Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс


Жаиб – сұлтанның орынбасарлары Отақ



бет33/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Жаиб – сұлтанның орынбасарлары

Отақ - отау, үлкен киіз үй

Таблхана – дабыл, сырнай, керней және т.б. музыкалық аспаптар сақталатын қойма немесе сол қойманы басқаратын адам.

Тамға – мәмлүк заманында хаттың үстіңгі жағына және жылқыға басылатын мөр, белгі.

Тұлып – сұлтанға еріп жүретін салт аттылар тобы.

Уақып – мұрагері жоқ немесе ерікті түрде қоғамдық мақсатта пайдалануға берілген қаржы немесе жылжымайтын дүние-мүлік.

Фарандж- француз немесе жалпы кресшілер деген ұғымды білдіреді.

Хараке – киіз үй, кереге деген сөздің арабша бұрмаланған түрі.

һижра (жер аудару, қоныс аудару) – Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) Меккеден Мәдинаға көшуі.

ХРОНОЛОГИЯ

Қыпшақ Байбарыс – 1225 жылы Қыпшақ даласында Еділ мен Жайық өзендерінің ортасындағы кеңістікте дүниеге келеді.

Қыпшақ Байбарыс шамамен 1240 жылдары моңғолдардан қашқан қыпшақтардың Қырымға Сиваш арқылы өтер жерде бұлғарлардың қолына түсіп, құлдыққа сатылады.

Мәмлүк Байбарыс Кіші Азиядағы Сиуас құл базарында Мысырға сатылады.

Мәмлүк Байбарысты 1243 жылы Дамаск қаласындағы Хан қылыш базарында әмір Айтегін әл-Бұндуқдар сыртынан сатып алады.

1245 жылы Мәмлүк Байбарыс он тоғыз жасында Мысыр сұлтаны Наджмуддин Аюптың қол астына алынады. Құлдықтан босатылып еркіндік алады.

1246 жылы әмір Байбарыс сұлтанның жандары* мансабын иеленеді.

1250 жылы 2 мамырда Тураншахты қылышпен шауып, мәмлүк төңкерісін бастайды.

1254 жылы 27 қыркүйекте бір топ қыпшақпен Каирді тастап шығады.

1256 жылға дейін Шам иеліктерінде болады.

Осы жылы Карак билеушісіне кетеді.

1257 жылы Шам билеушісіне қайтып барады.

6 жыл сыртта жүріп Құтыз әскерімен екі рет шайқасады.

1260 жылдың ақпан айында сұлтан Құтызға қайтады.

1260 жылдың 3 қыркүйегінде Кетбұқа ноян қосындарымен болған Айн Джалут шайқасына қатысады. Алдымен мәмлүк әскерінің авангардын, шайқас кезінде сол қанатын басқарады.

1260 жылы қазанның 22-күні Каир шаһарында сұлтандық таққы отырады.

1261 жылы Жоғары Мысырдағы арабтар көтерілісін басады.

Сол жылы Каир қаласындағы шииттер көтерілісін басады.

Шам елдеріндегі әмір Санжар бүлігін басады.

1261 жылы Каирде қуыршақ аббасид халифасын отырғызды.

1263 жылы үлкен ұлы Берекеханды тақ мұрагері етіп жариялайды.

1263 жылы Алтын Ордамен елшіліктер алмаса бастайды.

1264 жылы Иран елхандарымен шекаралас жерлердегі бекіністерді күшейте бастайды.

1264 жылы Ислам дінінің төрт мазһабына жеке қазылар сайлап бір ғимаратқа отырғызады.

1266 жылы тамыз айында Дарбасак шайқасында армяндарды ойсырата жеңеді.

1266 жылы шарап пен жезөкшелікке қарсы күрес ашады.

1268 жылы Антиохия әмірлігін бағындырады.

1269 жылы қажылыққа барады. Мекке менен Мадинадан тунистік хафасидтер халифасының әкімдерін қуады.

1272 жылы Бира мекенінде біріккен түрік-моңғол әскерін талқандайды.

1261-1271 жылдар арасында кресшілердің ондаған бекіністері мен қамалдарын алады.

1270 жылы 17 кемемен Каир аралына шабуыл жасайды.

1273 жылы кіші Армения мемлекетін біржолата күйретеді.

1276 жылы Даңқала шайқасында Нуба әскерін жеңеді.

1277 жылы Убулстин шайқасында моңғолдар мен түріктердің біріккен қолын талқандайды. Қайсария қаласында түрік тағына отырады. Румды толық өзіне бағындыруға ұмтылады.



1277 – жылдың 20 маусымында қайтыс болады. Дамаскіде жерленеді. Баласы Беркехан әкесінің басына Мадраса Заһирия деп аталған медресе-мешіт салады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет