Лекция №4 Ұлттық тағам атаулары шығу тарихы Тағам атауларының салт дәстүрлердегі көрінісі



бет16/24
Дата31.12.2021
өлшемі101,91 Kb.
#22708
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Ұлттық тағам атаулары



  • Қазақ халқы асқа, тағамға үлкен мән берген. Халқымыз кәделі әрі орны бөлек тағамдарын ет пен сүттен жасаған. Қымыз, шұбат сияқты шипалы тағамдар батыс елдерінде мүлде жоқ. Бұл – біздің халқымыздың ерекшелігі.   Ұлттық  дастарқанымызға байланысты алуан түрлі терминдер бар және олар зерттеуді қажет етеді. Бұл терминдер – бай қазақ тілінің және ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бір бөлшегі. Сондықтан біз оны білуіміз және сақтауымыз қажет. Тамақ (тағам) – ішіп-жейтін қоректік ас жиынтығы.

  • Дастарқан – асқа жайылатын, матадан тігілетін, ас берекесін, ұғымын білдіретін кең жайма.

  • Ақ – сүттен жасалатын тағамдар.

  • Айран – сүттен ұйытылған қышқыл, дәмді тағам.

  • Ақлақ – қой сүтінен жасалған,  ірімшікке сары май қосылған жеңсік тағам. Ақтүймеш – қауын қағы мен талқанды келіге салып түйіп жасаған тағам. Ақсорпа – соғым сүйектерін қайта қайнатқанда шығатын сорпа.

  • Бауырсақ – қамырды кесіп, майға пісірген нан.

  • Балқаймақ – қайнатылған қаймақ.

  • Бүрме – сүрленбес үшін мал терісін орап сақтаған ет.

  • Бұқпа – қозының, лақтың етінен буға пісірілген тағам.

  • Ботқа – ұнға су, ет қосып пісірілген қою тамақ.

  • Бөртпе – талқанға сүт, май қосып пісірілген тағам.

  • Быламық – тісі жоқ адамдарға арналған ботқа.

  • Быршыма – қатты ашып кеткен айран.

  • Жал – жылқының жалының майы.

  • Жая – малдың жаясының еті, кәделі тағам.

  • Жент – ірімшік, сөк, май, қант, мейіз қоспасынан әзірленетін тәтті, кәделі тағам. Жеңсік тағам – жент, ірімшік, ежігей сияқты сирек кездесетін тағамдар атауы. Жөргем – өрілген мал ішегі.

  • Ет -  қазақтың ең кәделі тағамы, еттен және сорпаға пісірілген қамырдан жасалып, үстіне тұздық құйылады.

  • Ежігей – қой сүтінен жасалатын, құртқа ұқсас дәмді тағам.

  • Кеспе – сорпаға ысылған нан салып пісірілген тағам.

  • Келісөс – жаңа піскен тары сөгін келіге түйіп, сүт, қаймақ қосып жасайтын тәтті тағам.

  • Көже – суға, сүтке тары, күріш қосып жасайтын тағам. Көк – жемістің, шөптің жалпы атауы.

  • Ашыған көже – суды қайнатып, күріш, тары салып жасайтын, шөл басатын көже.

  • Айрылысар көже (салт)– көшер кеде көршілердің бір-біріне беретін сыйлы тағамы.

  • Күлше – табада пісірілетін нан.

  • Қымыз – бие сүтінен жасалатын аса құнды, емдік тағам, оның түрлері: уыз қымыз – биені алғаш байлағандағы жаңа ашытылған қымыз; бал қымыз – сүр қаз қосып, әбден өлтіріліп пісірілген, бабы келген қымыз; тай қымыз – бір күн сақталған қымыз; құнан қымыз – екі түн сақталған қуатты қымыз; дөнен қымыз –үш түн сақталған күші мол қымыз; бесті қымыз –төрт түн сақталған сапалы қымыз; сары қымыз – шөп буыны қатып, күзде сауылған биенің маңызды қымызы; қысырдың қымызы – қыста құлынсыз сауылатын биенің дәмді, қуатты, шипалы қымызы; түнемел қымыз – көп тұрған немесе үстіне саумал қосылған сапасы төмен қымыз.

  • Саумал – бие сүті.

  • Қуырдақ – көбінесе мал сойылғанда өкпе, бауыр, жүрек, жұмсақ еттерді турап, майға қуырып әзірлеген дәмді тағам.

  • Қиықша – ысылған қамырды қиықшалап кесіп, майға пісірген нан. Қаймақ – сүттен шығатын тағам.

  • Қызыл – ет тағамдарының атауы.

  • Қазы – жылқының қазы майы, кәделі тағам.

  • Қарта – жылқының ішегі, кәделі тағам.

  • Қатық – қой сүтінен ұйытылған тамақ.

  • Құймақ – су араластырылған ұнға жұмыртқа қосып, майға сұйықтай құйып пісіретін дәмді, жұмсақ тағам.

  • Қорықтық – қой сүтінен әдейі ысытылған түйір тастар салып пісіретін, қойшы, малшылар далада дайындайтын тәтті сүт тағамы.

  • Құйыр-бауыр – құдаларға ұсынатын құйрық пен бауырдан жасалатын тағам. Құрт –  мал сүтінен жасалатын ежелгі қазақ тағамы.

  • Құрткөже –  құрттан езіп әзірленетін ыстық, қуатты тағам.

  • Қамыр – суға, сүтке илеген ұн.

  • Қарма – кейде етін қуырып, балықтың сүйегін диірменге тартып жасайтын балық талқаны.

  • Қаспақ –  сүт қайнатқанда қазан түбіне жабысқан қалдық.

  • Талқан – қуырылған бидайды, тарыны диірменге тартып әзірлейтін тағам. Тоқаш -   ұннан жасалған нанның бір түрі.

  • Томыртқа – жылқы етінің мұз салынған ыстық сорпасы.

  • Төстік – қой, ешкі сойғанда төс етін тұздап, отқа қақтап пісірген тағам.

  • Төп – талқаннан жасалатын ботқа.

  • Торта – май қайнатқанда бөлінетін тұнба.

  • Тұз – асты сақтайтын және дәмін келтіретін кристалл.

  • Тұздық – астың дәмін келтіру үшін сорпаға пияз, көк қосылып қайнатылған тағам.

  • Науат – қант тектес тәтті.

  • Малта –езілген құрттың қалдығы.

  • Май – қатықты күбіде піскен кезде шығатын тағам. Қаймақты шайқағанда да май шығады.

  • Майсөк – майға бөктірген сөк.

  • Мипалау – мидан жасалатын тағам.

  • Меңіреу – қой сүтінен жасайтын дәмді қатық түрі.

  • Мыжырма – майға езілген ыстық нан.

  • Ұйқыашар – Наурыз, айт, мереке күндері қыздардың жігіттерге ұсынатын тағамы. С

  • оғым – қыста әдейі сойылған ірі мал еті.

  • Сөк – қауызы аршылған, піскен тары.

  • Сусын – шөл басатын сұйық тағамдардың жалпы атауы.

  • Сүр – қысқы соғымнан қалған ет.

  • Сүзбе – айраннан сүзіліп алатын қышқыл тағам.

  • Уыз  төлдеген малдың алғашқы қою сүті.

  • Уыз көже –  уыздан пісірлген дәмді тағам.

  • Шұбат – түйе сүті, дәмді, шипалы тағам.

  • Шелпек – дөңгелектеп майға пісірген жұтқа нан.

  • Шалап – айранға су қосылған сусын.

  • Шұжық – етті ішекке салып жасайтын дәмді тағам.

  • Шыртылдақ – тортасы айырылған сары  майға жылқы майын, құмшекер қосып жасаған женттің бір түрі.

  • Құмшекер – ұсақ қант. Ірімшік – сүттен жасалатын тәтті тағам.

  • Ақ ірімшік – ақ күйінде алынған ірімшік.

  • Қызыл ірімшік –  әбден қайнатып, қызарған кезде алынған ірімшік.

  • Іркіт – құрт қайнатуға әзірленген быршыма.

  • Тосап –  қой сүтіне мамыр айының майын, бал қосып қайнатып, суық тиген адамға берілетін тағам.

  • Белкөтерер – қарт кісірлерге, аурудан тұрғандарға әдейі дайындалған қуатты, құнарлы тағамдар.

  • Қалжа (салт, тағам)– жас босанған әйелдерге әдейі әзірленген (жас ет, тосап, қымыз, ірімшік т.б.) тамақ.

  • Наурыз көже – Жаңа жылдың құрметіне жеті түрлі дәмнен жасалатын ұлттық тағам. 



















  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет