Кескіндемені қабылдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекеті Сөйлеу дегеніміз



бет1/2
Дата22.09.2022
өлшемі21,72 Kb.
#39868
  1   2
Байланысты:
Артпедагогика 28.06 2


Кескіндемені қабылдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекеті
Сөйлеу дегеніміз – адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.
Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенед. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан. Тілдік амалдар, сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері – көпшілікке ортақ объектвті категориялар. Осыған орай тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлеу, көпшілік алдына шығып сөйлеу, тыңдаушының білім дәрежесін, жасын ескеру т.б.) сай түрліше құрылады. Сөйлеудің осы жақтары – кімге болса да қажетті сипат. Мұның әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекі педагог А.С.Макаренко бұл жөнінде «балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек» деген. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппаратардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық ететрі т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сондықтан да сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі индивидуалдық творчествоға сүйенеді.
Сөйлеу – пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.
Біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.
Сөздің мағыналығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ғұлама Жүсіп Баласағұн: «Ақылды көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.
Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып-білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу интонациясын қабылдау кезінде артикуляциялық аппаратпен де адамның мәнерлі сөлеуі түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу не келіспеушілік білдіріледі. Қазақ тілінде айтулы мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді. Ал оларды айту арқылы сезім, тілек, өкініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның. Әр түрлі психикалық көңіл-күйі сезіледі. Мәнерлі сөйлей алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс) болып қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ылмишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады.
Деңгейлік тапсырмалар сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшеліктері мен білім қорларын ескеріп жасалады. Сонымен бірге мемлекеттік стандартта белгіленген білім беру қызметінің көлемі мен сапасы, жеке тұлға қалыптастыру талаптары жауап берсе, оқушының қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты мүмкіндік деңгей жұмыстарын орындату арқылы әрі қарай дамыту жұмыстары жүргізіледі. Деңгейлік тапсырмаларды құру кезінде, 4-сынып оқушыларының физио-психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, сөйлеудің түрлері қамтылды. Сыртқы сөйлеудің ауыз екі (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу жұмыстары енгізіледі. Ауызша сөйлеудің диалог және моногол түрлері тапсырмада орындалады. Пікірлесудің қандай түрлері болса да сөйлеу кезінде сөз арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі диалог сөйлеу болса, ол деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар мынандай психологиялық ерекшеліктерімен байқалады.
а) диалогта сөз бөгелмей еркін айтылады, ойды кең жайып айтуды тілемейді;
ә) сөйлем ықшам келеді, сүйемелдеп айтуды қажет етеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады;
б) диалогтың қисындығы, мазмұны кемдеу болады;
в) диалог сөз кең түрде жоспарланбайды, кейде тіптен сөз айтпай, ым-ишаратпен де көрсетіле салуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет