Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.
Мұғалім,(мұғалім немесе мұғалім) — келесі ұрпақты (кеңірек оқушыларды) тәрбиелеуге және оқытуға бағытталған ең көп таралған қоғамдық кәсіптердің бірі.
Педагог-шебер – оқытушылық және тәрбие жұмысымен айналысушы, оқу-тәрбие қызметінің технологиясын еркін меңгерген, бірқатар жылдар бойы жоғары нәтижелерге жетіп жүрген маман.[1]
Оқушы немесе білім алушы — белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады.
Монтессорибұл оқыту және тәрбие әдісі. Ол баланы күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін жағдайларды өздігінен шеше алуға бейімдейді
Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. Жоғары оқу орындары да бар.
Оқыту — ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымды, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.
Адамгершілік- адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", "ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары. Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады.
Ынталандырудеп адамды белгілі бір аспектілерде немесе міндеттерде жақсартуға итермелейтін барлық нәрсе ретінде анықтауға болады. Мұны бір нәрсеге қол жеткізгеннен кейін сыйлық немесе пайда ретінде қарастыруға болады; яғни бұл адамды белгілі бір әрекетті жақсырақ немесе тезірек жасауға итермелейтін нәрсе.
Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.