Тақырыбы: Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты.
Табиғатты қорғау.
Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты.Табиғатты қорғау
Жерді және жер қойнауын қорғау. Жер — халықтың мол дәулеті. Барлық жер, әсіресе егістік жер, ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс құралы есебінде қорғауға жатады.
Колхоздар, жерді басқа да пайдаланушылар сияқты, жерді тиімді пайдалануға, оған ұқыптылықпен қарауға, оның құнарлылығын арттыруға міндетті.
Колхоздарға, совхоздарға және басқа да ұйымдарға агротехникалық шараларды жақсы пайдалану, тыңайтқыштарды дұрыс салу мақсаттарында өздеріне бекітіліп берген жер топырағының ерекшеліктерін білулері қажет.
Жер қойнауы халық шаруашылығын минералдық шикізатпен және отынмен қамтамасыз етудің қайнар көзі болып табылады. Пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану, оларды өндірудің ғылыми-техникалық ережелерін қатаң сақтау қажет.
Суды және атмосфералық ауаны қорғау. «Сулы жер — нулы жер», «Су бар жерде кекөніс бар» деген қанатты сөздер бар: Су мен атмосфералық ауа — жер бетіндегі тіршіліктің шарттары. Жер бетіндегі және жер астындағы сулар мен ауаның бәрі құрып кетуден, бітеліп қалудан және ластанудан қорғауға алынады.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының тазартылмаған суды су қоймаларына ағызып жіберуіне рұқсат етілмейді. Су тазалайтын құрылыстарды орнатуға миллиондаған сом қаржы бөлінеді. Ауаның ластануымен күресу мақсатында зиянды газдарды т. б. сүзіп алу үшін арнайы қондырғылар орнатылуда.
Өсімдіктер дүниесін қорғау. «Орманды кім кессе, ол орынды сол құрғатады, ол жерден бұлтты да қуады, өзіне құшак-құшақ қайғы әзірлейді», «Орман көп болса,— бүлдірме, аз болса,— сақта, ал жоқ болса,— отырғыз», «Орман-тоғай — бүкіл өлкенің көркі», «Өсімдік — жердің сәні»,— дейді халык. даналығында.
Орманның экологиялық маңызы өте зор. Ол табиғат комплексінің құрамды бөлігі бола тұрып, биосферадағы табиғи процестерді реттейді, ауа райы мен өзендердің тасуына ықпал етеді, топырақты эрозиядан (жер қыртысының бүлінуінен) алдын ала сақтайды. Орман көптеген жыртқыштардың, құстардың және тағы басқа жануарлардың тіршілік ететін және тамақтанатын жері және адамның эстетикалық қажетін қанағаттандыратын, демалатын орыны болып табылады.
Ормандарды сақтауға және қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінеді. Өнеркәсіп үшін тек қана қалын. орманды аудандарда ғана рұқсат етілетін болды. Егін қорғайтын орман алқаптарындағы, сондай-ақ өзендер мен көлдердің жағаларындағы ағаштарды кесіп алуға тыйым салынған. Ормандарда және парктерде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау барлық кәсіпорындар мен азаматтардан талап етіледі. Ормандарда орман бүлдірушісін (гусеницаны) жоятын «орман санитарларын»— құмырсқаларды есепке алу және оларды таратып, жерсіндіру жөнінде зор жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жануарларды қорғау. Пайдалы жануарлар, сондай-ақ сирек кедесетіндері мен жойылып бара жатқандары мемлекеттік қорғауға алынады. Жануарларға қалыпты жағдайлар жасау үшін, оларды аулауға қорықтар мен заказниктерде ғана тыйым салынып қоймайды, олардын, мекендейтін басқа да орындарында, мысалы, құстың жұмыртқа басатын және балапандарын өсіретін кезеңдерінде де аулауға тыйым салынған. Ұрғашы аңдарды балаларын баулып жүрген кезеңінде аулауға, балықтарды уылдырық шашқан уақытта ұстауға заңмен тыйым салынады.
Жануарлардың бағалы түрлерін көбейтуге питомниктер ұйымдастырылады. Пайдалы құстар мен аңдарды қуаңшылық кездерде тамақ беріп асырайды. Аңшылар еліктерге, қояндарға арнап шөп шабады, қабандарға арнап картоп, сүлы өсіреді, шілдерге, құрларға шетен жинайды. Бұландар мен қояндарға қысқы азық үшін тұздалған жемдер әзірлейді.
Біздің еліміздің территориясын мекендейтін көптеген жануарлар «Қызыл кітапқа»» енгізілген, мысалы, аңдардан— қоңыр және ақ аюлар, солтүстіктің жабайы, теңбіл бұғылары, морждар, зубрлар, құндыздар, жолбарыстар, қабыландар, қызыл қасқырлар; құстардан — шымшықтар, бөденелер, саңырау құрлар, раушан шағалалар, бүркіттер мен сұңқарлардың кейбір түрлері; насекомдардан — орманның сары құмырсқалары және фаунаның кейбір түрлері. 2.Демалу және емдеу орындарын қорғау. Еңбекшілердің демалатын және емделетін орындарындағы табиғатты (ағаш отырғызылған парктерді, қорғағыш алқаптарды, қарағайлы ормандарды, жаға-жайларды, минералды бұлақтарды), сондай-ақ туристік маршруттар аймағын ерекше ұқыпты қорғау қажет.
Мұндай жерлерді дұрыс сақтап, жақсарту үшін алдын ала көгалдандыру ескеріледі. Жағалаулардың мүжілуін, опырылып құлауын, шайылып кетуі мен бұзылуын алдын ала ескертетін жұмыстар жүргізіледі; демалатын және емдейтін орындарды ластауға тыйым салынады.
3.Табиғаттың әдетгегі көріністерін, сирек кездесетін және көрікті объектілерін қорғау.Табиғи парктерді — бұл көріністерді келешек ұрпаққа сақтап қалу үшін Отанымыздың ең көрікті жерлерінен жасау белгіленген, сондай-ақ ондаған ормандар мен өзендерге ешкімнің қолы тимеуі қамтамасыз етілген. Табиғаттың қол тимеген түкпірлері — оны зерттеуге арналған лаборатория. Қорғауға көрікті орындар — тоғайлар, өзендер, сарқырамалар т. б. жатады. Оларда табиғатты шаруашылық мақсатқа пайдалану рұқсат етілмейді немесе белгілі бір мезгілмен шектелінетін мемлекеттік қорықтар мен заказниктердің тәртібі орнатылған.