Лекция мақсаты Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салудың құрылу негіздерін түсіну. Лекция сұрақтары



бет1/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#15009
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90

Дәріс тезистері
1. БӨЛІМ. САЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.Тақырып. Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты
Лекция мақсаты - Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салудың құрылу негіздерін түсіну.
Лекция сұрақтары:

  1. Салықтың экономикалық мазмұны және табиғаты.

  2. Салықтардың функциясы және оларға сипаттама.

  3. Салықтар-экономикалық категория ретінде.

  4. Салықтардың фискалды міндеті.

  5. Салық салудың негізгі принциптері мен олардың сипаттамасы.

  6. Салық салу элементтеріне жалпы сипаттама.


Лекция мазмұны:

Әрбір мемлекет өзінің, аппаратын қаржыландыруға және өз функцияларын жүзеге асыруға кететін ақша қаражаттары мен қаржы базасы болса ғана ол мемлекет болып қалыптаса алады. Бүкіл мемлекеттік аппарат ретінде қызмет ететін, қоғамға пайдалы кез-келген мемлекет ақшамен өлшенетін өнім шығармайды.

Сондықтан, мемлекет ақша қаражатын 2 түрмен жұмылдырады. 1) жеке меншіктің мемлекетке өз еркімен беруі (мысалы: ішкі және сыртқы займдар); 2) мәжбүрлі түрде салық салу.

Салықтың мәнін түсіну үшін салықтар теориясының классигі А.Смиттің еңбектерінің үлкен маңызы бар. Оның көз-қарасы алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің салық жүйесінің негізі ретінде қаланды. А.Смит салық жүйесінің келесі қағидаларын атап көрсетті:



  • салықтың заңдылығы (Смиттің ойы бойынша салық – бұл мемлекеттік заң түрінде салынатын және мөлшерін және төлену тәртібін қарастырады);

    • бірдеңгейлі (кез-келген азамат өзінің табысы арқылы мемлекетті қолдау керек);

    • анықтылық (салық төлеушіге төлеу уақыты, қалай төленетіні және төлеу мөлшері белгілі болуы керек);

    • үнемділік (салық минималды ұстау түрінде жүргізілу керек);

    • төлеушінің шаруашылық меншігі (салық субъектісі болып тәуелсіз азамат болып табылады, өзінің белгілі меншігі бар және өзінің шаруашылық қызметінен табыс алады).

К.Маркс салықты ананың сүтіне теңеген, өйткені балаға сут қаншалықты қажет болса мемлекетке де салық соншалықты қажеттігін айтқан, ал Ф.Энгльес болса салықты мемлекеттің үш белгісінің біріне теңеген. Сол себептен салықтың маңыздылығын экономикалық теория ойшылдарының барлығымен айтылған.

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның салық жүйесі, басқа да КСРО құрамында болған елдердегі сияқты жалпы әлемдік дамуға кері бағыт алды ол салықтардан кәсіпорын пайдасын әкімшілік әдіспен сыпырып алу және қаржы ресурстарын мемлекет бюджеті арқылы қайта бөлуге көшті. Қаржы құралдарының толығымен орталықтандырылуы және кәсіпорынның қандай да бір қаржылық мәселелерді шешу еркіндігінен айырылуы шаруашылық жетекшілерін барлық инициативадан құралақан қалдырып, 80-90 жылдардағы пайда болған қаржылық тоқырауға әкеліп соқтырғаны жалпыға мәлім жағдай.

Салық – мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында жеке және заңды тұлғалардан алынатын, мемлекет бекіткен міндетті төлем.

Алым – қандай да бір қызметті жүзеге асыруға немесе қандай да бір игілікті қолдануға құқық беретін, арнайы құқықтық қатысуды иелену үшін жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті біржолғы жарна. Немесе алым дегеніміз, белгілі бір құқықты беру үшін төленетін міндетті жарна.

Төлемақы – қайтарылатын және эквивалентті төлем, ол мемлекет азаматтық құқық субъектісі болған жағдайда, азаматтық-құқықтық қатынастарға жанама түрде жүреді. Төлемақы сонымен қатар – уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келген тұлғаларға көбінесе материалдық сипаттағы табиғи, кейде, өзгеше мақсатта пайдаланылатын белгілі бір объектлерді, не болмаса, соларға байланысты рұқсаттарды бергені үшін заңды немесе жеке тұлғалардан эквивалентті түрде алынатын алым.

Мемлекеттік баж – құқықтық маңызы бар қызметтерді жүзеге асырғаны үшін және соған мемлекеттік органдар немесе құзырлы тұлған өкілеттілік берген құжаттарды беру кезінде алынатын – міндетті төлемақы. Немесе баж дегенміз, мемлекеттік қызметтің орнына құқықтық маңызы бар қызметтерді қолданғаны үшін алынатын міндетті төлемақылардың бір түрі.

Салықтың төлемақыдан негізгі айырмашылығы сонда, салық қайтарымсыз, эквивалентсіз төлем, ал төлемақы-қайтарымды және эквивалентті. Яғни, салық қаржылық қатынас, ал төлемақы – мемлекет азаматтық құқық субъектісінің рөлінде жүретін азаматтық-құқықтық қатынас.

Салықтардың мәнін одан әрі тереңірек түйсіну үшін оның атқаратын функцияларына тоқталып өтуіміз қажет. Кең мағынада алып қарайтын болсақ салық функциялары оның қасиеттерін, әсер ету кезіндегі мәнін көрсетеді. Қызметтер мемелекет табысын қайта бөлу құралы ретіндегі аталған экономикалық категорияның қоғамдық міндетті қалай жүзеге асыратындығын сипаттайды. Осадан келіп бөлу қатынастарының орталықтандырылған жүйесін қалыптастыратын салықтардың негізгі функцияларының бірі қайта бөлушілік қызметі туындайды. Қазіргі кездегі әдебиеттерді салықтардың төмендегідей функцияларын қарастырады:



  • Фискалды (бюджеттік, шоғырландырушылық, жинақтаушылық);

  • қайта бөлу (әлеуметтік);

  • бақылау;

Қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.

Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын тағдау, оларды мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылды. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:


  • Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа да төлемдерді төлеуші тұлға, алайда рыноктық механизм арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салықты алып жүрушіге қойылуы мүмкін;

  • салық объектісі. Салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер бойынша салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайтын мүлік пен іс-әрекеттер болып табылады;

  • салық базасы. Ол салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамасын білдіреді. Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:

  • табысқа салынатын салық. Бұған корпоративтік табыс

салығы мен жеке табыс салығы жатады;

  • тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға

салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;

  • капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;

  • салық ставкасы. Салық ставкасы деп салық базасын өлшеу бірлігіне есептеленетін салық мөлшерін атайды. Ол салық базасын өлшеу бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомада белгіленеді. Салық салу практикасында ставкалардыњ мынадай тџрлерін ажыратады: тұрақты (берік) салық ставкалары. Олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдің бір текше метріне)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет