Көркемдік Қиял



Дата21.02.2022
өлшемі15,46 Kb.
#25994

Көркемдік Қиял - көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету тәсілі. Көркемдік Қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік-тұтастығына негізделеді. Көркемөнерде тақырып таңдау, оның тереңіне бойлау, өмір құбылыстарының ішкі қабаттарына барлау жасау, солардың әлеуметтік-эстетиткалық мәнін үғыну, сан алуан кейіпкердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс-түрысын суреттеу Көркемдік Қиялға байланысты. Бүл жерде ескеретін жай - көркем әдебиеттегі шындыққа сай келетін өмір көрінісі де, сондай - армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын әдемі елес түріндегі болжам негізіндегі шығармалар болады. Мысалы, қиял-ғажайып ертегілерде кездесетін бейнелер ойдан шығару, көркемдік қиял негізінде туады. Бұдан біз көркем өнердегі ойдан шығару, Көркемдік Қиял дегеніміздің екі түрлі мағынада айтылатынын байкаймыз. Бірінші, кең мағынасында, қандай да болсын өмірдегі кездесетін, кездесу мүмкін қүбылыстары ойша елестетіп бейнелеп көрсету деген ұғымды білдіреді. Бұл түрғыдан қарағанда көркем әдебиеттегі адам бейнелері, өмір суреттері түгелдей ойдан шығару, шындық пен Көркемдік Қиялды ұштастыру арқылы жасалады. Екінші, тұра мағынасында, тек ғажайып сипаты бар, болмыста әлі сол қалпында кездеспейтін қиялдан туған коркемдік бейне, көріністер ғана ажыратылып алынады. Мұндай таза Көркемдік Қиялдан туған бейнелер де қалайда белгілі, өмірде кездесетін нәрселердің нақтылы сипат-белгілерін негізге алып, соларды ойдан шығарылған бейнеге телу арқылы пішінделеді.
Көркемдік Ойлау өнер туындысын жарататын және одан эстетикалық нәр алып қабылдайтын ақыл-ой қызметінің ерекше бір түрі. Мұның ғыл.-теориялық ойлау жүйесінен өзгешелігі бар. Көркемдік ойлаудың табиғаты мен мәні - дүниені көркемдік тұрғыдан игерудегі рухани қабілет екендігімен анықталады. Образдық-сезімділік түрғыдан әлемді тану, адам болмысына үңілу, тіршілік-түрмыс мәнісін бағалау, көңіл-күй қүбылыстары және киял ыркымен жүзеге асатын суретті, бейнелі үғымдар синтезі Көркемдік ойлаудың ерекшелігі болып табылады. Көркем сананың эмоциялық белсен- ділігі, эстетикалық сезімінің кемелдігі, сергектігі, тез, шапшаң шабыттану, болжағыштық, түтанғыштық қасиеттер Көркемдік ойлаудың тегеурін-қуатын танытады. Эстетик. талғам, киыннан қиыстыру, метафоралық толғам- көркемдік ойлаудан туындайды. Ал осының негізінде идея, концепция жасалады.[1]
Көркемдік таным дегеніміз – заттар мен құбылыстардың адам өмірімен тікелей байланыста болатын шындық болмысқа адамның эстетикалық қатынасының жоғарғы формасы [1,69].
Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялармен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді;[1]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет