Кєсіпкерлік феномені ерте кезден бері єлеуметтік-экономикалыќ ѓылымныњ назарын аударуда



бет1/3
Дата13.11.2022
өлшемі0,99 Mb.
#49774
  1   2   3


зерттеудің қазіргі тәртібін қарастыру, шағын бизнес субъектілерінде есеп жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

  • шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәнін ашып көрсету;

  • Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің өңірлік ерекшеліктерін Қызылода облысы негізінде қарастыру;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерін зерттеу;

  • өңірдегі шағын кәсіпкерлікке талдау жүргізу;

  • өңірдегі шағын кәсіпкерліктің даму барысына қолдау жасау шараларын қарастыру;

  • салық режимін және несиелеуді қарастыру;

  • шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолдарын іздеу.

Дипломдық жұмысты жазу барысында әдістемелік негіз болып нормативтік құжаттар, ғылыми, оқу әдебиеттері және кезеңдік басылымдар мен статистикалық жинақтың мәліметтері мен материалдары қолданылды.

1 ШАҒЫН кәсіпкерлік дамуының теориялық негіздері





    1. Шағын кәсіпкерлік түсінігі және нарықтық шаруашылықтағы рөлі

Кәсіпкерлік феномені ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалық ғылымның назарын аударуда. Кәсіпкерлік әр түрлі елдерде әр түрлі адамдармен 800 жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік мәнініңбірдей түсінігінің болмауы, оның экономистер, философтар, социологтар және құқықтанушылармен әртүрлі талқылануда.
Кәсіпкерлік түсінігін алғаш рет қолданған ағылшын экономисі Р. Кантильон болды. Оның пікірінше: кәсіпкер – тәуелділік жасай алатын адам. Байлықтың қайнар көзі – экономикалық игіліктің нақты құнын анықтайтын: жер мен еңбек деп санады. Бұдан кейінірек француздың белгілі экономисі Ж. Б. Сэй “Саяси экономиканың трактаты” еңбегінде кәсіпкерлік қызметтің анықтамасын: өндірістің үш факторының: жер, капитал, еңбектің қосындысы деп берді. Американ экономисі Дж. Б. Кларк Ж. Б. Сэйдің анықтамасына өзгеріс енгізеді. Оның пікірінше өндіріске төрт фактор тұрақты қатысады: капитал, капиталдың игілік - өндіріс құрал-жабдықтары жер кәсіпкерліктің қызметі, жұмысшы еңбегі. Әр фактордан алынатын табыс: капитал – капиталистерге процент әкеледі; жер – оның иесіне рента; кәсіпкерлік қызметіне – пайда; жұмысшы еңбегі – еңбекақы әкеледі.
Кәсіпкерлік – шаруашылық қызметті атқаратын келесі сипаттағы түсінікті қарастырамыз:
- неғұрлым көп пайдаға ұмтылушылық;
- тәуекелділікке баруға даяршылық;
- жаңаға ұмтылушылық.
Кәсіпкерліктің сипаттамалары мыналар болып табылады [3, 34-40бб.]:
1. Кәсіпкерлік дегеніміз – меншік түріне қарамастан, азаматтық және
заңды тұлғаның тауарларға сұранысын қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншік не мемелекеттік кәсіпорын.
2. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі.
3. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесінде қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
4. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
5. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей – тегжейін айқын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Барлық кәсіпкерлер үшін ортақ нәрсе, оларға тән ерекшелік инициативалық (ынталылық), тапқырлық, шығармашылық, тәуелділік, жаңалыққа құштарлық.
Қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлікті жаңалықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ынталандыратын бәсекелік күрессіз көз алдыға елестету мүмкін емес. Өз өнімдерінің жоғары сапасын және өз өнімдерінің тұрақты жаңарып отыруын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүруін сақтап қалады. Өндіріс аясындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге деген сұраныс туғызып және оны таба білуден, жасау арқылы оны қанағаттандырудан және сапалы өнімдерді сатудан тұрады. Басқа коммерциялық емес құрылымдардан кәсіпкерлік қызметтің өзіндік ерекшелігі кірістер мен шығыстар арасындағы айырма ретінде пайда алу болып саналады. Қарызға алған меншікті өзінің басқаруына алып, кәсіпкер жаңа өнімдер шығаруды ұйымдастырады. Тиімді коммерциялық байланыстарды жолға қояды, өзінің бөгде капиталын айналымға қосады, одан өзі үшін пайда алады. Сөйтіп, кәсіпкер өндірісті құрушы және оны дамытушы, нарықтық байланыстарды орнықтырушы, нарықтағы белсенді агент болып саналады. Үнемі жаңалықтың ортасындағы, ойлаудың жаңашылдық үлгісіне ие іскер адамдар ғана кәсіпкер бола алады. Кәсіпкерліктің мәнін осы төрт сатылар арқылы алуға болады:

  • жаңа идеяларды іздеу және бағдарлау;

  • бизнес – жоспар жасау;

  • қажетті ресурстарды іздестіру;

  • құрылған кәсіпорынды басқару;

Бұл сатылар бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, өнімдерді жасап және олардың қанағаттандыру мүмкіндіктерін іздестіру және идеялар тудыру. Бұл кәсіпкерліктің маңызды сәттерінің бірі болып саналады. Осы өнімге деген сұранысты анықтау, өтімділігіне баға беру, қажетті ресурстарды дәл бағалау, қайта құрылған кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдаудың өзі бір үлкен іс. Бұл бизнес жоспарды жасауды талап етеді. Кәсіпкерлік процестің үшінші кезеңі – қажетті ресурстарды іздестіру, яғни дәл бағалау, қажеттілікті төмендетпеу, басқа ресурстардың қандай да бір санының жетіспеушілігімен байланысты жағымсыз зардаптарын бағалай білу керек. Ал, төртінші кезеңге – құрылған кәсіпорынды басқару жатады. Ол басшылық жасаудың белгілі стилін жасаудан, ұйымдық құрылымдарды құрудан, сондай-ақ әлсіз табыстарды табудан және осы жүйе үшін құрылған бақылаудың көмегімен оларды жою.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп, өзгешілігі – кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушыға бүгіннен бастап, олар ақша төлеуге дайын. Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасында өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, өзіндік технологиясы болады. Кәсіпкерліктің бұл түріне тауар өндірісіне бағытталған қызмет, тұтынушы реализациясының жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат беру кіреді [4, 49 б.].
Өндірістік кәсіпкерлік өндірістің өнім түріне байланысты емес. Оның өніміне байланысты келісімдердің масштабында келесі түрде сипатталады: сценарий жасау, содан кейін келісім шарттарды орындау бағдарламасының әлуетті тұтынушыларымен келісім-шарттарды орнату, өндіруші және болашақтағы тауарды тұтынушылар арасында контракт түріндегі келісім шартты заңды түрде төмендету.
Қызметті іске асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын: жұмыс күшін өндіріс қорлардың материалдарын, ақпаратын тиімді пайдаланған жөн, бұдан басқа қосымша жұмыс пен қызмет түрлерін пайдаланады. Мысалы, құрылысқа, көлікке қажеттілік туындауы мүмкін. Себебі, мекеме өз күшімен кейбір істерді орындай алмайды, сол себепті қосымша күш талап етіледі. Осы жұмыстарды іске асыру үшін ақша қаржысы қажет етіледі. Егер мекеменің бұл төлемдер төлеуге өз капиталы жетпесе, онда банк несиесіне қажеттілік туындайды.
Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі болып, өндірілген тауарлардың белгілі көлеміндегі сатылуы және несие пайызына, несиеге тең сомасының кредиторын қайтара алатын күнделікті ақшаны алу болып табылады. Өндірістік әрекетке, жанама қатысушыларға мемлекеттік, республтикалық, жергілікті қаржы органдары, фискалдық функцияны орындайтын салық инспекциялары жатады.
Қазіргі кезде өндірістік кәсіпкерлік кәсіпкерліктің маңызды түрі, сонымен қатар ең қиыны болып есептелінеді. Сондықтан, бизнесмендер тікелей коммерциямен айналысуды жөн көреді.
Коммерциялық кәсіпкерлікке келетін болсақ, коммерциялық мекеменің негізгі операциясы тауарлы – ақшалай және тауар алмасу операциялары болып саналады. Коммерциялық мекеменің жалпы схемасы, негізінен өндірістік схемаға сәйкес келеді. Сатып алу кезінде, тауарды коммерциялық келісім шарттың негізгі этаптары анықтайды: тауар түрін талдау, тауарға сатып алған күндегіден жоғары баға қою, сол тауарға сұраным бағасын келісім шарт масштабына жеткілікті қою. Сатып алу – сату және төлемнің көлемі мен бағасын құрудың, нарық анализін анықтайды. Егер болжам қолайлы болса, онда кәсіпкерлер келісім шартты орындау бағдарламасын, шығын мен нәтижелердің есебін еске сақтай отырып, бизнес – жоспар құрайды.
Коммерциялық келісім шарт мақсатты болып есептелінеді. Егер таза пайда шығынның 20-30 %-ін құрайтын болса. Қаржы кәсіпкерлігін таңдайтын болсақ, қаржы кәсіпкерлігінің алып сату объектісі құнды қағаздар, валюта, ақша болып табылады. Қаржы – кредиторлық келісім шартты айқындайды, нарықтық құнды қағаздары мен маркетингтік әрекетте іске асады.
Қаржылық кәсіпкерліктің спецификалық түрі – ресми түрде меншікті акция, облигация, ақшалай міндеттемелер, вексель сияқты құндылықтарды салған кезде көрінеді. Қаржылық келісім шарттың қорытынды кезеңі – ақшаны, валютаны, ақшалай түсімдерді алумен айналысатын басқа кәсіпкерге сату.
Сонымен, шағын кәсіпкерлік пен кәсіпкерліктің жаппай және жүйелі түрде дамуы экономикалық секторда, оның ішінде дайын өнімді жасауда бәсеке үрдістерін арттырады, оған қоса шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда қолайлы да икемді болып келеді
Нарықтық экономикаға бет бұрып, мемлекет пен қоғам меншік формалары мен қатынастарын қайта құруға тиісті болады. Нарықтық механизмді қалыптасқан базистік қатынастарға – меншік қатынастарына араласусыз жүргізу экономикалық тұрғыдан аңғырт болып көрінеді. Нарық – бұл көп түрлі, өз экономикалық құқықтарын іске асырудағы тең меншік иелерінің өзара әрекеттесуі. Нарық дамыған қатынастар мен меншік формаларының әр түрлі болуысыз мүмкін емес, себебі:

  • біріншіден, нарықта ең алдымен капитал, өндіріс құралдары, мүлік, жұмыс күші, ақпараттық өнім меншігінің иелері арасындағы қатынастар дамиды;

  • екіншіден, меншік қатынастары әр бір меншік иесі іс-әрекетінің жоғары экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізу нәтижелерінде шын мәнінде ынталы болу принципінде жатыр;

  • үшіншіден, экономиканың дамуына өсіңкілік беретін экономикалық механизм қажет. Өзара бәсекелесетін меншік мелері мен меншік формаларының көп түрлілігі бар жерде туындайтын бәсеке осындай механизм болып табылады.

Меншік механизмының әрекеті ең алдымен меншік субъектілерінің ынталылығы арқылы айқындалады. Нарықтық экономика жағдайында меншік субъектісі өз меншігін тауар ретінде нарықта ұсынуға мәжбүр болады. Тауарларды өткізу кепілдемесінің жоқтығына байланысты ол сатылатын меншік объектісінің құнының көлемінде ақша сомасымен тәуекелге барады. Бірақ, басқа жағынан, табысты болған жағдайда ол өз меншігін қалдық пайда көлемінне арттыру мүмкіндігін алады. Осы жағдайда ол өз меншігін қалдық пайда көлеміне арттыру мүмкіндігін алады. Осы жағдайда экономикалық өмір сүруге қызығушылық пайда болады [1, 67 б.].
Меншік иесінің тәуекелінің деңгейі және оның табысының көлемі меншік объектісінің қалыптасуына қосқан үлесіне пропорционалды болады.
Меншік иесі өзінің бар мүлкімен тәуекел ететін жеке басты мүлік жағдайында ынталандыру деңгейі жоғары болады, ал бірлескен меншікке қатысу ынталандыру деңгейін төмендетеді. Бірақ, белгілі бір, бұрыннан анық нөлдік емес ынта бар екендігі негізінде маңызды болып табылады.
Меншік объектісінің егесі бола тұрып, меншік иесі осы объектіден жақын арада мүмкін болатынның барлығын алуға ғана ынталы болмайды. Нағыз меншік иесі мезгілдік мүдделерді басшылыққа алмайды, ол объект болашақта оныкі болса, оның перспективасы жайлы ойлану керектігін жақсы түсінеді. Перспективаға деген ынталылық – меншік объектісі, оның бүкіл өмірлік циклының бойында тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру жайлы қамқорлығының стимулы және ең әсерлі ынталандырушы себеп. Мұндай ынтаның болмауы ұқыпсыздыққа, немқұрайдылыққа, құндылықтардың тозуына, үлкен шығындарға алып келеді.
Нарықтық қатынастарға өтуді адамдарда қожа сезімдерін қайта жандандырумен, меншік иелік мүддені ынталандырумен нығайтпаған жағдайда экономиканы тиімді шаруашылық жүргізу жолына шығару мүмкіндіктері аз болады. Біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын бір сатыға көтеріп, жаңа әлемдік экономикалық парадигмаға сәйкес болу үшін жеке сектор мен ұлттық капиталдың белсенділігіне көмектесіп, ынталандырып, толықтыруымыз тиіс.
Батыс елдерінде қазіргі кәсіпкерлік негізінде жаңа мүмкіндіктерді әрдайым іздестіру, инновацияларға бейімделу, қойылған міндеттерді шешу үшін әр түрлі көздерден ресурстарды қатыстыру және қолдана білу іскерлігі жатқан шаруашылық жүргізудің ерекше, жаңашыл стилі. Американдық ғалым Р.С.Ронстадтың пікірі бойынша, кәсіпкерлік – бұл байлықты өсірудің өсіңкілік процессі. Байлық өз ақшасын, мүлкін, карьерасын ең көп тәуекел ететін, өз ісін құруға уақытты аямайтын, сатып алушыларға жаңа тауар немесе қызмет көрсетуді ұсынатындармен құралады [2, 48 б.].
Қазақстан Республикасының 04.07.1992ж. №1543-XII “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” Заңына сәйкес жеке кәсіпкерлік – бұл азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өз меншігіне негізделген және азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атына, солардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігімен іске сырылатын, табыс алуға бағытталған азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ынталы іс-әрекеті.
Қазіргі кезде әрекеттегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінің келесі ұйымдастыру-құқықтық формалары бар:
1) Жеке басты кәсіпкер Қазақстан Республикасының “Жеке басты кәсіпкерлік тарулы” Заңына сәйкес жеке басты кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың өз меншігіне негізделген және азаматтардың атынан заңды тұлға құрусыз, солардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігімен іске асырылатын, тауар, қызмет көрсету мен жұмыстарды сату арқылы табыс алуға бағытталған азаматтардың ынталы іс-әрекеті. Жеке басты кәсіпкерліктің екі түрі болады: отбасылық кәсіркерлік шаруа қожалығының немесе жекешелендірілген үйдің бірлескен ортақ меншігінің негізінде; жәй серіктестік – ортақ үлестік меншік негізінде.
2) Шаруа (фермерлік) қожалығы. “Шаруа (фермерлік) қожалық туралы” Заң 1998ж. 31 наурызында (№214-1) қабылданған. Әрекеттегі заңға сәйкес шаруа (фермерлік) қожалығы болып жеке басты кәсіпкерлікті іске асыру ауыл шаруашылық өнім өндірісі үшін ауыл шаруашылық жерлерін пайдаланумен, сонымен қатар осы өнімді өңдеумен және өткізумен байланысты болатын тұлғалардың еңбектік бірлестігі.
Шаруа (фермерлік) қожалықтың субъектілері ретінде заңды тұлға құрамаған және заңды тұлға белгілері жоқ болып кәсіпкерлік ісөәрекетпен айналысатын физикалық тұлғалар болады. Шаруа (фермерлік) қожалықтың мүшелері болып жұбайлар, балалары, ата-анасы және басқа бірлесіп ортақ шаруашылық жүргізетін жақын туыстар.
Шаруашылық серіктестіктер. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің №58 бабына сәйкес шаруашылық серіктестік деп заңды тұлға болып табылатын, негізгі мақсаты ретінде пайдашылардың салымдарының (үлестерінің) есебінен құрылатын коммерциялық ұйым танылады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, командиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам формасында құрылуы мүмкін.
4) Өндірістік кооператив. Қазақстан Республикасы Президентінің 05.10.1995 ж. №2486 “Өндірістік кооператив туралы” Жарлығына сәйкес өндірістік кооператив деп жеке еңбектік қатысу мен мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіру негізінделетін бірлескен кәсіпкерлік іс-әрекет үшін мүшелік негізіндегі азаматтардың ерікті бірлестігі танылады.
Нарықтық қатынастарға өту мезгілінен бастап Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік қарқынды дами бастады. Шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы түрдегі жылдам дамуы көптеген жағдайда олардың сұраныстың, ресурстық базаның өзгеруіне кең үйрену мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Ең жылдам қарқынмен шағын кәпкерлік саудалық-делдалдық, автокөлік жөндеу, тұрмыстық техника жөндеу, экспорттық – импорттық, құрылыс, қызмет көрсету сияқты салаларда дамыған.

Кесте 1
01.01.2016 ж. жағдайы бойынша шағын кәсіпорындардың салалық


құрылымы

Экономика салалары

Тіркелгендері

Әрекеттегі

барлығы

белсенділері

бірлік,

%

бірлік,

%

бірлік,

%

Қазақстан Республикасы

289671

100

127471

100

55865

100

оның ішінде:



















Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы

20391


5,5


7799


7


3915


7,0


Балық аулау, балық шаруашылығы

359


0,2


229


0,2


103


0,2


Өнеркәсіп

18425

9,7

12048

11,4

6430

11,5

Құрылыс

30894

16,3

13387

13,7

10224

18,3

Сауда, көлік, тұрмыс бұйымдарын және жеке қолдану заттарын жөндеу

83344


43,9


43017


44,1


19951


35,7


Қонақ үйлері мен ресторандар

2689

1,4

1434

1,5

757

1,4

Көлік және байланыс



10507

5,5

5172

5,3

3135

5,6

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, аренда және тұтынушыларға қызмет көрсетулер ұсыну

25847


13,6


11700


12,1


8975


16,1


Білім беру

1601

0,8

897

0,9

547

1,0

1 кестенің жалғасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну

2455


1,3


1651


1,7


992


1,8


Коммуналдық, әлеуметтік және персоналдық қызмет көрсетулерді ұсыну

3069


1,6


2087


2,1


836


1,5


Е с к е р т у – Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік. Статистикалық жинақ. Астана қ. 2016 ж.

Келтірілген мәліметтерді талдау тіркелеген кәсіпорындардың санының 70,4% әрекеттегі, ал соның 35,7% ғана экономикалық белсенді екендігін көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлік іс-әрекетінің ең кеңінен тараған түрлері – сауда, көлік жөндеу, тұрмыстық бұйымдар мен жеке қолдану заттарын жөндеу болып табылады, өйткені іс-әрекеттің осы түрлері шағын бизнес кәсіпорындары үшін ең қолайлы болып келеді (44,1%). Құрылыс саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік үлесі әрекеттегі кәсіпорындардың 13,7% құрайды. Өнеркәсіптік іс-әрекетпен кәсіпорындардың 11,4% айналысқан, олардың көпшілігі өңдеуші өнеркәсіппен (өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы санының 87,8%).


Шағын және орта кәсіпкерлікті мәдениетті нарықтық шаруашылықтың субъективтік базасы ретінде қарастыра отырып, Шағын кәсіпкерліктің ресурстық және өткізу нарықтарға әсерінің көзқарасынан оның төмендегідей рөлін атап кеткен дұрыс:

  1. Өз өндірістік қажеттіліктері үшін маңызды сатып алулар жасайтын маңызды тұтынушы.

  2. Нарық конъюнктурасының өзгеруін жылдам сезінетін және нарықтық экономикаға қажетті икемділікті беретін икемді өндіруші.

  3. Әлеуметтік әлсіз топтардың да (әйелдер, эмигранттар, мүгедектер) жұмыс күшін пайдаланатын және соған байланысты маңызды әлеуметтік қызметті атқаратын ірі жұмыс беруші.

Қазақстан Шағын кәсіпкерлік даму барысында тап болатын негізгі мәселелердің бірі – қаржы ресурстарының жетіспеушілігі. Өткізілген зерттеулер көрсеткендей шағын кәсіпкерліктің банктермен қарым-қатынастары қиындатылған, себебі:

  1. Несие бойынша ұсынылған пайыздық мөлшер шағын кәсіпкерлік үшін өте жоғары.

  2. Жоғары тәуекелдің салдарынан банктер ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды несиелегісі келмейді.

  3. Несиелеудің жеңілдетілген мерзімінің жоқтығы.

  4. Шағын кәсіпорындардың жиі жағдайда кепіл ретінде ұсына алатын мүлкі болмайды.

  5. Банктердің шағын кәсіпкерліктің ерекшеліктеріне бейімделген несиелеу әдістемесінің болмауының салдарынан несиелік мәлімдемені қарау және дайындау процедурасы ұзақ уақыт алады.

Сонымен, шағын кәсіпкерліктің экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды әлсірету үшін жоғары әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын ескере отырып, шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың арнайы механизмін өңдеу қажет. Бұл механизм шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарын белсенді қаржыландыруға мүмкіндік беретін және оларға несие ресурстарына жол ашатын, ал ол өз кезегінде экономиканың осы секторының даму қарқындарының жеделдетілуіне алып келетін жүйе болуға тиіс.
Шағын кәсіпкерлік бірнеше себеп бойынша ірі бизнеспен табысты бәсекелесе алады. Мысалы, өз іс-әрекет стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 5-6 жыл, ал жаңа стратегия енгізу үшін – 10 жыл және одан да көп уақыт қажет болады. Шағын фирмалар үшін бұл мерзім айтарлықтай төмен – 6 айдан 1 жылға дейін. Содан соң, дәстүр бойынша технологиялық инновациялар – бұл ірі бизнес саласы деп саналатын, ал статистика екінші әлем соғысынан кейінгі радикалды технологиялық инновациялардың 95% шағын бизнес саласынан келгенін көрсетеді. Шағын фирмаларда ірі фирмалармен салыстырғанда инновациялар мен жаңалық ашулар 20 есе көп болған.
Қазақстан жағдайында халықаралық тәжірибені ескере отырып шағын және орта бизнеске келесі кәсіби сипаттаманы ұсынуға болады. Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары деп бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектеулі зоналарда әрекет ететін, нарықтың шектеулі үлесіне ие болатын, басқаруды барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қолданатын негізін қалаушылары іске асыратын, басқаруы икемділікпен, шешім қабылдау кезіндегі формализмнің жоқтығымен сипатталатын, басқару және өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары бірін-бірі ауыстыру қабілеті байқалатын кәсіпорындарды таныған дұрыс.
Шағын және орта бизнестің негізгі артықшылықтары мен оның елдердің көпшілігінде әлемдік дамуының себебі келесі түрде түсіндіріледі:
1) Ұсақ сериялы өндіріс нарықтық сұраныстың өзгеруіне жылдам жауап бере алады. Ірі кәсіпорын үшін жаңа технологияға немесе өнімге өту маңызды шығындармен және өндіріс пен табыс көлемдеріндегі шығындармен байланысты;
2) Шағын және орта кәсіпорындар іскерлікке себеп тудырады, нақты айтқанда әр адамға өзін көрсетуге, өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Бұл, жапондық мамандардың пікірі бойынша, ел экономикасының жылдам дамуына мүмкіндік берді. Өзінде жобалаудан өндіріске дейінгінің барлығын шоғырландырылған өндірістің бекітулі жүйесі бар ірі кәсіпорындарға бейімделу ынтаның дамуына себеп тудырмады;
3) Шағын және орта кәсіпорындар жүйесін дамыту жергілікті шикізат ресурстарын, ал көптеген жағдайда өндіріс қалдықтарын да пайдалану мүмкіндігін береді. Ірі кәсіпкерге мұндай ұсақ-түйекпен айналасуға уақыты жоқ. Шағын және орта кәсіпорындарды құру ресурстарды пайдалану тиімділгін арттыруды;
4) Шағын және орта кәсіпорындарда ірілермен салыстырғанда қосымша шығындар маңызды шамада төмен болады;
5) Шағын және орта кәсіпорындардың ірілерге қарағанда капитал сыйымдылығы төмен, демек салынған құралдар жылдамырақ өтеледі. Бұрынғы ҚСРО-да негізінен ірі кәсіпорындарды құру аяқталмаған құрылыс бізде бүкіл жылдық күрделі салымдардың 100% жетті. Бұл мемлекеттік бюджет тапшылығының басты себептерінің бірі болып табылады. Ал шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе стандартты блок құрылыстарын пайдалану арқылы құрылысы бірнеше ай ғана құруы мүмкін. Мұндай кәсіпорындар өтелу мерзімі бір, максимум екі жылға созылуы мүмкін;
6) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту еңбекті интенсивтендіру үшін сәтті климат жасайды: үлкен ұжымда бәрімен бірдей деңгейде жалақы алып, жарты күніңмен жұмыс істеу өте оңай. Осыдан жақсы жұмысшылар өз еңбегінің өнімділігін төмендете бастауға алып келетін еңбек ақысындағы теңгермешілік пайда болады;
7) Шағын және орта кәсіпкерлік жүйесін дамыту жұмыссыздық деңгейін максималды төмендете алады. Шағын кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарын ашады. АҚШ-да шағын және орта кәсіпорындар жұмыс орындары өсімінің орташа 2/3 қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде әлем елдерінің көпшілігінде шағын бизнес қайта өз маңыздылығы мен өзектілігіне ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі шараларды жаңа идеялар, жаңа жұмыс орындары, табыс пен өркендеу көзі ретінде қарастыра отырып қабылдайды.
Сонымен, жоғарыда айтылғанды қорыта отырып шағын кәсіпкерлік пен ірі бизнесті салыстырмалы талдау кестесін жасауға болады. (2 Кесте) Оның мақсаты – ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, Қазақстан экономикасы үшін Шағын кәсіпкерліктің үлкен артықшылықтарын көрсету.
Төменде келтірілген кестеден шағын және кәсіпкерліктің бір қатар үлкен артықшылықтары бар екендігін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылатындығын көрсетті. Үлкен емес кәсіпорындардың көп санын құру жұмыссыздық мәселесін әлсірете алады, дұрыс бәсекелік орта құра алады, қаржы нарығын жандандыра алады, халықтың сатып алушылық қабілетін жоғарлата алады және бар нарықтың дамуы мен кеңеюін қамтамасыз ете алады.

Кесте 2
Ірі және шағын бизнесті салыстырмалы талдау





Критерий

Ірі бизнес

Шағын бизнес



1

2

3

4

1.

Өндіріс және қызмет көрсету салалары

Өнеркәсіп, отын-энергетика комплексі, энергетика

Қамтамасыз етуші өндірістер, сауда, қызмет көрсетулер саласы

2.

Шығарылатын өнім сипаты

Жаппай өндіріс

Ұсақ сериялы немесе жеке басты өндіріс

3.

Жаңалықтарды қабылдау қабілеті

Төмен

24 есе жоғары

4.

Стратегияларды өзгерту

6-10 жыл

0,5-1 жыл

5.

Іс-әрекет саласы

Ірі қалалар мен өнеркәсіптік комплекстер

Ірі де, шағын да қалаларда

6.

Бәсекелестік ортаны құру

Нарықтың маңызды үлесін жаулап алу есебінен бәсекені шектеу

Минималды бастапқы шығындар мен тіркеу талаптары

7.

Кәсіпорынды тіркеу және құру

Маңызды қаржылық шығындар мен тіркеудің ұзақ процедурасы

Минималды бастапқы шығындар мен тіркеу талаптары

8.

Жаңа жұмыс орындарын ашу

Жұмыс орындарын жасау қарқындары маңызды төмен

Жұмыс орындары айтарлықтай жылдам қарқындармен ашылады (3 есе)

9.

Жұмыс күшінің жылдамдығы, қозғалымдығы

Жұмысшылардың тар мамандануының салдарынан жоқ

Жұмысшылардың бірін бірі өзара ауыстырудың жоғары қабілетінің арқасында бар

10

Басқару құрылымы

Үлкен,икемсіз басқару құрылымдары

Басқарудың икемділігі

2 кестенің жалғасы

11

Басқару жүйесіндегі мүдделердің қосарлануы

Құрылтайшылармен менеджерлердің мүд-делеріндегі қарама-қайшылықтардың салдарынан жоқ

Менеджерлер мен құрылтайшы қызметтері бір адамға берілген, басқару жүйесінде мүдделердің қарама-қарсылығы жоқ

Ескерту – Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Основы предпринимательства. Алматы, 2014


    1. Шағын кәсіпкерлік қызметінің экономикалық субъектілері

Қазақстандық экономиканың соңғы 20 жылдағы қарқынды өсуі өзінің бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының (мұнай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысуда.
Қазақстандағы кәсiпкерлiк жоғарғы деңгейге жетті. 2003 жылдан 2016 жылға дейін шағын бизнесінің құқықтық-ұйымдастыру құрылымындағы заңды тұлғалар үлесі 1,9 есеге азайды, ал, жеке кәсіпкерлер үлесі 5,5 есеге артты. Осыған қарамастан, шағын бизнес субъектілерінің өндірген өнімдері 8 есеге артты.
Статистика бойынша ҚР – сы агенттігінің мағлұматтары бойынша 2016 жылғы 1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде шағын бизнестің 130779 субъектілері тіркелген. Олардың 71,5% әрекет етеді. Бұл өткен мерзімдегі осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2016 жылдың 1 қаңтарында белсенді ұсақ кәсіпорындарының 42,2% саудаға, автомобильдерді жөндеуге және үйшаруашылығы қолдамындағы өнімдерді өндіруге мамандырылған. Ал өнеркәсіптік бағыттағы әрекет ететін белсенді шағын кәсіпорындардың үлесі 12,5% , ал осы кәсіпорындардың 90,2% өңдеу бойынша өнеркәсіптік қызметті жүзеге асырады. [3]
1-суретте көрсетілгендей, белсенді жеке кәсіпкерлер саны 2011 жылы 297 234-тен, 2011 жылы 415 709-ға дейін және 2016 жылы 432 729-ға дейін өсті. Белсенді жеке кәсіпкерлердің көбею серпіні жеке кәсіпорынды тіркеу Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қарағанда жеңілірек әрі арзанырақ түсетіндігімен негізделеді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің салық салуы да заңды тұлғалардың салық салуына қарағанда оңайырақ келеді.
Шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары шағын бизнестің айтарлықтай тұрақты формасына ие болып табылады. 2011 жылдан бергі уақытта шағын және орташа бизнестің белсенді заңды тұлғаларының саны 50 612-ден 2016 жылы 73 449-ға дейін өсті.



Сурет 1. Шағын және орташа бизнестің белсенді субъектілерінің серпіні

2016 жылдың ішінде шағын және орташа бизнестің белсенді заңды тұлғаларының саны 12 848-ге немесе 21,2 %-ға артты. Бұл дамыған елдер деңгейімен есептегеннің өзінде өте жақсы көрсеткіш болып саналады.. Дамыған елдерде өсім жылына 5%-дан асар емес. Белсенді заңды тұлғалар санының артуы жеке кәсіпорынның біраз бөлігінің күрделірек заңды формаға ауысуымен, сонымен қатар, Кеден одағын құрумен негізделеді. Біріншіден, Кеден одағын құру және өзге мемлекеттермен кедендік шекарадағы шарттарды қатайту кәсіпкерлерді осы мемлекеттерден өз бизнестерін Қазақстанға ауыстыруға мәжбүрледі. Екіншіден, Ресей Федерациясының кәсіпкерлері Қазақстан Республикасында кәсіпорынды жақтайтын және қолдайтын шарттарды мақұлдайды.


2011-2016 жылдары белсенді шаруашылықтың өсу деңгейі төмендеді. Белсенді шаруашылық саны 2011 жылы 156 978-ден 2010 жылы 163 721-ге дейін және 2011 жылы 169 326-ға дейін артты, ал, 2014 жылы белсенді шаруа шаруашылығы 2012 жылы тек 169 481-ге және 2016 жылы 170 091-ға дейін ғана өсті. Яғни, 2016 жыл ішіндегі белсенді шаруашылық өсімі тек 145 субъектіні, ал 2016 жылғы қысқару 102 кәсіпорынды құрады. Бұл Қазақстан жеріндегі агроқалыптастыруды ірілендіру үдерісімен негізделген.
Шағын және орташа бизнестің заңды тұлғаларының салыстырмалы салмағы 2016 жылға дейін айтарлықтай өзгеріске ие емес. 2009 жылы заңды тұлғалар үлесі 10%, 2011 жылы — 8,7%, 2016 жылы – 9,2%, ал 2016 жылы – 11,0%-ды құрады.Бұл тек шағын бизнесті мемлекеттік қолдаумен ғана емес, посткеңестік кеңістік территориясындағы ШОК дамуына қолайлы жағдайлар жасаумен ғана емес, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің шағын және орташа бизнестің күрделірек түріне ауысуымен де негізделеді.
Кәсіпкерлердің салыстырмалы салмақтық өсуі бақылауға алынды. 2009 жылы 58,9%-дан 2012 жылы 64,4%-ға, 2013 жылы 64,9%, 2015 жылы 65,0%, 2016 жылы 64,8%-ға көбейді. Алдағы уақытта шағын және орташа бизнес құрылымындағы жеке кәсіпкерлер үлесінің төмендеуі мүмкін екендігін болжауға болады. Бұл жеке кәсіпкерлердің шағын бизнестің заңды тұлғаларына ауысу тенденциясымен түсіндіріледі.
Бүгінше, ауыл шаруашылық саласында ауыл шаруашылық құрылымын ірілендіру ісі болжалуда, себебі, шағын кәсіпорындарға ауылшаруашылық өнімдерді өндіру, әсіресе, бидай дақылын шығару тиімді емес. Ауыл шаруашылығының көбісі өздерінің өнімдерін түрлендіруге және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі бір өзі жоғарылата алмайды. Сондықтан, ауыл шаруашылығының салыстырмалы үлесі 2011 жылғы 31,1%-дан 2013 жылы 26,4%-ға дейін және 2016 жылы 25,6%-ға дейін төмендеді. Негізінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік облыстарында шаруа қожалығы қалады, себебі, ол жерде көкөніс, жеміс-жидек, т.б. өсіру мақсат етілген. ШОБ белсенді субъектілер санының серпінін 2-суретте көруге болады.



Сурет 2. Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының өзгеруі


Осылайша, ШОК субъектілерінің жалпы саны бойынша жеке кәсіпкерлер үлесі 2016 жылы 64,8%, фермерлік шаруашылық- 25,5%, шағын және орташа кәсіпорынның заңды тұлғалары — 11,0%-ын құрайды. Шағын бизнес кәсіпорындағы жұмыс істейтін адамдар санын қарастырайық. Бір қызығы – қаржы дағдарысы ШОБ қызметкерлеріне қалайша әсер еткен екен деген сұрақ туындайды. Жұмысшылардың тізімдік саны – келісімшарт бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы жұмыстарды атқаратын тұлғалардан басқа келісімді бекіту мерзімінен тәуелсіз жеке еңбек келісім бойынша жұмысқа орналасқан тұлғалар саны. 3-суретте жеке кәсіпкерлердегі жұмысшы саны әлемдік қаржылық дағдарысқа қарамастан өсіп жатқандығы көрініп тұр.





Сурет 3. Шағын бизнестің белсенді субъектілерінің саны, мың адам.

3-сурет көрсетіп тұрғандай, жеке кәсіпкерлікте-де 2011 жылы 571,6 мың адам жұмыс істесе, онда 2013 жылы 733,5 мың адам, 2016 жылы 817,9 мың адам жұмыс істеген. Сондай-ақ, әсіресе жеке кәсіпкерліктің зерттелу мерзімі барысында шағын бизнестің өзге формаларының қызметкерлерінен айтарлықтай озады. Демек, бұл – соңғы 6 жылда жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің маңызды бөлігіне айналды дегенді білдіреді. Жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық дағдарысты тұрақтандырудың мықты құралы болып табылады.


Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларының кері жағдайы да болжалуда. Экономикалық өсу кезінде жұмысбастылар саны 2011 жылы 533,8 мың адамнан, 2013 жылы 585,9 мың адамға артты, ал 2016 жылы қызметкерлер саны 464,6 мың адамға дейін азайды. Дағдарыстан шығып, Кеден одағын салғалы бері шағын кәсіпкерліктегі белсенді заңды тұлғалар саны 2013 жылы 551,3 мың адамнан, 2016 жылы 580,2 мың адамға дейін артты. Дағдарысқа қарсы бағдарлама нәтижесінде заңды тұлғалар саны 2016 жылы 580,2 мың адамға артты немесе қосымша 28,9 мың жұмыс орындары жасалды.
Фермерлік шаруашылық қаржы саласындағы мәселелерге жағымсыз көзқараста болды және мұнда жұмысшылар орнының 2011 жылғы 504,7 мың адамнан 2016 жылы 433 мың адамға дейін қысқарады деген болжам бар. 2016 жыл бойына 2016 жылмен салыстырғанда фермерлік шаруашылықта жұмыс жасайтын адамдар саны 32,8 мың адамға азайды.
Шағын және орта бизнестегі тұрғындар үлесі 2016 жылдың соңына қарай жұмыс істеушілер саны 26%-ды ғана құрайды (2 млн адамнан астам)
Жұмыспен қамтылған тұрғындар санының өсуі – бір жылда 4-5% , 2016 ж.ШОБ үлесі жалпы жұмысшылардан 35%-ын құрайды.
Сайып келгенде шағын кәсiпкерлiктiң ең тұрақты дамыған формасы жеке кәсіпкерлік болып табылады, Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесiне маңызды рөлге ие болуда деген қорытындыға келуге болады.



Сурет 4. ШОБ-тің ЖІӨ-мен үлесі


4 - суретте көрсетілгендей, ШОБ өнімінің салыстырмалы салмағы 2012 жылы 15%-дан 2016 жылы 17%-ға, 2016 жылы 18%-ға дейін төмендеуде. Сараптама үшін нақты ЖІӨ туралы мәліметтер мен шағын және орташа бизнес кәсіпорындары өндіретін өнімнің нақты көлемі анықталып алынды.


ШОБ ЖІӨ елдеріне шығарылатын өнімнің үлесі 18% (2,9 трлн тенгеден астам) деңгейінде. Орташа мезгілде (2016 ж дейін), алдағы уақытта ШОБ ерекше көрсеткіштерінің жоғарылауы күтілуде. ШОК өнімін шығару — 24%-ға дейін өсуі болжалады.

Сурет 5. 2016 жылдағы ШОБ ерекше көрсеткіштері


5 - суретте салалық бөлімдерге бөлініп көрсетілген.


- Өнеркәсіптік және құрылыс ШОБ.
- ШОБ субъектілері саны 7%-ын алып, өнімнің 25%-ын қамтамасыз етеді.
- ауыл шаруашылық ШОБ тұрғындардың жұмыспен қамтылуында айтарлықтай маңызды рөл атқарады.

Сурет 6. Қазақстандағы және дамыған елдердегі ШОБ салыстырмалы анализі


6 - суреттегі Қазақстандағы және дамыған елдердегі ШОБ салыстырмалы талдауы ЖІӨ, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы сияқты көрсеткіштер бойынша артта қалып отырғанын ккөрсетеді. Жыл сайынғы ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемінің үлесі ЖІӨ-нің 43%-дан (Канада) 57% -ын (Германия) құрайды, Қазақстанда оның үш есеге дейін төмен және 18%-ын ғана құрайды. ШОБ секторындағы жұмыспен қамтылған тұрғындар үлесі бойынша еліміздегі көрсеткіштер дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен: соңғы 5 жыл бойы Қазақстанда бұл көрсеткіш 23% деңгейінде, ал дамыған елдерде — 47% (Канада) және 75% (Жапония) аралығында тұр.


Салалық құрылым бойынша Қазақстанның ШОБ секторы да шетел аналогтарынан дәл осындай айырмашылыққа ие.



Сурет 7. Қазақстанның ШОБ секторын өзге дамыған елдермен салалық тұрғыдан салыстыру

7- суретте Қазақстанның ШОБ шамамен 40%-ы көтерме және дара сауда саласында қызмет етеді, ал ауыл шаруашылығында 20%-дан астаы істейтіндігі көрсетілген. АҚШ-та шағын және орта бизнес құрылымы өзгеше: қызмет көрсету саласы айтарлықтай басым (58%), 20%-дан астам адам құрылыс және сауда салаларында қызмет етеді. Еуропа елдерінде де ШОБ-ның айтарлықтай басым саны қызмет көрсету саласына бағытталған: Ұлыбританияда — 23%, Польшада — 35%. Ұлыбританияда ШОБ секторы диверсификацияланған. Субъектілердің 21%-ы құрылыс саласында негізделген 12% — ы – саудаға, 7% — ы өнеркәсіпте, 27% — ы жылжымайтын мүлік және қаржы қызметінен құралатын өзге салаларда қызмет етеді.


Халық шаруашылығы дамып, экономикалық өркендеу кезінде, өңдірістің негізгі түйіні — кәсіпорынның мәні, маңызы тереңдеп, атқаратьн рөлі арта түседі. Кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында алға қойған мақсатын орындау жолында, төмендегі өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы, мол табысқа кенелмек. [8, 124 б.] Оларға: еңбек ресурстары, техника, өнім өндіру технологиясы, табиғи ресурстар, өндірістің негізгі және айналым құралдары, капитал және т.б. жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қызметі еңбек ресурстарьш жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге өзінің үлесін қосады.
Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік жаңа даму сатысында. Осы секторларға елеулі үлкен қаражаттар инвестициялануда. Бірақ бұл инвестициялау ассиметриялы болып отыр. Капитал салымдары көбінесе осы сектор бойынша, яғни кіші және орта кәсіпкерлік сферасында сауда саласына және сервиспен шағын және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Оның себебі, шағын және орта бизнестің осы сфераларында инвестициялы ақталу мерзімі қысқалау және бұл сфераларда өтемпаздықты көтеретін айналым қаражаттары көп болғандықтан.
Қазақстандағы қазіргі таңда шағын және орта бизнестің жағдайы дамыған мемлекеттермен салыстырғанда нашарлау болып табылады. Себебі, кіші және орта бизнестің дамуындағы кедергілер өте көп. Бұл кедергілер мемлекеттің саясатымен рыноктың инфрақұрылымының жетілмегендігінен.[4]
Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік жаңа даму сатысында. Осы секторларға елеулі үлкен қаражаттар инвестициялануда. Бірақ бұл инвестициялау ассиметриялы болып отыр. Капитал салымдары көбінесе осы сектор бойынша, яғни кіші және орта кәсіпкерлік сферасында сауда саласына және сервиспен шағын және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Оның себебі, шағын және орта бизнестің осы сфераларында инвестициялы ақталу мерзімі қысқалау және бұл сфераларда өтемпаздықты көтеретін айналым қаражаттары көп болғандықтан.
Сондай-ақ біздің еліміздегі кіші және орта кәсіпкерлік секторында инновациялық қызметті жүзеге асыру дамымаған. Жалпы инновациялық қызмет айналысатын венчурлық кәсіпорындар біздің елімізде жоқтың қасы. Бірақ болашақта мемлекеттің жүргізіп жатқан ұлттық экономиканы диферсификациялау мен модернизациялау бойынша қабылданған тұрлі бағдармалар мен жүргізіліп жатқан саясатына байланысты мұндай кәсәпорындар көбейді деген үміт бар. Ал мұндай кәсіпорындар үшін кіші бизнес субъектісі болуы тиімді, себебі, венчурлық кәсіпорындар сыртқы орталық түрлі өзгерістеріне тез бейімделеді.
Жоғарыда жасалған талдау келесі тендецияларды көрсетеді:

  1. Белсене жұмыс істейтін кәсіпорындардың аз үлесі кезінде шағын кәсіпкерлік объектілерінің тұрақты сандық өсуі;

  2. Сауда мен қызмет көрсету сферасында шағын кәсіпкерлік объектілерінің шоғырлануы;

  3. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мен салық салуды, несиелеудің шешілмеген проблемалары;

  4. Үлкен қаржылық мүмкіндіктері бар адамдардың осы секторға инвестициялауды жүзеге асыра бастауы;

  5. Шағын бизнеспен орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолданудың тиімсіздігі [5]

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстандағы шағын және орта
бизнестің (ШОБ) даму ахуалы мен проблемалары жайындағы кешенді зерттеудің қорытындыларын жариялауы бойынша келесі мағлұматтарман танысып біліссек. . Осымен екінші рет жүргізілген зертеу 2016 жылдың қазан - желтоқсан айларында іске асырылған. Бірінші жобаны Даму Қоры 2011 жылы жүзеге асырып нәтижелерін жариялаған болатын.
Әдіснамалық және мағыналы сабақтастық арқасында, 2016 жылғы зерттеудің басты көрсеткіштері алдыңғы жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелерімен салыстыруға тұрарлық. Сонымен қатар 2016 ж. зерттеу жобасында мейлінше үлкен және әртүрлі әдіснамалық арсенал қолданылды. Онда сандық тұрғыдағы әдістермен қатар (ШОБ институционалдық және салалық құрылымын бейнелейтін жұмыс істеп жүрген 2000 кәсіпкерге таңдау жолымен сауалнама жүргізу, 2016 ж. Кәсіпкерліктің жедел курсына қатысқан әлеуетті және ісін жаңадан бастаған 1500 бизнесмен-тыңдаушылар арасында сауалнама, 2011 ж. Кәсіпкерліктің жедел курсы тыңдаушыларының «тренингтен кейінгі» кәсіпкерлік қызметтеріне таңдамалы түрде мониторингтік зерттеу жүргізу, Даму Қорының қаржылық бағдарламалары қатысушыларына сауалнама жүргізу) сапалық тұрғыдағы әдістер де (әртүрлі санаттағы қалалық және ауылдық кәсіпкерлерден құрылған фокус-топтар, бизнесін әртүрлі себептермен тоқтатуға мәжбүр болған бұрынғы кәсіпкерлерден құрылған фокус-топтар, жаңа жобаларды немесе бизнестің жаңа бағыттарын меңгерген кәсіпкерлермен көкейтесті сұхбаттасу) қолданылды. Шағын және орта бизнесті кешенді зерттеу тәжірибесінде бірінші рет кейс-стади қолданылды. Олар бизнес ашу және қолданыстағы бизнесті жаңғырту, өндіріс және сауда нысандарын салу, мақсатты кредиттерді игеру кезінде туындайтын проблемаларды, нақты дәлелдермен, егжей-тежейлі оқып-үйренуге мүмкіншілік берді.
Алынған нәтижелер, оларды 2016 ж. зерттеу көрсеткіштерімен салыстыру, Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің айтарлықтай қарама-қайшы келбетін береді.
Дағдарыс кезінде кәсіпкерлік орта пессимизм мен торығушылық күйге бой алдырмаған. Сауалнама жүргізілген кәсіпкерлердің 70% астамы өз бизнесінің келешегі айқын десе, кәсіпкерлердің 40% астамы қызметтің жаңа түрлерін, өнімдер мен қызметтерді игергілері келетіндігін хабарлады. Респонденттердің 35% астамы өз бизнесінің бағалау құнын ұлғайтатыны жөнінде хабарлады. Кәсіпкерлердің жартысынан астамының салық аударымдарының көлемі ұлғайды. Бұл салық заңнамасын ырықтандыру аясында салық салу базасын көтерген үдеріске қарай орын алды. Респонденттердің дерлік 70% жуығының өнімдері мен көретілетін қызметтерінің бағасы өсті, 40 % астамының сату көлемі ұлғайды. 44% жуық респонденттің кәсіпорындарында қызметкерлердің жалақы қоры ұлғайса, жалданбалы жұмысшылар санын ұғайтқан кәсіпкерлердің тек 22%-да ғана жалақы өскен. Дегенмен, жалпы алғанда, шағын және орта бизнесте түбегейлі өзгеріс бола қоймаған. ШОБ басым бөлігі өміршең болу үшін күресумен келеді. Сұрау салынған кәсіпкерлердің төрттен үш бөлігінің қаржы ресурстары бизнесін ұстап тұруға ғана жетеді.
Кәсіпорындардың тек ширегіне жуығы, жеке кәсіпкерлердің 17% және шаруа қожалықтарының 13% ғана бизнесін айтарлықтай жетілдіруге және дамытуға қаражаты бар. Дағдарыс кезінде кәсіпкерлердің мүмкіндіктері барынша шектеулі болды, жоспарлары мен талап-ниеттеріне мейлінше абай болды. 2016 ж. зерттеумен салыстырғанда, 2016 ж. қаражатын жаңа жабдық сатып алуға, жаңа құрылысқа, қызметкерді оқыту мен біліктілігін арттыруға бағыттауды ниет еткен кәсіпкерлер үлесі 30-40% қысқарды.

Кесте 3
ШОК жұмыспен қамтылғандар саны


адам




Барлығы

соның ішінде

шағын кәсіпкеріктегі заңды тұлғалар

орта кәсіп-керліктегі заңды тұлғалар

жеке кәсіпкерлер

шаруа (фермер) қожалық-тары

Қазақстан Республикасы

2 087 875

495 179

245 451

918 461

428 784

Ақмола

101 126

19 305

17 340

53 708

10 773

Ақтөбе

81 231

23 014

12 730

36 569

8 918

Алматы

234 423

31 720

14 286

68 013

120 404

Атырау

77 994

17 647

8 025

48 403

3 919

Батыс Қазақстан

69 585

16 928

9 063

32 373

11 221

Жамбыл

132 450

18 478

10 114

58 144

45 714

Қарағанды

152 167

44 501

22 053

64 011

21 602

Қостанай

117 116

24 365

17 174

64 261

11 316

Қызылорда

52 772

16 454

11 429

21 209

3 680

Маңғыстау

53 844

25 448

7 452

19 704

1 240

Оңтүстік Қазақстан

261 945

37 104

16 326

65 223

143 292

Қызылорда

98 559

21 302

12 259

57 300

7 698

Солтүстік Қазақстан

69 448

14 120

17 203

30 419

7 706

Шығыс Қазақстан

199 045

45 603

23 633

98 568

31 241

Астана қ.

115 690

36 614

12 002

67 071

3

Алматы қ.

270 481

102 577

34 362

133 485

57

Ескерту – ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері.2016 ж. www.stat.kz

Оның ішінде қызмет түрлері бойынша бөлетін толсақ: ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығына – 203169, балық аулау, балық өсіру шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығына – 203169, балық аулау, балық өсіру шаруашылығына – 1298, өнеркәсіп салаларына – 32049, құрылысқа – 33505, сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу қызметі түрлеріне – 346236, қонақ үйлер мен мейрамханалар – 21012, көлік және байланыс саласына – 68963, қаржы қызметіне – 5532, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету – 66848, мемлекеттік басқару – 9833, білім беру – 15056, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету – 12281, коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету салаларына – 92655 шаруашылық субъектісі тіркелген. Осы 2008 жылдың 1 қаңтарына берілген статистикалық есеп беру мәліметтері бойынша тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының ішіндегі нақты жұмыс істеп тұрған субъектілердің экономикалық қызмет түрлері бойынша және Республика аймақтары бойынша жыл басына шаққандағы саны көрсетілген [21].


Кесте 4
2016 жылғы кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы


млн. теңге




Барлығы

соның ішінде

шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

жеке кәсіпкерлермен

шаруа (фермер) қожалықтарымен

Қазақстан Республикасы

173 041

103 518

30 127

35 287

4 109

Ақмола

6 755

3 626

1 789

1 308

31

Ақтөбе

8 047

4 515

1 238

2 022

271

Алматы

9 623

4 818

1 980

1 485

1 340

Атырау

7 822

4 579

1 350

1 745

147

Батыс Қазақстан

6 518

3 712

1 256

1 304

246

Жамбыл

4 191

2 400

642

876

272

Қарағанды

10 733

5 605

2 379

2 248

500

Қостанай

8 398

5 174

1 608

1 581

34

Қызылорда

6 474

4 804

943

709

18

Маңғыстау

7 740

4 033

1 470

2 209

28

ОҚО

7 798

2 562

1 767

3 378

91

Қызылорда

7 184

4 770

1 416

692

305

СҚО

5 431

2 763

1 698

852

118

ШҚО

10 804

4 189

2 250

3 660

706

Астана қ.

28 612

20 169

2 100

6 343

0,3

Алматы қ.

36 912

25 798

6 240

4 874

0,0

Ескерту – ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері.2016 ж. www.stat.kz

2016 жылғы қаңтарда шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілердің өнім (тауарлар және қызмет көрсетулер) шығарылымы 173,0 млрд. теңгені құрады (Кесте 4).




2 Өңірдегі шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау



    1. Қызылорда облысында шағын кәсіпкерліктің қазіргі заманғы жай-күйі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына мемлекет үлкен көңіл бөле бастады. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңының қабылдануы, шағын кәсіпкерлікті дамыту туралы бағдарламалар, аймақтарда шағын кәсіпкерлікті қолдайтын ұйымдардың ашылуы, осының барлығы елде шағын кәсіпкерліктің дамуына өз үлесін қосты.
Қызылорда облысы 1938 жылы қаңтарда құрылған. Қызылорда облысы -Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысы, Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде – Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбемен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шекараласады. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 4 - орында.
Қызылорда облысының жалпы жер ауданы 224 мың шаршы шақырымды немесе мемлекет аумағының 4,6,% құрайды (республика бойынша 4-орын).
2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстағы халық саны 689,7 мың адамды немесе Қазақстанның бүкіл халқының 4,5% құрайды (республика бойынша 9-орын). Экономикалық белсенді халық саны 441,1 мың адамды немесе Қазақстанның бүкіл ЭБХ 5% құрайды, еңбекпен қамтылған халық саны – 418,2 мың адам. Ресми жұмыссыз санатына жататындардың саны – 22,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, құрады. Облыс бойынша орташа алғанда халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырымға 6 адамды құрайды
Әкімшілік орталығы Сырдария өзенінің жағасындағы Қызылорда қаласында орналасқан. 2012 жылдың 1 қаңтарында қалада 342,3 мың адам немесе облыстың бүкіл халқының 46% тұрды. Облыста 7 әкімшілік аудан мен облыстық маңызға ие 3 қала бар.
2016 жылы Қызылорда облысының АЖӨ 1 379,8 млрд. теңгені немесе Қазақстанның ІЖӨ-нің 5% құрады. Адам басына шаққанда 1 848,0 мың теңгені құрайтын АЖӨ көрсеткіші бойынша, аймақ ел бойынша 6 орынды иеленеді.
Облыстың АЖӨ құрылымында ауыл шаруашылығы 4,3%, өнеркәсіп – 47% (соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп - 33%), құрылыс – 4%, сауда – 10%, көлік және қойма ісі және ақпарат пен байланыс – 9,5%, өзге салалар – 25,2% құрайды.
Статистика агенттігінің ақпараты бойынша, 2016 жылдың 11 айында облыста шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын белсенді субъектілердің саны 25 855 бірлікті құрады. Дейтұрғанмен, соңғы екі жылда Қызылорда облысында тіркелген және белсенді ШОК субъектілерінің саны төмендеген. 2013 жыл мен 2014 жылдың ІІІ тоқсанында тіркелген субъектілердің саны – 26 пайызды, белсенді субъектілердің саны -22 пайызды құрады. 
Сонымен қатар соңғы бес жылда шағын және орта кәсіпкерлікте тіркелген субъектілердің жалпы санындағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің үлесі өсіп келеді. 2016 жылдың ІІІ тоқсанында бұл көрсеткіш 66 пайызға жетіп отыр. 
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікпен белсенді айналысатындардың саны 82 216 адамды құрайды. 
Қызылорда облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте белсенді жұмыс істейтін халықтың саны 2016 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 85,9 мың адамды немесе Қазақстан бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің жалпы санының 4 пайызын құрайды. Ұйымдастыру-құқықтық разрезінде орта бизнес кәсіпорындарында 15,7 мың адам (шағын және орта кәсіпкерлікте белсенді еңбекпен қамтылғандардың 18 пайызы), шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарында 22,1 мың адам (26 пайыз), жеке кәсіпкерлікте – 40,7 мың адам (47 пайыз), шаруа-фермерлік қожалықтарда – 7,4 мың адам (9 пайыз) жұмыс істейді.
2016 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қызылорда облысындағы екінші деңгейлі банктердің несие портфелінің жалпы мөлшері 137 млрд. теңгені құрады. Бұл Қазақстан бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтық несие портфелінің 1,8 пайызын құрайды. Бұл соманың 37 млрд. теңгесі (жалпы портфелдің 27 пайызы) шағын кәсіпкерлікке берілетін несиеге арналған.
01.12.2016 жылғы жағдай бойынша нарықта белсене жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7-ға өсті және 43568 бірлікті құрады, оның ішінде – 4165-і заңды тұлға, 28898-і жеке кәсіпкер және 5866-сы шаруа қожалығы. Заңды тұлғалар саны 20,7%-ға, жеке кәсіпкерлер – 2,0%-ға және шаруа қожалықтары 1,7%-ға өсті. Шағын кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны 1,2%-ға артып, 117119 адамды құрады, оның ішінде заңды тұлға бойынша 36779 адам, жеке кәсіпкер – 59099 адам, шаруа қожалығында – 21241 адам (жеке кәсіпкер – 12,2% - ға, шаруа қожалығы – 0,2%-ға көбейген). Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2016 қаңтар – қарашада шығарған өнімдері (тауар, қызмет) 101458,0 млн. теңгені (салыстырмалы бағамен заңды тұлғаларда – 4,6%-ға, шаруа қожалықтарында 13,9%-ға өсті) құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілер саны өсуінің негізгі факторлары шағын кәсіпкерлікті өңірлік деңгейде қолдау, ұйымдастыру және экономикалық жетілдіру шараларының жүйесі болып табылады. 1000 тұрғынға шаққандағы шағын кәсіпкерлердің белсенді субъектілерінің саны 28,9 бірлікке жетіп, 2016 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 0,9 бірлікке ұлғайды.
Статистикалық тіркелім деректері бойынша 01.12.2016 жылғы жағдай бойынша облыста 12634 шағын бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар) тіркелген, бұл көрсеткіш 2016 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда 8,0%-ға жоғары. Тіркелген кәсіпорындардың 71,8% немесе 9067 кәсіпорын іс әрекеттегі болып табылады, яғни экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға мүмкіндігі барлар, белсенділері – 4165 немесе 33,0% (іс-әрекеттегілер санының 45,9%-ы) (Кесте 5).

Кесте 5
Шағын бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар)






Тіркел-
ген



Әрекеттегі

Іс-әрекет етпейтіндер

барлы-ғы

жаңа әлі қызмет бастама-
ған

белсенділер

уақытша тоқтап қалған-
дар

барлығы

банкрот-
тар

«елес
тер»
(мәлі
мет жоқтар

01.12.2014

11703

8160

2989

3452

1719

3543

60

3483

01.12.2016

12634

9067

3159

4165

1743

3567

91

3476

Е с к е р т у - «ҚР статистика жөніндегі Агентігі» 2012 ж. №2 жинағынан алынған мәліметтер

Тіркелген және белсенді шағын бизнес кәсіпорындар саны бойынша облыс Алматы қ., Астана қ., Оңтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарынан кейінгі 5 орын, іс әрекеттегі саны бойынша Алматы қ., Астана қ., Онтүстік Қазақстан облысынан кейінгі 4 орынды алып отыр. Өткен жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар саны 9,2 %, ал белсенді кәсіпорындардың саны 2,2 % өсті. Белсенді кәсіпорындардың көпшілігі (41,2%) сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеуге маманданады. Құрылыспен 11,9% белсенді кәсіпорындар айналысады, өнеркәсіптік қызметпен 11,7%, оның айтарлықтай саны өндеуші өнеркәсібіне тиісілі (өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы санынан 92,8%), жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету – 20,3%.


2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыстың шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны есепті деректер бойынша 36779 адамды құрайды. Ең көп бөлігі – 29,2%-ы сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде, 19,2%-ы мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету саласында, 16,9%-ы құрылыста, 15,2%-ы өнеркәсіпте, оның ішінде 14,2%-ы өңдеуші өнеркәсібінде қамтылған.
2016 жылғы қаңтар-қарашадағы шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының өнім шығаруы есептік деректер бойынша 61447,0 млн. теңгені құрады. Облыстың шағын бизнес кәсіпорындары шығарымының жалпы көлеміндегі 25,4%-ы өз қызметін сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде, 18,4%-ы өнеркәсіпте, оның ішінде 13,7%-ы өңдеуші өнеркәсіпте және 4,6%-ы тау-кен өнеркәсібінде, 17,9%-ы құрылыста және 13,8%-ы мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету саласында жүзеге асырған кәсіпорындарға тиесілі. (Кесте 6)

Кесте 6
Экономикалық қызмет түрі бойынша шағын бизнес кәсіпорындарының


саны




Тіркелген кәсіпорындар, бірлік

Әрекеттегі кәсіпорындар

01.12.15

01.12.16

барлығы

Оның ішінде белсенділері

01.12.15

01.12.16

01.12.15

01.12.16

1

2

3

4

5

6

7

Облыс бойынша барлығы
оның ішінде:

11173

12634

8160

9067

3452

4165

Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы

157

170

114

121

75

83

Балық аулау, балық өсіру

9

11

5

7

5

6

Өнеркәсіп
тау-кен
өндеуші
электр энергия, газ, су өндіру және тарату

1269
64
1185
20

1360
77
1260
23

933
47
870
16

1005
57
931
17

403
10
383
10

489
26
454
9

Құрылыс

1886

2112

1505

1705

489

497

Сауда;
автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану заттарын жөндеу

5582

5898

3434

3786

1358

1717

Қонақ үйлер мен мейрамханалар



150

157

89

96

44

54

Көлік және
байланыс

527


586


384


429


187


237


6 кестенің жалғасы

Жылжымайтын мүлік пен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету

1649


1838


1357


1547


680


844


Білім беру

92

104

60

73

31

40

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет қөрсету

181


189


133


141


89


98


Өзге де коммуналдық әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету

201


209


146


157


91


100


Е с к е р т у – Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қызылорда облысының Статистика департаменті, 12/2016

Кесте 7
01.02.2016 жылға экономикалық қызмет түрі бойынша шағын бизнес
кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері




Жұмыспен қамтылғандар
саны, адам

Өнімді шығару, млн. теңге

01.01.2016ж.

01.01.2016ж.

01.01.2016ж.

01.01.2016ж.

Облыс бойынша барлығы оның ішінде:

36779

37651

6144,7

6725,8

Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы

1238


1544


98,5


105,3


Балық аулау, балық өсіру



52


39


23,4


1,9


Өнеркәсіп
тау-кен
өңдеуші
электр энергия, газ, су өндіру және тарату

5595
238
5761
596

6230
269
5325
636

2181,4
453,9
1245,9
481,6

1020,4
58,3
905,6
56,5

Құрылыс



6861

6578

1080,6

1324,7

7 кестенің жалғасы

Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану заттарын жөндеу

12777


13121


2448,9


2672,8


Қонақ үйлер мен мейрамханалар

556


590


109,4


151,3


Көлік және байланыс

2093


1758


544,4


506,7


Жылжымайтын мүлік пен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету

5245


4883


992,7


903,3


Білім беру

297

347

19,3

25,1

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет қөрсету

1431

1259

99,7

95,1

Коммуналдық әлеуметтік қызметтер

1186

1302

161,5

163,3

Е с к е р т у – Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қызылорда облысының Статистика департаменті, 2016ж.

Өңірлік кескінде шағын бизнес кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандардың айтарлықтай үлесі Қызылорда (жалпы жұмыспен қамтылғандардың 63,3% ), Арал (11,2%) және Жалағаш (7,5%) қалаларына тиесілі.(Кесте 8)


Кесте 8
01.01.2016 жылға аймақтар бойынша шағын бизнес кәсіпорындарының
негізгі көрсеткіштері




Жұмыспен қамтылғандар саны, адам

Өнімді шығару, млн. теңге

01.02.2012ж.

01.02.2011ж.

01.02.2012ж.

01.02.2011ж.

Қазақстан Республикасы

585981


557987


179054,2


173700,7


Қызылорда облысы

40851


40923


6144,7


6725,8


Қызылорда қ.

25415

24959

5541,0

4664,7

Арал қ.

1021

1003

197,1

167,4

Жалағаш қ.

2884

2833

499,1

420,2

8 кестенің жалғасы

Жаңақорған қ

266

262

15,0

12,7

Қазалы

159

156

17,5

14,8

Қармақшы

442

435

88,6

75,7

Сырдария

94

93

2,1

1,8

Шиелі

167

164

38,2

32,1

Е с к е р т у – Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қызылорда облысының Статистика департаменті, 2016ж.


    1. Қызылорда облысындағы шағын кәсіпкерліктің даму үрдісін қолдау шаралары

Облыстың шағын және орта кәсіпкерліктің салалық спецификасы сауда, қызмет және құрылыс секторындағы кәсіпорындардың (60 пайызынан аса) иемдеуінен байқалады.


Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны өсудің жеткілікті тұрақты тенденциясына ие. 2008 жылы олардың саны 54590 адам болса, 2016 жылы 70 831 адамға жеткен. Оның ішінде шағын кәсіпкерлікте 17 000, орта кәсіпкерлікте 22 700, жеке кәсіпкерлікте 27 369, шаруашылық қожалықтарда 37 62 адам.
Осы орайда айта кету керек, жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны артып келеді, қазіргі уақытта жалпы экономикалық белсенді тұрғындарының санының төртен бірі қамтылған, бұл аталған қызмет түрінде тұрғындардың жоғарғы белсенділігін көрсетеді.
Облыстың бөлшек тауар айналымы 2016 жылы 110,7 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылға 126,4 пайыз, 2016 жылы 119,2 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылға 117,9 пайыз, 2016 жылдың 10 айындағы жағдай бойынша 103,8 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылға 114,8 пайыз.
Жалпы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тұрғындардың жұмыспен қамтылуына және кедейшілік деңгейін төмендетуге әсерін тигізеді.
Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың экономикада жүргізіп отырған саясатының арқасында соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды – шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономика үшін болып жатқан дағдарыстарға төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі өсім сапасы қанағаттанарлық дәрежеде емес. Сапалы өсімнің жүзеге асырылмауы жоғары технологиялардың дұрыс пайдаланылмауынан болып отыр.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің  экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін, сондай-ақ шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2020 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс деп атап көрсетті.
Себебі, қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген. Шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен қатар, нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, тауар түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады. Кәсіпкерлік қызметтің өсу қарқынын зерттеу және оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.
Шағын және орта кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдейді. Статистика агенттігінің мәліметтерінде республиканың біраз аймақтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен, өндіріс саласының даму қарқыны төмен екені көрініп отыр. Сонымен қатар, сыртқы әлемдік ортадағы қаржылық дағдарыстың жүруі Қазақстан экономикасы үшін даму тұрақтылығын сақтаудағы іс-шараларды іске асыруды қажет етеді. Сондықтан, индустриалды-инновациялық саясаттың аясында өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың дамуы аймақтарда өмір сүрудің және әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда. Қызылорда облысының 2015-2017 жылдарға арналған даму болжамына сәйкес облысымыздың экономикасы мен бизнесінің дамуы кең етек жаяды деп болжамдануда. Сол көрсеткіштерге тоқтала кететін болсақ, әр салада өсу қарқыны болатынын байқауымызға болады.
2017 жылы ЖӨӨ нақты өнімі 5,5 пайыз шамасында болады деп болжамдануда. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша 2017 жылы 13,2 мың АҚШ доллары деңгейіне дейін жеткізіледі.
Инфляция деңгейі 7,0 – 8,0 пайыз деңгейінде болжамданып отыр.
2015-2017 жылдары жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға дейін төмендету жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2017 жылы 2,7 пайызға артады, оның ішінде егін шаруашылығы – 2,4 пайызға, мал шаруашылығы – 3,1 пайызға.
Өнеркәсіп өндірісінің негізін тау-кен өнеркәсібі құрайды. Бұл саланың жалпы өнеркәсіп өнім көлеміндегі үлесі 2011 жылы 94,1 пайызды құрады.
Келешекте ірі мұнай операторларының қолданыстағы ұңғымаларында мұнай қорының азаюы салдарынан бұл саланың өсу қарқыны төмендейді. 2017 жылы болжам бойынша мұнай өндіру 2012 жылғы 10,9 млн.тоннадан 2017 жылы 8,3 млн.тоннаға дейін төмендейді. Мұнай көлемінің төмендеуіне байланысты 2017 жылы тау-кен өнеркәсібі өнімінің көлемі 4,9 пайызға төмендейді деп болжамдануда.
Дегенмен, келешекте уран, химия, және машина жасау саласын дамыту қаралуда. Сонымен қатар, 2015-2017 жылдары Шалқия кенішін кеңейту және байыту фабрикасын салу, кварц құмын байыту бойынша тау-кен байыту комбинатын салу, тұз шығару зауытын жаңғырту және басқа да жобаларды жүзеге асыру қаралуда.
Осыған байланысты, жалпы алғанда өнеркәсіп өнімі көлемінің физикалық индексі 2016 жылдан бастап қайтадан өсе бастайды және 2017 жылы 100,0 пайызды құрайтын болады.
2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 1,3 пайызға артады. Жүк тасымалдау көлемі 5,1 пайызға өседі деп болжамдануда.
Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін төмендегідей көрсеткіштерден қарауымызға болады:
2012 жылдың қаңтар-қарашасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі 158606 млн. теңгені құрап, салыстырмалы жылдың қаңтар-қараша айына қарағанда 1,8 пайызға өсті, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19840 бірлік құрап 7,4 пайызға өсті, ал жұмыспен камтылғандар саны 65463 адамға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,7 пайыз құрады.

өткен айға пайызбен


Сурет 8. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік мониторингі


Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің санынан жеке кәсіпкерлердің үлесі 82,2 пайыз, қожалық (фермерлік) шаруашылығы 6,6 пайызды, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 10,2%, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 1,0% тиесілі.
Статистикалық тіркелім деректері бойынша 2012 жылдың 1 желтоқсанына облысымызда шағын бизнестің 4629 кәсіпорны тіркелген, бұл 2011 жылдың 1 желтоқсан айына қарағанда 6,7 пайызға жоғары. Тіркелгендердің 63,8 пайызы (2954 бірлік) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын болып табылды, яғни экономикалық қызметпен айналысты немесе айналыса алды, 2021 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандарының 68,4 пайызы) белсенді болды. Аймақтар бойынша белсенді кәсіпорындардың ең көп саны Қызылорда қаласына (80,9 пайыз), Шиелі (4,4 пайыз), Қазалы (3,9 пайыз) аудандарына тиесілі. Сондай-ақ тіркелген кәсіпкерліктің көрсеткіштерін айтуға болады:
Президент Жолдауында атап көрсеткендей, іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен.
Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:

    • шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.

    • жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.

    • бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет