Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  24.  Түркологиялык  әдебиеттерде  лексикалык  мағыналары



Pdf көрінісі
бет30/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   237

§  24.  Түркологиялык  әдебиеттерде  лексикалык  мағыналары 
бар,  өз  алдына  дербес  колданылатын  және  тілдің  қазіргі  қалпы 
түргысынан алғанда, ары карай бөлшектенбейтін негізгі  морфема­
лар ғана (мысалы: ел, ор, от,  ат, жол,  цан, қон, тон, жүмыс, балта, 
бидай,  цамыс, жүгір, жөткір, жалгыз жэне т.б.) тубір деп саналып 
жүр.  Ал  ентік,  ентеле  немесе  жөтел,  ж өткір  тәрізді  сөздердің 
кұрамында  ғана  қолданылатын,  қазірде  өз  алдына  дербестігі  жок 
ент-,  ж өт-  тәрізді  морфемалар  түбір  ретінде  танылмай,  аталған 
сөздер  (ентік,  ентеле,  жөтел,  ж өткір)  тұтас  калпында  түбір 
делініп  жүр.  Тілдің  казіргі  қалпы  түрғысынан  алғанда,  өз  алдына 
дербестігі  жоқ,  тек  сөз  кұрамында  қолданылатын  жогарыдағы 
тэрізді  морфемалардың  (ент-,  ж өт-)  алғашында  нактылы  лек­
сикалык  мағыналары  бар  дербес  сөздер  (немесе  түбірлер) 
болғандығын  ескерсек,  оларды  тарихи  тұрғыдан  алып  Караганда, 
түбір  деп  тануға  болады.  Мысалы,  түркі  тілдеріндегі,  соның 
ішінде қазак тіліндегі, көр (кору)  мен көз,  бүлік пен бүлін,  семіз бен 
семір,  жац  (от  жац)  пен  жан  (от  жанды)  тәрізді  жүп-жүбымен 
келген  сөздердің  эрбір  жүбының  түбірі  бір  екендігі  аңғарылып 
тұрады.  Көз  бен  кор  (кору)  деген  сөздердің,  тарихи  шығу  тегі
26


тұрғысынан  алғанда,  түбірі  кө-  болса,  булін  мен  бүлік  сөздерінің 
түбірі — бүл-. Қырғыз тіл білімі  маманы Б. М.  Юнусалиев «Қырғыз 
лексикологиясы»  атты  еңбегінде  жақ  жэне  жан  деген  етістіктер- 
дің  түбірі  — жа-,  ал  жақ  етістігінің  кұрамындағы  -қ  —  сабақты 
етістік тудыратын  жүрнак  та,  ж ан  деген  етістіктін  кұрамындагы 
  салт  етістік  тудыратын  жүрнақ деп  карайды1.  Бұған  қарағанда 
жа- морфемасының казіргі тілде өз алдына дербестігі жоқ алгаш- 
кы  (көне)  түбір  екендігі  көрінеді.  Қазіргі  гіддің  калпы  турғысы- 
нан  алғанда,  жац  пен  жан  деген  етістіктер  кұрамы  ажыратыл- 
майтын,  ягни  ары  карай  бөлшектенбейтін  біртұтас  морфемалар 
(түбірлер)  ретінде  танылады.  Ал  бүлардың  күрамындағы   жэне 
  аффикстері  алғашкы  түбірге  әбден  сіңісіп  кеткен де,  бүл  күнде 
олар  (-қ,  -н)  аталған  сөздердің  күрамында  аффикстер  ретінде 
каралмайды.  Осылар  тәріздес  түбірлер  мен  аффикстердің  бір- 
біріне кірігіп кетіп, біртүтас морфемаға айналу құбылысын кезін- 
де  профессор  В.  А.  Богородицкий  сіңісу  (опрощение)  қүбылысы 
деп  атаган  болатын2.
Жогарыда аталған  бүлік,  бүлін сөздерінің бастапқы түбірі  бүл- 
екеніне  қарамастан,  бұл  сөздердің  казіргі  тілде  бүл-ік,  бүл-ін 
болып  мүшеленбеуін  осы  аталган  сіңісу  кұбылысынын  нэтижесі 
деп  карауға болады. Аталған  сөздердің  (бүлік пен  бүлін)  құрамын- 
дагы  аффикстік  морфемалардың  (-ік,  -ін)  кандай  морфемалар 
екендігін  салыстыру  тэсілі  арқылы  айқындауға  болады.  Мысалы, 
бүлік  деген  сөздің  құрамындағы  -ік  аффиксі  (жүрнағы)  күй,  жел, 
тіл,  тын,  түн,  цаз,  тес,  сүра,  тіле,  кеті,  күре,  шірі  және  т.  б. 
осылар тәріздес түбір етістіктерге жалғанып, олардан күйік,  желік, 
тілік,  тыі/ьщ,  түныц,  цазыц,  тесік,  сүрсіц,  тілек,  кетік,  күрек, 
иіірік  тәрізді  есім  сөздер  жасайтын  -қ  (-к),  -ық  (-ік)  жүрнагымен 
сәйкес келеді. Ал  бүлін деген создің қүрамындағы -ін аффиксі күй, 
бу.  жу,  кгі,  өт,  сілкі,  сүра,  тіле,  ора,  қыр  деген  түбір  етістіктерге 
жалганып,  олардан  күйін,  буын,  жуын,  киін,  өтін,  сілкін,  сүран,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет