12-Тақырып. Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары. Мақсаты



бет1/7
Дата05.12.2022
өлшемі112,74 Kb.
#54908
  1   2   3   4   5   6   7

12-Тақырып. Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары.
Мақсаты: макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілерін
болдырмауға байланысты экономикадағы мемлекеттің бюджет-салық
саясатының жүргізілуінің қажеттілігін түсініп, оның мемлекеттік реттеудегі
рөлін, түрлерін, жалпы механизмдері мен ерекшеліктерін жан-жақты талдау
және олардың тиімділіктерін анықтау.


Талқылау сұрақтары:


12.1. Бюджет-салық (фискалдық) саясатының мақсаттары, құралдары және түрлері.
12.2. Бюджет (мемлекеттік шығындар) мультипликаторлары. Салық мультипликаторы. Баланстанған бюджет мультипликаторы. Хаавельмо теоремасы.
12.3. Бюджет тапшылығы, оның түрлері және қаржыландыру әдістері.
12.4. Мемлекеттік қарыз мәселесі және оны жабу жолдары.
Негізгі ұғымдар: бюджет-салық (фискалдық) саясаты, фискалдық саясат, дискрециялық бюджет-салық саясаты, дискрециялық емес бюджет-салық саясаты, ынталандырушы бюджет-салық саясаты, фискалдық саясат, т.б.


12.1. Бюджет-салық (фискалдық) саясатының мақсаттары, құралдары
және түрлері.


Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – бұл макроэкономикалық саясттың негізгі бір құралы ретінде макроэкономикалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық мәселелерді реттеу үшін мемлекеттің шығындары мен салық салу механизмдерін өзгерту арқылы экономиканың іскерлік белсенділік деңгейіне саналы түрде әсер ету шаралары. Бюджет-салық саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне және бағаның жалпы деңгейіне әсер ете отырып, жұмыссыздық пен инфляция сияқты макроэкономикалық мәселелерді шешуге бағытталған.
Фискалдық саясат-бұл үкіметтің ең алдымен жиынтық сұранысты реттеу саясаты. Бұл жағдайда экономиканы реттеу жалпы шығындардың мөлшеріне әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Алайда, фискалдық саясаттың кейбір құралдарын іскерлік белсенділік деңгейіне әсер ету арқылы жиынтық ұсынысқа әсер ету үшін де қолдануға болады. Фискалдық саясатты үкімет жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет