Жеңіл Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау



бет1/3
Дата15.12.2023
өлшемі21,4 Kb.
#139747
  1   2   3
Байланысты:
Назым 4,9


Жеңіл


4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау 
Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің көне де ең мол түрі. Қазақ халқы терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» мақал-мәтелдер арқылы жинақтап берген.Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді. Мақал-мәтелдерде халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірі жан-жақты қамтылып берілген. 
Халық ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер бірнеше топтарға топталады: 
1)Төрт түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа, қолөнерге байланысты мақал-мәтелдер,2)Отанды, туған жерді, өскен елді, атамекенді сүю тақырыбындағы мақал-мәтелдер;3)Ерлік, батырлыққа байланысты айтылған мақал-мәтелдер;4)Оқу, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер;5)Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтелдер;6)Достық, жолдастық туралы мақал-мәтелдер;7)Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы мақал-мәтелдер;8)Денсаулық, отбасы, үнемшілдік туралы мақал-мәтелдер. 
Мақал мен мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, өздеріне тән ерекшелігі, яғни бір-бірінен өзіндік айырмашылығы болады.
Мысалы, мақалда ой анық, тұжырымды түрде қорытылып беріледі. Ойдың салдары мен себебі қатар айтылады. 
Мысалы: Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады. 
Мәтелде ой тұспалды, бейнелі түрде ишарамен беріледі. Істің салдары айтылып, себебі берілмейді. Мысалы: Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда 
Мақал құрылысы жағынан екі,үш бөлімнен тұрса, мәтел көбіне бір бөлімді болып келеді.
Мақал көбіне ақыл,өсиет түрінде келсе, мәтелде эмоциялық реңк басым. 
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма. Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні. Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген. Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.  




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет