Лекция Липидтер алмасуы. Сіңірілуі, липидтер алмасуындағы тіндер мен мүшелердің ролі. ДӘріс жоспары: Тағам липидтері және қорытылуы



бет1/6
Дата20.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75532
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
89793c2ca0f7eb35be3c262dc9917c2d


№9 лекция

Липидтер алмасуы. Сіңірілуі, липидтер алмасуындағы тіндер мен мүшелердің ролі.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
  • Тағам липидтері және қорытылуы.
  • Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуі. Мицелла.
  • Хиломикрондар.
  • Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, өкпенің, бауырдың, май тінінің ролі.
  • Липопротеиндер, құрамы, ролі, өзгерістері.


Липидтер дегеніміз – гидрофобты қасиет көрсететін (суда ерімейтін, органикалық еріткіштерде еритін) органикалық қосылыстардың гетерогенді тобы.
Липидтер екіге жіктеледі:

Жай

Күрделі

тек май қышқылдары мен спирттен тұрады

құрамына май қышқылдары мен глицериннен басқа да заттар кіреді
  • ТАГ,
  • Холестерол (ХС),
  • Холестерол эфирі (ХЭ)
  • Гликолипидтер (көмірсулар бар)
  • Фосфолипидтер (Н3РО4+азотты негіз)

ТАҒАМ ЛИПИДТЕРІ (ТӘУЛІКТІК МӨЛШЕРІ: 60-80 г ӨСІМДІК ЖӘНЕ ЖАНУАР ТЕКТЕС МАЙЛАР):
  • ТРИАЦИЛГЛИЦЕРИДТЕР (ТАГ)
  • ФОСФОЛИПИДТЕР (ФЛ)
  • ХОЛЕСТЕРОЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭФИРЛЕРІ (ХЭ)

ТАГ ФУНКЦИЯСЫ:
1. энергия көзі (1г ТАГ тотыққанда 38,9кДж);
2. эндогенді судың көзı (100г ТАГ тотыққанда 107мл су);
3. қорғаныштық қызметі (маңызды органдарды механикалық зақымданудан қорғайды);
4. жылуды нашар өткізетіндіктен, дене t°С тұрақты cақтауға қатысады;
5. еріткіштік (майда еритін витаминдердің сіңірілуіне қажет).
Фосфолипидтер (ФЛ)
ФЛ кұрамында май қышқылдары мен спирттерден басқа фосфор қышқылы, азотты негіздер (серин, этаноламин, холин) болады.
Фосфатидилэтаноламин (кефалин)
Фосфатидилхолин (лецитин)
ФЛ ФУНКЦИЯСЫ:
1. СТРУКТУРАЛЫҚ (мембрана липидтерінің құрамына кіреді).
2. Эмульгатор ролін атқарады.
3. Хиломикрондар (ХМ) мен липопротеиндердің (ЛП) гидрофильді қабатын түзе отырып, ерімейтін липидтерді тасымалдауға қатысады.
4.ЛИПОТРОПТЫ (бауырды майланудан сақтайды).
6. МЕССЕНДЖЕР РОЛІН АТҚАРАДЫ.
7. БАЗ РЕТІНДЕ ӨКПЕДЕГІ ҚАЛЫПТЫ ТЫНЫС АЛУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ.
8. Кейбір ФЛ, мысалы кефалиндер ҚАННЫҢ ҰЮЫНА ҚАТЫСАДЫ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет