Жер бетіндегі тіршілік эволюциясыныѕ ќолы жеткен еѕ жоєарєы жетістігі –ойлай білетін адамныѕ дїниеге келуі



бет1/5
Дата10.12.2023
өлшемі18,12 Kb.
#136613
  1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-75321


Кіріспе. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі –ойлай білетін адамның дүниеге келуі.Адам санасының қалайша пайда болғандығын ғылыми тұрғыдан бірден – бір дұрыс түсіндірген марксизм-ленинизм классиктеріболды Маркс пен Энгельс адамның санасы еңбек ету процесінде пайда болған, адам қоғам мүшесі, сондықтан оның санасы да әлеуметтік-тарихи құбылыс деп түсіндіреді. Адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасады.Адамды жаратқан да осы өндіруші еңбек. Еңбек ету арқылы ол өзінің түрлі тіршілік қажеттерін қанағаттандырып қана қоймай, айналасындағы дүниені тани түсуге де мүмкіндік алды. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді өндіріп қана қоймай, ол өзінің сана-сезімін,ойлау қабілетін, психологиясын да қалыптастырды.
Алғашқы адамдар топтасып өмір сүрді. Кейін келе олар еңбек құралдарын бірлесіп істеп, оны бірлесіп пайдалана бастады. Еңбек адамзат қоғамының тууына , еңбектегі ұжымдық байланыстың тууына жағдай жасады.
Еңбек құралдарын жасау, онымен пайдалану адам организмінің анатомиялық құрылысына үлкен өзгерістер енгізді.Мысалы, біртіндеп омыртқа жотасы өзгеріске түсті, мойын омыртқалары ерекше жетілді, бас сүйегінің формасы мен көлемінің өзгеруі ми қабығы клеткаларының күрделенуіне мүмкіншілік туғызды. Сондай-ақ, олардың бет әлпеті (иек, таңдай, көмей, тіс, ерін, т.б.) күрделі өзгеріске түсті. Сөйтіп, адам еңбек ету процесінде сыртқы ортамен белсенді қарым – қатынас жасай отырып, бірте – бірте өз табиғатын да өзгертті, біртіндеп оның сана – сезімі өсе бастады. Еңбепен айналысу психиканың материалдық негізі мидың, ми сыңарларының еркше дамуына , дыбыст тілдің пайда болуына ықпал етті, мұның өзі тіршілік қажетіне байланысты шықты. Сөйлеу әрекетінсіз адамдардың бірлесіп еңбек етуі мүмкін болмас еді.Осылардың нәтижесінде біртіндеп адамға тән психикалық процестердің (ойлау, ерік, қиял, т.б.) мазмұны кеңейіп, қалыптаса бастады. Адамның бес сезім мүшесінің пайда болуы Маркс айтқандай, бүкіл дүние жүзілік тарихтың жемісі болды. Қоғамдық – тарихи тәжірбие негізінде адамның музыкашыл құлағы, табиғаттың көркемдігін көре білетін көздері, сезімтал талғамы және басқа сезім органдары дамып жетілді. Бұл жағдай адамның өзіне, табиғат және өзін қоршаған басқа адамдарға қатынасын сезінуге, алдына мақсат қоя білуге мүмкіндік жасады. Осы факторлардың барлығы жиналып келіп мидың одан сайын дамуына әсер ете берді. Сөйтіп, еңбек процесінде дамып қалыптасқан адам санасы жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның (мидың ) ерекше қасиеті, яғни мидың жемісі болып шықты.
Саналы процестермен қатар санадан тыс құбылыстардың да болатынын, бұған түрлі инстинктік амалдар, соқыр сезімдер, ырықсыз қозғалыстар (ұйқысырап сөйлеу, ұйқы кезінде жүру, гипнозға илану, түс көру т.б.) жатады.
Сана – адам танымында объективті шындықты идеалды идеалды түрде бейнелеудің формасы. << Сана дегеніміз, - деп жазады К. Маркс – ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады>>. Сана жек адамға тән дара қасиет. Адамда жек санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен – бірі тығыз байланысты. Жек адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық
(өндірістік ) қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік (белгілеу, анықтау ) принцип деп атайды. – адам танымында объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің формасы. Сана адамның өз болмысы мен қоршаған ортаның мән жайын, мазмұнын, ұғымын білуге белсенді қызмет атқаратын психологтық процестердің (түсіну, сезіну, қабылдау,ойлау, т.б.) заңды нәтижесі болып табылады. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Адамдардың тіршілік – тынысымен, қоғамдық -өндірістік іс- әрекетімен бірге қалыптасып дамйды. Сана құбылыс ретінде екі негізгі деңгейден тұрады. Ол сезімдік –рационалдық және эмоционалдық сезімдік болып бөлінеді. Бірінші деңгейге танымдық мүмкіндіктер білімдер мен ақпарлар жатады . Эмоционалды құндылық деңгейге сүйіспеншілік, жеккөрініш, қуаныш, қайғы, құмарлық эмоциялардан тұратын басқа да сезімдер жатады. Сананың қоғамдық қырын әлеуметтік өмірдің жалпы адамзаттық идеяларын айқындайтын құндылықтар құрайды.
Ғылымның ақиқаты рақымдылықты мақсат етуі, адамдар арасындағы қатынастардың әділеттілікке, адалдыққа, адамгершілікке ұмтылуы, өнердің сұлулықты қалауы қоғамдық сананың негізгі сипаттары.Сыртқы және ішкі жағдайлардың әсері адамды саналы немесе бейсаналы әрекеттерге итермелеп, қоғамдық жағдайға сай, тұлға болып қалыптасу барысында адамның санасы дамып қалыптасады. Адамның қоршаған ортаны игеру, тану мақсатындағы әрекеті барысында бұрыннан жинақталған тәжірбиелер мен біліміне сүйенеді. Осындай саналы әреккетке бағыттайтын рухани қазына, мәдениет, мораль, дін, өнер, қоғамдық психология адамдың қоғамдық санасының жемісі болып табылады. Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А.В. Петровский) 1) Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял. 2) Санада субьекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам – ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті. 3) Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып , іс - әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын – ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады.Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп – салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс - әрекеттің орындалу жолын айқындау т.б. 4) Сана құрамында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтінсезімдер жүйесін қамтиды. И.М.Сеченов, - есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға (салыстыруға) – бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана – сезім туады. Сананың негізгі қасиеттері Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрект жасауына, өзін дұрыс алып жүруіне мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жек міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Жеке адамның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс - әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. “ Адам санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды.” Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізді. Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспеитін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді. Адам сана – сезімінің қалыптасуындағы сөз бен қарым – қатынастың ролі.
Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сөздің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап көрсеткен болатын . Сірә, адамның ең берідегі ата – бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек . Сөйлеу белгілері жоғарғы нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет