Лекция ықтималдықтар теориясының алғашқы ұғымдары. Ықтималдықтың классикалық, статистикалық анықтамасы. Ықтималдықтың қасиеттері



бет1/26
Дата06.01.2022
өлшемі484 Kb.
#14385
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Ыктималдыктар теориясы



ЛЕКЦИЯ

1. Ықтималдықтар теориясының алғашқы ұғымдары. Ықтималдықтың классикалық, статистикалық анықтамасы. Ықтималдықтың қасиеттері.

“Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика” пәні кездейсоқ процесстердің ықтималдықты - статистикалық заңдылықтарын зерттейтін математикалық ғылым саласы. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика әдістері алуан түрлі салаларда кеңінен қолданылады, оның ішінде физика, геодезия, астрономия, атқылау теориясы, психология, лингвистика, биология, медицина, социология, археология және адамның басқа да қызмет салаларында пайдаланылады.

Ықтималдық ұғымдарының тарихи дамуы мен ғылым ретінде қалытасуы бірнеше сатыдан өтті. Бұл ғылымның дамуына Еуропа ғалымдары Б.Паскаль (1623-1662), П.Ферма (1601-1665), Х.Гюйгенс (1629-1695), Я.Бернулли (1654-1775), А.Муавр (1667-1754), П.Лаплас (1749-1827), Ф.Гаусс (1777-1855), С.Пуассон (1781-1840) және орыс ғалымы Буняковский (1804-1889) көп үлес қосты.

Бұл ғылымның келесі дамуы ұлы орыс математигі Пафнутий Львович Чебышев (1821-1894) басқарған Петербург ықтималдықтар теориясы мектебімен байланысты. Атап айтқанда П.Л.Чебышевтың ХІХ ғасырдың орта кезінде жарық көрген іргелі зерттеулерінен бастап, Россияда ықтималдықтар теориясы пәрменді дамыды. Аса ірі еңбектер сіңіріп, жаңа әрі құнды нәтижеге қолы жеткен, орыс-совет ғалымдары А.А.Марков (1856-1922), А.М.Ляпунов (1887-1918), А.Я.Хинчин (1894-1959), А.Н.Колмогоров (1903-1986), С.Н.Бернштейн (1880-1968), В.А.Романовский (1879-1954), В.И.Слуцкий (1880-1948), В.И.Гливенко (1896-1940), Б.В.Гнеденко (1912 туған), Ю.В.Линник (1925-1972), Ю.В.Прохоров (1929 туған) т.т.есімдері жұртшылыққа кеңінен мәлім.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет