Жануар физол



Pdf көрінісі
бет199/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   504
Азоттық  баланс.  Организмдегі  белок  алмасуының  қарқынын  азоттық 

балансты  анықтау  арқылы  зерттейді.  Азоттық  баланс  деп  организм 

азықпен  қабылдаған  азот  пен  зəр  жəне  нəжіс  құрамында  бөлінген  азот 

мөлшерінің  арақатынасын  айтады.  Белок  -  құрамында  орта  есеппен  16 

пайыз  азот  болады.  Сондықтан  азоттық  баланс  арқылы  организмге  түскен 

жəне одан бөлінген белоктың мөлшерін қадағалауға болады. 

Азоттық  баланс  оң,  теріс  жəне  тепе-теңдікте  болады.  Егер  организмге 

түскен  азот  мөлшері  одан  шығарылған  азот  мөлшерінен  артық  болса 

азоттық  баланс  оң  деп  аталынады.  Бұл  жағдайда  организмде  белоктардың 

синтезі  олардың  ыдырауынан  басымырақ  болғаны.  Оң  азоттық  баланс 

төлдер мен жас, буаз малда жəне аурудан сауығу кезеңінде байқалады. 

Организмге  түскен  азоттан  бөлінген  азот  мөлшері  артық  болса  азоттық 

баланстың  теріс болғаны.  Бұл жағдай ашығу,  ауыру  кезінде,  кəрі  малдарда 

байқалады.  Ал  организмге  түскен  азот  пен  бөлінген  азот  мөлшері  бірдей 

болса,  онда  азоттық  тепе-теңдік  қалыптасқаны.  Бұл  жағдай  өсу  процесі 

тоқтаған сақа малда байқалады. 

Азоттық тепе-теңдік деңгейі өзгеріп отырады. Азық құрамында белок көп 

болса,  организмнен  бөлінетін  азот  мөлшері  өседі  де,  тепе-теңдік  жоғары 

деңгейде  қалыптасады.  Рационда  белок  мөлшері  аз  болса,  организмнен 



 

270


бөлінетін  азот  мөлшері  азайып,  тепе-теңдік

 

төменгі  деңгейде  қалыптасады. 



Демек, азоттық тепе-теңдікті сақтау үшін организм белгілі мөлшерде белок 

қабылдауы  керек.  Организмнің  энергиялық  мұқтаждығы  көмірсулармен 

майлардың  есебінен  қамтамасыз  етілген  жағдайда  азоттық  тепе-теңдікті 

сақтауға  қажет  белоктың  ең  аз  мөлшерін  белок  минимумы  деп  атайды.  Ол 

түлік  түріне  байланысты  өзгеріп  отырады.  Мысалы,  азоттық  тепе-теңдікті 

сақтау үшін тірілей массаның əрбір килограмына шаққанда қой мен шошқа - 

1 г, жылқы - 0,7-0,8 г, ірі қара - 0,6 г, адам - 1 г белок қабылдау керек. 

Белок  минимумының  деңгейі  рацион  құрамындағы  азотсыз  органикалық 

заттардың  мөлшеріне,  малдың  физиологиялық  күйіне,  өнімділігіне, 

атқаратын  жұмысының  түріне  қарай  өзгереді.  Дене  массасының  əр 

килограмына шаққанда буаз жəне сауын сиыры 1 г, жұмыс аты 1,4 г белок, 

ой еңбегіндегі адам тəулігіне 100 г, ал қара жұмыстағы адам 150-160 г белок 

қабылдау керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет