Жастар газеті жастар – болашақтың кепілі №10 (47) 30 қараша, 2013 ж. Газет 2005 жылдың



жүктеу 5.37 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата21.03.2017
өлшемі5.37 Mb.
1   2   3   4

Түйін.  Бүгінде  əлемнің  ғұла-

ма  ойшылдары  мен  ғалым-

дары  Ибнсина  мен  Яссауидің 

еңбектерімен  тең  бағаланатын 

Мəшһүр  Жүсіптің  жұмыстарын 

танып-білуіне  жол  ашылды. 

Шүкір  дейміз  де,  қазақтың  ба-

сына бақ болып біткен ұлының 

даналығы  мен  қасиетін,  дара-

лығы мен ғаламаттығын, оның 

жаһандық  феномендік  тұлға-

сын мойындаймыз.

Жанар ЕЛЕШОВА

Мәшһүр Жүсіптің 

шығармашылығынан

ҒЫЛЫМҒА БЕРІЛГЕНДІК 

ҮЛГІЛЕРІ

Бір  Адам  сексенге  келген 

бір  құлын  азат  қылыпты.  Со-

нан соң құл ойлапты: «Құдая, 

сексенге  келгенше  пенденің 

пендесі  болдым.  Енді  ғылым 

іздейін!»  –  деп  медресеге 

барыпты.  Барса,  бір-екі  жас 

жігітлер  отыр  екен.  Бұларға 

айтыпты:


– Қарағым, менің енді оқуға 

тілім келе ме? – депті.

Онда олар айтыпты:

– Мына екі аяғыңды жоғары 

қаратып,  басыңды  төмен  қа-

ратып асып қойсақ, тілің

келмек түгіл келеді, – депті.

–  Ойбай,  қарағым,  өйткен-

де,  тілім  келер  болса,  мені 

асып  қойыңдар!  –  депті.  Со-

нан соң ерігіп отырған шəкірт-

лер асыпты да, қойыпты. Сол 

бетімен  шығып  кетіпті.  Ертең 

келсе,  кешегі  байғұс  əлі  со-

лай тұр екен: сонда айтып түр 

дейді мына сөзді: «Кінту

ғыбда  хиыр  əулие!»  –деп. 

«Ақырет кебірі деген кітапты осы 

кісі айтқан екен. Бұл айта берген 

де, əркім жаза берген. Алла та-

ғала  бір  күнде  сондай  қылған. 

Алла  жаратқан…  Бұхарада  бір 

шəкірт барып, бір ұстаға:

– Міфтах, – депті.

Онда ол ұста:

– Құп, тақсыр, – депті.

Бір-екі күннен соң келіп:

–  Бітіріп  қойдың  ба?  –  де-

генде, айтыпты:

–  Сіздің  не  дегеніңізді  біл-

медім.  Əйтеуір:  «Құп!»  –  деп 

едім, –депті.

Сонда ол шəкірт айтыпты:

–  Надан  бейшара  осы  күн-

геше бір «міфтах» мағынасын 

білмейсің бе? –дегенде,

–  Енді  не  білесің,  не  керек 

айта бер! – [деп], сөгіпті.

Сонан соң ол ұста: «Өлме-

генге  қара  жер»  –  дегендей, 

терлеп-тепшіп,  істеп  беріпті. 

Сонан  соң  бұл  ұста  дүкенін, 

неше  түрлі  сайманын  тас-

тап,  тəрік  қылып:  «Ғылым 

оқиын!» – деп, медресеге ба-

рып,  оқыған  екен.  Еш  нəрсе-

ге  тілі  келмепті:  «[Іздегенге] 

жер  көп-ті  дүние-  ай!»  –  деп 

медреседен  қаңғып  шығып 

кетіпті. Келе жатып, бір ағаш-

тың  түбіне  отырса,  қылжың-

дап бір құмырсқа бір аяғы жоқ 

бір  биданы  [бидайды]  тістеп, 

бір  ағашқа  өрмелеп,  алып 

шығамын  деп,  шыға  алмай, 

жығылып  қалады.  Бидай  бір 

жаққа,  өзі  біржаққа  кетіпті 

дейді.  Сөйтіп  жүріп  не  керек, 

ақырында  алып  шығыпты. 

Ол  байғұс  мына  құмырсқа-

дан  сабақ  алып:  «Бір  аяғы 

жоқ  құмырсқа  житһады  мы-

надай?!»  –  деп,  қайта  келіп, 

медресеге  кіріп,  ғалым  бо-

лып, «міфтах» – деген кітапты 

түсініп алады екен.



НАҚЫЛ СӨЗ

Аспан толған жұлдыздан –

Жарқырап туған Ай артық.

Жабы туған тұғырдан –

Қазанат туған тай артық.

Əділетсіз ұлықтан

Қайыры бар бай артық.

Түйе сойған жиыннан

Тоқты сойған той артық.

Тіл алмаған ұлыңнан –

«Сіз, біз!» – деген іні артық.

Кедектеп басқан келіннен

Кескектеген ит артық.

Ауыл кезген қызыңнан

Есіктен кезбес ит артық.

Көріп алған көріктіден

Көрмей алған текті артық.

Аттың несін мақтайын,

Алқалы топты жармаған ?!

Түйенің несін мақтайын,

Алыс жолға бармаған?!

Адамның несін мақтайын,

Адамдық атын харлаған 

(қаралаған)?!

Дүниенің несін мақтайын,

Табандап тұрып қалмаған?!

Хакімнің несін мақтайын,

Жауыздардың арын арлаған?!

Қатынның несін мақтайын,

Қағып төсек салмаған?!

Баланың несін мақтайын,

Атаның тілін алмаған?!

Қыздың несін мақтайын,

Айтса бір сөзден қалмаған?!

Молданың несін мақтайын,

Өлі менен тірінің

Бəрін бірдей жалмаған.

Бұқараны сөгіп қайтейін:

Жаман-жақсы болса да,

Бір уақыт-тағы Алладан!



ҒҰЛАМАНЫҢ ӨЗ КӨРІН 

ДАЙЫНДАУЫ

1929  жылы  Ескелдідегі 

қыстауын бастап, 1930 жылы 

аяқтап,  бір  қыстайды.  Осы 

жылдың  жазында  зират  үйін 

де  салдыруды  қолға  алады. 

«Əуелі  «Жатар  орнын»  да-

йындатады.  Үлкен  келіні  Ақ 

Зейнептің  Дұсжан  деген  інісі-

не қаздырып, өзі үнемі басын-

да отырады екен. Енін, көлде-

неңін,  биіктігін  екі  жарым  кез 

етіп  алдырады  да,  ол  біткен 

соң  көңілі  əлдебірденеңеге 

дауаламағандай  балдызына 

тағы  да  біраз  тереңдету  ке-

ректігін айтады.

Күндегі  əдетінше  ертеңгілік 

тағы да басына келіп отырады 

да, дұға етеді. Бұл кез Дұсжан 

бірыңғай  қиыршық  тас  жер 

үйіндісінің  астынан  тұтасқан 

бір ақ күлгін түсті тастың белгі 

бере  бастағанын  байқайды. 

Сөйтеді де: – Моллеке, мына 

жердің  тасының  түсі  өзгере 

бастады,  əрі  тұтас  жатқанға 

ұқсайды,  енді  не  істейін,  бө-

лектеп уақтайын ба, – деп жо-

ғары қарайды.

–  Жоқ,  Дұсжан.  Менің  де 

күткенім  сол  болса  керек. 

сындырмай  тұтас  ал  да  жо-

ғарыға  шығар,  –  деп  тағы 

да  дұға  оқиды.  Биіктігі  бір 

жарым,  ені  бір  кезге  таяу, 

қалыңдығы  20-30  сантиметр 

бұл  тасты  аты-жөнін  жазып, 

басына  белгі  етіп  қойғызған 

екен  тірісінде.  Ол  тастың 

қалдығы  əлі  сақтаулы.  Ал 

Мəшекең  зират-үйін  екі  бөл-

мелі етіп салдырған да, төргі 

бөлмесіне  өзін  ашық  қою-

ды  өтінеді.  Ауызғы  бөлмеге 

ыдыс-аяқ,  кітап-құрандарын, 

ер-сайман,  кілем,  үккіш  т.б. 

пайдаланған  заттарын  түгел 

қойғызады.  Насыбай  шақша-

сына  əрдайым  дайын  насы-

байды толтырып кетіп отыру-

ды өсиет етеді.

– Қысы бар, жазы бар, əрі-

бері өткен жолаушылар келіп 

түнеп қалса, барлық мүлкімді 

пайдалансын.  Бірақ  жуып-та-

залап  қайыра  орын-орында-

рына қойып кететін болсын.

Қорықпасын,  мен  көрден 

тұрып ешкімге да бас салмай-

мын,  –  деп  тапсырады.  Бұл 

жерде  Мəшһүрдің:  –  Мен  өл-

геннен кейін де қырық жылға 

дейін  денем  бұзылмайды. 

Тірі  адам  көзі  көреді,  серт 

етем.  Тек  жаздың  ыстық  ай-

лары  ақіретімді  айырбастап 

отырыңдар,  қыс  керегі  жоқ. 

Сонда  көздерің  жететін  бо-

лады,  –  деп,  үлкен  баласы 

Шəрəпиденге  шырақшылық-

ты өсиет етеді.



«Мəшһүр Жүсіп өмірі», 

Қызылжар, 2000 ж.

МӘШҺҮР ЖҮСІП – 

ӘЛЕМДІК ҒАЛАМАТ

Қазаққа  біткен  дара  тума,  ғұлама  ғалым,  жыр  жауһары 

Мәшһүр  Жүсіптің  туылғанына  биыл  155  жыл  толды.  Ай-

тулы мерекені дарын иесінің жерлестері мен барша қазақ 

жұрты тойлауда. Осы күндері ақынның туған өлкесі Пав-

лодар жерінде әулие отандасымыздың игілікті істерін паш 

ететін көптеген шаралар өтіп жатты.


5

Өлең-сөздің патшасы



Алтынбек Мақсатхан

Аса 


қадірлі 

салмақты  сөзден 

сыр,  озық  ойдан 

жауһар  тере  бі-

летін 

оқырман 


қауым! 

Назар-


ларыңызға  жаңа 

"Өлең-сөздің  патшасы"  атты  айдар  жол 

тартты.  Алдағы  уақытта  газетіміздің  əр 

санында  халқымыздың  тағылымы  мол 

мұраларының бірі – айтыс өнерін жаны-

на серік еткен өңіріміздегі жас ақындар-

дың сырға толы жыр əлеміне сапар ше-

гетін боламыз!

Газетіміздің  бүгінгі  санында  өзінің 

кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ой-

ларын  тамаша  өлеңдермен  өрнектеген 

Алтынбек  Мақсатханның  өмірі  мен  жыр 

əлеміне  қанат  қағамыз.  Алтынбек  1995 

жылы мамырдың он төртінші жұлдызын-

да  Павлодар  облысы,  Қашыр  ауданы, 

Жаңа-Құрылыс  ауылында  дүниеге  кел-

ген. 

Ақын жайында:

Алтынбектің жеткен жетістіктері

Қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен облыстық 

пəндер олимпиадасы – І орын, 2013 жыл.

Облыстық  XIIІ  Абай  оқулары  –  І  орын, 

2012 жыл.

II аймақтық Мəшһүр- Жүсіп оқулары – ІІ 

орын, 2011 жыл.

Республикалық  «Оқушы-зерттеуші»  но-

минациясында ҚР кіші ғылым академия-

мының  «Білім  мен  ғылым  интеграция-

сы – болашаққа нық қадам» атты ХХХIX 

ғылыми-практикалық  конференциясы  – 

І орын, 2013 жыл.

Шапық Шөкиннің 100 жылдығына байла-

нысты облыстық жас ақындар айтысы – 

ІІІ орын, 2012 жыл.

Республикалық  XIVАбай  оқуларының 

жүлдегері, 2012 жыл.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелетуалды 

шоуының  апталық  ойын  қатысушысы, 

2013 жыл.

«Туған  жер  –  алтын  бесігм»  атты  об-

лыстық жыр мүшайрасы – ІІ орын, 2013 

жыл.


Өмірлік ұстанымы: «Ақиқатын айт, 

адамға жақпағанымен Аллаға жағады»



Мақсаты: «Адам боп келдім өмірге, 

адам боп өту міндетім»



Сүйікті ақыны: Есенғали Раушанов

Айтыскер ақыны: Жандарбек Бұлғақов

Ақындық ұстазы: Асығат Тұрғанбек

Олимптың 

жеңімпаздарына

Атқа қонғанда дарабоздарым,

Намыстың жайын ғана қозғадым.

Мен жүрмін, міне, жүйріктерімнің,

Санап жүлдесін, қарап озғанын.

Көріп байрағым желбірегенін,

Дей алам қалай елжіремедім.

Қоржынға салған қос-қос алтынды,

Сендер не деген ержүрек едің?!

Алғашқы күннен алтын алғаным,

Орындалғаны алтын арманым.

Мəреге бірінші жеткенде «Вино»,

Алтын жүлдеңді халқыңа арнадың.

Тақымын қысып, ел сенгенінде,

Өзгелер құлап теңселгенінде,

Зүлфия, Света, Майя қыздардың,

Ерлік санаймын еңсергенін де.

Жерге құлатпай туын намыстың,

Талай тіресіп, сансыз алыстың.

Сертінде тұрып батыр-Ильям

Алтын тұғырмен тағы табыстың.

Əнұран асқақ қалықтағаның,

Шабыт береді шарықтағаның.

Ольга да тағып алтын жүлдені,

Жас елім жатыр алып бағамын.

Бір сезім тулағанда бойымдағы,

Ірікпей айттым бəрін ойымдағы.

Азуы алты қарыс қасқалар да,

Серіктің жұдырығын мойындады.

Солай қазақ бəрін де жеңбеп пе еді,

Сол үшін де төгілді ең көп тері.

Арқалап келгенінде алтындарын,

Ақталса болды енді еңбектері…

2012 жыл


Туған жер жайлы 

толғаныс


Тербетілем білмеймін, тербелемін неліктен?!

Туған жерім тым ыстық жан дүниемді еріткен.

Тұрақ қылып əлемнің алып Тұран жазығын,

Төсіңді еміп тойғанша ерке өскем еліктен.

Тамшылап нұр төбемнен тұнық-теңге моншақтар,

Тұлпарыңа тамсанып, сұңқарыңа қол соққам.

Топырағыңда киіктей ойнақтаған сол сəттер,

Тастарыңда қашалып қалып кеткен сол шақтар.

Туған жерім, туған ел, бəрі, бəрі туғаным,

Тастай суға бетімді лəззаттанып жуғаным.

Төскейіңде ұқсаңда, ұқпасаңда, сен үшін,

Тізіп қойып отырмын ақ өлеңнің шумағын.

Тамшылап қан, кіндігім туған жерде кесілген,

Тəубеме кеп өзіңде, ал кей кездері есіргем.

Тұратынмын тамсанып шақтарымда есейген,

Түгім қалмай ғашық боп ақ қайыңға шешінген.

Тарам-тарам дүние, бір əрекет етейін,

Тағы теспей тұрғанда көздегенін көкейім.

Тірлігімде бір рет кір келтірсем атыңа,

Туған жерім өзіңнен тумай-ақ мен кетейін.

Тыныш болсын ұйысқан ауылымның тірлігі,

Тəлтіректеп кетсе екен мұңлығы мен сұмдығы.

Таңдарыңа асығып тұратыны несі екен,

Түндеріңнің, туған жер, түсініксіз шындығы.

Астанаға

Жалының бар жарты əлемді шарпыған,

Қарымың бар армандағымды қалқыған.

Астана десем асқақ шыңдарды аралар,

Шабыттың шебі саған жетем деп сарқыған.

Кемшіл тұсыңды көрмеді көзім жұмақтан,

Сəлемім саған жетер ме екен жырақтан.

Жастана берем сен жайлы ойды себебі,

Астана, сені бəрінен бұрын ұнатқам.

Ерке Есіл де сырыңды сақтап ұға алған,

Саған сезімім селкеу түспестен құралған.

Бұлттардан биік арманым бірақ аласа,

Бəйтерек деген айшықты күмбез мұнардан.

Жолын сілтер ме тас төбемнен ашық күн,

Мен өзің деп шалқыған шабыт тасыттым.

Мен Астана өзіңе ғана асықтым,

Мен Астана өзіңе ғана ғашықпын…

2012 жыл

Қашпасын деп 

қадірім…

Өксік бар өзегімді өртеп өткен,

Күз еді шыққанымен ерте көктем.

Өлімші қылып алып қызық екен,

Өмірдің өзі қайта еркелеткен.

Қаланса азаттықтың келбеті нық,

Ұятымды қойғаным ба көрге тығып.

Басынан тепкендер бар анасының

Бөлеген бесігінде тербетіліп.

Үкілі қанат беріп үміт маған,

Иесіз ойларымды құлыптағам.

Киесіз кейбір іске куə болсам 

Қалайша жанарымды жұмып қалам.

Тек ерлі мына менің сай тұлғама,

Ал одан болмайды ғой тайқуға да.

Қадірін қашырмайық азат тілдің,

Менікі бар болғаны айту ғана.

2012 жыл

Тәңірімнің сыйы

Ерекшелік емес əлі бұзылған,

Ерекше нұр аймалайды жер бетін.

Əсем жұлдыз, тұмса түннен сызылған,

Кем түспейді, құлпырып тұр келбетің.

Арман іздеп қанаттары талғанда,

Сірə, күнə сұрағына тіл қатпау.

Иə, иə, жақұт, лағылдардан да,

Керекудің құны маған қымбаттау.

Сарсаң қылған сейіледі қайғы-мұң,

Сол себепті мен ізіңнен қалмаймын.

Сол себепті күллі ғалам байлығын,

Ажарыңа айырбастай алмаймын.

Жерұйықты шыққанымда іздеуге,

Сайын далам Тəңірімнің сыйы еді.

Бəрінен де бесік болған біздерге,

Керекуім, топырағың киелі.



Ақынның сырға толы жыр əлеміне сапар шеккен: Мереке АМАНТАЙ

Абаймен тілдесу 



Абай:

«Бісміллə» деуді атаң ырымдаған,

Уақыттарда, тылсым күш сыбырлаған.

Шыңғыстаудың шыңынан құлақ түрдім,

Қалың елім айтар деп сырын маған.

«Түсіп мұртың аузыңа» қырылмаған,

Жараспайды қазаққа жыбырлаған.

Өкпе-өксікті өткенге қаза қылдым,

Ащы үнің жеткен кезде қырылдаған.

Тіс батырып талайлар бұрын маған,

Заманы да қасқыр боп ырылдаған.

Дос та, дұшпан көңілге қаяу салып,

Сес көрсетіп қарап ед қырын маған.

Келе ғой, маңдайыңнан иіскет ботам,

Баламысың арнаған жырын маған?!

Назың болса айтып қал бүкпей іште,

Не дер екен ұрпағым шырылдаған?

Мен:

Құлақ түріп өлеңіме ел күллі,

Көңіл құсы құйқылжыса шіркін-ай,

Тізгін босап шабытым да желпінді,

Бұрқасындай шаңы артынан бұрқырай.

Иə, ата, назымды айтам бəріне,

Əсемпаз боп жүргеннен соң безеріп.

Ақылыңа сусап жүрміз əлі де,

Тəніме де, жаныма да сөз еріп.

Кешір деймін, кешегілер үшін мен,

Кешегінің ұмыт ата кермегін.

Тентек өмір қалт басқанын түсінген,

Құрашы ата, қайта иман-өрнегін.

Мен де ата өзіңіздей ғашықпын,

Жырға құмар, ынтық жүрек, өлеңге.

Тасып шабыт өлең қуып асықтым,

Бағым болса қайтем енді көнем бе?

Міне, менің мұңым да, осы сырым да,

Жетті сізге өлеңге ұқсас пішінде.

Ішім, ата, алай-дүлей шынында,

Үш көрген соң өзіңізді түсімде…

Батаңыздан ет-жүрегім езіліп,

Қызыл тілді қырқылмастай қайрадым.

Сіздің артқан жүгіңізді сезініп,

Қара өлеңнің құлатпаймын байрағын…

2012 жыл

Намыс


Тауым шағылған, тағдырдың мынау тезінен

Тарихтың куə тот баспас тіпті парағы.

Илендім талай, иненің өтіп көзінен

Заманның неге айналды мұзға балағы.

Қалың тұманда, қайғыдан басқа жол таппай

Қалай құтқарам қазақи мына тұлғамды.

Қасарыссам да бір сезім іштен қорқақтай,

Қасқырдың аузы тағы да қанға бұлғанды.

Тез жидым бірақ, есімді жоғалтпай тұрып,

Ақыр соңында намысқа келіп жүгінгем.

Отан-анамсың, бағыттан қалай тайқылық,

Тау қопарам толағай мінездігіммен.

Ұмтылдым солай ұшар шыңдарға жұлқынып,

Етектен ерген елімді сүйреп белеске.

Бəрі де айқын, тұрған жоқ мұнда сыр тұнып,

Бұлқынған намыс, бұлтартпас айғақ емес пе?!



2012 жыл

Өмір-өлең

Шабытым келген шақтарда,

Шалқамнан түсе жаздаймын.

Мардымды сөзге мəз болып,

Мамырлап ұшқан қаздаймын.

Тереңге бұққан сырлардың,

Өлеңге байлап бір ұшын.

Аңғардым солай тірліктің,

Дұрысын, яки бұрысын.

Солғын ойларға соқтығып,

Сыртымнан жүрсең анықтап,

Өзіңе ішкі сырымды,

Өлеңім ғана танытпақ.

Мен жаңа ғана тұтанғам,

Алау боп əлі маздаймын.

Өлеңмен емдеп жазамын,

Бұлқынған сəтте бəз-қайғым.

Өмірден мына азсам да,

Өлеңнен, сірə, азбаймын.



2011 жыл

6

Қоғам керуені



БІЛІМІДІ 

ЖАСТАР – 

ЕЛІМІЗДІҢ 

БОЛАШАҒЫ

Елбасы  Н.  Назарбаев:  «Қазақстан-

ның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер 

оларға  қалай  бiлiм  берсеңiздер,  Қа-

зақстан сол деңгейде болады», – деп 

атап  көрсеткендей,  ел  болашағы  – 

бiлiмдi жастар. Елбасымыз осы атал-

ған  сөзінің  дəлелі  ретінде  еліміздің 

жастарының  болашағы  жарқын  бо-

лып,  егеменді  еліміздің  өсіп-өркен-

деуі  үшін  «Болашақ»  бағдарламасы 

бойынша  соңғы  жылдары  шет  ел-

дерге  жастарымызды  оқуға  жіберіп 

жатыр.  «Бұлақ  көрсең  көзiн  аш»  де-

гендей,  қазақ  жастарын  бiлiмге  ба-

ғыттау бүгiнде аса маңызды мəселе. 

Қай  елдiң  болсын  ұлттық  жəне  діни 

құңдылықтарын сақтап, оларды жан-

дандыратын,  еңселi  ертеңiмен  жал-

ғастырар  алтын  көпiр  –  мектептер 

мен медреселер.

Мұхтар  Əуезов  ағамыз  «Бұл  дəуірде 

өз тілін, əдебиетін білмеген, қадірлеме-

ген адам толық мəнді интеллигент емес 

деуге де болады. Себебі, ол қандайлық 

мамандық білімі болса да, рухани ой тəр-

биесінде сыңар жақ азамат болады» де-

ген. Ал дана халқымыздан «Бiлектi бiрдi, 

бiлiмдi мыңды жығады» деген салиқалы 

сөз  қалды.  Білім  үйренуді  ислам  дінін-

де  өте  ерекше  орынға  қойып,  маңызды 

санайды.  Пайғамбарымыз  Мұхаммед 

(с.ғ.с)  Аллаһ  Тағаланың  ең  алғашқы 

түсірген сүренің аяттары да оқу, үйрену 

жəне  білім  жайында  болғаны  барлы-

ғымызға  мəлім.  Сонымен  қатар  Пай-

ғамбарымыз  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с) 

осындай  хадисы  риуаят  етеді:  «Əрбір 

мұсылман ер жəне əйелге білім үйрену 

парыз»,  –  деген.  Парыз  дегеніміз  яғни 

міндет,  осы  сөзде  Пайғамбарымыз  Мұ-

хаммед (с.ғ.с) білімнің адам баласының 

дүниелік өмірінде жəне ақиреттік өмірін-

де  өте  керек  екенін  баяндайды.  Қазіргі 

таңда  жастарымыздың  діни  сауаты  өте 

жоғары болулары ғана емес жан-жақты 

болып, дүниелік білімді де игерулері ке-

рек. Жастарымыздың діни сауатты бол-

ғандарының  пайдасы  осы  дүниеде  де 

ақиреттеде пайдасы болады. Ақиреттегі 

пайдасы ол біріншіден Аллаһ Тағаланың 

ризашылығы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) 

шапағаты екіншіден білген білімін адам-

дарға үйретуі. Дүниедегі пайдасы да аз 

емес. Жастарымыздың білімді болулары 

біріншіден,  біздің  болашағымызға  пай-

дасы зор. Білімді жас мамандар қай са-

лада жұмыс істесе де яғни дін саласын-

да, мұғалім, инженер т.б ол сол саланың 

білімді  маманы  болады.  Білімді  маман 

деген ол жай бір сөз емес, ол аталмыш 

саланың толығымен игеріп білген адам. 

Еліміздің болашағын ойлаған өркендеуін 

қалаған жастарымыз ең алдымен туған 

еліне  қызмет  ету  жолын  жақсы  көріп, 

санасында  ойлап  бекіту  керек.  Себебі 

бір  нəрсені  жақсы  көріп  жасайтын  бол-

са оңын міндетті түрде нəтижесі жемісті 

жəне  қайырлы  болады.  Жаратқан  ие 

жастарымызды кемел білімді етсін.



Даулетсапин Қасқырбай,

Екібастұз қаласының 

ардақты ақсақалы

Студенттер туралы 

қызықты мәліметтер

• Жапондық студенттер емтиханға өздерімен бірге Kit Kat шоколадын алып 

кіреді. Бұл – олардың сəттілік əкелетін бойтұмарлары екен. «Кitto katsu» жапон 

тілінен аударған «міндетті түрде жеңемін» деген мағынаны білдіреді.

• Everest Poker компаниясы өздерінің маркетингтік зерттеулері арқылы он-

лайн-покер ойыншалырының басым бөлігін студенттер құрайтындығын анық-

тады.

• ХІХ ғасырда шарапханадан қайтқан Ресей студенттерінің арқасында олар-



дың мекен-жайлары жазылып жіберілетін болған. Бұл қатты масайып қалған 

студентке үйіне жетуге көмектесушілер үшін жасалған көрінеді.

•  Ерте  кездердегі  университеттерде  емтихан  барысында  студентке  шарап 

ішіп отыруға рұқсат берілген.

• Сіздердің араларыңызда қарт студенттер бар ма? Жоқ?! Олай болса, еу-

ропалық студенттерге көз жүгіртіңіз. Себебі, еуропалық адамдар көбіне жаста-

ры ұлғайған кезде студент атанып жатады. Мəселен, Швецияда студенттердің 

орта жасы – 25,5.

• Йель студенттері өздерінен төмен курста оқитын замандастарына дəптер-

лерін көшіртуге еш қиналмастан береді екен. Тегін. Бірақ көшірген студенттің 

көзіне жасыл бояу жағып тастайды да, күн бойы студенттің үстіне мініп жүреді.

• Норвегияда жоғарғы білімді тегін, еш кедергісіз алуға болады. Сондай-ақ 

студентке несие беріледі.

Масагет сайтынан алынған

 



ОЙТАМЫЗЫҚ



ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ 

ӘР КҮНІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ

 



МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ



Қазан айының соңғы жексенбісінде 

Қазақстан  Республикасы  тұрғында-

рын əлеуметтік қорғау жүйесінің қыз-

меткерлері өздерінің кəсіби мерекесін 

тойлайды.  Əлеуметтік  қорғау  жүйесі 

қызметкерлерінің  күні  2011  жылы 

Қазақстан  Республикасының  Пре-

зидентінің  Жарлығымен  бекітілген. 

Əлеуметтік  қызметкерлер  ата-анала-

рының  қамқорлығынсыз  қалған  ба-

лаларға,  жағдайы  төмен  отбасылар-

ға,  мүгедектер  мен  зейнеткерлерге 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет