Кинематика гр kіnma, kіnmatos


Массалар центрі. Ішкі және сыртқы күштер. Нақты денелер үшін Ньютонның екінші заңы



бет11/22
Дата06.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#14507
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Массалар центрі. Ішкі және сыртқы күштер. Нақты денелер үшін Ньютонның екінші заңы


Кез келген денені материалық нүктелер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Мұндай нүктелерге, мысалға, денелерді құраушы бөлшектерді – оның молекулаларын жатқызуға болады.

Дененің массалар центрі деп, радиус-векторы () келесі формуламен анықталатын геометриялық нүктелерді атайды
, (2.4)
мұндағы mi — денені құраушы бөлшектер массасы; — олардың радиус-векторлары; m = mi — дененің жалпы массасы.

Денені құраушы барлық бөлшектер массаларының қосындысы дене массасы деп аталады.

ішкі және сыртқы күштер

Материалық нүктеден мөлшері үлкен және жеке бөлшектерден тұратын денелерге көшу күштерді ішкі және сыртқы күштер деп бөлуді талап етеді.

Сыртқы күштер деп, дене бөлшектеріне қоршаған орта тарапынан әсер ететін күштерді атайды.

Ішкі күштер деп, дене бөлшектерінің өзара әсерлесу күшін атайды.
Ньютонның үшінші заңына сәйкес, барлық ішкі күштердің қосындысы нөлге тең.

Инерциалық санақ жүйесінде дененің массалар центрінің үдеуі барлық сыртқы күштердің тең әсерлі күшіне тура пропорционал, дене массасына кері пропорционал.
. (2.8)

2. Ультракүлгін сәуле шығару — жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне іргелес, күлгін және радиосәулелер аралығында орналасқан, толқын ұзындығы 400—10нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электромагниттік сәулелер. Толқын ұзындығы қысқарған сайын мөлдір денелердің оларды сіңіруі күшейе түседі, ал ұзындығы 100 нм-ден кем сәулелер толық ұсталып қалады. Көптеген ғарыш денелері, әсіресе Күн ультракүлгін сәуле шығарады. Жерге түсетін ультракүлгін сәулелер А (толқын ұзындығы 400—320 нм), В (320-290 нм) және С (290-40 нм) болып бөлінеді. "А" ультракүлгін сәулесі Жер бетіне көрінетін сәулелермен (жарық сәулелерімен) қатар келіп жетеді, айтарлықтай фотохимиялық әсері бар, мысалы, теріні "тотықтырады" (секпіл басып кетеді). "В" ультракүлгін сәулесінің едәуір бөлігі Жер атмосферасының озон қабатында тұтылып қалады, тірі протоплазманы жою қасиеті бар. Ол көп мөлшерде әсер еткен жағдайда теріні күйдіреді, қабыршақтандырады, тері обырының кейбір түрлерінің (базальдық клеткалар ісігі, терінің тікенек тәріздес клеткаларының обыры, меланома) себепші болады. Жер бетіне келіп жететін "С" ультракүлгін сәулесі толығымен дерлік атмосфера қабатында тұтылып қалатындықтан, Жер бетіне жетпейді. Ультракүлгін сәулелер организмнің иммунитетін төмендетеді, әр түрлі көз ауруларына себепші болады.

Тарихы


Инфрақызыл сәуленің анықталғанынан кейін, неміс физигі Иоганн Вильгельм Риттер спектрдің қарсысындағы, күлгін түстен толқын ұзындығы қысқа сәулені зерттеуді бастады. 1801 жылы көрінбейтін ол жарықта ыдырайтын күміс хлориді күлгін ауданның шекарасынан тыста орналасқан көрінбейтін сәуле әсерінен тезірек ыдырайтынын байқады. Күміс хлориді жарықта бірнеше минут ішінде күңгірттенеді, ал спектрдің әр бөлігі процесс жылдамдығына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Күлгін түске дейінгі ауданда бұл процесс ең тез байқалады. Сол кезде көпртеген ғалымдар жарық үш компоненттен құралады деген тұжырымға келді: тотықтандыратын (инфрақызыл), жарықтандыратын (көрінетін жарық) және тотықсыздандыратын (ультракүлгін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет