«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер



бет1/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы « »

бұйрығымен бекітілген
«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты
1- бөлім. Жалпы ережелер

1. Осы «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы


2- тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қаржылық есептілік аудитінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспаған жағдайдағы, бюджеттік бағдарламалар администраторлары мен мемлекеттік мекемелердің түсінікті қаржылық есеп беруі болып табылады.
Қаржылық есептілік аудитіне республикалық жане жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6352 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларымен белгіленген көлемде және нысандар бойынша қаржылық есептілігі, және республикалық жане жергілікті бюджет есебінен ұсталатын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8913 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларымен белгіленген көлемде және нысандары бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiктері жатады.
3. Аудиторлық іс-шараға жауапты тұлға және мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудит жүргізуге басшылық, оны бақылау және оның сапасы үшін жауапты болады.
4. Осы Стандарт қаржылық есептілік аудитін жүргізу процесінде мемлекеттік аудитордың іс-қимылдарының сабақтастығын айқындайды.
5. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 ақпандағы №76 қаулысымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларының (бұдан әрі – Ішкі мемлекеттік аудит қағидалары) 22-тармағына сәйкес қалыптастырылады.
6. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезеңдері:
жоспарлау (ішкі бақылаужүйесін тестілеу; зерттеу әдістерін айқындау (тұтас немесе іріктеулі), аудит бағдарламасын жасау және бекіту);
аудитті мәні бойынша жүргізу (аудиторлық дәлелдерді, аудиторлық рәсімдерді, аудиторлық іріктеуді жинау);
аудитті аяқтау (аудит нәтижелерін қорыту және оларды құжаттық ресімдеу).
7. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде осы Стандарттың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59 – қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жұмыс құжаттары ресімделеді.
Жұмыс құжаттары ақпарат көзі және мемлекеттік аудитор орындаған жұмыстардың дәлелі болып табылады.
8. Осы Стандарттың әрекеті Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау субъектілерінің барлығына қолданылады және мемлекеттік мекемелер ұсынатын қаржылық құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыратын ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствоның аумақтық органын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит органдары қызметкерлерінің сақтауы үшін міндетті. Мемлекеттік мекемелер ұсынатын қаржылық құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін алдын ала және ағымдағы бақылау рәсімдері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелеріне (бұдан әрі – Бюджеттің атқарылуы ережелері) сәйкес жүзеге асырылады.
9. Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет