Лекция 14-15. Жоғарғы оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру формалары



бет1/15
Дата31.12.2021
өлшемі421,83 Kb.
#23870
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лекция 14-15 Мамандыққа кіріспе


Лекция 14-15.

Жоғарғы оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру формалары.

Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері.


    1. Курстық және дипломдық жұмыстар

    2. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстар

    3. Баяндама тезисі

    4. Студенттердің қоғамдық еңбек іс-әрекеттері


Жоғары оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру формалары

Студенттердің аудиториялық сабақтары

Аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті. Десекте, кейбір студенттер ол сабақтарға қатыспау себептерін іздестіретіні белгілі. Өйткені, жіберілген материалдарды кітаптардан – ақ оқып, білім алуға болады деген пікірде болады. Мұндай студент, ешқандай кітап, басқа да ақпарат көздері, оқытушымен қарым –қатынастағыдай пікір алмасуды алмастыра алмайтынын ұғынбайды.

Аудиториялық сабақтар тек қана студенттерге білім беруді ғана міндет етіп қоймайды, олардың өзбетінше білім алуына дағдыландырады. Олар тек білімді меңгертуді ғана мақсат етпей ойлау қабілетін дамытуды да мақсат тұтады. Аудиториялық сабақтарда студенттер оқытушылармен қарым-қатынас арқылы болашақ маман ретінде қалыптасады.

ЖОО орындарында аудиториялық сабақтардың үш түрі: лекция, практикалық сабақ, қоғамдық пәндер бойынша семинар және лабораториялық сабақтар қолданылады.



Лекция барысында, курстың (пәннің) оқу бағдарламасы бойынша негізі мәселелері қаралады. Лекцияда студент актуальді, фундаментальді, жүйелі білім негіздерінен бағыт-бағдар алады.

Мұндай білімдерді студент оқу құралдарынан жинақтай алуы қиынға соғады. Бұл студентке оқу пәндері бойынша кітаптың жоқтығынан немесе олардың аздығынан емес, уақытының, алғашқыда оларды пайдалану тәжірибесіздігінен деп білген жөн. Өйткені, оқытушы лекйия барысында оқылатын пәнге, қосымша әдебиет көздерінен алған ақпараттарға, тәжірибеге және ең жаңа зерттеу нәтижелеріне сүйенетіндігінде.



Лекция барысында лектор білімнің пайда болуы мен оның процесін айқындайды. Лекция – ойлау қабілетінің бірден – бір құралы болып саналады және ол студенттерді педагог мамандығының қыр-сырын үйрететін тәрбие құралы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет