Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет1/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72

Лекция № 1


Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде.


Лекция жоспары:
1. Педагогика – адамды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым.
2.Педагогика оқу пəні ретінде.
3.Білім беру тарихындағы кәсіби педагогтарды дайындау мәселесі.


Лекция мақсаты: Педагогика ғылымының негізгі ұғымдарын меңгерту. Сонымен қатар педагогиканың басты ерекшеліктерін, міндеттерін ашып көрсету, методологиялық негізін анықтау арқылы, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын дәлелдеу.


Лекция мазмұны: Эпистемологияда (ғылыми таным теориясы) «ғылым» ұғымына берілген анықтамалар өте көп. Олардың біразына тоқталайық.
Ғылым – әлемнің ғылыми картасының негізінде тексерілген, дәлелденген білімдер жүйесі; ғылыми білімнің жекелеген салалары.
Ғылым – білімді өндіруге байланысты туындайтын іс-әрекеттер (ғалымдардың білімділігі мен қабілеттері, ғылыми біліктілігі мен тәжірибесі; ғылыми еңбекті бөлу және кооперациялау, ғылыми мекемелер мен оның құрал-жабдықтары); ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері; ғылыми түсініктер мен категориялар; ғылыми ақпарат жүйесі және ғылыми өндірістің негізі немесе құралы немесе нәтижесі ретінде көрінетін білімдер жиынтығы.
Ғылым төрт аспектіден тұрады:
-жеке-ғылыми (ғылым білімді алу көзі ретінде);
-әлеуметтік мәдени (ғылым әлеуметтік институт ретінде);
-пәндік (ғылым ғылыми пәндер үйлесімділігі ретінде);
-іс-әрекеттік (ғылым адамның іс-әрекеті ретінде).
Ғылымды мынандай белгілері ерекшелейді:
1) әлеуметтік, мұндай белгіде ғылымның дамуына қоғамның қажеттіліктері негіз болады;
2) жүйелілік, яғни ғылым – өзара байланысқан нысан мен пән, өзіндік категориялық аппарат, теория мен болжам, әдістер мен фактілер сияқты элементтерден құралған жүйелі феномен;
3) серпінділік, ғылым эмпирикалық тексерілген және теориялық негізделген дәлелді білімдермен үздіксіз толықтырылып отырады.
Сондықтан, кез келген ғылым – бұл тек білім ғана емес, сонымен қатар білімді өндірудің үдерісі; пән ретінде әрекеттегі білім саласы болып табылатын адамның практикалық іс-әрекетінің бір түрі. Педагогика ғылым ретінде жоғарыда аталған аспектілер мен белгілерге сүйенеді және еш күмәнсіз жеке ғылымдар жүйесіне жатқызылады.
Педагогика – педагогикалық үдерістің 2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттерін, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын, формаларын, мазмұны мен технологиясын адам дамуының құралы мен факторы ретінде зерттейтін ғылым.
Ғылым нысаны жалпы түсінікте нақтылы ғылым зерттейтін шындықтың саласын, бөлігін қамтиды.
Педагогика нысаны ретінде кең мағынасында білім беруді танимыз, яғни тұтас педагогикалық үдерістегі адамның дамуы мен қалыптасуы, білім алуы мен тәрбиеленуі.
Ғылым нысаны көпқырлы, көп аспектілі феномен, сондықтан оның ғылым пәні ретінде қызмет ететін нақтылы жақтары ғана алынады.
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері ретінде қаралатындар: нысан, пән, категориялы-түсініктілік аппарат, теория, болжау, әдістер мен фактілер. Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтерін қарастырайық.

Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері


Педагогика пәні ретінде тұтас педагогикалық үдерісі саналады, оған оқыту мен тәрбие үдерістері кіреді.
Кез келген ғылым өзінің категориялық-түсініктілік аппараты негізінде танылады. Осыған байланысты «термин», «ұғым» және «категория» сөздерінің мәнін ашып алу керек.
Термин (лат. terminus – шек, шекара) – шындық нысанын айқын бейнелейтін және жеке сала аясында басқа ұғымдармен қатынас орнататын сөздер мен сөз тіркестері.
Категория (грек. kategoria – анықтама) – шынайылықтың қатынасы мен заңдылықтарын, қасиеттерін, ұғымдарын бейнелейтін және ғылыми-теориялық ойлау сипатын анықтайтын жалпы және нақтылы ұғым.
Ұғым – белгілі бір мазмұндағы сөз бен сөз тіркестігі.
Педагогикада негізгі категорияларға жататындар: білім беру, тәрбие, оқыту, педагогикалық үдеріс, өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу. Бұл категориялардың анықтамасына тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет