Жануар физол



Pdf көрінісі
бет385/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   504
17.3. Вегетативтік рефлекстер 


 

512


 

 

Вегетативтік  жүйкелердің  əсерімен  əртүрлі  ішкі  ағзалардың  (қан 



айналым,  тыныс  алу,  ас  қорыту,  бөлу,  ішкі  секрециялық)  қызметінің 

өзгеруін  вегетативтік  рефлекстер  деп  атайды.  Вегетативтік  рефлекстер 

белгілі бір  ағза  мен  ұлпадағы  зат  алмасу  процесінің деңгейін  сыртқы  орта 

немесе  организм  жағдайына  икемдей  өзгертіп,  организмнің  оларға 

бейімделуін қамтамасыз етеді. Вегетативтік рефлекстер дененің белгілі бір 

бөлігінің тітіркенуінен басталады. Мысалы, каротид аймағын механикалық 

жолмен тітіркендіргенде, көз алмасын жайлап басқанда брадикардия (жүрек 

соғуының  сиреуі)  байқалады.  Вегетативтік  рефлекстер  түрлі  жағдайда 

организмнің  ішкі  ортасының  тұрақтылығын  сақтауда  маңызды  рөл 

атқарады.  

Вегетативтік  рефлекстер  жолы  өте  күрделі.  Оның  құрамына  экстеро- 

жəне  интерорецепторлар,  тəндік  жəне  вегетативтік  афференттік  жүйке 

талшықтар,  жұлын  түйіндерінде  немесе  ми  ядроларында  орналасқан 

сезімтал  нейрондар,  ОНЖ-нің  түйінге  дейінгі  (аралық)  нейрондары, 

түйіннен  соңғы  вегетативтік  нейрондар  жəне  қозу  толқынын  атқарушы 

органдарға жеткізетін жүйке талшықтары кіреді. 

Ішкі ағзалар рецепторлары ауырсынту əсерлерін, қысымды, керілуді, рН 

ауытқуларын,  ішкі  ортаның  электролиттік  құрамының  өзгерістерін 

қабылдайды. Олардың афференттік талшықтарының бір бөлігі вегетативтік 

жүйкелердің  құрамында  болады  да,  сомалық  жүйкелермен  бірге  жұлынға 

енеді.  Бұл  жағдайда  олардың  нейрондарының  денесі  жұлындық 

ганглийлерде  орналасады.  Ал  көкірек  жəне  құрсақ  ағзаларынан  орталыққа 

бағытталған  импульстер  негізінен  кезеген  жүйке  арқылы  оның  сопақша 

мидағы ядроларына жіберіледі. 

Ауырсыну  сезімі  ішкі  ағзалардың  нақтылы  бір  учаскелеріне 

шоғырланбай,  дененің  басқа  бөліктеріне  жайыла  таралады  (жалтарма 



ауырсыну). 

Бұл 


ауырсынту 

əсерін 


тасымалдайтын 

афференттік 

талшықтардың симпатикалық жүйкелердің құрамында өтуімен байланысты, 

сондықтан жұлынға ондай импульстер ағзаның рефлекстік жолынан бірнеше 

сегмент жоғары енеді. 

Организмде  орын  алатын  барлық  вегетативтік  рефлектерді  былай 

топтастыруға болады: 

1.  Экстерорецепторлардан  басталып,  ішкі  ағзалар  мен  тамырларда 



аяқталатын  рефлекстер.  Бұл  рефлекстер  организмде  жылу  алмасуды, 

қуаттың  алмасуын,  қимыл  əрекеттерінің  вегетативтік  құрамаларын 

қамтамасыз етеді. 

2.  Бір  интерорецепторлардан  басталып,  басқа  ішкі  ағзаларда 



аяқталатын  рефлекстер.  Бұл  рефлекстер  тобына  қан  тамырларының 

рефлекстік  аймақтарының  тітіркенуінің  салдарынан  жүрек  қызметінің 

3. 

Áið 

а¹çаíû» 

èíтåðîðåöåïтîðûíû» 

тiтiðêåíóiíåí  áаñтаëûï,  ñîë 



 

513


өзгеруін,  қарын  мен  ішек  керілген  кезде  сілекей  бөлудің  күшеюін 

қамтамасыз ететін рефлекстерді жатқызуға болады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



182-сурет. Аксон рефлекстің  

схемасы 


 

4.  Аксон-рефлекстер,  немесе  ОЖЖ  қатысуынсыз  өтетін  рефлекстер. 

Бұл жағдайда рецепторларда пайда болған тітіркеніс аффренттік талшықтар 

арқылы түйінге дейін жетеді де, одан əрі эфференттік симпатикалық немесе 

парасимпатикалық жолға ауысады (182-сурет). Мысалы, теріні нəзік сипалау 

нəтижесінде оның қан тамырларының кеңеюі.  

Жоғарыда  көрсетілген  вегетативтік  рефлекстердің  сипаты  -  вегетативтік 

жүйке жүйесі қызметінің организмнің қалыпты жағдайын сақтауда маңызды 

рөл  атқаратынының  айғағы.  Аштық,  тояттау,  шөлдеу  түйсіктері,  тəбет, 

əртүрлі  эмоция  белгілі  бір  дəрежеде  вегетативтік  жүйке  жүйесінің  жағдайы 

мен қызметіне байланысты қалыптасады. 

Организмнің  вегетативтік  қызметі  көп  деңгейлі  құрылым  арқылы 

реттелінеді. 

Ең 


бастапқы 

реттеу 


тетігі 

ВЖЖ-нің 


қабырғалық 

(интрамуральдық)  түйіндерінде  орналасады.  Бұл  түйіндер  қарапайым, 

төменгі  деңгейдегі  вегетативтік  орталықтар  қызметін  атқарады  жəне  оларға 

белгілі  дəрежеде  автоматизм  қасиеті  тəн.  Интрамуральдық  түйіндер  осы 

органның өзімен ғана шектелетін ағзалық рефлекстерді реттейді.  

Аталған  жүйенің  екінші  деңгейіне  ағзадан  тыс  орналасқан  ОЖЖ-нің 

шеткі  түйіндерінің  қатысуымен  өтетін  рефлектерді  жатқызуға  болады 

(мысалы,  құрсақтық  түйінде,  симпатикалық  шекаралық  баған  түйіндерінде 

тұйықталатын  рефлекстер).  Үшінші  деңгейді  жұлын  мен  ми  бағанында 

орналасқан 

вегетативтік 

орталықтардың 

қатысуымен 

атқарылатын 

рефлекстер  құрайды.  Ал,  организмнің  күрделі  əрекеттеріндегі  вегетативтік 

жəне сомалық функциялар арасындағы үйлесімділік гипоталамуста, лимбика 

жүйесінде жəне ми қыртысында орналасқан жоғары деңгейлі орталықтардың  

қатысуымен жүреді. 

Сопақша  мида  тыныс  жəне  жүрек–тамыр  жүйесінің  негізгі  орталықтары 

орналасады.  Бұл  орталықтар  афференттік  импульстерді    экстеро-  жəне 

интерорецепторлардан қабылдайды, немесе тікелей тітіркенеді. Орталықтың 

 

 



Ñèìï-тèê-ëûº  

т

¾éií 



ƾðåê 


 

514


кейбір торшалары қан құрамындағы көмір қышқыл газы мен сутегі иондары 

концентрациясының 

өзгерістерін 

қабылдап 

отыратын 

«орталық«  

рецепторлар болып табылады. 

Жүрек–тамырлық  орталық  пен  кезеген  жүйке  ядросы  нейрондарынан 

жүрек  пен  тамырға  тонустық  əсерлер  беріледі.  Осының  нəтижесінде 

артериялар  мен  артериолалар  əркез  қысыңқы  жағдайда  болады  да,  жүрек 

жұмысы баяулауға бейім келеді. 

Сопақша  мида  жұтыну  жəне  құсу  рефлекстерінің  орталықтары  да 

орналасқан. Олар сілекейдің, қарын мен ұйқы бездері сөлінің, өттің бөлінуін 

үдетіп, қарын мен ішек қимылдарын күшейтеді. 

Гипоталамуста  гомеостазды  қамтамасыз  ететін,  зат  алмасу  процесін  (су 

мен  тұздардың,  көмірсулардың,  белоктардың,  майлардың)  реттейтін 

орталықтар  орналасады.  Гипоталамус,  афференттік  жəне  эфференттік 

байланыстарының  көп  болуының  арқасында,  сомалық,  вегетативтік  жəне 

эндокриндік қызметтерді үйлестіретін құрылым болып есептеледі. 

Латеральдық гипоталамус таламус арқылы мидың алдыңғы бөлімдерімен 

жəне  ортаңғы  мидың  сұр  затымен,  лимбикалық  жүйемен  қос  жақты 

байланыс  түзеді.  Дененің  əртүрлі  бөліктері  мен  ішкі  ағзалардан  орталыққа 

бағытталған  тітіркеністер  гипоталамуске  жұлын–таламустық  өрлеу 

жолымен  жетеді.  Демек  бұл  импульстер  таламус  пен  ортаңғы  мидың  сұр 

заты  арқылы  өтеді.  Ал  гипоталамусты  сопақша  ми  мен  жұлынның 

вегетативтік  жəне  сомалық  ядроларымен  байланыстыратын  эфференттік 

жолдар торлы құрылым арқылы жүреді. 

Гипоталамустың  артқы  ядроларын  тітіркендіргенде  симпатикалық 

эффект  байқалады  (көздің  қарашығы  кеңейіп,  жүрек  соғуы  жиілейді, 

артериялық қысым жоғарылап, ас қорыту ағзаларының қимылы бəсеңдейді, 

қан  құрамында  қант  деңгейі  көтеріледі).  Ал  алдыңғы  ядроларды 

тітіркендіргенде  ВНЖ-нің  парасимпатикалық  бөлімінің  қызметін  реттейтін 

нейрондардың қозуымен байланысты қарама-қарсы құбылыстар байқалады. 

Ортаңғы  ядроларды  тітіркендіргенде,  немесе  зақымдағанда  зат  алмасу 

процесі бұзылады. 

Гипоталамустың  медиальдық  бөлігі  латеральдық  бөлікпен  қос  жақты 

байланыста болады да, мидың бағандық бөліктерінен импульстер қабылдап 

отырады.  Гипоталамустың  осы  бөлігінде  қан  құрамындағы  өзгерістерді 

(температура,  осмостық  қысым,  гормон  статусының  ауытқуларын,  т.б) 

бақылап  отыратын  ерекше  рецепторлық  нейрондар  (осморецепторлар, 

терморецепторлар)  орналасады.  Гипоталамустың  медиальдық  бөлігі 

жүйкелік  жəне  гуморальдық  тетіктер  арқылы  нейрогипофиздің  – 

аденогипофиздің қызметін реттеп отырады. 

Гипоталамус сопақша мидың тамыр қозғағыш орталықтарымен жүйкелік 

байланыста  болады  да,  жұлынның  түйінге  дейінгі  вегетативтік 

нейрондарымен  тікелей  жалғасады.  Осының  арқасында  ол  қан  айналым 




 

515


процесіне  сопақша  ми  арқылы  ықпал  етіп  отырады.  Организмнің  жалпы 

реакциялары:  қимыл,  жылуды  реттеу,  қорғаныс  əрекеттері  т.б.  кезінде  қан 

айналымы, тыныс алу көрсеткіштерінің өзгеруінің сыры осында. 

Вегетативтік  рефлекстерді  реттеуде  белгілі  дəрежеде  лимбикалық  жүйе 

де  қатысады.  Бұл  жүйе  алдыңғы  мидың  бірнеше  қыртыстық  жəне  қыртыс 

асты құрылымдарынан түзіледі де, онда ішкі ағзалар қызметін үйлестіретін 

жоғары деңгейдегі орталық орналасады. 

Лимбикалық  жүйеге  таламустың  алдыңғы  ядролары  арқылы  ми 

қыртысының  сенсорлық,  ассоциативтік  жəне  қозғағыш  аймақтарынан 

импульстер келіп отырады. Сонымен қатар импульстер мұнда мидың иістік 

бөлігінен,  гипоталамустен,  ортаңғы  жəне  сопақша  мидың  вегетативтік 

ядроларынан  да  келеді.  Ал,  лимбикалық  жүйеден  эфференттік  импульстер 

гипоталамус  арқылы  гипофиз  бен  шеткі  вегетативтік  құрылымдарға 

беріледі.  Өзінің  ми  қыртысымен,  гипоталамуспен  байланыстарының 

арқасында лимбикалық жүйе вегетативтік қасиет тəн əр түрлі эмоцияларды, 

мінез  реакцияларын  (қимыл-əрекет,  қоректену,  қорғаныс)  қалыптастыруға 

қатысады.  

Əртүрлі вегетативтік реакциялар (жүрек жұмысы, тыныс алу, ас қорыту, 

жыныстық қызмет т.б.) ми қыртысының түрлі бөліктерін тітіркендіргенде де 

байқалады. 

Ішкі 

ағзаларды 



тітіркендіргенде 

ми 


қыртысының 

соматосенсорлық аймағында потенциалдар туындайды. Демек, ми қыртысы 

ішкі  ағзалармен  қос  бағытты  байланыста  болады.  Ішкі  ағзалар  қызметіне 

шартты  рефлекстердің  қалыптасуы  да  ми  қыртысының  ішкі  органдар 

қызметін  реттеуге  қатысы  болатынының  дəлелі.  Ми  қыртысы  вегетативтік 

функциялардың жетік реттелуін, олардың күрделі əрекеттерге сəйкестенуін 

бағалап, бағыттап отырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет