Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Бұлшықет тіндерінің классификациясы және жалпы морфофункционалдық сипаттамасы



бет1/8
Дата28.03.2023
өлшемі343,33 Kb.
#76968
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 сроп физио


Қаңқа және тегіс бұлшық ет
Орындаған: Садвокасова Меруерт
Тобы:113А
Қабылдаған: Егизбаева Айгерім

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Бұлшықет тіндері

    Бұлшықет тіндерінің классификациясы және жалпы морфофункционалдық сипаттамасы.

    Бұлшықет тіндерінің шығу көздері

    Көлденең жолақты бұлшықет тіні

    Тегіс салалы бұлшықет тіні

  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Бұлшықет тіндері құрылысы мен шығу тегі әртүрлі атқаратын қызметі ұқсас. Дененің орын ауыстыруы, жүректің соғуы, қан мен лимфаның жылжуы, асқазан, ішек бойымен тағамның жылжуы, несептің шығу , жатырдың жиырылуы т.б қозғалыстарға қатысып, ағзадағы жиырылғыш қызмет атқаратын ет тіндері.

Бұлшықет тіндерінің классификациясы және жалпы морфофункционалдық сипаттамасы.

Ет тіндері элементтерінің құрылысы: ұзынша пішінді, миофибрилдер, яғни олардың жиырылуын қамтамасыз етеді. Бұлшықет тіндерінің жиырылғыш элементтерінің пішінді өзгертуі – жиырылғыштық қасиеті бар ақуыздар молекулаларының өзара әрекеттесуінен болады. Олар: актин және миозин. Сонымен қатар бұлшықет тіндерінің жиырылуына кальций ионы мен басқа да ақуыздар қатысады. Жиырылуға өте көп мөлшерде АТФ қажет. Тіндердің құрылымдық элементтері митохондрияларға өте бай. Цитоплазмасында гликоген мен миоглабин бар.

Бұлшықет тіндерінің жіктелуі:

  • Физиологиялық жіктелуі: 1.Ерікті
  • 2.Еріксіз

  • Морфогенетикалық: 1.Көлденең жолақты
  • 2.Тегіс салалы

  • Гистогенетикалық: 1.Мезодермальді.
  • 2. Мезенхималық

    3. Эктодермальді

Морфофункциональді жіктелуі:

Барлық бұлшықет тіндерінің морфофункциональдық топтары бар. Ал оларды органеллалар жиырылғыштықтығына байланысты 2 топастына бөледі.


Тегіс салалы бұлшықет тіні – актин
және миозин жіпшелері олардың
цитоплазмасында – миоциттерінде
орналасады. Арнайы бояулармен
бояғанда кезектесе орналасқан
жіпшелерді көруге болады.
Көлденең жолақты бұлшықет тіні-
бұлшықет элементтерінен, құра-
мында арнайы органеллалары,
актинді және миозинді прото-
фибриллалары болады. Актин
және миозин протофибрилдерінің
өзара орналасуы көлденең жолақ
түзеді. Бұл бұлшықет тіні тегіс
салалыға қарағанда тез жиырылады.
Қаңқалық бұлшықет тіні
Жүрек бұлшықет тіні.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет