Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда акт-ны ұйымдастыру кіріспе



Дата16.05.2023
өлшемі16,08 Kb.
#93461

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда АКТ-ны ұйымдастыру

КІРІСПЕ

Білім беруде қоғамды ақпараттандыру процесінің басым бағыттарының бірі ретінде мұғалімдердің тек кәсіби сапасы мен дайындық деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын пайдаланудың ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілеріне де жаңа талаптар қояды.


Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында». Ақпараттық комуникациялық технологияларды сабақта пайдалаудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру,жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Демек, білімді дамытуға арналған стратегиялық міндеттердің бірі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңа міндеттермен толықтырып, өмір талабына сай жаңаша саналы тәрбие, сапалы білім беруді талап етеді.
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар,оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық комуникациялық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Ақпараттық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқылып келеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі ақпараттық әлемде ерекше орын алады. Компьютерді иелену дағдылары, күнделікті жұмыста АКТ пайдалана білуі, WWW (Интернетпен) жұмыс істеу, теориялық информатика негіздерін білу, мектеп түлектерінің ақпараттық мәдениеті, адамзат қолындағы электрондық ақпараттық ресустарды жасау және пайдалана білу – жаңа ғасырдың артықшылығы осындай.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
- әдіснамасын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;
- әдістері мен формаларын ұйымдастыру;
- қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
- оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- оқушының интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағыттау;
- өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
- ақпараттық – оқу, эксперименттік – зерттеу қызметінің өз бетімен түрі іс - әрекеттерін жүзеге асыру;
- тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі.
Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа,нақтылыққа,берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады, сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі күні курыстық жұмыс өзектілігі дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлауы биік білім сапасы жоғары ұрпақты тәрбиелеу мен білімді артыру жүйесінде ақпараты комуникациялық технологияларды қолдану.
Зерттеудің мақсаты: Білім мазмұнын жаңартудың теориялық білімді тәжірибеде қолдану арқылы оқу үдерісін ұтымды ұйымдастыру. Oқушылapмен oқу-зеpттеушiлiк қызметiн жүзеге aсыpу бapысындa әpтүpлi деңгейiлерін қарастыру және oқушылap мен жұмыс жасап зеpттеу әдiстеpiн қoлдaну арқылы білім мен білім сапасын, oқуғa деген ынтaсын apттыру.
Курстықжұмыстыңміндеттері:
Ақпараттық коммуникациялық технологиялық білім беру бағдарламасының құрылымын түсіндіру;
Ақпараттық коммуникациялық технологиялық  білім беру бағдарламасының мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, зерттеу, практикалық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет