Жануар физол


 Белоктардың алмасуы жəне оның реттелуі



Pdf көрінісі
бет195/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   504
 

9.4. Белоктардың алмасуы жəне оның реттелуі 

Белоктардың  биологиялық  маңызы.  Белок  -  организм  үшін  ең 

маңызды  органикалық  заттар  тобына  жатады.  Ол  əрбір  торша  мен  оның 

цитоплазмасының негізін құрайды, сол себепті өмір тетігі болып саналады. 

Белоксыз тіршілік тоқтайды. Белоктар органикалық заттардың ерекше тобын 

құрайды.  Олар  көмірсулар  мен  майлардан  түзілмейді,  өйткені  оның 

құрамында  азот  болады,  ал  белоктың  өзі  алмасу  процесінің  барысында 

көмірсулар мен майларға айнала береді. 

Организмде  белок  екі  бағытта  -  торшалар  мен  оның  құрамына  енетін 

заттарды  түзу  үшін  құрылымдық  материал  жəне  қуат  көзі  ретінде 

пайдаланылады. 

Белоктар  дене  массасының  негізін  ғана  құрап  қоймайды,  сонымен  қатар 

олар  маңызды  физиологиялық  қызметтер  атқарады.  Осымен  байланысты 

олар төмендегіше топтастырылады. 

1.  Торшалардағы  əр  түрлі  химиялық  реакцияларды  жүргізетін 

биокатализаторлар - ферменттер

2.  Торша  ішіндегі  белгілі  процестерді  реттеуге  қатысатын  белоктар  - 



гормондар

3. Қорғаушы белоктар

4. Қоректік белоктар. 

 

5. Уытты белоктар - токсиндер.  



   6. Зат тасымалдаушы белоктар

   7. Бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз ететін белоктар.       

  8. ДНК-ның қызметін реттейтін белоктар. 

 

   Белоктарға 



өзіндік 

ерекшелік 

қасиет 


тəн. 

Əр 


түліктің, 

жеке  малдың  немесе  оның  жеке  органдары  мен  ұлпаларының  белоктары 

өздерінің 

қасиеттерімен 

ерекшеленеді. 

Осыған 


байланысты 

белоктарға 

түліктік, 

дарақтық, 

органдық, 

ұлпалық 


ерекшеліктер  тəн.  Міне  осы  себепті  бір  түлік  мал  қанын  екінші  түлік 

малына  құюға  болмайды,  немесе  бір  организмнен  басқа  организмге 

органдарды аударып отырғызу сəтсіздікпен аяқталады. 



 

263


Белоктардың органдық, ұлпалық ерекшеліктері олардың құрамына енетін 

белоктардың сипатына байланысты. Мысалы, ет торшаларының құрамында 

басқа торшада кездеспейтін актин жəне миозин белоктары, дəнекер ұлпада - 

коллаген, қан құрамында - альбумин, глобулин, фибриноген, сүтте - казеин 

белогы т. б. кездеседі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет