Курстық ЖҰмыс тақырыбы


Жонглер-цирк өнерінің бір түрі; үш немесе одан көп затты белгілі бір ырғақпен лақтырып және қағып алып қолда ойнату машығы. Скоморохтар-



бет2/10
Дата06.04.2023
өлшемі93,52 Kb.
#80056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жонглер-цирк өнерінің бір түрі; үш немесе одан көп затты белгілі бір ырғақпен лақтырып және қағып алып қолда ойнату машығы.
Скоморохтар-орта ғасырда өмір сүрген орыс кезбе актерлері.
Ойын - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Мектептеде тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті.
Дидактикалық ойын- кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.
Ертегі- фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

3
КІРІСПЕ


«Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» (Н. Назарбаев.)
Адамзат қоғамы өзінің даму сатысында қай кезеңде өмір сүрсе де, сол кезеңнің өмір сүруші адамдарға арналған қағидалары мен мінез-құлық ережелері, дағдылары болады. Әрбір тұлға әлеуметтік іс-тәжірибені өз бойына жинақтап, ең қажеттіліктерін таңдап, ретімен пайдалана білсе, бұл процесс ғылымда «әлеуметтену» деп аталады. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру саласының алдында тұрған басты міндет жан-жақты жетілген, өзіне тән ерекшеліктері бар, рухы биік, адамгершілік қасиеттерді өз бойына сіңірген тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осы орайда Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында көрсетілгендей: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген. Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшуі керек. «Мен басты міндетті балалардың бастыпқы мүмкіндіктерін теңестіруі болған «Балапан» бағдарламасын 2020жылға дейін ұзартуға шешім қабылдап, үкімет алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен 100% -ға қамтуға қол жеткізу міндетін жүктеген болатынмын» деген. Тәрбиенің негізгі ғибратты ұлттық педагогика болып саналады демекші білім беру жүлдесіндегі қабылданған жаңа реформалардың мақсаттары мен талаптарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып жасалған «Зерек бала» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Бүлдіршіндерге білім берудің негізгі балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.
Балабақшада инновациялық білім берудің маңызы өте зор. Инновация дегеніміз не және инновациялық құралдарға нелер жатады? Инновация дегеніміз – инноватика ұғымының мәнін латынның «In-novus» деген сөзінен шыққан «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді және инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мултьтемедиалық құрал , электронды оқулықтар мен инновациялық сайттар жатады. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалануды айтады.

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет