К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Остеокласттың құрылысы. А — оптикалық микроскоппен көрінісі



бет136/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   607
61 — сурет. Остеокласттың құрылысы. А — оптикалық микроскоппен көрінісі, 

Б — оны электронды микроскоппен қарағаңда.
1 — ядро, 2 — жасушааралық затты еріту жиегі, 3 — ақшыл аймақ, 4 — 
лизосомалар, 5 — жасушааралық заттың еру аймағы, 6 — минералданған жасушааралық
зат.

Пластинкалық сүйек ұлпасының құрылысы. Сүйек ұлпасының
жасуша аралық затын бір-бірімен белгілі бір бағытта қабаттаса орналасып, 
пішіні əр түрлі құрылымдар (остеондар, ендерме жəне жалпы пластинкалар
жүйесі) түзетін сүйек пластинкалары құрайды. Бір-бірімен тығыз жатқан 
сүйек
пластинкаларының 

аралыктарында


остеоциттер 
қатарласып
орналасады. 
Жілік денесі қабырғасын құрайтын қатты сүйек затының сыртқы
сүйекқаппен (периостпен) жене ішкі сүйекқаппен (эндоостпен) жанасатын 
беттерінде бірнеше қабат сүйек пластинкаларынан құралған сыртқы жалпы 
сүйек 

пластинкаларының 

жүйесі
жəне

ішкі 

жалпы 

сүйек 

пластинкаларының жүйесі орналасады. Сүйек пластинкаларының
аралықтарында остеоциттер бір қатарда жатады. 
Сыртқы
жəне

ішкі
жалпы

сүйек
пластинкалары 
жүйелерінің
аралығындағы қатты сүйек затын сүйек ұлпасының құрылымдық бірлігі — 
остеондар (сүйек пластинкаларының гаверстік жүйелері) жəне олардың
аралықтарындағы сүйек пластинкаларының ендерме жүйелері құрайды. 


62 — сурет. Жілік денесі (диафизі) қабырғасының құрылысы. 
1 — сүйекқап, 2 — қан тамырлары, 3 — сыртқы жалпы сүйек пластинкаларының 
жүйесі, 4 — остеон (гаверс жүйесі), 5 — сүйек пластинкатарының ендірме жүйесі, 6 —
остеон өзегі, 7 — фолькман өзегі, 8 — тығыз сүйек заты, 9 — кемік сүйек заты, 10 — ішкі 
жалпы сүйек пластинкаларының жүйесі.


134
Остеонды бірінің ішіне бірі кіріп, концентрлі шеңберлер сияқты 


орналасқан, пішіні цилиндр тəрізді сүйек пластинкалары түзеді. Сүйек


пластинкалары бір-бірімен оссеомукоид арқылы желімденген, қалыңдығы 
10—150 нм оссеин талшықтарынан құралған. Остеонның орталығындағы
диаметрі 20—30 мкм остеон өзегі бойымен сүйекті қоректендіретін қан 
тамырлары өтеді. Тығыз сүйек затындағы остеондардың орташа диаметрі
100—170 мкм, ал оның қабырғасын 3 -тен 20 -ға дейін сүйек пластинкалары 
құрайды.
Сүйек пластинкаларының ендірме жүйесі — қабырғалары бұзылған 
бұрынғы
остеондардың 
қалдығы.
Құрылысы остеон қабырғасының 
құрылысына ұқсас остеоциттер қатарлары мен олардың аралықтарындағы
сүйек пластинкаларынан тұрады. 
Сыртқы жəне ішкі сүйек пластинкаларының жүйелері құрылысы
жағынан остеон қабырғасына ұқсас. Сүйек ұлпасын сыртынан сүйекқап 
қаптап жатады. Сүйекқаптағы қан тамырлары остеондар өзектеріне өтіп,
оларды бойлай таралып, сүйек ұлпасын қоректендіреді. Сынған немесе 
жарылған сүйектерді сүйекқаптың ішкі қабатындағы остеобласттар сүйек
ұлпасын түзу арқылы қалпына келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет