Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс


Сұлтан сарайындағы рәсімдер



бет12/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Сұлтан сарайындағы рәсімдер. Ат үстінде өмір кешкен мәмлүктер бейбіт кезеңдерде сән-салтанат, сауыққа толы өмір кешкен. Сұлтан сарайында күніне бес рет дастархан жайылатын болған. Сұлтан шеруінде, діни мейрамдар не ірі оқиғалар кезінде ерекше дастархан жайылып, көл-көсір тамақ берілетін. Сұлтан түскі ас пен кешке жайылатын “хасс” – арнайы деп аталатын екі дастарханға міндетті түрде қатысады. Сұлтан күзетіндегілер де мол дастарханмен тамақтанған.

Мәмлүк сұлтандары бейбіт кезеңдерде тұрғын халықтың “езулерінен сары май ағызып” ұлан-асыр тойлар жасайтын. Мәмлүк дәуірінде халық жаппай қатысатын діни, жергілікті және сұлтандық мерекелер өтпейтін ай болмаған десе де болады. Мұхаррам айының бірінде - һижра бойынша жаңа жыл күні мемлекеттің халифасы мен қазылар сұлтанды жаңа жылмен құттықтауға баратын болған. Он екі жылға созылған үзілістен кейін қажылықты қайта жандандырған Бейбарыс бұл мерекемен қасиетті жерлерге жол қауіпсіз екендігін білдіру және қажылыққа барғысы келетіндердің алдын-ала дайындалуға шақыру үшін арнайы істейтін рәсім болатын.

Сұлтанның жеңіспен қайтуы да жорықтан келгенде ерекше аталып өтілген. Айта кететіні сұлтан Бейбарысқа тән бір ерекшелік – ол жөн-жосықсыз дүние шашуға қарсы болатын.

Сұлтан перзенттері мен әмірлердің балаларын сүндетке отыруына байланысты үлкен той жасалатын болған. Діни тыйымға қарамастан мәмлүктер шарапты жасырын да, жария да іше беретін болған. Сұлтан Бейбарыс ішімдікке қарсы аяусыз күрес жүргізсе, кейінгі сұлтандар шарап ішуге мәмлүк өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қараған. Етті де өте көп жеген. Мәмлүктердің қымыз ішіп, жылқы етін жеп қана қоймай, киіз үйлерді де ұмытпағандықтары өте қызық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет