Жануар физол


 Гипофиз, оның құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет255/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   504
11.5. Гипофиз, оның құрылысы мен қызметі 

 

Гипофиз, немесе мидың төменгі қосындысы, ми сыңарларының астыңғы 



жағында, ашамай сүйектің үстіңгі ойысында орналасқан. Ол аралық мимен 

қызметі  жəне  құрылымы  жағынан  өте  тығыз  байланысты.  Гипофиз 

сыртынан мидың қатты қабығымен қапталады. 

Гипофиз  қанмен  жақсы  жабдықталады.  Қан  күре  тамырдың  ішкі 

тармағынан  бастау  алатын  алдыңғы  жəне  артқы  гипофиздік  артериялар 

арқылы  келеді.  Бездің  алдыңғы  бөлігіне  келетін  артериялар  бауырдағы 

сияқты  екі  рет  капиллярлар  жүйесін  түзеді:  бірінші  рет  гипоталамустың 

ортаңғы дөңес аймағында, екінші рет - аденогипофизде. Бездің артқы бөлігі 

(нейрогипофиз) 

қанды  артқы  гипофиз  артериясынан  алады.  Қан 

гипоталамустан  аденогипофиз  бағытында  ағады  да,  гипоталамустың 

нейросекрециялық  торшаларында  түзілген  биологиялық  белсенді  заттар 

аденогипофизге  тасымалданып,  троптық  гормондардың  түзілуін  күшейтеді. 

Вена қаны гипофизден гипоталамус бағытында ағады. 

Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Құрылысы жағынан 

оны  төрт  бөлікке  бөледі.  Олар:  1)  туберальдық,  2)  алдыңғы,  3)  аралық 

(ортаңғы), 4) жүйкелі, немесе артқы бөліктер. 

Туберальдық,  алдыңғы  жəне  аралық  бөліктерді  біріктіріп  аденогипофиз 

деп  атайды.  Ал,  жүйкелі  бөлік,  гипофиз  шанағы  жəне  сұр  төмпешіктің 



 

350


ортаңғы  дөңесін  нейрогипофиз  деген  атпен  біріктіреді.  Құстарда,  киттерде, 

дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды. 

Эмбриональдық 

даму 


кезінде 

аденогипофиз 

ауыз 

қуысының 



эктодермасынан  дамиды,  табиғаты  жағынан  ол  эпителийлі  құрылым  болып 

табылады.  Ал,  нейрогипофиз  мидың  3-қарыншасының  түбінен  дамиды,  ол 

жүйкелі құрылым. 

Гипофиздің  алдыңғы  безді  бөлігінде  3  түрлі  торшалар  кездеседі:  1) 



хромофобтар  немесе  негізгі  торшалар  (нашар  боялады),  2)  базофильдер 

(сілтілік  бояулармен  боялады),  3)  ацидофильдер  немесе  оксифильдер 

(қышқыл  бояулармен  боялады).  Хромофобтар  торшалар  қоры  болып 

табылады,  гормондар  түзбейді,  организм  жағдайына  қарай  олар 

базофильдерге не ацидофильдерге айналып отырады. 

Ацидофильдік  торшалар  өсу  гормоны  (соматотроптық  гормон)  мен 

пролактин түзетін екі түрлі торшаларға бөлінеді, ал базофильдік торшалар - 

тиреотроптық,  адренокортикотроптық,  фолликуланы  жандандырғыш, 

лютеиндеуші гормондар түзетін торшалар болып төртке бөлінеді. 



Анатомдардың  тоғызыншы  Халықаралық  конгресінде  гипофиздің 

алдыңғы бөлігі торшаларының мына  номенклатурасы қабылданды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет