«жалпы химия» курсын қашықТЫҚтан оқыту үшін moodle платформасын тиімді пайдалану шарттарын анықтау



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата09.06.2022
өлшемі0,86 Mb.
#36602
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Таганова Айдана литературный обзор



«ЖАЛПЫ ХИМИЯ» КУРСЫН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮШІН 
MOODLE ПЛАТФОРМАСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫН 
АНЫҚТАУ. 


І. ӘДЕБИ ШОЛУ 
1. Қашықтықтан оқыту формасы – XXI ғасырдың білім беру 
жүйесі 
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, 
адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай 
болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. 
Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді 
ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, 
ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері 
мол.Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей 
байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму 
деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің 
болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап 
етеді.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа 
Қазақстан” атты жолдауында “Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты 
таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру 
бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр” делінген, сондай-ақ “Онлайн 
тәсіліне оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет”-
деп атап көрсеткендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық 
технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен 
қолданылуын қажет етеді.[1] 
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму 
жоспарында 10 жалпыұлттық басымдықтарды, нақты міндеттерді алға қойған 
болатын. 2018 жылы қабылданған 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму 
жоспары елдің үшінші жаңғыру процестерін іске қосты, сол арқылы білім 
деңгейінің жоғарылауы бойынша міндеттерді айқындады. [2] 
Алайда, коронавирус инфекциясы пандемиясының таралуы және 
оны ауыздықтау шаралары соңғы жүз жылдағы ең ауыр ауқымды дағдарысқа 
алып келді. Осылайша пандемия мен жаһандық рецессияның ажырамас әсері 
Қазақстан дамуының негізгі сценарийін түбегейлі өзгертіп, «жаңа болмысты» 
қалыптастырды. Бұл «жаңа болмыс» ұғымы еліміздің білім саласына 
«қашықтықтан оқыту» терминін түбегейлі енгізді.
Қашықтықтан оқыту формасы ХХІ ғасырдың білім беру жүйесіне 
айналды. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің 
нәтижелерінің бүгінде ақпараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны 
қашықтан оқытудың маңыздылығын арттырды. Қашықтан оқыту формасы 
бүгінде уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше 
үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады 
және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік 
жағдайына қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында 


тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. [3] Ел 
азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін 
өтеуде тек осы жүйе мейілінше икемді әрі тиімді. Жоғарыда айтылған 
факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олардың жоғары 
квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту ХХІ ғасырдағы ең 
әсерлі жүйе болып табылады. 
Соңғы онжылдықтарда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану 
білім және ақпараттық мәдениетте әлемдік құбылыс болды, ол әлемнің 
көптеген мемлекеттерінде білім беру тәсілдерін өзгертті. Ақпараттық білім 
беру технологиялары өте тез дамып келеді және олар білім беру процесінде 
дәстүрлі оқыту түрімен қатар өз орындарын тапты. Олардың ішінде жиі 
айтылатыны қашықтықтан оқыту болып табылады, ол оқыту әдістерінің 
ішіндегі ең еркіні және ыңғайлысы. Қашықтықтан білім беру ЮНЕСКО-ның 
«Барлық адамдар үшін білім беру», «Өмір бойы білім алу», «Білім беруде 
шекара жоқ» білім беру бағдарламаларының негізгі түйінді бағыттарының 
бірі болып танылды. Қашықтықтан білім беруді дамытуға қолғабыс тигізу 
Еуропа одағының құрылтайшы келісім-шарты болып табылатын Маастрихт 
келісім-шартының 126 бабына сәйкес негізгі мәселе болып саналады.[4] 
Анықтама бойынша қашықтықтан оқыту оқытушы мен білім 
алушылардың тікелей түйісуінсіз алыс қашықтықта оқытуға мүмкіндік 
беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды 
пайдалану негізінде білім беру процесін ұйымдастырудың әдісі деп 
қарастырылады.[5] 
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқытуды іске 
асыру және берілген тапсырмаларды орындауға бақылау жасау Интернет 
компьютерлік жүйесі арқылы on-line және off-line режимдерінде жүзеге 
асырылады. 
Қашықтықтан оқыту компьютерлерді және телекоммуникациялық 
желілерді пайдалануға негізделген. Компьютерлік құралдар ара қашықтық 
мәселелерін шешеді және оқытушы мен білім алушылардың байланысын 
қолма-қол етеді. Ақпараттық технологиялардың заманауи құрал-жабдықтары 
оқыту барысында материалдарды көрсетудің: вербальды және бейнелік 
(дыбыс, графика, видео, анимация) түрлерін қолдануға мүмкіндік береді. 
Қашықтықтан оқытудың оқу процесін жүргізу барысында мынадай түрлері 
қолданылады: 
электрондық пошта (электронды пошта арқылы оқытушы мен оқушы 
бірі-бірімен байланыста болады: оқу тапсырмаларын және материалдарды 
жіберу, білім алушылардың оқытушыға сүрақтары және керісінше, іскерлік 
қатынасхаттарды сұрыптау); 


телеконференциялар (олар оқу тақырыптары бойынша оқушылар 
арасында пікірталас ұйымдастыруға; пікірталастың тақырыбын таңдап алып, 
оны мұғалімнің басқаруына; конференция атына келіп түске 
хабарламалардың мазмұнын бақылауға; келіп түсіп жатқан ақпараттарды 
қарап талдауға; өзінің хаттарын (хабарламаларын) жіберуге; осылардың 
арқасында пікірталасқа қатусуына мүмкіндік береді; 
деректерді қайта жіберу (FTR-серверлер қызметі); 
гипермәтіндік орталар (WWW – серверлер, мұнда гипермәтіндер 
ретінде оқытушы оқу материалдарын орналастыра алады. Гипермәтін құрамы 
жағынан сұрыптайды, бірін бірі толықтыратын оқу материалдарының 
бөлімдеріне сілтеулерді (гиперсілтеулерді) байланыстырады, WWW –
құжаттарында мәтіндік қана емес, сонымен қатар графикалық, дыбыстық 
және бейне ақпараттарды да орналастыруға болады; 
Интернет әлемдік желісінің ресурстары (гипермәтін ретінде 
ұйымдастырылған әлемдік WWW-желісінің ресурстарын оқыту барысында 
бейне және анықтамалық материалдар ретінде қолдануға болады; 
видеоконференциялар (Видеоконференциялар қазіргі кезде 
мектептерде аса тарала қойған жоқ, оған себеп конференция өткізу үшін 
қажетті қондырғылардың бағасының қымбаттығы.Алайда оқытудың бұл 
түрінің келешегі өте зор: оқытушылар тыңдаушыларға дәріс беруді, сабақ 
жүргізуді «тірі эфирде» өткізеді, оның барысында тыңдаушылармен өзара 
қарым-қатынас жасауға (тікелей эфирде) мүмкіндік болады. Оқытудың 
мұндай практикасы Еуропа елдерінде, АҚШ-та кең тараған, себебі 
телекоммуникациялық байланыс каналдары арқылы видеоконференциялар 
өткізудің техникалық проблемалары шешілген.[6] 
Қашықтықтан білім берудің дамуының басым бағыттарының бірі 
ақпараттық технологиялар идеялары мен алдыңғы қатарлы педагогикалық 
технологиялардың өзара байланысы болып табылады. [7]Бүгінгі күні 
оқытуды тек оқытушыдан оқушыға білім беру процесі, оны білім және 
дағдыларды қалыптастыру деп қана қарастыруға болмайды, дегенмен де 
айтылғандарды оқу процесінің элементтері екендігін де естен шығаруға 
болмайды. Қашықтықтан білім беру оқу курсына қолданатын педагогикалық 
тәсілдердің қарапайым деңгейіне кіреді.[8]Қашықтықтан оқыту режимінде 
оқу материалдарын жіберуге болады. Бұл жағдайда телекоммуникациялық 
каналдар арқылы тек қана мәтінді ақпараттарды ғана емес, сонымен қатар 
бейне материалдарды да жіберуге болады. Тестілер жүйесі және 
оқушылардың бақылау сұрақтары арқылы оқу материалдарын меңгеру 
дәрежесін бақылау аса қиындыққа соқпайды. Бұл мақсаттар үшін 
компьютерлік тестілеу және өңдеу жүйесін пайдалануға болады.[9] Сонымен 
қатар қашықтықтан оқыту элементтерін оқушылардың шығармашылық 


қабілетін дамытуға бағытталған оқытудың инновациялық түрлерінде де 
толық қолдануға мүмкіндік бар. 
Қашықтықтан оқыту технологияларының жүйесін қолданудың 
халықаралық және отандық практикасын зерделеу қашықтықтан білім беру 
қызметін модельдеуде білімді берудің белгілі бір моделі қолданылатыны 
белгілі болды. [10]«Модель» деген сөз латын тілінен аударғанда «өлшем, 
ұқсас,үлгі» деген мағына береді.[11] Анықтама бойынша бұл жүйенің 
зерттеуі басқа жүйе туралы ақпаратты алумен; белгілі бір нақты процесс, 
қондырғы немесе тұжырымдама туралы көзқарас қалыптастырумен 
айналысады. 
Әрбір модельдің өз ерекшеліктері бар және ол нақты дидактикалық 
мәселелерді шешу үшін қолданылады. Қашықтықтан оқыту бойынша оқу 
процесінің әр моделінің ерекшелігі оқыту мазмұнын таңдап ала білуді және 
оны құрылымдауды, әдістерді, оқытудың ұйымдастыру түрлері мен 
құралдардың бар болуын талап етеді. 
Білім беру моделі қашықтықтан оқыту барысында оқу процесі не үшін 
қажеттігін анықтайтын білім берудің мақсатын және схемасын 
қалыптастырады. 
Білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынасының түрлері 
мен әдістерінде; білім беру контенттерін жасау технологиясында, оларды 
беруде және сақтауда; білім алушылардың білімдері мен практикалық 
дағдыларын қалыптастыру мен бекітуде өзгешеліктері бар модельдердің 
маңызы зор. Бірінші ретте оларға білім берудің маңызды құралы деп 
қарайтын оқытуды ұйымдастырудың моделін айтуға болады. Білім беруде 
дамыта оқытатын модель, проблемалық оқыту моделі, бағдарламалық оқыту 
моделі, эвристикалық оқыту моделі, «мәдениет диалогы» моделі, оқу 
процесін жобалау моделі және т.б. кең қолданылады.[12] 
Оқытудың дәстүрлі түрлерімен қатар, оқу процесін ұйымдастырудың 
инновациялық модельдері көптеп қолданылуда. Олар мынадай 
параметрлерімен: оқытушы мен білім алушының педагогикалық қарым-
қатынасы қарқындылығымен; теоретикалық оқыту мен кәсіптік практикалық 
қызметтің интеграциялану деңгейімен; білім беру ұйымы тарапынан білім 
алушының жеке жұмысына ұйымдастыру-әдістемелік қолдау көрсету және 
бақылау деңгейімен ерекшеленеді. Мысалы, білім беру ақпараттандыру 
оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беретін білім беру процесінің жаңа 
модельдерінің туындауына әсер етті. 
«Қашықтықтан оқыту» деген сөздермен анықталатын компьютерлік 
технологияларды (оқыту бағдарламалары, электронды оқулықтар, емтихан 
алушыдан қашық орналасқан оқушының білім деңгейін объективті бақылау- 


өлшеу материалдары және т.б.) қолдана отырып қашықтықтан білім беру 
әлемдік білім беру лексиконына берік кірді деуге болады. [13] Соңғы үш 
онжылдықта қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениетте бүкіл әлемдік 
сипатқа ие болды. Білім беру қызметінің тұтас бір индустриясы пайда болды 
және ол білім алушылардың, білім беру ұйымдарының сандарымен, 
инфрақұрылымдарының көлемі мен күрделігімен ерекшеленеді және өте 
қарқынды дамып келеді.
Зерттеушілердің пайымдауынша «дәстүрлі және қашықтықтан оқыту 
түрлерін интеграциялау» болып табылатын аралас оқытудың болашағы аса 
зор. [14]Қазіргі кезде мұғалімнен оқушыға білімді тікелей беруге негізделген 
дәстүрлі әдістерді ескірді деп санауға болады. Бірыңғай ақпараттық кеңістік 
жағдайында заманауи ақпараттық технологиялардың маңызы аса қарқынды 
жағдайда артып келеді.
Білім беру қызметтерінің жаһандық нарығында ұстанымдарды сақтау 
және күшейту мақсатын қойған жоғары оқу орындарының алдында 
халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне кіру міндеті тұр. Жоғары оқу 
орындарының стратегиялары арасында - цифрлық жоғары оқу орнын құру, 
оның ажырамас бөлігі қашықтықтан білім беруге арналған қызметтер мен 
тиісті контент болып табылады. 
Бұл міндеттер «Білім туралы» заңында, жоғары білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында (ЖББ МЖМС) ерекше назар 
аударылады.[15] 
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттарында жүзеге асырылған құзыреттілік тәсіл цифрлық қоғамның 
әлеуметтік-кәсіптік ұтқырлығы, тұрақты кәсіби өсу жағдайында талап 
етілетін студенттердің білімін, іскерлігін, қабілеті мен құзыреттілігін 
қалыптастыру бойынша өсіп келе жатқан талаптарды көрсетті. 
Жоғары оқу орындарының ақпараттық-білім беру ортасын дамытуға 
қойылатын тиісті талаптар да өзгереді, атап айтқанда, қашықтықтан білім 
беру технологиялары мен электрондық оқытуды қолдану мүмкіндіктері 
кеңейтілді, білім беру ресурстарына, оның ішінде ақпараттық-
телекоммуникациялық интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып 
қол жеткізу бойынша шарттар нақтыланды. Бірнеше білім беру 
ұйымдарының, оның ішінде шетелдік ұйымдардың білім беру ресурстарын 
жоғары тиімділікпен қамтамасыз ете алатын білім беру бағдарламаларын 
жүзеге асырудың желілік нысандары мен технологияларына көп көңіл 
бөлінеді. Педагогикалық жоғары оқу орны жағдайында білім беру процесін 
ұйымдастыру және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін 
арттыруды ұйымдастыру үшін бірыңғай білім беру ортасын пайдалану 
корпоративтік білім беру идеялары мен желілік тәсіл негізінде жоғары білім 


берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында 
анықталатын құзыреттерді қалыптастырудың тиімді құралы болып 
табылады.[16] 
Жоғарыда аталғандай оқытушылар мен білім алушылардың қарым-
қатынасын дамыту үшін «Цифрлық университет» шеңберінде қашықтықтан 
білім беру технологиялары мен жүйелерін әзірлеу және енгізуге байланысты 
міндеттер де өзекті болып қалуда. Қашықтықтан оқыту технологиялары оқу 
ақпаратына интерактивті қолжетімділіктің және оқыту траекториясын 
басқарудың түрлі деңгейлерін пайдаланады, бұл тұлғалық-бағдарлы оқыту 
идеологиясын жүзеге асыруға ықпал етеді. Көптеген қазіргі заманғы жоғары 
оқу орындарында LMS Moodle немесе соған ұқсас қашықтықтан оқытуды 
басқару жүйесі енгізілді немесе белсенді жүзеге асырылуда. 
Қашықтықтан білім беруде цифрлық технологияларды қолданудың 
қосымша бағыты цифрлық кітапханалардың дамуы болды. Цифрландыру 
арқасында бүгінде әркім бұрын сарапшылар мен ғалымдар үшін ғана қол 
жетімді болатын ақпаратқа қол жеткізе алады.[17] 
Жоғарыда аталған міндеттерді шеше отырып, қазіргі заманғы жоғары 
оқу орнының қашықтықтан білім беру жүйесіндегі ақпаратты қорғауға 
байланысты, параллельді тапсырма туралы есте сақтау қажет. 
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды 
дамуы ақпараттық білім беру ортасын өзгертеді, оның шеңберінде оқыту 
процесі жүзеге асырылады. Әлемдік тенденциялар болашақта синхронды, 
асинхронды, қашықтықтан және аралас оқыту сияқты онлайн-білім берудің 
(eLearning) икемді модельдерімен болатындығын көрсетеді. 
1. Синхронды оқытудың үлгісі вебинарлар бола алады, ол оқытушы 
мен студенттер арасындағы қарым-қатынас нақты уақытта болған кезде 
жүреді. Вебинарларда ақпаратты жіберуге және алуға ғана емес, сонымен 
қатар пікірталастар, сауалнама, брейнсторминг өткізуге де болады. Мұндай 
сабақ дәстүрлі сабақты еске түсіреді, жалғыз маңызды айырмашылығы-
оқытушы студенттердің жағдайын бағалай алмайды.
2. Қашықтықтан оқыту (distance learning) – студент нақты уақытта 
мұғаліммен байланыс жасамайтын, бірақ онымен қашықтықтан электрондық 
пошта, скайп және т.б. арқылы байланысатын әдіс. 
3. Асинхронды оқыту – қашықтықтан оқыту әдісі, оның барысында 
студенттер оқытушымен байланыс орнатпайды, бірақ электронды курстар, 
блогтар, CD және т.б. курстарын оқиды.
4. Әсіресе, оқу процесінде аралас оқыту технологияларын қолдану 
перспективалы, ол қашықтықтан оқыту технологияларының мүмкіндіктерін 


дәстүрлі оқыту формаларының артықшылықтарымен біріктіреді. Студент оқу 
материалының бір бөлігін өз уақытын, орнын белгілей отырып онлайн 
меңгереді, ал материалдың басқа бөлігін ЖОО аудиторияларында оқиды. 
«Аралас оқытудың» негізгі модельдері 1- суретте көрсетілген. [18] 
4.1 «айналдыру» моделі - бұл модельдің ерекшелігі, ол: 
– студенттер белгілі бір уақыт аралығында әртүрлі оқу «станциялары» 
арасында аудиторияда қозғалады
– ең болмағанда бір шағын топ тапсырмаларды онлайн режимде 
орындауы керек, басқалары – бірігіп жұмыс істеу тиімді болуы үшін қағаз 
бен қарындаштар немесе басқа құралдарды қолдана отырып белгілі бір жоба 
бойынша жұмыс жасайды; 
– студенттер сабақ барысында барлық «станциялардан» өтуі керек. 
4.1.1 Жұмыс аймақтарын «айналу» (Station Rotation) – студенттер бір 
немесе бірнеше (көп емес) аудитория ішінде әртүрлі «станциялар» арасында 
ауысып отыратын курсты немесе пәнді ұйымдастыруға арналған модель. 
4.1.2 Зертханалардың «айналуы» (LabRotation) – оқу курсын 
ұйымдастыру моделі, «станциялардың» бірі компьютерлік зертханада өтеді, 
онда студенттер өздігінен онлайн режимде оқиды. 
4.1.3 «Ауыстырылған класс» (FlippedClassroom) моделі – студенттер 
уақытын және оқу қарқынын өз бетінше басқара отырып, теориялық оқу 
материалын үйде оқиды, ал аудиторияда олар материалды тереңірек меңгеру 
үшін талқылайды. Оқытушы тек фасилитатор рөлін атқарады, осылайша 
даулы мәселелерді шешуге көмектеседі. 
4.1.4 Жеке «айналу» (IndividualRotation) – бұл араласқан оқыту моделі, 
онда әр білім алушының жеке кестесі бар және оның әр қолжетімді 
«станцияға» баруы міндетті емес. Кесте автоматты түрде жасалады (егер 
университетте қажетті бағдарламалық жасақтама болса) немесе оқытушы 
жасайды. 
4.2 Икемді модель (FlexModel) ‒ белгілі бір әрекет офлайн режимде 
өтсе де, онлайн-құраушы студенттерді оқытудың негізі болып табылатын 
оқыту курсы. Студенттер әртүрлі оқыту форматтарынан тұратын жеке, 
икемді кесте бойынша жұмыс істейді. Оқытушы кез-келген кеңестерге 
қолжетімді және студенттер негізінен университет аудиторияларында оқиды 
және жеке үй тапсырмасын орындайды. 


1-сурет. «Аралас оқытудың» негізгі модельдері 
4.3 Өздігінен араластыру моделі (LaCarteModel) ‒ студент курсты 
толығымен онлайн режимде өтеді және университеттегі немесе оқу 
орталығындағы сабақтарға қатысады. Бұл модельде оқытушы онлайн-
оқытушы. Білім алушылар онлайн-курсты оқу орнында (егер жабдықтар мен 
аудиториялар мүмкіндік берсе) немесе үйде оқи алады. Бұл модельді барлық 
оқу пәндеріне қолдануға болмайды, себебі онлайн курстар университетте 
топпен және оқытушымен өтетін пәндермен араластырылуы керек 
(әлеуметтік аспект). 
4.4 Виртуалдық оқытудың байытылған моделі (EnrichedVirtualmodel) – 
бұл курс моделінде студенттер оқытушының қатысуымен курстың бір бөлігін 
офлайн режимде (бетпе-бет) өткізіп, содан кейін жеке тапсырмаларды өздері 
орындауы керек. Онлайн-оқыту студенттерді оқытудың негізі болады, әсіресе 
студенттер университеттің аудиторияларынан алыста болған жағдайда, оқу 
пәнінің оқытушысы, әдетте, онлайн және офлайн режимде жұмыс істейді. 
Қашықтықтан оқытудың барлық жүйелерін (ҚОЖ, LMS – Learning 
Management Systems) ақпаратқа қол жетімділік, пайдалану 
қарапайымдылығы, баптау параметрлерінің икемділігі, оқу контентін 
басқару, пайдаланушыларды басқару, пайдаланушылар арасындағы қарым-
қатынас, статистика және есептілік, құны және лицензиялық саясат 
өлшемдері бойынша бағалауға болады. 
Жоғары технологиялар мен интернет желісінің дамуымен 
стандартталған білім беру тоқтады. Жастар жиі саналы түрде түрлі онлайн-
платформаларды,
курстар мен вебинарларды қолдана отырып, қашықтықтан 
білім алуды таңдайды.


Нарық өсіп келе жатқан сұранысқа жауап береді және бүкіл әлемде 
ақылы және ақысыз негізде ірі ресурстар пайда бола бастады. Сонымен 
қатар, Гарвард және Йель сияқты Плющь лигасының университеттері түрлі 
платформаларда гуманитарлық және нақты ғылымдар бойынша арнайы 
курстарды ұсынады.Білім алу әлемнің кез-келген нүктесінен қолжетімді, тек 
тұрақты интернет байланысы қажет. Жалпы алғанда, онлайн-оқытудың 
инновациялық әдісі ақпарат арналарын кеңейтуге ұмтылатын, нақты 
дағдыларын арттырғысы келетін және баға мәселесіне мұқият қарайтын 
қазіргі заман адамдарының ойлау механикасына бейімделген, себебі онлайн 
білім алуға университет қабырғасында жүріп толыққанды диплом алғаннан 
гөрі аз қаражат кетеді. 
Қашықтықтан оқыту жүйесін құру процесі төрт кезеңнен тұрады: 
− техникалық жабдықтарды орнату және баптау, 
− бағдарламалық жасақтаманы орнату, 
− студенттер мен оқытушылардың аккаунттарын баптау, 
− жүйенің ресурстары мен сервистеріне дербес қол жеткімділікті 
қамтамасыз ету. 
Мазмұндық компонент студенттердің аккаунттарына арналған 
мәліметтерден және виртуалдық жұмыс үстелінің мәліметтерінен тұрады. 
Кірісте жүйеге келу керек келесі мәліметтерге білім алушыға қолжетімділікті 
қамтамасыз ету қажет: студенттердің жеке мәліметтері, оқу пәндерінің тізімі, 
бағдарламалық қамтамасыздандыру пакеті, кіруге мүмкіндік беретін 
ресурстар мен қызметтер тізімдері. Осы мәліметтерді жүйе 
қолданушыларының мәліметтер қорына енгізу арқылы осы кезеңде цифрлық 
контент алуға болады: бағдарламалық платформаларға қол жеткізудің 
белгіленген деңгейі бар пайдаланушылардың деректер базасы, виртуалдық 
жұмыс үстелі, ол студенттерді бағдарламалық платформалармен және 
пакеттермен оқыту үшін қажетті әр студентке қалыптастырылады.
Қашықтықтан оқытудың дұрыс ұйымдастырылған жүйесінің нәтижесі 
істен шығуға төтеп бере алатын бағдарламалық-техникалық инфрақұрылым 
(серверлер, деректер қоймасы, жергілікті желі және оларға қол жеткізу үшін 
Интернет) болуы тиіс, ол барлық қажетті ресурстарды орналастыруды және 
студенттердің осы ресурстар мен сервистерге тиімді қол жеткізуін 
қамтамасыз етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет