Көріскенде, Денсаулығың қалай



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата07.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   2   3   4   5

З.Айдарханова

Лебяжі орталық аудандық

аурухананың бас дәрігері.  

 «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік 

бағдарламасының іске асырылуы туралы

15  маусым  -  Медицина  қызметкерлері 

2


14.06.2014ж.  №23 /7699/

А ќ ќ у   ‰ н і

3

Өнегелі отбасы – мемлекет тірегі

Адамның 


жеке 

басының 


алғашқы  қалыптасуы  отбасынан 

басталады.  Оның  ер  жетіп 

өсуі, 

бойындағы 



алғашқы 

адамгершілік белгілер отбасында 

қалыптасады,  Сондықтан  туған 

үйдің жылуы – оның көкірегінде 

көп  жылдар  бойы  сақталып, 

мәңгі  есінде  жүреді.  Ақын 

сөзімен  айтқанда:  «Отбасы  – 

табиғат  сыйлаған  кереметтердің 

бірі».  Жеке  адамның  бойындағы 

ар-ұяты,  ақыл-ойы,  адамгершілігі,  басқа  адамдармен  қарым-

қатынаста,  мәдениеттілікті  тәрбиелеуде  отбасы  алғашқы 

қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен 

ауыстыруға  болмайтын  баспалдақ.  Отбасы  –  сыйластық, 

жарастық орнаған орта. 

Өнегелі  құндылықтарды  жаңғыртуға  және  отбасы  мен 

некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға 

бағытталған  «Мерейлі  отбасы»    ұлттық    конкурсының 

төңірегінде ауданымыздың Жамбыл ауылында тұратын үлгілі, 

көпбалалы Балгиндер жанұясы жайлы айтпақпын.

Бақытты отбасын құру екі- адамның қолынан келеді. Бірі – 

отағасы да, екіншісі – отанасы. Өйткені, ата-ана – отбасының 

сәулетшілері.  Осы  отбасының  тірегі  Балгин  Қайыргелді  аға-

ның өзі де көпбалалы отбасының тәрбиесін көріп өскен жан. 

Әкесі  шабан,  анасы  бала  тәрбиесімен  айналысқан.  Қ.Балгин 

1947  жылы  Лебяжі  ауданы  Подпуск  ауылында  дүниеге 

келіп,  мектеп  бітірген  соң,  жүргізуші    мамандығын  алады. 

Осы  мамандығы  бойынша  зейнеткерлік  жасқа  дейін  аянбай, 

абыройлы қызмет етеді. Жемісті еңбегінің нәтижесінде біршама 

марапаттауларға  ие  болған.  Мәселен,  1989  жылы  алдыңғы 

қатарлы  қызметкер  ретінде  Лебяжі  ауданының  50  жылдық 

мерейтойында  арнайы  сыяпатқа  ие  болған.  Ал,  отанасы 

Манашова Жансұлу Сүлейменқызы 1946 жылы Қызылқоғамда 

қарапайым шаруа отбасында дүние есігін ашқан. Жанұядағы 

бес баладан, қазіргі таңда Жансұлу апа ғана қалған. 1964 жылы 

Потанин  мектебін  бітірген  соң,  Павлодар  Педагогикалық 

Институтының  физика-  математика  факультетін  бітіріп, 

еңбек  жолын  Бірінші  -  май  орталау  мектебінде  математика 

пәнінен сабақ берумен бастайды. Осы жолда 38 жыл қызмет 

етеді.  Бұл  жылдардың  ішінде  Жансұлу  Сүлейменқызының 

жеткен  жетістіктері  мен  асқан  асулары  бір  төбе.  Аудандық, 

облыстық марапаттаулармен қоса «Еңбек ардагері» медалін де 

төсіне іледі. Абыройлы еңбек ете жүріп, жеті баланы өмірге 

әкелген  батыр  ана.  Бүгінде  Жансұлу  апа  көпбалалы  «Алтын 

алқа»  иегері.  Ұрпақтарын  білікті  білімді,  ұлтжанды  етіп 

тәрбиелеумен  қоса,  ұлын  ұяға,  қыздарын  қияға  қондырған 

бақытты  ата-ана.  Балаларының  тұңғышы  Айгүл  экономика- 

статистика мамандығы бойынша Павлодар қаласында қызмет 

етеді.  Отағасымен  бірге  екі  ұл  тәрбиелеп  отырған  шағын 

әулет.  Ұлының  үлкені  Лебяжі  ауданында  банк  қызметкері. 

Үлкен  әулеттің  екінші  баласы  Балгин  Санаттың  мамандығы 

мал дәрігері. Жанұясында үш баланың әкесі, жары Павлодар  

қалалық «Бастау» фирмасының бас есепшісі. Әулеттің екінші 

қызы Гүлнәзи қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жоғары 

санаттағы білікті ұстаз. Үш қыз өсіріп отырған үлгілі отбасы. 

Қыздарының үлкені өткен жылы мектепті «Алтын белгімен» 

бітіріп,  қазіргі  уақытта  Алматы  қаласында  ҚазГУ  де  білімін 

жалғастыруда. Балгиндер жанұясының өнегелі ұрпақтарының 

тағы бірі ауданымыздағы   Ямышев орта мектебінің директоры 

Бағдат Қайыргелдіқызы. Жолдасымен бірге үш ұлды мәпелеп 

отыр. Ал, Динара Балгина екі мамандықты меңгерген.  ПГУ-дің 

физика -математика факультетін тәмамдаған соң, КИПМО-ны 

бітіріп, қазіргі таңда Павлолдар қалалық ішкі істер органының 

бас маманы, шенді капитан. Жолдасы Ерланмен бірге екі ұл 

тәрбиелеп отыр. Өнегелі әулеттің Шынар қыздары мамандығы 

бойынша Павлодар қаласындағы қазақ -түрік қыздар лицейінің 

психологі. Үйдің кенжесі Салтанат ұстаздық жолды арқау етіп, 

бүгінде Павлодар  қалалық Н.Назарбаев зияткерлік мектебінде 

биология  пәнінен  сабақ  беріп  жүрген  білімді  азаматша. 

Отбасын құрған, жолдасы дене тәрбиесінің мұғалімі. 

Міне, осындай өнегелі, білімді ұрпақ өсіріп отырған мерейлі 

Балгиндер  отбасының  бақытты  отағасы  мен  отанасы  жеті 

баладан он төрт немере-жиенді көріп отырған ақсақалды ата 

мен ақ жаулықты әже. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы 

ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  

Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі жанұяның әсері мол 

екенін жақсы білетін мерейлі отбасы. 

Отбасы  мүшелерінің  жас  шамасы  әр  түрлі  болса  да, 

олардың  арасында  бір-бірімен  рухани  жақындығы,  мақсат 

ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов 

өзінің жарына арнаған бір өлеңінде, «Отбасы – шағын мемлекет, 

мен  –  президент,  сен  –премьер»,  дегені  бар.  Шынында, 

отбасы  –  ол  да  бір  шағын  мемлекет.  Сондықтан  отбасының 

құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін  қорғаған, отбасының 

ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне 

қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» 

деген  сөздің  мәнісі  де  осында.  Отбасы  –  адам  баласының 

алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген 

сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. 

Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті 

мектебі деп білгеніміз жөн.



Әсемгүл БЕРДЕЛХАНҚЫЗЫ.

Мерейлі отбасы

Бастауышым – балбұлағым

Таным

Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің 

атқаратын 

жұмыстарының 

зор 

екендігі 



белгілі. 

Әдістемелік  бірлестік  жұмысының  негізгі  түрлерінің 

бірі  -  пән  апталықтарын  өткізу.  Біздің    Малыбай  жалпы 

орта  білім  беретін  мектебімізде    әдістемелік  бірлестіктің 

ұйымдастыруымен  бастауыш сыныптар  апталығын өткізу 

дәстүрге айналған. 

Ағымдағы 

жылдың 


сәуір 

айында 


мектебімізде 

«Бастауышым  –  бал  бұлағым»  атты  бастауыш  сыныптар 

апталығы  өткізілді.  Апталықты    өткізудегі  мақсатымыз 

-    ақпараттық  технологияларды  пайдалана  отырып, 

оқушыларға  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта 

қосымша  білім  бере  отырып,  олардың  білімге  деген 

қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын 

қалыптастыру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын 

ұйымдастыру қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастырылған  апталық  барысында    құрылған 

жос-парға  сай  пәндер  бойынша    ашық  сабақтар, 

зияткерлік  ойындар,  викториналар,  сөзжұмбақ  пен  ребус 

сайыстары,  қолөнер  мен  суреттер  көрмесі,  спорттық 

іс-  шаралар  өткізілді.  Мұғалімдер  ашық  сабақтарында 

жаңа  инновациялық  технологиялардың  әдіс  –тәсілдерін 

тиімділігіне  қарай  шебер  қолдана  білді.  Сабақтардың 

құрылымы  жүйелі  құрылды.    Оқытуды  ұйымдастырудың 

әр  түрлі  формалары:  ұжымдық,  топтық,  жұптық  жұмыс 

түрлерін  кеңінен  пайдаланды.  Ашық  сабақтарға    пән 

мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, 

жақсы  баға  берілді.  Атап  айтқанда,  заман  талабына 

сай  ақпараттық  технологияны  пайдалану  мақсатында 

интерактивті  тақтамен  өткізген  сабақтар    жоғары 

бағаланды. 

Танымдық,  шығармашылық  қабілеттерін  арттыру 

мақсатында қазақ тілі пәні бойынша 3-4 сыныптар арасын-

да «Алғырлар мен тапқырлар» сайысы (Кушмитова А.Б.), 

математика  пәні  бойынша  2  –  3    сыныптар  арасында 

«Математика  еліне  саяхат»  атты    зияткерлік  ойыны  мен 

«Математикалық  сөзжұмбақтар  мен  ребустар»  сайысы 

(Майтонова А.А.), дүниетану пәні бойынша 2-4 сыныптар 

арасында  «Жұлдызды  сәт»    сайысы    (Асанова  А.С.), 

«Мен  -  өнерлі  баламын»  атты  қолөнер  -  сурет  көрмесі 

(Майтонова.А.А.),    спорттық  «Көңілді  старт»  ойындары  

тартымды, әрі өте қызықты өтті.

Барлық іс- шаралар тек оқушылардың ғана емес, сонымен 

қатар  көрермендер  арасында    да  өтті.  Ата-  аналар    өз 

тараптарынан    жылы  лебіздерін  айтып,  ризашылықтарын 

білдірді. 

Тәрбие сағаттарына бастауыш сынып оқушылары белсене 

ат  -  салысты.  Әсіресе  апталықта  өткен    «  Мен-  өнерлі 

баламын» атты  қолөнер-  сурет  байқауында оқушылар өз 

өнерлерін    жұмыстарымен  дәлелдеді.  Көрмеге  оқушылар 

қызыға  қатысып,  шығармашылық  қабілеттерін  жан  – 

жақты  көрсете  білді.  Оқушылардың  суреттері  мазмұнды, 

әсем боялғандығымен  бағаланды.

Апталық    бастауыш  сынып  оқушыларына  ерекше 

естерінде қалатындай мереке болды. Апталықта өткен іс-

шараларға  белсене  қатысқан  оқушылардың  еңбегі  алдағы 

уақытта басқа оқушыларға үлгі болады деп ойлаймыз.  Пән 

апталығының салтанатты жабылуында апта бойы өткізіл-

ген  барлық  сайыстар  мен  іс-шаралардың    қорытындысы 

жасалып,  жеңімпаздар    мен  жүлдегерлер    грамоталар,  

алғыс хаттар және  сыйлықтармен марапатталды.                                          

                                         А.Майтонова                                             

Малыбай жалпы орта білім беру мектебінің 

                        бастауыш сынып мұғалімі.

Балалық бал кезім

Балалар шығармашылығынан

Балалық 


бал 

кезім. 


Сіздермен 

бөліспек 

сырым  да  осы  тақырып 

төңірегінде 

болмақ.  

Балалық 


шақты 

еске 


алғанда,  сол  бір  балғын 

кездерге  деген  сағыныш 

сезімі туады екен. Балалық 

шақтағы 


бал 

күндерің 

көңілді 

өтсін, 


мейлі 

көңілсіз  өтсін,  ол  адам 

өміріндегі 

ұмытылмас 

сәт.  Сол  кезде  көрген 

–  білгендерің,  дағдыла-

рың  адам  мінез-құлқына, 

адамдық  қасиетіне  тайға 

таңба  басқандай  терең 

ұялап,  тұтас  өміріне  әсер 

етеді.  

Мен  бала  кезімде  биші 

және  прокурор  болуды 

армандадым.  Сол  кездегі 

қос арманымның бірі орын-

далған сияқты. Олай дейтін 

себебім,  мен  7  жасымнан 

әртүрлі  концерттерде  би 

билеп,  ән  айтып  жүрмін. 

Соған  септігін  тигізіп, 

мені  осындай  белестерге 

жетелеп  жүрген  адам  да 

бар. Ол - Жұмақан атам. 

Балалық 


шағымның 

қызықты  сәттері  көп,  ол-

ардың бәрін ақ қағаз бетіне 

жазып  бітіре  алмайсың.  

Екінші Орал атаммен екеу-

іміз  орындықтардан  сөре 

жасап,  дүкен  құрастырып, 

мен 


– 

сатушы, 


атам- 

сатып 


алушы 

болып 


ойнайтынбыз. 

Кішкене 


кезімде 

ата-анамызбен 

өте  көп  қыдырып,  әртүрлі 

саябақтарға  баратынбыз. 

Балалық 

шақ 


адам 

өмірінің  бір  ұмытылмас 

бөлігі  іспетті.  Есейген, 

ақыл 


тоқтатқан 

кезде 


балалық  шақта  істеген 

қылықтарыңды  еске  ала 

отырып,  мен  неге  солай 

істедім  екен  деп  өзіңді-

өзің  сөгіп  отырасың.  Ал 

кейбір  жағдайларды  еске 

алып  өзіңе-өзің  қуанып, 

өзіңді  мақтан  тұтасың. 

Әр  адамға  өзінің  балалық 

шағы  ыстық.  Маған  да 

өзімнің  балалық  шағым 

ыстық.  Білем,  мен  әлі 

де  балалық  шақты  аттап 

кеткен 


жоқпын. 

Бірақ 


та  маған  өзімнің  титтей 

бала болып, қаз-қаз басып 

жүрген  кездерім  ұнайды. 

Адам  өміріңдегі  қызықты 

кездер  осы  балалық  шақ-

та.  Сондықтан,  осындай 

балалық  шақтағы  қызық-

ты  кездеріңді  ұмытпай, 

көңілсіз  болған  кезде  еске 

алып,  қуанып  отырыңдар 

дегім келеді.          

   Наби Жадыра,



Жамбыл орта мектебі 

7 «а» сынып оқушысы.

Балалық шақ- әр баланың 

басынан  өтетін  тәтті  сәт. 

Балалық  шақ  қызықты 

қылықтар  мен  оқиғаларға 

толы. 


Менің 

балалық 


шағым  қызықты  болды. 

Тіпті    ертегі  секілді.  Осы 

ертегі еш уақыт аяқталмаса 

екен дейсің кейде. Мен әлі 

де  өз  балғын  шағымды 

сағынудамын. 

Сол 

бір 


тәтті  кезеңде  уайымды, 

ренжуді білмейтінмін. Тек 

ойының  етегінде  кеткен 

бала  болдық  қой.  Қазір 

біз  есейдік,  сондықтан 

балалық 


шақты 

жақсы 


көнілмен,  жақсы  оймен 

еске аламыз. 

Балалық  шақ  өмірдің 

кішкентай ғана бөлігі болса 

да,  сол  шақ  төңірегіндегі 

естелік едәуір мол. 

«Қайран  балалық  шақ» 

деп қол сермедік. Біз есеюге 

апаратын 

баспалдақта 

тұрмыз.  Сондықтан  төмен 

түспей,  жоғары,  тек  қана 

жоғары  көтеріле  берейік. 

Қайтып  келмес  балалық 

шақты ұмытпай күнде еске 

алайық,  Сонда  көніліміз 

көтеріліп қалады. Қош бол 

балалық шақ!



Альмира Нургамитова,                                                                                                         

Жамбыл жалпы орта 

білім беретін  мектебінің 

7 «а» сынып оқушысы.

Балғын балалық шақ

Менің балалық шағым

Әр 


адамға 

өзінің 


балалық  шағы  өте  ыстық. 

Үлкен  мұхиттай  тұнық 

өмірдің  шағын  ғана  бір 

бөлігі.  Бірақ  осы  шағын 

бөлік 

қанша 


тамаша 

сәттерге  толы.  Мен  14 

жастамын. Дегенмен бала-

лық  кезеңнен  әлі  де  болса 

аттап 

кеткен 


жоқпын. 

Кешегі  титтей  кішкентай 

кезім қызық әрі өте қанық 

түстерге толы болды. Мен 

оны ешқашан ұмытпаймын. 

Әрқайсымыздың 

балғын 

сәттеріміз 



жанұямызбен 

өтеді. Менің арманым осы 

жанұям 

мәңгі 


менімен 

бірге  болса  екен  деймін. 

Бала  кезіміз  күлкі  мен 

бала ренішке  толы сәттер 

ғой. 

Балғын 


сәттерді 

естен 


шығару 

мүмкін 


емес.  Осындай  сәттердің  

қейбірін  еске  түсіргенде, 

өз-өзіме  көңілім  толмай 

ұрысып аламын. Сол кезде 

жасаған  көптеген  оғаш 

қылықтарым  үшін  маған 

өкпелеп қалған адамдардан 

кешірім  сұраймын.  Кей 

сәттерді еске алғанда тіпті  

ішек  қатып  күлгенім  де 

бар.  Балалық  шақ  балдай 

тәтті ғой, арасында ащысы 

болса  да,  ол-  балалық 

еркеліктің 

еншісінде. 

Ертең  есейген  шағымызда 

балалығымызды 

қатты 


сағынатын 

болармыз. 

Әрине,  сағынамыз.  Қазір 

бізде  сағыныш  бар,  бірақ 

ол 

соншалықты 



қатты 

емес. 


Достар, 

есеюге 


асықпайық. 

Оған 


әлі 

жетеміз  ғой.  Бірақ  балғын 

шақ 

кетісімен 



қайтып 

оралмас  ешқашан.    Сол 

себепті,  сенің  балалык 

шағың  -      өміріндегі  ең 

басты 

байлығың 



дегім 

келді.


Гульмира Нургамитова,                                                 

Жамбыл жалпы орта                                                

білім беретін мектебінің                                              

7 «а» сынып оқушысы.                                                    

14.06.2014ж.  № 23 /7699/

А ќ ќ у   ‰ н і

4

Мемлекет тағдыры – баршамыздың 

және әрқайсымыздың тағдырымыз

Толғандырар тақырып

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановпен әңгіме

–  Жақында  Дін  істері  агент тігінің 

құрылғанына үш жыл толды. Атқарылған 

істер  көпші лік  тің  көз  алдында.  Десек  те, 

ең  бас ты  нәтижелер  ретінде  нені  атар 

едіңіз?

–  Қазір  Қазақстандағы  діни  ахуалды 

тұрақты  деп  айтуға  толық  негіз  бар.  Бұл 

–  осы  салаға  жұмсалған  орасан  зор  күш-

жігердің  нәтижесі.  Агенттік  тарапы нан 

мемлекеттің дін саласындағы стра те гиялық 

бағытын  айқындаған  жаңа  заң  әзір леніп, 

қолданысқа  енгізілді.  Діни  бір   лестіктерді 

қайта тіркеу жұмысы жүр   гізіліп, Қазақстанның 

конфессиялық  ке  ңістігі  ретке  келтірілді. 

Осыған  дейін  рес   ми  тіркелгенімен,  жұмыс 

істемеген  көп   теген  діни  бірлестіктер  мен 

діни бір лес  тік деңгейіне жетпейтін діни топ-

тар жұ  мысын тоқтатты. Нақты қыз мет ат қа-

ратындары  өз  қызметін  жаңа  заң  та ла п та-

ры на  сәйкестендірді.  Кон фес сия лар ға  да 

талдау жасалып, нақты саны ай қы н далды.

2011  жылдың  1  қаңтарындағы  жағдай 

бойынша елімізде 46 кон фессияны құрайтын 

4551  діни  бірлестік  тіркелген  болса,  қазір-

гі  көрсеткіштерге  сәйкес  18  кон фессияға 

біріккен 3449 діни бір лестік қызмет атқаруда. 

Олар дың  жар тысынан  астамын,  яғни  2400-

ге  жуы ғын  Қазақстан  мұсыл мандары  діни 

басқармасына  қатысты  мешіттер  құрайды. 

Со  ны мен  қатар,  Орыс  православие  шір -

кеуіне  қатысты  299,  Рим-като лик  шір кеуіне 

қатысты 84 діни бірлестік қызмет атқа рады. 

Қалған  азшылық  өзге  діндерге,  не гізінен, 

протестанттық ағымдарға тиесілі.

Діни рәсімдер мен жоралар ды тек заңмен 

белгіленген орын дарда ғана өт кізуді жүйеге 

кел тіру  мақсатында  діни  ғимарат тар дың, 

мінәжатханалар 

мен 

намаз ханалардың 



жұмысы ретке келті ріл ді. Қазір Қазақстанда 

3195  ғибадат  үйі  жұмыс  істейді,  олардың 

2382-сі  –  мұсыл ман  мешіттері.  Республика 

бойынша 492 исламдық, 15 православиелік, 

барлығы  507  мінәжатхана  қызмет  атқаруда 

және  рәсімдеуден  өтуде.  Яғни,  діни 

рәсімдер  мен  жораларды  бұрынғыдай 

әртүрлі  мекемелерде,  орталықтарда,  оқу 

орындарында,  т.б.  жерлерде  өткізе  беруге 

болмайды, ол тек жоғарыда аталған заңмен 

белгіленген  орындарда  ғана  жүзеге  асуы 

тиіс.


Заң  аясында  ғибадат  ғимарат та рын  салу 

тәртібі де белгіленіп, талаптары ай қын далды, 

оларды  бұрынғыдай  негізсіз  сала  беруге 

тосқауыл  қойылды.  Ендігі  жер де  ғибадат 

ғимараттарын салу кез келген жеке немесе 

заңды тұлғаның қалауына байланысты емес, 

заңмен  белгіленген  тәртіпке  және  нақты 

қажеттілікке сәйкес жүзеге асырылады. Бұл 

үдеріс те мұқият бақылауға алынған.

Айта  кететін  тағы  бір  мәселе  –  жаңа  заң 

нормалары  бойынша  діни  бірлестік  ре тінде 

тіркелмеген ешбір құрылым діни қызметпен 

айналыса  алмайды.  Осы  талапқа  сәйкес 

қайта  тіркеу  кезінде  қоғам дық  қорлар, 

қоғамдық  бірлестіктер,  оқу  орталықтары 

ретінде тіркеліп, діни қызмет атқарып жүрген 

бірқатар заңды тұлғалар қызметін тоқтатты. 

Олардың қазіргі іс-әрекеті де ұдайы назарда 

ұсталуда.

–  Осы  арада  діни  оқу  орын дарының 

қызметі  қаншалықты  реттелді?  –  деген 

заңды сұрақ туын дайды.

–  Діни  бірлестіктермен  қа тар,  ел  ау-

мағындағы  барлық  діни  оқу  орын дары ның 

қызметі  жүйе ге  келтірілді.  2011  жылдың  1 

қыр күйегіндегі есеп бо йын ша, елімізде діни 

бірлестік  ныса нын  дағы  29  діни  білім  беру 

мекемесі  тір кел  ген  еді.  Дербес  мәліметтер 

базасы жа сақ талмағандықтан, ола р дың саны 

туралы  көрсет кіш тер де  ауытқушылықтар 

көп  кез дес ті.  Сонымен  қатар,  тір кеу ден  өт -

кені мен, нақты қыз мет ат қар майтын діни оқу 

орын дары ның болғаны да жасырын емес.

Енді  жаңа  заң  талаптарына  сәйкес,  діни 

білім  беру  ұйымдарын  тек  республикалық 

немесе  өңірлік  діни  бірлестіктер  ғана  құра 

алады.  Сондықтан  2012  жылы  жүргізілген 

қайта  тіркеу  кезінде  бұған  дейін  діни 

бірлестік  ретінде  қызмет  атқарып  келген 

діни  оқу  орындары  таратылды.  Олардың 

бір  бөлігі  республикалық  діни  бірлестіктер 

құрамындағы оқу мекемелері  ретінде  қайта 

құрылды. Қазір елі мізде исламдық бағыттағы 

– 13, христиандық бағыттағы 2 діни оқу орны 

қызмет атқарады. Олардың барлығы дәстүрлі 

діндерге тиесілі. Жаңа діни қозғалыстардың 

оқу орындары тіркелмеген.

Осы орайда діни білім алғысы келе тіндер 

үшін айта кететін жайт – мұндай білімді тек 

діни бірлес тіктер жанынан құрылған арнайы 

мекемелерде ғана алуға болады. Жоғарыда 

айтылған 

қоғамдық 

бірлестіктер, 

оқу 


орталықтары  немесе  тіл  үйрету  курстары 

секілді мекемелер діни білім бере алмайды. 

Мұндай  заңсыз  әрекетке  барғандар  заң 

алдында  жауап  береді.  Осыны  халық  білуі 

тиіс…

– Сөзіңіз аузыңызда, бұрна ғы жылдары 

«діни  білім  бере тін  жаз дық  лагерь лер 

ұйым дас ты ры лады»  деген  хабар лан ды-

ру лар ды көзіміз шалып қалу шы еді.

–  Діни  білім  беретін  жаздық  лагерьлерге 

қазір  шектеу  қойылды.  Діни  бірлестіктердің 

діни білім бере тін лагерь де, мектеп те ұйым-

дастыруға  құқығы  жоқ.  Мектеп  жасындағы 

балалар  діни  білім  алғысы  келсе,  ата-

анасының 

келі сімімен 

діни 

бірлестік 



жанындағы  сауат  ашу  курс тарына  бара 

алады.


Еліміздегі  білім  беру  жүйесі  зайырлы 

сипатқа  ие.  Сондықтан  мек тептерде  діни 

рәсімдер  жасалмауы  және  діни  атрибутика 

қолданылмауы тиіс.

Тағы  бір  назар  аударатын  нәр се  – 

жекелеген мектеп оқу шы  лары ата-анасының 

діни  көзқарасына  байланыс ты  кейбір 

пәндерге қатыспауы сирек те бол са байқалып 

қалып  жүр.  Бұл,  бірін шіден,  білім  туралы 

заңды  бұзу  деген  сөз.  Екіншіден,  мектеп 

бағдарламасына қажетсіз, кез дейсоқ пәндер 

кіргізілмейді және баланың қалыптасуы мен 

дамуы на кері әсер ететін бірде-бір пән оқы -

тыл майды. Ата-ананың осын дай қара пайым 

заңдылықты  түсінбей,  қате  көзқа рас тардың 

жетегінде  кетуін  заңсыз  әрі  зиянды  әрекет 

деп қабылдау қажет.




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет