Жануар физол


 Газдардың қанмен тасымалдануы



Pdf көрінісі
бет116/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   504
7.4. Газдардың қанмен тасымалдануы 

Қанның газдық құрамы өте күрделі. Артерия қанында 18-20 көлем пайыз 

оттегі,  40  көлем  пайыз  көмір  қышқыл  газы,  бір  көлем  пайыз  азот  болады. 

Вена  қанында  12  көлем  пайыз  оттегі,  50-56  көлем  пайыз  көмір  қышқыл 

газы,    артерия  қанындағы  мөлшерде  азот  болады.  Бұл  газдар  өкпеден 

ұлпаларға,  олардан  өкпеге  қан  арқылы  еріген,  немесе  қосылыс  түрінде 

тасымалданады.  

Оттегіні  тасымалдау.  Малдың  100  мл  қанында  қалыпты  жағдайда  орта 

есеппен 20 мл (20 көлем пайыз) оттегі болады. Оның тек қана 0,3 мл ертінді 

күйінде,  ал  қалған  19,7  мл  гемоглобинмен  химиялық  қосылыс  түрінде 

кездеседі. 

Гемоглобин оттегімен қайтарымды қосылыс - оксигемоглобин түзеді. Бұл 

реакция былай жүреді: Нb+О

2

  

      



 НbО

2



Гем  құрамындағы  темірдің  əрбір  атомы  оттегінің  бір  молекуласымен 

қосылады.  Демек,  гемоглобиннің  бір  молекуласы  оттегінің  төрт 

молекуласын  қосып  алады.  Бұл  құбылысты  мына  реакция  түрінде 

бейнелеуге болады:    

                                           

                             Нb

4

 +О


2

=Нb


4

О

2



 

                            Нb

4

О

2



 + О

2

=Нb



4

2



)

2

  



                           Нb

4



2

)

2



+ О

2

 = Нb



4

2



)

                                            



Нb

4



2

)

3



 + О

2

 = Нb



4

2



)

4

                            



 


 

144


Бұл реакциялардағы оттегінің гемоглобинмен қосылуы тотығу процесіне 

жатпайды, себебі реакция кезінде темір атомы электрон жоғалтпайды, темір 

екі  валентті  күйінде  қалады.  Сол  себепті  бұл  процесс  тотығу  (оксидация) 

емес, оттегімен қанығу (оксигенация) деп аталады. 

Гемоглобиннің  оттегімен  қосылғыштық  қасиеті  түлік  түріне,  малдың 

жасына,  қан  құрамындағы  тұздардың,  көмір  қышқыл  газының  мөлшеріне, 

рН  деңгейіне  байланысты.  Қалыпты  жағдайда  1  г  гемоглобин  1,34  мл 

оттегіні қосып алады. Қанның 100 мл-і сіңіретін оттегінің мөлшерін қанның 



оттегілік  сиымдылығы  деп  атайды.  Егер  қан  құрамында  15,0  пайыз  

гемоглобин болса, онда оның оттегілік сиымдылығы 15 х 1,34 + 0,3=20,4 мл, 

немесе  20,4  көлем  пайызға  тең.  Қан  құрамында  гемоглобин  неғұрлым  көп 

болса, оның оттегілік сиымдылығы соғұрлым жоғары болады. 

Қанның  оттегімен  қанығу  дəрежесі  оттегінің  үлес  қысымына  (Ро

2



тəуелді.  Мысалы,  вена  қанында  Ро

2

  с.б.  40  мм  тең  болса,  оның  оттегімен 



қанығу  дəрежесі  75  пайыз  ғана.  Оттегінің  үлес  қысымына  байланысты 

қанның    оттегімен  қанығуын  бейнелейтін  сызықты  оксигемоглобиннің 



диссоциациялану  сызығы  деп  атайды.  Бұл  сызық  S  əрпі  пішінді  келеді  (57-

сурет).  Оттегінің  үлес  қысымы  төмен  болса,  оксигемоглобин  баяу  жəне  аз 

мөлшерде түзіледі. Қысым с.б. 10 мм-ге жеткенде гемоглобиннің 55 пайызы, 

ал  62  мм-ге  жеткенде  -  90  пайызы  оксигемоглобинге  айналады.  Оттегінің 

үлес  қысымы  с.б.  100  мм  болғанда  қандағы  гемоглобиннің  96  пайызы 

оксигемоглобинге айналады. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет