Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Пестицидтердің зиянды жәндіктерге улылығы және оларды анықтаушы факторлар
2.2.Пестицидтердің таңдамалы улы қасиеттері
2.3.Пестицидтерді қолдану,сақтау,таратудағы ережелер
III.Қорытынды
VI.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.Пестицидтермен улану оның әртүрлі әсер етуінен туады және ағзаның өмір сүргіштігінің бұзылуынан байқалады, соңында өлуіне әкеледі. Осының бәрі аурудың өршуін туын-датады.
Созылмалы улану салыстырмалы аз мөлшердегі пестицид-тің көп рет әсер етуі нәтижесінде туады және қалыпты өмір сүргіштігінің баяу дамуымен бұзылуынан көрінеді.
Пестицидтердің улылығы әртүрлі препарат мөлшеріне, түсу жолдарына, әсер ету ұзақтығына, ағза күйіне, қоршаған ортаға және т.б. факторларға тәуелді.
2.1.Пестицидтердің зиянды жәндіктерге улылығы және оларды анықтаушы факторлар
Әртүрлі ағзалар үшін пестицидтердің улылығының шарасы – улылық шамасы – белгілі бір тиімділік тудыратын пестицид-тердің мөлшері. Оны пестицидтің массалық бірлігінің өңделуші нысанның массасына немесе көлеміне, аудан бірлігіне қатына-сымен көрсетеді.
Улылықты анықтауға қолданылатын ағзалар биотест деп, ал улану дәрежесін анықтау мақсатында қолданылатын биохи-миялық және физиологиялық процестер көрсеткіштерін – тест деп атайды.
Зерттелетін ағзаларға пестицидтер әсерінің тиімділігін олардың өлімі немесе улануға тән көрсеткіштері (ағзаның жеке жүйелерінің белсенділігінің өзгерісі, оның реакциясы, репро-дукциялау қабілеті массасының өсуі мен тежелуі және т.б.бойынша анықтайды және бақылаушыға қатысты пайызбен көрсетеді.
Улылық көрсеткіші әріппен көрсетіледі:
-ӨМ (өлім мөлшері);
-ӨӘМ (өлімге әкелетін мөлшері);
-ӨК (өлім концентрациясы);
-тиімділігін көрсететін ТМ ( тиімді мөлшері).
Егер пестицид әсерінің тиімділігі өлген нысандардың саны бойынша ескерілсе, онда мына көрсеткіштер қолданылады: ӨМ, ӨӘМ, және ӨК. Мысалы, ӨМ90-90% түрлер өлімін туды-ратын пестицид шамасы, ӨК20-20% түрлер өлімін тудыратын пестицид шамасы. Егер песитицид әсерінің тиімділігі өмір сүру процесінің бұзылу дәрежесі (құрғақ заттың жиналуы, өсуінің тоқтауы, жеке реакциялардың басталуы және т.б.) бойынша ескерілсе, онда улылықтың сандық көрсеткіші ТМ болып табылады.
Тәжірибе жүргізілетін нысан үшін заттардың қауіптілігінің дәрежесі бастапқы, сублетальды (өлімге әкелетін) және өліммен аяқталатын улылық шамаларымен немесе концентрация-мен сипатталады.
Бастапқы мөлшер - жануардың сыртқы улану белгілері болмаған жағдайдағы сезімтал биохимиялық және физиологиялық тесттермен анықталатын, ағзада өзгеріс туғызатын заттың ең аз мөлшері.
Сублетальды (өлімге әкелетін) мөлшер - ағзаның өмір сүру қабілетінің бұзылуын туындататын және оның өліміне әкелмейтін пестицидтің мөлшері.
Летальды мөлшер (өлімге әкелетін мөлшер) - тәжірибе жүргізіліп жатқан нысан өліміне әкелетін пестицид шамасы.
Жеке алынған жануарларға, жәндіктерге, өсімдіктерге белгілі тиімділік тудыратын пестицидтің улылық шамасын дәл орнатуы мүмкін емес, себебі биологиялық нысандар пестицидтерге әртүрлі жеке сезімталдықтарымен сипатталады. Сондық-тан, тәжірибеде улылық туралы орташаланған сипат бойынша, көбінесе 50%-дық әсер тудыратын - орташа өлімге әкелетін мөлшер бойынша анықтайды.
Пестицидтердің улылығының сандық көрсеткіштері тәжірибе жүзінде анықталады. Ол үшін зерттелетін нысандардан әртүрлі мөлшердегі пестицидтермен әсер ететін топтарды бөліп алады және пестицид әсерінің көрінісі үшін жеткілікті белгілі бір уақыт аралықтарында тиімділігін анықтайды. Оны осы пестицид әсерінен ағзадағы өзгерістерді ескере отырып, бақы-лаушы сүлбеге қатысты (пестицидсіз) пайызбен көрсетеді. Соңында пестицид шамасының өсіруімен тиімділік жоғары-лайтын статистикалық қатар алынады
Жасуша қабықшасы плазмодесмамен қабатталған және минералдар, органикалық заттар үшін жақсы өткізгіш. Өсімдік жасушасының қабықшасы арқылы өткен заттар, олардың жасуша қабықшасымен әрекеттеседі. Бұл кезде молекулалық адсорбция, ионды алмасу процестері немесе жасуша қабықша-сымен құрағыштар арасында берік байланыс түзілуі мүмкін. Сонымен қатар, заттың концентрленуі қабықшаның ішкі бетінде болады. Жасушалы қабықшамен лабильді байланысқан иондар жасушасының бос кеңістігінде оңай десорбцияланады және цитоплазмамен жұтылады. Жұтатын заттар жолында екінші құрылымдық тосқауыл – беттік мембрана болады. Биологиялық мембраналар дегеніміз – бұл тірі жасуша мен жеке жасуша аралық түзілімдерді (органелдер) қоршайтын күрделі жоғары мамандандырылған түзілімдер. Олар негізінен липид-тер мен ақуыздардан тұрады.
Биологиялық мембраналар - жасушаны сыртқы ортадан бөлетін тосқауыл қызметін етқарады. Олар сондай-ақ, жасуша секциялары арасындағы бөлгіш қалқа рөлін де атқарады. Мем-брана арқылы жасушаның өмір сүруіне қажетті әртүрлі иондар мен заттардың тасымалдануы болады. Бұл процесс таңдама-лылық сипатқа ие. Екі түрлі пассивті және активті тасымал болады. Пассивті тасымал - заттар ағыны концентрация гради-ентімен немесе электрохимиялық потенциалдарға сәйкес қозғалады, ал активті тасымал - жасушада шығарылатын энергияның арқасында жүзеге асады.
Активті тасымалдың биологиялық мембрана арқылы жүйесі өте күрделі. Активті тасымал кезінде жұтудың бірінші сатысы болып жұтылатын заттардың, цитоплазманың беттік құрылым-ындағы молекулаларымен әрекеттесуі. Адсорбцияланған моле-кулалар активті тасымал механизмі арқасында цитоплазмаға тасымалданады. Осы процестерде негізгі рөлді арнайы транс-порттық жүйелер – мембранды тасымалдағыштар атқарады деп болжанады. Осындай жүйелердің бір буыны магний, калий және натрий иондарымен активтелген мембраналы тасымал-дағыш АТФ (аденозин трифосфат) болуы ықтимал.
Жануарлар организмі жасушасына пестицидтердің өтуі жалпы заңдылыққа бағынады. Олар мембрана арқылы еріткіш-термен концентрация градиенті бойынша сіңірілуі мүмкін. Липофильді пестицидтер мембрананың липидті қабатында еру арқылы өтеді. Сондай-ақ, пестицидтер активті тасымал жүйесі бойынша макроэнергиялық қосылыстар энергиясын қолдану арқылы да өтеді.
Көптеген пестицидтер белсенділігі жоғары органикалық қосылыстарға жатады. Бұл липофильді қосылыстар, сондықтан да жасушалы мембрананың липидтерінде жақсы ериді және жасушаға оңай сіңеді.
Минералды пестицидтер жасушаға иондалған молекулалар түрінде өтеді. Пестицид неғұрлым ерігіш болса, соғұрлым ол жасушаға тезірек әрі оңай өтеді. Ірі молекулалы қосылыстар цитоплазмаға пиноцитоза жолымен түсуі мүмкін.
Тірі жасушаға енгеннен кейін пестицидтер цитоплазманың физикалық-химиялық қасиетін өзгертеді, органелдің мембрана-сын бұзады, орта реакциясын өзгертеді, жасушалы ақуыздың қалыпты функциясы шартын бұзады.
Әсіресе, жасушаның биокатализаторлары – ферменттер пестицидтердің уландыратын әсеріне өте сезімтал болып келеді. Маңызды метаболиттік процеске қатысатын қандай да бір ферменттің улануы ағзаға ауыр әсер етеді, ал кейде тіпті ағзаның өліміне әкеледі.
Пестицидтер фермент молекуласының ақуызды бөлігімен әрекеттесіп, оны толығымен белсенділігін төмендетеді, сондай-ақ тұрақты қосылыстар немесе лабильді кешендер түзе, агон мен де әрекеттеседі. Екі жағдайда да пестицидтер инактива-циясы қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкін ферменттердің ингибиторлары ретінде қатысады.
Ферменттердің барлық ингибиторларын, сондай-ақ пести-цидтерді шартты түрде екі топқа - жалпы және арнайы бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |