Лекция 14-15. Жоғарғы оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру формалары



бет12/15
Дата31.12.2021
өлшемі421,83 Kb.
#23870
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Текстті абзацқа бөлу. Абзац текст бастауының бірінші жолындағы бірнеше адаымдарды қалдыру.

Абзац өзара мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас келетін тексттерді бөлу үшін қажет. Ол әрбір жазылған жолдағы текст мазмұнын дұрыс ұғынуға, түсіндіруге септігін тигізеді.



Санау, немесе тізбелеу. Детальдар, машиналар, ұғымдар анықтамаларын жазуда оларды бірінің үстіне бірін жазып көрсетудің қажеті жоқ. Сондықтан, оларды бір жолға, өзара қайырма арқылы бөліп көрсетуге болады. Мысалы: Жұмыста аталынған материалдың тығыздығы г/см³ көрсетілген: қорғасын үшін – 11,34, болат үшін – 10.

Егерде, атап көрсетілетін элементтер қысқаша сөйлемдерден құралатын болса, онда оларды нүкте – қайырма арқылы жаңа жолдан жазып отырған жөн. Мысалы: Зерттеу жүргізу барысында оқыту процесінің тиімділігін анықтау үшін:

-мұғалімдерге – тақырыптық логикалық құрылымын дұрыс түзе білетіндігін:

-оқушыларға – жүйелі білім қалыптасқандығына арналған тест құрастырылды.



Қысқартулар, текст ішінде кейбір сөздерді, сөйлемдерді қысқартып жазу қабылданған. Десекте, жалпы қабылданған сөз тіркестерін ғана қысқарту дұрыс делінеді. Мысалы:

Т.б. (тағы басқалар) млн (миллион)

Т.с.с. (тағы сол сияқты) млрд (миллиард)

ГОСТ 8.417-81 стандарты қабылдауы бойынша физикалық шамаларқысқартылады. Мысалы:

Г (грамм) М (метр)

Л (литр) T(цельсии бойынша температурасы)

Күрделі терминдер:

І.ж.д. (іштен жану двигателі)

П.ә.к. (пайдалы әсер коэффиценті) – деп әрбір сөз кіші әріптермен көрсетілі, нүкте арқылы ажыратылады.

Техникалық терминдердің шартты түрде қысқартылуы барлық текст бойынша болғаны жөн.

Алғаш рет қолданылып отырған термин болса, толық берілуі тиіс, ал оның қысқартылған күйі жақшада көрсетіледі. Әрмен қарай қысқартылған күйімен жазыла берілуіне болады.

Текст ішінде бір жолда «Күкірт қышқылы» деп, ал келесі жолда H2SO4 деп көрсету дұрыс емес.

Текст ішінде кездесетін, масылы: «процент», «параграф», «градус», «температура» сияқты сөздер толық жазылғаны дұрыс, оларды ешқандай (§,%, t) сияқты белгілермен бермеу керек.

Индекс ретінде берілген сөздер қысқартылады және оның соңына нүкте қойылмайды. Мысалы:

R max-максималь кедергі

Popm- орташа қуат

Физикалық шамалар, халықаралық бірліктер шамасында (СИ) жазылады.

Сөйлем құрамына енетін шамалар болса, олар көбейту белгісі арқылы бөлініп көрсетіледі. Мысалы: Н.м. (Ньютон-метр).

Шамаларлығ шегін төмендегіше жазған дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет