілік 

көрсетем деушілерге мына 

есеп-шотымызды ұсынамыз: 

РМҚК «А.Байтұрсынов 

атындағы Қостанай 

мемлекеттік университет»

ИИК KZ838560000000079688

РНН 391700052352,

БИН 990240005319

БИК KCJBKZKX

РНН банка 391700078345

БИН банка:980841000472

 Кбе 16

Журнал редакцияның 



компьютерлік орталығында 

теріліп, беттеліп 

«Қостанайполиграфия» ЖШС 

баспаханасында басылды. 

110007, Қостанай қаласы, 

С.Мәуленов көшесі, 16.

Басуға 28.09.15 ж. 

қол қойылды. 

Көлемі 32 бет, 

Офсеттік басылым.

Тапсырыс № 4604

Таралымы 1200 дана.

Баспахана түпнұсқасы нашар 

суреттердің сапасына жауап 

бермейді. 


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Қош келдің, жас түлек!



Өмір - шын мәнінде шытырман оқиғаға толы. Ертең ал-

дымызда не күтіп тұрғаны бәрімізге де жұмбақ. Сол жұмбақ 

өмірден тек қана жақсылыты көріп, көңілді өмір сүрейік және 

Жаңа оқу жылын жақсы өткізуге тырысайық достар!

Ұзақ демалыстан кейінгі әсеріміз өзгеше шығар. Жаңа 

оқу жылы, жаңа леп, жаңа өмір, ең бастысы жаңа студент-

тер.  Ия,  ия  1  курс  студенттерін  айтып  отырмын.  Ах-

мет  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университетіне қадам басқан бұл студенттердің арманы жоқ 

болар бәлкім. Сапалы білім беру жүйесі мен дарынды жастар 

бізде ғана. Ең сүйкімді, ең мейірімді, ең қарапайым ең басты-

сы, білікті де білгір, ұлағатты ұстаздар да осында. Ендеше, 

армандар орындалатын ордаға қош келдің, жас түлек! 

Бұл жерде керегіңнің бәрі де бар. Тек қалауыңды анықтасаң 

болғаны. Ең бастысы студенттік өмірді нағыз студентше 

өткізу. Әрине, білім алу бірінші орында.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, 

Еңбегің мен ақылың екі жақтап» демей ме Абай атамыз. 

Ендеше тек қана өзімізге, өз білімімізге сенейік. Жаңа оқу 

жылы жағымды жаңалықтарға толы болғай. Сәттілік саған, 

студент!

Арайлым ҚҰЛТАЕВА

журналистика мамандығының 2 курс студенті

МЕНШІК ИЕСІ: 

Ахмет Байтұрсынов

атындағы  

Қостанай мемлекеттік 

университеті   

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

Кенжеғали САҒАДИЕВ (төраға)

Төлен ӘБДІКОВ

Хұсайын УӘЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Ақылбеқ ШАЯХМЕТ

Медиа-студия меңгерушісі

Қымбат ДОСЖАНОВА

шығарушы редактор

Жадра ЖУЛМУХАМЕТОВА

менеджер-дизайнер

Гүлнұр КӘКІМБЕК 

бас маман

Журнал ҚР Мәдениет, 

ақпарат және  

қоғамдық келісім

министрлігінде  

2002 жылы 

18 қарашада тіркеліп,

3386-Ж куәлігі берілген.  

Екі айда бір шығады.

Редакцияға келіп түскен 

хаттар әдеби өңделеді

қысқартылады, 

ойы сақталып түзетіледі. 

Көлемі үш компьютерлік 

беттен асқан материалдар 

қабылданбайды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ, ҒЫЛЫМИ - ТАНЫМДЫҚ, ƏДЕБИ-КӨРКЕМ ЖУРНАЛ 

Журнал 2003 жылғы 28 қаңтардан шыға бастады

5(78) қыркүйек-қазан 2015 жыл  

C

M



Y

K

Жас қалам

Әйнекке әлдене сарт ете түскен. Сөйтсек, құстың бір 

аяғы  жансызданып  мертігіп  құлаған  екен,  жайдан-

жай адамдарға жоламайды ғой. Бауырым оны әуелі 

ваннадағы жылы суға әкеп салды, ем-дом жасады, тіпті 

аяғына массаждың да көмегі тиді. Көгершін біраз күн 

балалардың  ойыншық  кәрзеңкесінде  бауыр  басып 

тынығып жатты, жақсы күтім көрді. Сор шықпай, бақ 

қонбас. Соңы қайыр болды, інім құсты өз қолымен 

далаға  ұшырып  жіберген,  өзі  оның  әуелеп  ұша 

жөнелгеніне риза болып оралды. Қызық, көгершіндер 

қаланың  құсына қашан айналды екен? Олар елдің 

аяғына оратылғандай қаптап жүргені.

Жазғы  нөсерден  соңғы  шалшық  су  біздің  бес 

қабатты биік үйдің маңында тартылып, тоқымдай жер 

батпаққа айналып қойылып кетті. Соған үйелеген бір 

жас  көгершінді  алдымен  балалар  көрді,  балмұздақ 

алуға шыққан бетіміз сол еді. Қарасам, құстың көзі ғана 

қозғалып, өзі милықтап жатқан сыңайы бар. Тағы сту-

дент інімді көмекке жұмсадым, өйткені құсты шалшықтан 

суырып алу да оңай шаруа емес. Ұмытпасам, ол аяғына 

әдейі етік киіп алды ғой деймін, шалшықтың көлемі 

недәуір болатын. Сұмдық болғанда, бұл құстың да 

қасіреті қаптап кеткен автомобильдердің кесірінен туған 

көрінеді, батпаққа өзі қонбай, анадайдан құлап түскені 

сетінеп қалған бірнеше тал қауырсынынан білінген. 

Құстың  жүнінің  түбіне  дейін  баттасқан  балшығын 

кранның  суы  әзер  тазалады,  құдай  оңдағанда,  ол 

автомобильдің теміріне жеңіл соғылған екен. Балконда 

күн шуағында, түнде ваннада біраз күн жем жегізіп, 

бағып-қақтық.

Бұл құс та тез-ақ қанат қағып кетті, бақ пен сордың 

арасы бір-ақ қадам екен. Жұмыртқадан жарылғанда өзі 

бақытты құс болып туса керек.

Соңғы кезде қала көшелерінен машина обалына қалған 

құстарды емес, итті де көрдім. Жақсылықтың нышаны 

еместігін жүрегім сезеді, өйткені тірі мақұлықты абайсыз-

да көрмей қалған, я болмаса әдейі басып өте шыққан 

жүргізушінің өзара ауысып тұратын бақтан жеріп, сорды 

өзімен ілестіріп әкеткеніне еш күмән келтіруден аулақпын. 

Парктың қасындағы гүл сататын алаңда ішек-қарны 

ырсиып, сойдиған жарадан қан аққан қара ит асфальтта 

жансыз сұлап жатты. Ал жағалай тізілген ұзыннан ұзақ 

қарама-қарсы киоскілердің алдындағы екі қатардағы 

ұзынмойын әппақ сауыттар жайқалып хош иісті, әдемі 

гүлдерге  толы.  Шетелдік  марка  мінген  байшікеш 

қауымның біреуі гүл алуға бұрылғанда әлгі иттің ажа-

лы болып жабысқан. Гүл базардың қасында ит өлімі, 

мұнысы қисынсыз әрі мағынасыз. Гүл аңқыған дүние, 

бірақ  қаңғыған  мына  иттің  обалы  кәне?  Ырымшыл 

басым, бұл қанды көріністі көргенімнің өзінен ептеп 

шошындым. Сынықтан басқаның бәрі жұғады деуші 

еді, бұл қырсықтың лаңынан құдай сақтасын.

Осының  бәрі  бір  басыма  азшылық  қылғандай 

жақында тағы бір өлі кептерді подъездің алдынан ба-

сып кете жаздағаным, мұндай оқиғалардың сирейтін 

түрі көрінбеді. Баспалдақтың дәл аяқ басар тұсында 

қарауытып  бірдеңе  жатқанын  бірден  аңдамадым, 

қас  қарайған  кезде  жұмыстан  келе  жатып,  оқыс 

ыршып  түстім.  Құс  екенін  көрісімен  шалажансар 

емес пе екен деп тексердім. Бұның да құрттай аяғы 

көктен келіпті, арқасымен жатыр. Қолымнан келген 

бар жақсылығым, кісі аяғы баспайтын жерге арырақ 

жылжытып қойдым. Әуелінде құсты тері биялайым-

мен түртіп ұстауға жүрегім дауламаған, мұншалық су 

жүрек екенімді білмеппін. Бұл дүниеде өліп жатқан 

жұдырықтай  құсты  ұстап  көру  дегеннің  сұмдық 

тітіркендіретінін  бірнеше  еңкейіп,  бекерге  әрекет 

қылып, ұстауға дәтім бармағанда бірақ білдім. Ақыры 

екі-үш  қадам  жерге  аяғыммен  жылжытып  апаруға 

тура келгені, мұның да еш сүйкімі жоқ, теуіп, қорлап 

жатқандай ауыр екен. Бұл құстың бір аяғы ғана бар 

болды, екінші аяғын қандай қаскөй жұлып алғанын бір 

құдай біледі. Және мұның да бір қанаты түбімен жоқ. 

Құсқа қанатсыз тіршіліктің қажеті қанша.

Ертесінде таңертеңгілік сағат сегіз болмай бала-

ларды  іргедегі  мектепке  апарарда  әдейілеп  қарап 

едім, құс жым-жылас жоғалыпты. Түк болмағандай. 

Ит  әкетті  ме,  әлде  адамның  қолы  олжалады  ма, 

ол жағы тұман. Бірақ оған жан бітіп өздігінен ұшып 

кетпегенін анық білемін.

Балаларға  ештеңе  деген  жоқпын,  олар  тек бес 

қабатты үйдің кіре берісінде шашылған бірнеше тал 

қарырсындарды көріп, «Мама, мынаны қарашы» деп 

аянышпен айтты.

Айтпақшы, биылғы оразада мешітке барғанда пітір 

садақа берген соң аспан мен жердің арасында байла-

нып тұрған оразам қабыл болды деп көңілім орнығып 

шыққан. Ораза ұстауды жаңа жүзжылдықтан бір жыл 

бұрын,  ғасырдың  басында  бастағаныма  шексіз  ри-

замын. Мен өзі ырымшыл адаммын. Жолшыбай ал-

дымнан ақ көгершіндер кездестірсем де жақсылыққа 

жорудан еш жалыққан емеспін.

34


C

M

Y



K

C

M



Y

K

тегін болмаған. Оның артық есігінен атып шығып, құсты 



қауіп-қатерден, жолдан ары алып қою табанда басыма 

келуін келгенмен қозғала қоймадым. Мұны менен өзге 

тағы біреу істеуі бек мүмкін ғой. Көрсоқыр болмаса. 

Әйтеуір, арқандап тастаған құлша бұйығы күйден арыл-

мадым, ғаріп, мүсәпір құс үшін селт етпегенім жалған 

ба. Сол бір қас-қағым сәтте жол үстінде мөлиіп отырған 

жұдырықтай құстың бір түйір дәндей момын жүрегі 

атқақтай соғып, жаһанды жарып жіберердей болып 

күйзеліп мені, бір мені ғана күтіп жатқанын пақыр басым 

сезсеші... сәулесіз емес едім, бірақ бір немқұрайдылық 

албастыдай басқан екен, сол қор қылды. Неге? Әуелгі 

мейірбан ойдың жанашыр, һаділ ой екенін біле тұра 

тырп етпедім. Құсты құтқарып қалудың еш қиындығы 

жоқ болатын. Оның қандай түйсікке қамалып сорлап 

жатқанын енді мен ғой, он сегіз мың ғаламнан іздеп 

табу жоқ. Әйтеуір, ол қозғала алмай жансызданып, 

тұтылып отырғаны айқын. Былтыр қыста мен тап осын-

дай оқиғаға айнытпай кездескенмін. Соңғы мезгілде 

ылғи құстарға килігетінімді неге жоруға білмей далмын. 

Шынтуайтында, бұл бір белгі. 

Жаңа жылдан кейін, аяз күшейгенде кітапханаға кетіп 

бара жатып жолдың арғы бетінен кесіп өте бергенде 

бір  көгершінді  көтеріп  алдым.  Оның  автомобильге 

ұрылып ұшып түскен мезеті сол болса керек. Мойны 

мүлде қайырылып қалыпты, қисайып бұрыла береді, 

мына түрімен маған құс өліп қалатын тәрізді көрінді. 

Мұндайды қазақ мал болмайды деуші еді.

Үлкен жолдың екі ортасында дәліздей ашық жер 

бар,  жалпақ  трасса  бойы,  қозғалыс  қарама-қарсы 

екі  бағытта  өтуге  әдейі  екі  бөлек  паралелль  жол 

жасалған. Тым құрыса, көгершін сорлы жөнімен өлсін 

деп аяп жол ортасындағы алаңқайға қойып кеттім. 

Оның  көп  ұзамай  өліп  қалатынына  тіптен  күмәнім 

болмаған.

Арада  дөңгеленіп  бір  тәулік  өткенде  әлгі  тұстан 

тағы өтіп бара жатсам жүрегім мұздап сала берді – 

кешегі құсым әлі өлмепті, сол мен қойған орнында 

моладай томпайып отыр. Қар жапалақтап төпеп тұр, 

қалың жауып құсты көміп тастайтыны сөзсіз. Өзінің 

мойыны ептеп түзелгендей көрінгенмен, сынық сүйем 

жылжи да, қозғала да алмай жатқаны айдан анық. 

Әдеттегі қаңғыған ит пен аш мысық та алмаған, тек 

мылқау  аяз  арқадан,  бауырдан  теспей  сорып,  қыс 

тозақтай тоңдырған, сау-тамтығын қалдырмаған, сірә. 

«Бейшара-ай, түнімен қайтіп шыдап жаттың?» – деп 

күбірледім мен, өзіме-өзім наразылық меңдеп. Ашық 

далада қыстыгүні жер бауырлап 24 сағат қар үстінде 

тапжылмай қауқарсыз, сүйегіне дейін үсік шалып, нәр 

татпай қоршылықта жатқаны жаныма қатты батып 

кетті. Тірідей көрге салғандай. Құсты шапшаң жерден 

көтеріп алып кеудеме басып үйге келдім. Подьездің 

сыртқы темір есігін кілтіммен тез аша алмай қолым 

қалтырап әурелендім.

Үйдегілер  көк  құстың  бір  күн  аязда  қалғанын 

естігенде аяныш білдірді, менен кеше көрген болсаң 

неге алмағансың деп сұрады. Дереу ас бөлмедегі жылу 

батареясының дәл түбіне линолеум үстіне қойдық. Енді 

анықтап көрдік, қанатының біреуі жоқ, мойны да бұрыла 

береді. Ол бірнеше сағаттан соң зорға дегенде біраз су 

ішіп, нанның үгіндісін жеген болды. «Сен құдай қаласа 

дәрігерлікті биыл бітіресің, мына құсты емдеп жазшы» 

–  дедім  мен  бірге  туған  студент  бауырыма.  Бижан 

құсты қолына алып қараған, ашып ештеңе айтпаса да, 

оның сенімсіздікпен қараған көзқарасынан құстың ұзақ 

тұрмасын ұқтым. Көңілге медет жалғыз нәрсе – әйтеуір 

жылы жерде жатыр. Менің балаларым ерен мәз, енді құс 

біздікі, сен оны далаға тастама, ешқайда әкетуші бол-

ма, – дейді. Назке құсқа ілезде аққұбаша балапан деп 

ат қойып үлгерді. Балкен кептердің басынан сипалап 

еркелеткісі бар. Айналшақтап маңынан шықпай қойған 

соң  мазасын  алмаңдар,  обал  болады,  ұйықтасын, 

оңалсын, – деп үгіттеп әзер көндірдім. Бәрібір ауық-

ауық екеуі жүгіріп келіп көріп кетеді, алты жасқа енді 

толған балақайлар ғой, құсқа қамқорлық қылғысы кеп 

жанығады. Оларға бәрі қызық. Құстың жаны бар, жайы 

жоқ.  Жалт-жұлт  қорғаншақтап  қараған  бұршақтың 

дәніндей  көзінен  ұдайы  үркіп,  шошынып,  қиналып 

жатқан кейпін алғашында байқасам да, соңынан құс 

электр  жарығына  да,  қасындағы  тоңазытқыштың 

гүріліне де бойы үйренді. Оның халін ауырсынатыны 

еш білінбеген, дыбыс жоқ, тысыр жоқ, картон қораптың 

ішінде  бұйығып  жатады.  Екі  қызым  оның  астына 

қуыршақтарының жұмсақ көрпешесін әуелден төсеп 

қойған. Бірақ өлетін құс екен, екі күннен соң өліп қалды. 

Мен түнгі он екіге таман оңаша жазу жазып отыр-

дым  –  жұмыстың  денін  балалар  ұйықтаған  кезге 

қалдырамын, сонымен қатар ас бөлмесі – менің жазу 

орным  да.  Алдымен  қорап  тысырлаған,  сондықтан 

осынау момақан құс өлетін кезде жұлынбай қалған 

сау қанатын қаққыштап қатты тыпырлағанын көзіммен 

көрдім. Құс әлде жантәсілім бере ме деп ойлауым мұң, 

солай боп шықты. Өткен түнде біртүрлі ауыр демалып 

жатыр еді, алдындағы асқа тұмсығын тигізбеген, ал 

суға ептеп шылаған болды. Құс өлгенде аяғы көктен 

келіп, бір түрлі бүрісіп кетеді ғой, өлгені аяғынан білінді. 

Қалайша арқасына аунап кеткенін де сезбей қалдым. 

Кішкентай аяқтары ажары тайып, шыбықтай жіңішке, 

үш айыр бұтақ тәрізді жоғары төңкеріліп қалыпты. Ол 

үш күн тірі жатты, бірақ жарақатынан құса шеккенін 

үнсіз көтерді. Адамдар сабыр мен төзімділікті бәрібір 

үйрене  алмайды.  Құстың  мертіккенін  көре  сала  әу 

баста  пана  болуға  жарамадым.  Бәлкім,  ол  қанаты 

сынғаннан емес, суық тиіп өліп қалды. Тым құрыса, 

адамзаттың  тасжүректігін  емес,  аз  ғана  мейірін 

сезіп  кетті  бұл  құс.  Бірақ,  бұлайша  ақталудың 

қажеті  қанша.  Қысқы  азапқа  душар  болған  бейбақ 

құстың бұрқыраған қауырсындары жол үстінде ша-

шылып  қалғанын  көзім  көрді.  Бүгінгінің  адамдары 

дегдарлыққа түкіргені бар. Оның маңынан сол күні 

меңірейген,  мелшиген  қайырсыз  талай  жан  өтті. 

Соның бірі өзім емес пе едім? Олардың ешқайсысы 

автомобиль жолын кесіп өткенде бір уыс құс баласын 

көзіне ілмеген кейіп танытқаны өтірік емес.

Таңертеңгілік  картон  қорапшаны  үйден  алып 

шығарда  екі  қызым  кемсеңдеп  жылап  жіберді. 

Балалар  жәндік  атаулының  бәрін  сүйеді,  әрине, 

ересектердің өзімшілдігі балалыққа жат қылық.

– 

Қой,  жаман  ырым  бастама,  балам,  –  деп 



екеуінің құлағына кезек-кезек сыбырладым.  

Екеуі әйтпесе, шынымен озандауға даяр тұр. Мұны 

көргенде шешем қойыңдар, ол құстың жүрімі сол, бізден 

жазық  жоқ,  жылама,  жаман  болады,  –  деп  екеуіне 

ұрысты. 

  Баланың ойлау қисыны мығым болады, аққұбаша 

балапан  деп  атау  қайдан  ойларына  келді  екен, 

мұншалық дөп болар ма! 

  Әйткенмен біздің пәтерден екі көгершін сауығып 

ұшқаны  бар.  Бірі  күзде,  бірі  жазда.  Күзгі  құс  тере-

зеге ұшып келіп, өзі соқтығып, балконға құлап түсті. 

33

Жас қалам



C

M

Y



K

Жемқорлықтың алдын алу

Басты мақсат – сауықтыру

Асқар Нәметов, 

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресті  ең 

алдымен  жоғарғы  оқу  орынында  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  түсінікті  қалыптастыру 

жүйесінен  бастағанды  жөн  көрдік.  Қазақстан 

Совет  үкіметінен  кейінгі  кеңістікте  бірніші  бо-

лып  1998  жылдың  шілде  айында  сыбайлас 

жемқорлықпен  күрес  заңы  қабылданды  және 

халықаралық конвенсияларға қосылды.Сыбайлас 

жемқорлық жалпы қылмыспен қатар Қазақстанда 

мемлекеттік билік және қоғам үшін өте қауіпті екенін 

барлығымыз да білеміз. Ел Президенті Н.Ә. Назар-

баев  мемлекеттік  негізгі  басымдылықтарының 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет