Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  11.  Грамматикалық тәсілдердің  бірі  -   интонация  сөйлемдер-



Pdf көрінісі
бет11/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   237

§  11.  Грамматикалық тәсілдердің  бірі  -   интонация  сөйлемдер- 
дің  айтылу  мақсаты  мен  интонациялық  өзгешеліктеріне  бай- 
ланысты  түрлерін  бір-бірінен  ажырататын  тәсіл  ретінде  қызмет
13


атқарады.  Сөйлемнің түрлері,  мысалы,  сұраулы  сөйлем  пайымдау 
мағынасындағы  сөйлемнен  (утвердительное  предложение)  не­
месе  күдіктену  мағынасындагы  сөйлем  таңдану  және  т.б.  мағы- 
налардағы  сөйлемдерден  интонация  арқылы  ажыратылады.  Мы­
салы,  Сен  кітапханага  барасың  гой  деген  сөйлемді  тұжырымдау 
интонациясымен  айтсақ,  хабарлы  сөйлем  болады  да,  сұрау 
интонациясымен айтсақ (мысалы:  Сен кітапханага барасың гоіі?), 
сұраулы  сөйлем  болады.  Бүл  сөйлемдер  кұрамы жағынан  біркелкі 
болып, бір-бірінен интонациялық айырмашылықтар (тұжырымдау 
интонациясы,  сұрау  интонациясы)  арқылы  ажыратылады.  Мүнан 
интонацияның  сөйлемдердің  мазмұнын  ажырата  аларлықтай 
мүмкіндігі  бар  екендігі  аңғарылады.  Қазақ  тілінде  құрамы 
жағынан  біркелкі  сөйлемдер,  мысалы:  Әні цандай? деген  сұраулы 
сөйлем  Әні  цандай! деген  лепті  сөйлем  бір-бірінен  интонациялық 
айырмашылықтар аркылы гана ажыратылады. Интонация эр алуан 
тілдерде сөйлемдердің түрлерін ажырататын  грамматикалық тэсіл 
ретінде  қызмет  атқарады.  Мысалы,  орыс  тілінде  қүрамы  бірдей 
Сегодня  холодно.  Сегодня  холодно?  Какой  у   нее  голос?  Какой  у  
нее  голос!  тәрізді  хабарлы,  сұраулы,  лепті  сөйлемдер  бір-бірінен 
интонациялық айырмашылықтар арқылы ажыратылады1.
Интонация  сөйлемнің  түрлерін  бір-бірінен  ажыратумен  бірге, 
сөз тіркесі  мен  сөйлемнің жігін  ажырататын  грамматикалық тәсіл 
ретінде  де  кызмет  атқарады.  Мысалы,  ол  оцушы,  мынау  дәптер 
тэрізді  анықтауыш  пен  анықталғыштан  қүралған  атрибутивті  сөз 
тіркестері  мен  Ол  —  оңушы;  Мынау  -   дәптер  тэрізді  сөйлемдер 
интонация арқылы ажыратылады.
Кейбір 
тілдерде 
грамматикалық 
қатынастар 
көбінесе 
синтаксистік амал-тәсілдермен беріледі.  Ондай тілдерде,  мысалы, 
қытай  тілінде,  интонация  грамматикалық  қатынастарды  білдіруде 
ең басты тәсілдердің бірі ретінде қызмет атқарады.
§  12.  Грамматикалық  тәсілдердің  қатарына  сөздердің  орын 
тәртібі,  ішкі  флексия, екпін тәсілдері де енеді.
Сөздердің  орын  тэртібі  сөз  түрлендіруші  формалары  аз 
тілдерде,  мысалы,  қытай  тілі  мен  ағылшын  тілінде  жэне  француз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет