Жүрек ырғағы бұзылыстары патофизиялогиясы, жас балалардағы ерекшелігі


Гетеротоптық (эктопиялық) ырғақтың түрлері



бет3/5
Дата09.02.2023
өлшемі3,71 Mb.
#66455
1   2   3   4   5

Гетеротоптық (эктопиялық) ырғақтың түрлері

Гетеротоптық аритмия

Ырғақтың синустық түйіннен тыс пайда болуын эктопиялық аритмия деп атаймыз.

Түрлері:

  • Жүрекшелік ырғақ– Жүрекшелердің қабырғаларында орналасқан ошақта пайда болған серпіндердің әсерлерінен дамиды.
  • Түйіндік ырғақ- жүрекшелер мен қарыншалар аралық торапта пайда болатын серпіндерден дамитын ырғақ. Бүл кезде синустық-жүрекшелік торапта серпін мүлде пайда болмайды немесе өте сирек пайда болады.
  • Идиовентрикулалық (қарыншалық) ырғақ- синустық-жүрекшелік және атриовентрикулалық тораптарда серпін пайда болуы әлсірегенде жүректің автоматизмдік қасиеті қарыншаларға ауысады. Бұл кезде серпін қарынша аралық перденің жоғарғы бөлігінде Гис шоғырында, Гис аяқшаларында пайда болады.

ӨТКІЗПШ ЖҮИЕСІНДЕП БҮЗЫЛЫСТАРДАН ДАМИТЫН ЖҮРЕК АРИТМИЯЛАРЫ

  • Жүректің өткізгіш жүйесінде электр серпіндерінің өткізілуінің бұзылуы — бөгет (блокада) деп аталады.
  • Бөгеттер жиі жүректің өткізгіш жүйесі жасушаларының бүліністерінен пайда болады.
  • Бөгеттер жүректің өткізгіш жүйесінің кез-келген жерінде орналасуы ықтимал.

Атриовентрикулалық бөгет кезінде синустық-жүрекшелік торапта пайда болған серпіндердің жүрекшелерден қарыншаларға өтуі бұзылады.

  • Атриовентрикулалық бөгет кезінде синустық-жүрекшелік торапта пайда болған серпіндердің жүрекшелерден қарыншаларға өтуі бұзылады.
  • Қарыншалардың қабырғаларындағы өткізгіштіктің бұзылыстары жиі Гис шоғының бір аяқшасында байқалады. Сондықтан қарыншалардың қозуын шақыратын серпіндердің оң немесе сол қарыншаға өтуі кешеуілдейді, олардың жиырылуы бір мезгілде болмайды.

ЖҮРЕКТІҢ ҚОЗЫМДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОЗУ СЕРПІНДЕРІНІҢ ӨТКІЗІЛУІ БҮЗЫЛЫСТАРЫНАН ДАМИТЫН АРИТМИЯЛАР

  • Экстрасистолия — эктопиялық гетеротоптық ошақта пайда болған серпіндердің әсерлерінен тұтас жүректің немесе оның жеке бөліктерінің кезектен тыс мезгілсіз жиырылуы.
  • Эктопиялық ошақтың орналасқан жеріне қарай синустық, жүрекшелік, атриовентрикулалық, сол қарыншалық, оң қарыншалық және қарыншаралық экстрасистолияларды ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет