Жануар физол


 Қан құрамындағы глюкоза мөлшері



Pdf көрінісі
бет204/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   504
27. Қан құрамындағы глюкоза мөлшері 


 

273


 

Жануарлар 

Қандағы глюкоза  

мөлшері, мг/100 мл 

 

Жануарлар 



Қандағы глюкоза 

мөлшері мг/100 мг

 

 

Ірі қара  



Қой  

Жылқы  


Шошқа 

Ит    


40- 60 

40-60 


65-95 

60-90 


70-100 

Мысық  


Қоян   

Тауық 


Қаз 

60-95 


80-100 

160-200 


140-160 

Көмірсулардың  алмасуында  бауырмен  қатар  бұлшық  еттер,  ми,  бүйрек, 

желін зор рөл атқарады. Көптеген ұлпалар мен ағзалар энергия көзі ретінде 

глюкоза  мен  май  қышқылдарын,  ал  ми  торшалары  бұл  мақсатта  тек 

глюкозаны пайдаланады. 

Ұлпаларда  көмірсулар  фосфорлану  процесінен  өтіп,  глюкозалы  -  6-

фосфат  түзіледі  де,  оның  бір  бөлігі  тотығып,  көмір  қышқыл  газы  мен  су 

бөлінеді. Бұл реакция барысында босанған энергия АТФ түзуге жұмсалады. 

Сонымен  қатар  глюкозалы-6-фосфат  өзгерістері  кезінде  пайда  болған 

пируват пен ацетил-КоА альфа- кетоқышқылдар түзуге пайдаланылады. 

Қандағы  глюкозаның  көп  мөлшерін  бұлшық  ет  сіңіреді.  Анаэробты 

ыдырау кезінде одан сүт қышқылының екі молекуласы бөлінеді. Бұл реакция 

барысында  босанған  энергияның  бір  бөлігі  жылуға  айналып,  қалқан  бөлігі 

АТФ түзуге жұмсалады. Айта кетер жайт, гликолиз кезінде сүт қышқылының 

екі  молекуласы  мен  АТФ-тің  екі  молекуласы  босанса,  гликогенолиз  кезінде 

сүт қышқылының  екі жəне АТФ-тің үш молекулалары босайды. 

Ұлпалардағы  алмасу  кезінде  пайда  болған  сүт  қышқылының

 

85 пайызы аэробты жағдайда қайтадан гликоген түзугеге пайдаланылып, тек 



15  пайызы  алдымен  пируватқа  айналады  да,  соңынан  толық  тотығып,  көмір 

қышқыл газы мен су бөлінеді. 

Орталық  жүйке  жүйесі  торшаларында  глюкоза  қоры  мол  болмайды, 

сондықтан  олар  қаннан  қантты  үздіксіз  сіңіріп  отырады.  Ми  қан 

құрамындағы глюкозаның 12-15, ішек - 9, бүйрек - 5 пайызын сіңіреді. Мида 

глюкоза тікелей аэробты жолмен тотығып, көмір қышқыл газы, су жəне көп 

мөлшерде  энергия  бөлінеді.  Бұл  энергияның  біраз  мөлшері  АТФ  түзу  үшін 

жаратылады.  Кейбір  ағзалар  (көк  бауыр,  өкпе)  глюкозаны  сіңірмей  қан 

құрамында аз мөлшерде кездесетін гликогенді пайдаланады. 

Бүйректе  бауырдағы  сияқты  глюкозаның  аэробты  тотығуы  басымырақ 

жүреді  де,  глюкоза  фосфотриозаның  екі  молекуласына  ажырап,  олардан 

пируват түзіледі. Пируват ацетил-КоА түрінде Кребс айналымына қосылады 

да, тотығу нəтижесінде көмір қышқыл газы, су жəне энергия бөлінеді.  

Көмірсулар  алмасуы  кезінде  түрлі  органдар  арасында  күрделі  қатынас 

қалыптасады (12-схема).  



 

274




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет