Жас ерекшелік психологиясы



бет1/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1) Жас ерекшелік психологиясы пәні мен міндеттерін сипаттаңыз
Жас ерекшелігі психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау,т.б.
Жас ерекшелігі психологиясының пәні - адамның өмір сүру барысындағы психикасы мен іс-әрекетінің өзгеруінің заңдылықтары мен тенденциялары. Жас ерекшелігі психологиясының орталық ғылыми категориясы - психикалық даму.
Даму дегеніміз жаңа механизмдердің, процестердің, құрылымдардың жаңадан туындауы және сапалық өзгеруі. Адамның даму тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп көрсетуге болады.
1. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (мінез-құлқы, қызығушылығы, бағыттылығы, санасы, т.б.) дамуы.
2. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
3.Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы; ХІХ ғ.соңында балалар психикасы ретінде қалыптасқан жас ерекшелігі психологиясы жас ерекшелігі қазіргі кезде психология ғылымының дербес саласы болып табылады.
Оның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: жас ерекшелігі психологиясының теорияларық мәселелері, жеке тұлғаның психологиялық дамуының негізгі факторлары мен дамудың қозғаушы күштері,психикалық даму кезеңдерінің ауқымына кіретін нәрестелік, ерте сәбилік, мектепке дейінгі шақ, кіші оқушы, жеткіншек және жасөспірім кезең психологиясы, кемелдік жас және геронтопсихология (кәрілік). Жас ерекшелік психологиясының міндеті - онтоногенез кезеңдерінің психологиялық мазмұнына түрлі мәдени-тарихи, этникалық, әлеуметтік-экономикалық,сонымен қатар түрлі биологиялық, әлеуметтік факторлардың әсері қаншалықты екенін зерттеуге бағытталған.
Жас ерекшелік психологиясын пәнаралық аумағы кең: біріншіден, қазіргі псхологияның түрлі бағыттары, екіншіден, адамды зерттейін ғылымдар.
2) Пренаталды дамудың кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
Пренатальдық даму - бұл келешектегі психологиялық дамудың кезеңін қалыптастыруға көмектесетін тамаша өзгерістердің уақыты. Миы перинаталдық кезеңде дамиды, бірақ ол балалық кезеңнің алғашқы жылдарында көп өзгерістерді жалғастырады
Жергілікті кезең 
Сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушалары екі фаллопиялық түтіктердің бірінде біріктірілгенде, ұрықтың сатысы тұжырымдамадан басталады. Зигота деп аталатын ұрықтандырылған жұмыртқа, содан кейін жатырға қарай жылжиды, ол аяқталғанға дейін бір апта уақыт кетуі мүмкін. Жасуша бөлімі тұжырымдамадан кейін шамамен 24-36 сағатта басталады. 

Эмбрионды кезең 


Бұл кезде клеткалардың массасы эмбрион ретінде белгілі. Тұжырымдамадан кейінгі үшінші аптаның басталуы эмбриональды кезеңнің басталуын, жасушалардың массасы адам ретінде айқындалатын уақытты белгілейді. Эмбриональды кезең мидың дамуында маңызды рөл атқарады. Эмбрион үш топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы маңызды дене жүйесі болады. Тұжырымдамадан шамамен 22 күн өткен соң, нейрондық түтік пайда болады.
Фетуалды кезең 
Жасуша дифференциациясы негізінен аяқталғаннан кейін, эмбрион келесі сатыға кіреді және ұрық ретінде белгілі болады. Пренаталдық дамудың ұрық кезеңі мидағы маңызды өзгерістерді белгілейді. Бұл даму кезеңі тоғызыншы аптада басталады және туылғанға дейін созылады. 
Эмбрион сатысында қалыптасқан ерте дене жүйесі мен құрылымдары дамып келеді. Нәресте түтігі миға еніп, жұлын және нейрондар пайда болып жатқанын дәлелдейді. Бұл нейрон пайда болғаннан кейін, олар дұрыс жерлерге көшеді. Синапс немесе нейрондық байланыстар да дами бастайды.
3) Ж. Пиаже теориясы бойынша ойлаудың дамуында биологиялық жəне əлеуметтік факторлардың арақатынасының маңызы анықтаңыз.
Ж. Пиаженің тұжырымдамасында бала танымы мен интеллектісінің дамуы серіктестік үдерісінде жүзеге асырылатыны айтылады. Ж. Пиаже ізбасарларының зерттеулерінде, атап айтқанда А. Перре-Клеймонның еңбектерінде (1991) бала ойлауының дамуындағы əлеуметтік өзара əрекеттестіктердің рөлі зерттелінген. Əлеуметтік-танымдық қақтығыстың, яғни танымдық міндетті бірлесіп шешкен балалардың көзқарастары мен ұстанымдарының арасындағы қарама-қайшылықтың танымдық эгоцентризм мен децентрацияны жеңуге ықпал ететіні көрсетілген. Жан Пиаже ойлау психологиясында беделі мойындалған тұлға болып табылады. Пиаже ойлауды зерттеудің жаңа əдісін – ойлау дамуының заңдылықтарын жəне қызмет етуін зерттеуге бағытталған клиникалық əңгімелесу əдісін ұсынады. Психологтың ойынша əңгімелесу баланың ойлауын зерттеуге мүмкіндік береді, өйткені ересектің сұрақтарына баланың берген жауаптары зерттеушіге ойлаудың тірі үдерісін ашады. Ж. Пиаженің ойынша əңгімелесу əдісі келесі талаптар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: ● ересектің сұрақтары баланың тəжірибесінен бөлек болуы тиіс. Білімдерге, дағдыларға, іскерліктерге қатысты сұрақтарды қоюға болмайды; ● əңгімелесу эксперимент ретінде ұйымдастырылуы тиіс. Бала ойлауының дамуы өзара байланысқан үш бағытта жүзеге асады. Біріншісі – əлемнің объективті жəне субъективті қабылдау түріне ажыратылуы. Екіншісі – субъектінің ақыл-ой ұстанымының шексізденуінен ықтималды ұстанымдардың қатарын реттеуге дейін ақыл-ой ұстанымының дамуы. Үшінші бағыт ойлаудың дамуын жеке заттарды қабылдаудан олардың арасындағы байланыстарды қабылдауға қозғалыс ретінде сипаттайды. Ж. Пиаже бойынша бала ойлауы дамуының жіктелуі: Аутистік ойлау 0 – 2-3 жас шамасы,Эгоцентрлік ойлау 2-3 – 11-12 жас шамасы ,Əлеуметтік тұрғыдағы ойлау 12 жастан кейін Ойлаудың дамуы табиғилықтың ығыстырылып, əлеуметтікпен алмасуы арқылы жүзеге асырылады. Екінші кезең сол ығыстырудың нəтижесін білдіретін аралық, өтпелі кезең болып табылады. Аутистік жəне əлеуметтенген тұрғыдағы ойлау бір-бірінен қалай ажыратылады. Эгоцентрлік ойлау аутистік жəне əлеуметтенген ойлау қасиеттерінің өзіндік үйлесімін, біріншісінің екіншісімен ығыстырылуын білдіреді. Əлеуметтену табиғилықтың күштеп ығыстырылуыжəнеоныңəлеуметтікпеналмастырылуы. Ойлаудың аутистік түрінен əлеуметтенген түріне ауысуын түсіну үшін баланың қатынастары мен қарым-қатынасының ерекшеліктерін талдау қажет.Бала 2-3 жасқа келгенде ересек оған ойлаудың нақты сөйлеу амалдарын жəне дайын конструкцияларды үйретуге тырысып, аутистік ойлауды ығыстырады. 11-12 жаста ақырғы децентрация орын алып, əлеуметтенген ойлау қалыптасады. Ж. Пиаженің тұжырымдамасында бала танымы мен интеллектісінің дамуы серіктестік үдерісінде жүзеге асырылатыны айтылады.
4) Л. С. Выготскийдің нəрестенің дамуы ересектермен қарым-қатынасының нəтижесі деген пікіріне түсінік беріңіз.
Л. С. Выготский бойынша, кез келген жоғары психикалық қызмет алғашында ұжымдық, əлеуметтік іс-əрекет, интрапсихикалық қызмет ретінде; екінші рет, жекедара əрекет, бала ойлауының ішкі тəсілі жəне интрапсихикалық қызмет ретінде екі рет айқындалады. Баланың ересекпен ынтымақтастығы, жалпы қарым-қатынас жоғары психикалық қызметтердің қалыптасуының негізін құрайды. Іс-əрекеттің психикалық формалары алғаш рет ерекше үлгіде адамдардың арасындағы қатынастарды туындап, өзара əрекеттестік үдерісін ұйымдастырудың арнайы құралдарын қолданумен сипатталады. Психикалық қызметтер адамға тумысынан берілмейді, өздігінен туындамайды, тек адамдардың арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынастың ерекше жағдайында ғана орын алады. Нəтижесінде олар психикалық құрылымдарға айналады. Интериоризация үдерісін қарапайым мысал арқылы түсіндіруге болады. Бала психикасы дамуының бастапқы мезеті – нəрестелік шақта кез келген жағдаят ересекке тəуелді болады. . Қарым-қатынас үдерісінде ересек адам ол үдеріскке қатыстырылатын заттардың мəніне икемделіп-еніп, сөйлеу тілін қолданады. Осылайша, бала дамуының бастапқыда əлеуметтік жағдаяты – бұл объективті түрде жоғары психикалық қызметтер орын алатын жағдаят болып табылады. Ересекпен ынтымақтастық болмаған жағдайда белгі мен мəн бала үшін жасырын болып қала берер еді.
Интериоризация үдерісінің екінші кезеңінде бала белгіге бағдарлана бастайды. Мəселен, ересек баланы киіндіргенде «Қолыңды бер», «Аяғыңды бер» деп айтса, бала аяғын созғанда, ересек мейіріммен: «Жоқ, мен қолыңды бер деп айттым» деп тіл қатады. Бала еріксіз белгінің мəніне назар аудара бастайды. Сонымен, бала алдымен белгіге, кейін оның мəніне назар аударады. Келесі кезеңде бала ересектің мінез-құлқын реттеу үшін белгіні оның өзіне бағыттайды. Бала белгіні ересектің назарын аудару үшін жəне оның мінез-құлқына ықпал ету мақсатында белсенді қолдана бастағанда, жоғары психикалық қызметтер құрылымының оның өзінің мінез-құлқында объективтелгенімен, олар əлі интериоризацияланған жоқ. Мəселен, бала болмайтын нəрсені алайын дегенде сіз: «Тиіспе!» деп бар түр-əлпетіңізбен ол затты алуға болмайтынын көрсетесіз. Ол тілдік белгінің мəніне бағдарланып, бағынады. Қайсыбір мезетте ол сіз бір істі орындап жатқанда: саусағын шошайтып: «Тиіспе!» деп, өзіңізге «ақыл айтады». Бұл бала белгіні серіктесінің мінез-құлқын реттеу үшін қолданғанымен, бірақ өзінің мінез-құлқын реттей алмайтын өтпелі кезең болып табылады.
5)Бөбектік кезеңнің психикалық таным үдерістерінің дамуы-
на сипаттама
Бөбек жасы 1-3 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңде бала дамуының əлеуметтік жағдайы өзгереді. Бөбек жасының басына қарай бала ересектен тəуелсіз болу ұмтылысына ие болып, ересекпен байланысын сақтап қалады, өйткені оның көмегі, назары жəне бағасы қажет. Мұндай қарама-қайшылық бала мен ересектің ынтымақтастығын немесе біріккен іс-əрекетін білдіретін бала дамуының жаңа əлеуметтік жағдайында шешімін табады. Баланың жетекші іс-əрекеті де өзгеріп, оның заттарды əлеуметтік құралдар ретінде меңгеруіне бағытталған заттықманипулятивті іс-əрекет түріне ұласады. Егер нəресте затпен əрекет ету тəсілін жəне оның қызметін айыра білмесе, екі жастағы баланың ересекпен зат арқылы қызметтестігінің мазмұны заттарды пайдаланудың қоғамдық тəсілдерін меңгереді. Ересек баланың қолына затты беріп қана қоймай, затпен бірге онымен əрекет ету тəсілін де меңгереді. Мұндай ынтымақтасқан қарым-қатынас жетекші іс-əрекет болудан қалады, ол заттарды қолданудың қоғамдық тəсілдерін меңгеру құралына айналады. Бөбек жасына тəн жағдаяттық-іскер қарым-қатынас оның ересекпен ынтымақтастығына деген қажеттілігіне жауап береді. М. И. Лисина баланың ынтымақтастыққа мұқтаждығының негізгі төрт белгісін көрсетеді: ● өз іс-əрекетіне назар аудартуға тырысады; ● өз жетістіктерінің бағаланғанын қалайды; ● сəтсіздіктерде жəрдем сұрайды;
Бөбек жасында баланың психикалық дамуы қауырт дамиды, оның негізгі компоненттері төмендегідей: 1) заттық іс-əрекет жəне ересекпен іскер қарым-қатынас; 2) белсенді сөйлеу; 3) ерікті мінез-құлық; 4) құрдастарымен араласу қажеттілігінің қалыптасуы; 5) символдық ойынның басталуы; 6) сана-сезім жəне тəуелсіздік.
6)Сəби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыстың психо-
логиялық ерекшелігін сипаттаңыз.
Сəби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тəжірибе жүзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған. Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мəніне жете зейін аударылмаған. Осы орайда сəбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдылықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайында сөз қозғап отырмыз. Сəби бірден тəй-тəй басып жүріп кете алмайды, дегенмен бірен-саран болса да ондай балалар бар. Бірден жүріп кететін сəбиді мұқият зерттеу нəтижелері оның бойында əлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сəби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сəби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол əлі нəзік қозғалып, кеңістікте өз бойын билей алмайды. Сəбидің бойындағы мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мəнін анық байқатады. Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінің шығуына байланысты. Сəбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету үдерісі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сəбилер болғаны кейбір деректерден мəлім. Сəбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінің көрінісі. Дағдарыс жасында сəбидің мұңдай қимыл-əрекеттер жасауы дұрыс тəрбие бермейтін отбасыларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тəрбиесі қиын балаға əкеп соқтырады. Əдетте сəбиге бір нəрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға күрт ерік беріп, еденге жата қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалудан бас тартып, еденді аяғымен тепкілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілдің шығу сəтіне орай сəбидің дағдарысқа ұшырау себебі – бұл мəселе, ең алдымен баланың ұғым-түсінігіне жəне оның əлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. ар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді. Алайда сəбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды жəне т.б. əрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сəби дербестік тілді меңгереді.
7) Мектепке дейінгі кезеңнің бастапқы кезінде бала ойынының
алғашқы түрлерінің пайда болуына талдау жасаңыз.
Сюжетті рөлдік ойын мектепке дейінгі жас шамасындағы ісəрекеттің жетекші түрі болып табылады. Сюжеттік-рөлдік ойын – бұл балалардың ересектердің еңбек немесе əлеуметтік қызметтерін өзіне теңгеріп, арнайы құрастырылған немесе ойдан шығарылған ойын жағдайларында ересектердің өмірін қайталауы. Балалардың ойына көптеген пікірталастарды тудыруда. Ф.Шиллер, Т. Спенсер, К. Тросс, З. Фрейд, Ж. Пиаже ойынды баланың балалар əлеміне кету құралы ретінде жəне лəззат алудың инстинктивті ұмтылысы ретінде қарастырады. Мəдени-тарихи тұжырымдаманың аясында Д. Б. Эльконин бойынша, ойында баланың тікелей жүзеге асыра алмайтын (еңбек құралдарының күрделілігінен) ересектер өміріне қатысу ұмтылысы анықталады. Рөлдік ойының сипаты шығу тегі мен мазмұны бойынша əлеуметтік болады. Ойынның негізгі бірлігі (Д. Б. Элькониннің терминологиясы бойынша) баланың ойын барысында иеленетін рөлі. Сюжеттік-рөлдік ойында қайта жасалатын ақиқаттың бір бөлігі (соғыс, дүкен, т.б.). Ойынның мазмұны – баланың ересектер іс-əрекетінің негізгі мезеті ретінде бөліп алып жасайтыны. Адамдардың заттық əрекеттері  Адамдардың арасындағы қарым-қатынас  Адамдардың мінез-құлқы мен қатынастарын реттейтін ережелерді орындау. алғашқы түрлерінің пайда болуына талдау жасаңыз.Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды орын алатын іс - әрекет бұл үй жұмысына, еңбегіне баланың қатысуы. 4 – 5 жастан бастап, бала үйде ылғи да істейтін жұмыс жүктелуі тиіс және бұны норма деп қарастыру керек. Бұл баланың жеке даралық дамуына зор ықпал етеді. Үй жұмысы барысында балада мұқияттылық, жауапкершілік, еңбекқорлық және т.б. пайдалы сапалары тәрбиеленеді. Бұл тек қана ата – анасына көмектесу үшін ғана қажет емес, сонымен қатар болашақта еңбекке икемділікті үйрену үшін де қажет.
Мектепке дейінгі кезеңдегі ойын рөлінің өзгеруі жас кезеңіне қарағанда, негізінен балада көптеген пайдалы жеке даралық сапалардың дамуы мен қалыптасу құралының қызметін атқаратынымен байланысты. Мектепке дейінгі баланың ойынында тәрбиелік функциясы баланың әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыру құралымен, оның мотивациялық ауқымының даму қызметін атқарады. Ойында баланың жаңадан қызығушылықтары мен іс - әрекеттің жаңа мотивтері пайда болып, бекиді. Мектепке дейінгі баланың ойынына: «Символикалық ойын» бір заттың орнына ұқсас екінші бір затты қойып, оның бастапқы атымен емес, соңғы атымен атаушы ойын түрі және рольдік-сюжеттік ойындар.
8) Психикалық даму теорияларын көрсетіңіз
Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет болып табылады. Социологизаторлар даму және оқытуды теңдестіреді. Л.С.Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту үдерісінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л. С.Выготский енгізген.
Оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л. С. Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С. Л. Рубинштейн Л. С Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.
Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның ойынша екі фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі — берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі — жақын ортаның әсерімен даму) яғни конвергенция болады.
Л.С.Выготский тұқымқуалаушы және әлеуметті мезеттердің даму үдерісінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым функцияларда (түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы функциялар – адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде тұқымқауалау алғышарт болып табылады. Л.С.Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп
көрсетті.
1.Циклділік
2.Дамудың бірқалыпты еместігі
3.Бала дамуындағы метаморфоздар
4.Бала дамуындағы эволюция және инволюция үдерістерінің байланысы
Ж.Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде «баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді» деді. Ж. Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, «бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады, осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек», — деді. Л.С.Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді, егер баланы ақылды етемін десеңдер,- деді Л.С.Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, — дейді.
Соңғы жылдары ресей педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы В.В.Давыдов батыс ғалымдарының М. Коул, Д. Шерп, Ч.Лейв, Ж.Пиаженің пікірлерін қолдады.
В.В.Давыдов ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М. Коул мұны бала бір үйренген тәсілін өзге буған қатысы жоқ жағдайға қолдана білуі деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады.Бұл жерде осы зерттеулердің екеуінде оқытудың адам психикасының дамуына қатысы бар екеніне күмәнданады. Оқу мотивациясы В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің теориясы бойынша іс-әрекет құрылымына кіретін маңызды компонент ретінде қарастырылады. Ол оқу үдерісінің алғашқы сатысында қалыптасады. Сергей Леонидович Рубинштейн (1889-1960) – белгілі кеңес психологы және философы. Оның көзқарасы бойынша, адам және психика алдымен практикалық іс-әрекетте қалыптасып, көрініс табады. Сондықтан олар негізгі іс-әрекет түрлеріндегі көрінісі арқылы зерттелінуі қажет.
Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) – 1920 жылдары Л.С.Выготский және А.Р.Луриямен бірге мәдени-тарихи теорияны құрастырған кеңес психолог-ғалымдарының бірі. Ол осы теорияға сүйене отырып, іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын егжей-тегжейлі зерттеген. А. Н.Леонтьевтің іс-әрекет тұжырымдамасы психологияның басқа да әр түрлі салаларындағы көптеген зерттеулердің дамуына түрткі болды.
9)Мектепке дейінгі кезең – «Мен тұжырымдамасының» қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет