Лекция арнайы педагогиканың объектісі, ПӘні және міндеттері



бет1/14
Дата11.12.2022
өлшемі2,14 Mb.
#56507
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Лекция 1.АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОБЪЕКТІСІ, ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

Қолданылған әдебиеттер

  • Арнайы Педагогика Н.М. НАЗАРОВА редакциясы Мәскеу ,АСАDEMА, 2008
  • Дмитриев А.А. Арнайы (коррекциялық) педагогика: Оқулық.- М.: Жоғарғы Мектеп., 2010.-295с.
  • О.И.Карпунина, Н.В.Рябова Анықтамалық схемалардағы арнайы педагогика: Оқулық.- М.Изд-во НЦ ЭНАС, 2005.-162с

1. Арнайы педагогиканың объектісі, пәні мен міндеттері

  • Көптеген жылдар бойы дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеу, оқыту және тәрбиелеу мәселелері дефектология аясында біріктірілді. Дефектологиялық зерттеулерде психиканың дамуындағы ауытқулар, клиникалық, психологиялық және педагогикалық позицияларында зерттелді.
  • XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап екі ғылыми бағыттың дербес дамуы басталды: арнайы педагогика және арнайы психология.
  • Арнайы педагогика педагогикалық ғылымның жеке саласы ретінде дамып, басқа ғылымдармен, солардың ішінде бірінші кезекте медицина және психологиямен тығыз байланысты.
  • Арнайы педагогика балалардағы девиантты(бұзылған) психикалық дамудың себептерін, мәнін және заңдылықтарын, танымдық әрекеті мен эмоционалдық-еріктік сферасының, тұлғалық дамуында кемшілігі бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.
  • Арнайы педагогика педагогиканың құрамдас бөлігі, оның бір саласы болып табылады және жалпы педагогикалық әдістердің көмегімен қарапайым педагогикалық жағдайларда білім беру қиын немесе мүмкін емес болатын дене және психикалық дамуында кемістіктері бар мүгедектерді арнайы оқыту мен тәрбиелеудің теориялық және қолданбалы аспектілері.

Қазіргі таңда «арнайы педагогика» мен «арнайы білім» ұғымдары халықаралық педагогикалық теория мен тәжірибеде жалпы қабылданды. Бұл атаулар әлемдік білім беру жүйесінің қазіргі гуманистік нұсқауларына сәйкес келеді: адамды қорлайтын белгінің болмауы, нақтылық(корректность). Special сөзінің ағылшын тіліндегі түп негізі (айрықша, индивидуалды) педагогиканың осы саласының жекелік бағытын атап көрсетеді

  • Қазіргі таңда «арнайы педагогика» мен «арнайы білім» ұғымдары халықаралық педагогикалық теория мен тәжірибеде жалпы қабылданды. Бұл атаулар әлемдік білім беру жүйесінің қазіргі гуманистік нұсқауларына сәйкес келеді: адамды қорлайтын белгінің болмауы, нақтылық(корректность). Special сөзінің ағылшын тіліндегі түп негізі (айрықша, индивидуалды) педагогиканың осы саласының жекелік бағытын атап көрсетеді
  • Арнайы педагогиканың мақсатыбұл психикалық және(немесе) физикалық дамуында кемшіліктері бар адамдарды әлеуметтендіру мен өзін-өзі жүзеге асыруларына бағытталған арнайы білім берудің теориялық және практикалық мәселелерін әзірлеу.
  • Арнайы педагогиканың объектісі ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы білім беру процесі.
  • Арнайы педагогиканың меңгеру пәні - арнайы оқыту мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық сұрақтары; балалардың әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кірігуі мақсатында, дамуындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған коррекциялық-педагогикалық жұмыстың принциптері, мазмұны және әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет