Жануар физол


 Ішкі секреция бездері қызметі мен жүйке жүйесі



Pdf көрінісі
бет249/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   504
 

11.3. Ішкі секреция бездері қызметі мен жүйке жүйесі 

əрекеттерінің байланысы. 

Гипоталамус – гипофиздік жүйе 

 

Организмде  орталық  жүйке  жүйесі  мен  ішкі  секреция  бездері  тығыз 

байланыста əрекет етіп, əртүрлі функциялардың үйлесімділігін қамтамасыз 

етеді. 


Ішкі  секреция  бездері  рефлекс  доғасының  эффекторлық  (орындаушы) 

бөлігі  болып  табылады.  Əрбір  без  вегетативтік  жүйке  жүйесінің 

рецепторлық  жəне  эффекторлық  талшықтарымен  жабдықталады.  Жүйке 

талшықтарымен  таралған  тітіркеніс  гормондардың  түзілуі  мен  олардың 

белсенділігін өзгертеді де, ішкі секреция бездеріне тікелей əсер етеді. 

Гормондар қан арқылы орталық жүйке жүйесінің қызметіне əсер етеді. Өз 

кезегінде ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде орталық жүйке жүйесі, 

оның аралық мида орналасқан аймағы (гипоталамус) маңызды рөл атқарады. 

Гипоталамус гипофиздің қызметін, ал гипофиз барлық ішкі секреция  

 



 

345


бездерінің  əрекетін  реттейді.  Осымен  байланысты  бұл  екі  құрылымды 

күрделі  нейроэндокриндік  кешен  –  гипоталамус-гипофиздік  жүйеге 

біріктіреді (127-сурет). 

 

Гормондар  жүйке  жүйесімен  салыстырғанда  нысана  мүшелерге  бапты 



əсер  етіп,  олардың  əрекетінен  туындайтын  өзгерістер  баяу  дамиды. 

Сондықтан  гормондар  ұлпалардың  жіктелу  процесін,  мүшелердің 

қалыптасуын реттеуде маңызды қызмет атқарады. 

Гипоталамус 

ядроларының 

нейросекрециялық 

торшаларында 

нейросекреттер түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіне жүйке талшықтары 

бойымен,  ал  алдыңғы  бөлігіне  -  гипофиздің  қақпалық  жүйесі  деп  аталатын 

арнаулы қан тамырлары арқылы тасымалданады. 

Гипоталамустың супраоптикалық жəне паравентрикулярлық ядроларының 

ірі  торшаларында  вазопрессин  (антидиурездік  гормон)  жəне  окситоцин 

түзіледі.  Олар  гипоталамус-гипофиздік  жолды  құрайтын,  капиллярлармен 

тығыз  жанасатын  нейросекрециялық  торшалар  аксоны  бойымен  ірі 

полипептид  -  нейрофизиннің  құрамында  түйіршіктер  түрінде  нейрогипофиз 

капиллярларына  тасымалданады.  Нейросекрециялық  торшалар  қозған  кезде 

осы  түйіршіктер  бұзылып,  гормондар  босанып  шығады.  Бұл  процесс 

медиаторлардың бөлінуі сияқты атқарылады. 

Гипоталамустың  ұсақ  торшалардан  құралған  аймағында  релизинг 



гормондар (релизинг - ағылшын тілінде босату, шығару деген мағына береді) 

деп  аталатын  нейрогормондар  түзіледі.  Олар  гипофиздің  алдыңғы  бөлігінің 

гормондарының түзілуін не күшейтіп, не əлсіретіп, отырады. Гормондардың 

түзілуін  күшейтетін  нейросекреттерді  либериндер,  ал  əлсірететіндерін  - 



статиндер  деп  атайды.  Табиғаты  жағынан  олар  3–15  амин  қышқылдық  

қалдықтардан тұратын қысқа пептидтерге жатады. 

Қазіргі  кезде  жеті  либерин  жəне  үш  статин  белгілі  болып  отыр. 

Гипоталамустың  релизинг-гормондары  жүйке  жүйесі  арқылы  келген 

тітіркеністерге,  немесе  қан  құрамындағы  əртүрлі  химиялық  заттар 

(гормондар)  əсерлеріне  жауап  ретінде  бөлінеді  де,  гипоталамус-гипофиздік 

қақпалық  жүйе  арқылы  аденогипофизге  өтеді.  Релизинг-гормондардың 

əсерімен аденогипофизде тропты гормондардың түзіліп, бөлінуі не күшейіп, 

не тежеліп отырады. Мысалы, тиролиберин тиреотропин гормонының (ТТГ), 

кортиколиберин  –  адренокортикотропиннің  (АКТГ),  фоллиберин  - 

фоликуланы  жандандырғыш  гормонның  (ФЖГ),  люлиберин  -  лютеиндеуші 

(сары  дененің    түзілуін  шапшаңдататын  гормонның-ЛГ),  соматолиберин  - 

соматотропиннің  (СТГ),  пролактолиберин  -  пролактиннің  (ПРЛ), 



меланолиберин  -  меланоцитті  жандандырғыш  гормонның  (МЖГ)  бөлінуін 

күшейтеді.  Ал,  соматостатин  -  соматотропин  мен  тиреотропиннің, 



меланостатин  -  меланоцит  жандандырғыш,  пролактостатин  -  пролактин 


 

346


гормондарының 

бөлінуін 

тежейді. 

Соматостатин 

басқа 

ағзалар 


торшаларында, мəселен, ұйқы безінде де түзіледі. 

Гипоталамус  пен  гипофизде  морфин  тəрізді  əсері  бар  пептидтер  - 



энкефалиндер  мен  эндорфиндер  де  түзіледі.  Олар  мидағы  арнаулы 

рецепторларға  əсер  етіп,  ауырсыну  түйсігін  əлсіретеді.  Бұл  заттар 

организмде  жиналмайды,  зиянды  əсер  көрсетпейді.  Аталған  пептидтер 

жануарлардың мінезіне ықпал етіп, вегетативтік функцияларды үйлестіруде 

де маңызды рөл атқарады деген болжамдар бар. 

Энкефалиндер 

ауырсынту 

тітіркенісін 

өткізетін 

нейрондардың 

белсенділігін  төмендетіп,  оны  қабылдайтын  жұлын  нейрондарын  тежейді. 

Олар негізгі эндогендік опиатты пептидтер. 

Эндорфиндер морфин əрекетті ірі пептидтер. Олар альфа, бета жəне гамма 

-  эндорфиндер  болып  бөлінеді.  Бета-эндорфиннің  əсері  морфинмен 

салыстырганда  25–100  есе  күшті,  альфа-эндорфиннің  əсері  қысқа  əрі  əлсіз 

келеді, ал гамма-эндорфиннің мұндай қасиеті болмайды. Бетта-эндорфиннің 

ауырсынуды  жоятын  қасиеті  оның  молекулаларының  протеолиздік 

ферменттер  əрекетінен  жақсы  қорғалуымен  байланысты.  Оны  ми 

қарыншасына  ексе  тыныс  ауырлап,  малдың  қимыл-əрекеті  əлсірейді,  мінезі 

өзгеріп, температурасы төмендейді. 

Эндорфиндер  өз  əсерін  опиаттық  рецепторлар  (ми  торшалары 

мембранасының  наркоздық  заттарға  өте  сезімтал  арнаулы  құрылымдары) 

арқылы тигізеді. Бұл рецепторлар мидың мінезді, эмоцияны, есті басқаратын 

бөлігі  -  лимбикалық  жүйеде  көптеп  кездеседі.  Адам  мен  жануарлар 

организмінде  опиаттық  рецепторлардың  бірнеше  түрі  кездеседі.  Олар  мю-, 

каппа-,  сигма-,  дельта-рецепторлар  болып  бөлінеді.  Рецепторлардың  əрбір 

типі  əр  түрлі  пептидтер  əсерін  қабылдайды.  Мысалы,  мю-рецепторлар 

ауырсыну түйсігін жойып,  қозуды түйсіну, қайраттану, рахаттану сезімдерін 

таратады.  Дельта-рецепторлар  эмоцияларды,  тынысты  реттеуге  қатысады. 



Каппа-рецепторлар қозса, мал тынышталады, ал сигма-рецепторлар əр түрлі 

елестерді, агрессиялық мінездерді тудырады. 

Опиаттық  əсері  бар  пептидтер  азық  құрамынан  да  бөлінген.  Оларды 

экзорфиндер деп атайды. Осындай зат бидайдың глютеиндік фракциясынан, 

сүт белогының бета-казеин фракциясынан бөлінген. 

Релизинг-гормондар 

аденогипофиз 

торшаларына 

олардың 


мембранасының  қызметін  өзгерту  арқылы  əсер  етеді.  Либериндер  əсерінен 

торша  мембранасы  үйексізденеді  (мембраналық  потенциалын  жоғалтады). 

Осының  салдарынан  торша  ішіне  кальций  иондарының  өтуі  күшейеді  де, 

аденогипофиз  торшаларынан  тиісті  гормонның  бөлінуі  үдейді.  Арнаулы 

тəжірибелер  малға  гипоталамустың  ортаңғы  бөлігінің  сығындысын  еккенде 

30  секундтан  соң  торшалар  мембранасында  үйексіздену  басталып,  ол  ұзақ 

уақытқа (1–2 мин) созылатынын көрсеткен. 

 



 

347




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет