Жануар физол


 Жүйке жүйесінің нəрлендіруші (трофикалық) қызметі



Pdf көрінісі
бет386/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   504
17.4. Жүйке жүйесінің нəрлендіруші (трофикалық) қызметі 

 

Жүйке жүйесінің орталық немесе шеткі бөлімі зақымдалса əркез ұлпаның 



нəрленуі  бұзылады.  Оның  салдарынан  ет  семеді,  түктің  өсуі  нашарлайды, 

кілегей  қабықта,  теріде  əртүрлі  жаралар  т.б.  ауытқулар  байқалады.  Осымен 

байланысты  жүйке  жүйесінің,  нəрлендіруші  əсері  жайлы  мағлұматтар 

біртіндеп  жеке  органдар  мен  ұлпалардағы  зат  алмасу  қарқынын  реттейтін 

ерекше жүйке талшықтары – нəрлендіруші  жүйкелер, жайлы ұғымға ұласты. 

Өткен  ғасырдың  ортасына  дейін  дəрігерлер  мен  физиологтар  арнаулы 

нəрлендіруші  жүйке  талшықтары  болады  деген  болжамда  болды.  Дегенмен 

ондай  жүйкелерді  іздеу  толық  нəтиже  бермеді,  арнаулы  нəрлендіруші 

жүйкелер  табылмады.  Осымен  байланысты  бірнеше  жылдар  бойына 

нəрлендіруші жүйке жайлы қағида ұмыт болды. Тек И.П.Павлов зерттеулері 

нəрлендіруші  жүйке  жайлы  идеяны  қайта  жандандырды.    Ол    орталықтан 

тепкіш жүйкелердің жүрек жұмысына əсерін зерттей келе, жүрек қызметінің 




 

516


өзгерулерінің  негізінде  жүрек  етінің  қозғыштық,  өткізгіштік  жəне 

жиырылғыштық сияқты қасиеттерінің   өзгерістері жатады деген тұжырымға 

келді. Ал, жүрек етінің аталған қасиеттері зат алмасу процесінің қарқынына 

байланысты екені ешбір дəлелдеуді қажет етпейтін шындық. 

И.П.Павлов  іліміне  сəйкес  кез  келген  органда  үш  түрліы  жүйке 

талшықтары  ұшырасады.  Олар  бірі  органға  тəн  əрекеттерді,  екіншісі  -қан 

тамырларының  физиологиялық  күйін  (қоректік  заттардың  жеткізілуін),  ал 

үшіншісі  -  нəрлену  процесін  реттеп  отырады.  Орган  тиісті  қызметін  дұрыс 

атқару  үшін  қажетті  мөлшерде  қоректік  заттармен  қамтамасыз  етіліп  қана 

қоймай,  органға  жеткізілген  сол  заттар  орынды,  тиімді  пайдаланылып,  ағза 

дұрыс  қоректену  керек.      Бұл  процесс  жүйке  жүйесінің  нəрлендіруші 

қызметінің 

арқасында 

атқарылады. 

    И.П.Павлов  идеялары  Л.А.Орбели  мен  оның  шəкірттерінің  еңбектерінде 

əрі қарай дамуын тапты. XX ғасырдың 20–шы жылдарына дейін қаңқа еттері 

вегетативтік  жүйкелермен  жабдықталмайды  деген  көзқарас  қалыптасқан 

болатын.  Ал  Л.А.Орбели  қаңқа  еттерінің  симпатикалық  талшықтармен 

жүйкеленетінін 

анықтап, 

олардың 

да 


қос 

жақты 


бақылауды 

болатынын  дəлелдеді.  Оның  зерттеулеріне  сəйкес  қаңқа  еттері  тек 

сомалық  жүйкелермен  ғана  емес,  симпатикалық  жүйкелермен  де 

жабдықталады.  

Симпатикалық  жүйкелер  ет  талшықтарының    əрекетіне    тікелей    əсер  

етпейді,  бірақ  олардың  функционалдық  күйін  өзгертеді.  Симпатикалық 

жүйкені  тітіркендіргенде  еттің  жиырылу  күші  артып,  тіпті  қажыған  ет 

талшықтарының  да  жұмыс  қабілеті  жоғарылайды.  Бұлшық  етке  келетін 

симпатикалық  жүйкелерді  тітіркендіргенде  ет  талшықтарының  серпімділік 

қасиеті  артып,  ондағы  қуат  көзінің  (аденозинүшфосфор  қышқылы,  

креатинфосфат,    гликоген)  қоры  көбейеді,    ол  оттегіні  мол  сіңіре  бастайды. 

Бұл құбылыстардың негізінде симпатикалық жүйкелердің нəрлендіруші əсері 

жатады.        Сипатикалық  жүйке  орталық  жүйке  жүйесінің  функционалдық 

күйін де өзгертеді.  Оны тітіркендіргенде жұлынның рефлекторлық қызметі 

күшейеді,  ал  симпатикалық  шекаралық  баған  түйіндерін  алып  тастағаннан 

соң  И.М.Сеченов  тежелуі  байқалмайды.  Симпатикалық  жүйкелердің 

əсерімен  зат  алмасу  процестерін  қамтамасыз  ететін  ферменттердің 

белсенділігі артады. 

Жоғарыда  баяндалған  фактілердің  негізінде  Л.А.Орбели  симпатикалық 

жүйке  жүйесінің  бейімдеу  –  нəрлендіру  əсері  жайлы  ілімнің  негізін  салды. 

Бұл  ілімнің  негізгі  қағидалары  организмнің  барлық  ұлпалары  мен 

мүшелеріне, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріне, ми 

жарты шарлары қыртысына да тəн. Жүйке жүйесінің бейімдеу əсері ағзаның 

қозғыштық  қасиетін  жоғарылату,  не  төмендету  арқылы  жүреді  жəне  бұл 

процесс  симпатикалық  жүйке  жүйесінің  органдағы  зат  алмасу  процесінің 

қарқынын  өзгертуі  (нəрлендіруші  əсер)  арқылы  атқарылады.  Нəрлендіру 




 

517


нəтижесінде  функционалдық    жүйкелердің  əрекеті  үшін  қажет  қолайлы 

жағдайлар туғызылады. 

Зерттеулер  нəрлендіруші  жəне  функционалдық  жүйкелерді  бір-бірінен 

айқын  шектеуге  болмайтынын  байқатты.  Қозғағыш  жүйкелер  де  белгілі 

мөлшерде  нəрлендіруші  əсер  көрсетеді.  Олар  қиылса,  немесе  зақымданса 

бұлшық  еттегі  зат  алмасу  процесі  бұзылып,  оның    құрылымы  өзгереді, 

ауқымы кішірейеді. 

Нəрлендіруші  əсер  сезімтал  жүйкелерге  де  тəн.  А.Д.Сперанский 

тəжірибелерінде жұлынның дорсальдық түбіршіктеріне келетін жүйкелерді 

қиып  тастағанда,  немесе  олар  зақымданғанда  теріні  жара  басып,  дененің 

бас  жəне  аяқ  бөліктерінің  нəрленуінде  ауытқулар  байқалған.  Демек, 

нəрлендіруші əсер организмнің бүкіл жүйке жүйесіне тəн ортақ қасиет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет