Коммуникация


  Сыпайы қарым-қатынас үлгілері



Pdf көрінісі
бет235/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   246
1.  Сыпайы қарым-қатынас үлгілері
Арзанға  түсіп,  қымбатқа  бағаланатын  нәрсе  -   сыпайылық.  Бір 
қарағанда,  айқын,  түсінікті  нәрсені  талдап,  оған  мысал  келтірудің 
қажеті не деген ой туындауы мүмкін. Алайда алдыңғы тарауда орыс 
тілінде  қабылданған  ереже,  нұсқаулардың  (Не  соритьІ/Ластауға 
болмайды!/,  Не  курить!/Шылым  шегуге  болмайды!/,  Не  входить! / 
Кіруге  болмайды!/ және т.б.). түрлері туралы  сөз  қозғалған  еді.  Қа- 
рапайым халы қ- реципиенттер  өзімізге  қаратыла  айтылған  клише 
нусқауларды, тыйымдарды тиісті  нәрсе  ретінде қабылдап, олардың 
біздің тұлға  ретінде  қалыптасуымызға,  бір-бірімізбен  қарым-қаты- 
насымызға,  жас  үрпаққа,  жалпы  қоғамдағы  ахуалға  қалай  ықпал 
ететініне ой  жүгірте бермейміз.
Ағылшын  тілінде  адресатқа  барынша  сыпайы  қарым-қатынас 
жасау,  жеке  сыпайы  өтініш  білдіру түрлері  кең тараған.  Please /мар- 
хабат/  сөзімен  де,  сөзінсіз  де  келетін  өтініш  түрлерін  саралау бары- 
сында ақпарат түрлерінің барлығын (ескерту, нұсқау, тыйым) сыпайы 
түрде,  please  сөзін  қолдану  арқылы  жасауға  болатыны  анықталды. 
Әсіресе  адамдардан  өздеріне  жайлы  жағдайдан  өзгелер  үшін  бас 
тартуларын өтінген кезде please сөзін қолдану қалыптасқан. Мысалы:
Please,  give  up this  seat  if an  elderly  or handicapped  person  needs 
it  [Карт  не  мүмкіндігі  шектеулі  адамдарға  қажет  болған  жағдайда 
орындарыңызды  берулеріңізді  өтінеміз];
Please, offer this seat to an elderly or disabled passenger [Бұл орын- 
ды  қарт немесе  науқас жүргіншілерге  қалдыруыңызды өтінеміз];
Won't you please give this seat to the elderly or handicapped. Please 
exit through  back door [... Артқы  есіктен  шығуыңызды  өтінеміз];
Please,  take  all  your  litter  away  with  you  [Өзіңізбен  бірге  барлық 
қоқыстарыңызды ала  кетуіңізді  өтінеміз];
Please,  remember  to  take  all  your  belongings  with  you  when  you 
leave the train  [Пойыздан түсерде заттарыңызды  қалдырып  кетпеу- 
леріңізді  өтінеміз];
Please,  keep clear the gate  [Есікке сүйенбеулеріңізді  өтінеміз].
Өтініштердің  бәрінде  the  elderly  [қарт]  сөзі  асқан  сақтықпен 
алынған,  the  old  [кәрі]  сөзіне  қарағанда  қулаққа  жағымды,  жылы 
тиеді.  Invalid  [мугедек]  сөзі  қолданыс  аясынан  шығып  қалды  десе 
де  болады,  алғашында  бұл  сөзді  handicapped  [физикалық/ақыл-ой 
кемістігі  бар]  сөзі  алмастырса,  кейіннен  оныңорнын  disabled  [мүм- 
кіндігі  шектеулі]  сөзі  басты.  Орыс  тілі  әуелгі  қалпынан  таймай,  әлі 
де  места  для  инвалидов  (мүгедектерге  арналған  орын)  деп  келеді,
292


біз үшін  бул үйреншікті, тіпті медициналык, терминнің тиімді  қолда- 
нысы сияқты көрінеді. Пожалуйста /мархабат/ сөзі өте сирек қолда- 
нылады. Ағылшын тілінде сыпайы  өтініштің будан  басқа да  айлалы 
тәсілі бар:
Thank you  for not  smoking [Темекі  шекпейтініңіз үшін  рақмет];
Thank you for bringing your tray to the point [Подносты өз орнына 
қойғаныңыз ушін  рақмет].
Осы  ескерту  Лондондағы  музей  кафесінің  қабырғасында  ілініп 
тур  екен.  Қасымдағы  серігім,  11  жасар  мектеп  оқушысы  Гризельда 
Юрданнан  ескертуге  қалай  қарайтынын  сурадым.  Ол  кідірместен:
«It  works.  They are  making  you  feel  bad  if you  do  not  bring this tray /
Бул  эсер  етеді.  Подносты  орнына  апарып  қоймасаң,  өзіңді  ыңғай- 
сыз сезінесің/», -  деп  жауап  берді.
Сыпайы  қарым-қатынас  жасаудың  кең  тараған  нусқасы  -   әсіре 
сыпайылық көрсету. (Негізі әсіре сыпайылык, корсету деген бола ма, 
білмедім.  Бәлкім,  олай  өбектеткенге  үйренбеген  бізге  солай  көрі- 
нетін  шығар).  Сыпайы  қарым-қатынас  жасау  тәсілдерін  бір  мәтін- 
де  шоғырландыру өтінішті тиімді орындатуға септігін тигізеді деген 
пікірлер бар.  Келтірілген мысалдарда please  бен thank you  [рақмет] 
сөздері  немесе  please  и  would  you  not...  формалары  қатар  қолда- 
нылған.  Кімнің  қайда  нұсқау  беріп  турғанына  да  назар  аударған 
жөн. Атақты  Варвик  қорғанындағы өтініш-нүсқауда  екі  есе сыпайы- 
лық  көрсетілген.  Бұның  өзі  ортағасырлық  серілікті,  ибалылықты, 
тектілікті  білдірсе керек:
Please close the door. Thank you 
(Варвик қорғаны)
Please,  keep  quiet along this gallery. Thank you 
(Варвик  қорғаны)
Please,  keep off the grass.Thank you 
(Варвик қорғаны)
Please,  check the system  before you  leave!
Thank you
(Вашингтондағы ACTR офисі)
Please,  close all  the windows before  leaving 
the  room at the end  of the day 
Thank you
(Ланкастер университеті)
I n the interest of the majority of our passengers please 
жүргіншілердің 
көпшілігінің
 
мүддесі үшін 
ав- 
would you  not smoke on this  bus 
тобүста 
шылым  ше"пеҮЖ'ЗДі өііиеміз.
(Бат, Ұлыбритания)
Канберрада тыйым салынған орынға қойылған машина әйнегіне 
полиция  қызметкері  мынадай  бір  жапырақ  қағаз  қалдырыпты: This 
vehicle  is illegally  parked.  Please  refrain from  parking in this area  again.
Есікті жабуыңызды өтінеміз.  Рақмет.
Галереяда  тыныштық  сақтауларыңызды  өті- 
неміз.  Рақмет.
Көгэлды баспаүларыңызды өтінеміз.  Рақмет.
Кетеріңізде жүйені тексеруіңізді 
өтімеміз!  Рақмет.
Жумыс  күнінің  соңында  барлық  терезелерді 
жабүыңызды өтінеміз.
Рақмет.


Thank you.  [Бұл  автокөлік тыйым  салынған  орынға  қойылыпты.  Ке- 
лесі  жолы  көлігіңізді  бұл  жерге  қоймауыңызды  өтінеміз.  Рақмет]. 
Формасы аса  сыпайы (please, thank you) мазмұны  біз үшін де,  басқа 
мәдениет өкілдері  үшін де  адам  нанғысыз.  Бұл  бір жапырақ қағаз -  
алдын  ала  басып  шығарылған типтік үлгі.  Бул  жай  ғана  сыпайылык, 
не  жасанды  саяси  әдеп  сақтау  емес,  бұл  дегеніңіз -   кейбір  «өрке- 
ниетті  елдерде»  ұмыт  болған  мемлекеттің адамға  деген  нағыз  шы- 
найы  қатынасы.  Австралияның  тылсым  табиғаты  секілді  тек  сонда 
ғана  кездесетін  құбылыс.  Бала  кезімізде ойнайтын  бір ойынды  еске 
салады:  «Первый  раз -  прощается,  второй -  запрещается,  а  на  тре­
тий  навсегда  закрываем  ворота  /Бірінші  рет  кешіріледі,  екінші  рет 
тыйым салынады, ал үшінші рет қақпаны  мулде жабамыз/». Өкініш- 
тісі,  бул ойынды  қазір ешкім ойнамайды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет