Лекция тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары Лекцияның оқыту нәтижелері



бет1/8
Дата06.11.2022
өлшемі76,57 Kb.
#47888
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8

12 Лекция тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары


Лекцияның оқыту нәтижелері:

1. Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;


2. Сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу;
3.Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстардыжүйелеу және сыни баға беру


Лекция мазмұны.


  1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары

  2. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты

  3. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы.

  4. Экологиялық дағдарыс.

  5. М.С.Горбачевтың реформалары

  6. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы.

  7. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы



1.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары. II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бұлінді және 2 млн адам қираған үйде түруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минскт.б. қалалардың көп болігі талқандалды.
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 30 млн жуық адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945-1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды.
Соғыс жағдайына бейімделген ел экономикасының қайта құрылуы басталды. Сұрапыл жылдары соғыстың қажетін өтеп тұрған кәсіпорындар бейбіт тұрмыс өнімдерін шығара бастады.
Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қазатапты, көбі мүгедек болып оралды т.с.с. Мұның бәрі шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек корсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын, коптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты.
Сонымен қатар, Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті. Мысалы, 1945 жылы Украинаға 500-ге жуық трактор, ауыл шаруашылық техникасын; Ресей мен Белоруське, Украинаға 350000 қой, 22000 жылқы, 17500 сиырды тегін жіберді. 1946 жылы қабылданған 1946-1950 жылдарды қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдығына сәйкес шаруашылықты дамытуға бюджеттен көптеген қаржы бөлінді.
Үкіметтің қолдауымен және жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар біртіндеп аяғынан тұра бастады. Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сияқты алыптардың қуаты артты. Екібастүз көмір кендері мен Маңғыстау мұнай кәсіпшілік-терінде жаңа кұрылыстар салынды.
Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің куаты артты.
1950 жыльі 483 шақырымға созылған Мойынты-Шу теміржолы салынды. Байланыс, коммуникация жүйелері де дамыды. 1949 жылы Алматы қаласы автоматтық станция арқылы республиканың 56 қаласымен байланыс-тырылды.
Соғыстан әлсіреп шыкқан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т.б.
Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.
Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды.
Соғыстан кейін 1946-1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе орнымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алуға жетпеді. Сол кездегі орташа жалақының көлемі 64 сом болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет ете арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы, әрине, ешқаңдай мәліметтерде айтылмады.
Елдiң астық қажеттiгiн егiншiлiк аудандары өтей алмады, мал басы өспедi, өнiмi ел қажеттiгiн өтей алмады. Мұның көптеген себебi бар. Олардың негiзгiсi соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зыян тигiздi. Екiншi үлкен себеп ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарының ескiруi болды. Колхоздарда егiс алаңы, мал колхозшыларының қауымдық меншiгi деп аталғанымен олар ол меншiктiң йесi емес едi. Жер мемлекет меншiгiнде болды да, мал да мемлекеттiң меншiгiнiң бiр түрiне айналды. Мемлекеттiк меншiкке ие болмады. Иесiз меншiк өспедi, оны талан таражға салу оңай болды. үшiншiден, ауыл шаруашылық өнiмдерiн мемлекетке мiндеттi түрде алуға байланысты қалыптасқан жүйе өзiн ақтамады. Ауыл шаруашылығында өнiм өндiру, оны мемлекетке дайындау жүйесi өнiм өндiрушiлердiң ынтықтығын тудырмады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындау және сатып алу бағасы өнiмнiң өз құнынан төмен болды. Колхоздарда колхоз демократиясы бұзылды, колхозды басқару, өнiмдi жұмсау әкiмшiлiк орындарының қолына өттi.
Партия мен үкiметтiң орталық және жергiлiктi орындары бұл ауыр халден шығу үшiн бiрнеше шара қолданды. Мәселен осы жылдары колхоздарды iрiлендiру шарасы жүрiлдi, пайдасыз ұсақ колхоздарды арасынан қосып iрiлендiрдi. Колхоздарды совхоздарға айналдыру шарасын жүзеге асырды. Дегенмен бұлар күткен нәтижеге жеткiзбедi. Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдайдан шығудың жолы өндiрiстiк қатнасты жетiлдiру, яғни ауыл шаруашылығындағы өндiрiс құрал жабдығын /жер, мал, техника т.б./ йесiнiң меншiгiне беру едi. Бұл жолға ешкiм тәуекел ете алмады.
Ұлы Отан соғысының Кеңес Одағы халықтарының жеңiсiмен аяқталуы халық бұқараның рухани зор өрлеуiн туғызып энтузиязымын арттырды. Соғыста Кеңес Одағының халық шаруашылығы зор зыян шектi. Халықтың энтузиязымының арқасында соғыста бүлiнген халық шаруашылығын 1953 жылы қалпына келтiрдi, бұдан соңғы жылдары экономика арғарай дамыды.
Қазақстан майдан шебiнен ұзақ орналасқандықтан соғыстан халық шаруашылығы бүлiнбедi. Қазақстан Кеңес Одағының бүлiнген халық шаруашылығын қалпына келтiруге белсене қатысты. Батыс өлкедегi бүлiнген өнеркәсiп аудандары мен қалаларды қалпына келтiруге Қазақстаннан жұмысшылар жiберiлдi. Колхоз, совхоздарға мал жiбердi.
Соғыстан кейiнгi жылдары Қазақстан экономикасы, әсiресе, өнеркәсiп саласы дамыды. Қазақстан еңбекшiлерi бес жылдықта /51-55/ өнеркәсiптi дамытуда едәуiр табыстарға қол жеткiздi. Осы жылдары 200-ге жуық жаңа өнеркәсiп орындары iске қосылды. Осы жылдары Қазақстанда энергетика, металлургия, кен рудасы, көмiр, химия, машина жасау салалары дамыды. Түстi металлургия республиканың экономикасының жетекшi саласына айналды. Елдегi ең iрi объектiлердiң бiрi Қарағанды металлургиялық заводының /Қазақстан магниткасы/ құрылысы басталды. Қарағандыда оннан астам шахта iске қосылды. Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Қарағанды қалаларындағы машина жасау заводтары жаңа станок, жабдықтар жасайтын болды. Өнеркәсiп орындарында өндiрiс процессiн автоматтандыруда, механикаландыруда елеулi табыстарға қол жеттi.
Білім мен ғылым, әдебиет пен өнер саласындағы ілгерілеудің көшбасында Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, М. Айтхожин, Ш. Есенов, Д. Сокольский, Ә. Бектұров, У. Ахметсафин тәрізді тұлғалар тұрды. 1946 жылы шаңырақ көтерген Қазақстан ғылым академиясы шығармашылық-теориялық ізденістердің ордасына айналды. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ КССР ҒА-ның жүйесінде жұмыс істейтін немесе оның толық мүшесі, мүше-корреспонденті болып сайланған 7 ғалым Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді, 18 ғалымға Лениндік сыйлықтың, 43 ғалымға КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атағы берілді.
1941 жылы КСРО үкіметінің Эвакуация жөніндегі Кеңестің шешімімен Ресей және КСРО Ғылым Академиясының ғалымдары Қазақстан жеріне орналасады. Қ.Сәтбаев талай кеңестік оқымысты ғалымдарды тартып, республиканың бай табиғи қорларын игеруге күш жұмылдырады. 1940 жылы бір ғана Геология институты ашылса, 1944 жылы КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалында 6 институт және 4 сектор жұмыс істеп тұрды. Бұл жерде 576 қызметкер, оның ішінде 2 академик, 4 КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, 27 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаттары қызмет етті. Соғыс жылдары ғылыми кадралар құрамы үш есе өсті. Соғыстан кейін тау-кен, химия, металлургия, топырақтану институттары ашылды. Қ.Сәтбаев республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуына қыруар дайындық іс-шаралар жүргізді. Осы мақсатпен ғалым 1944 жылы 3 қантарда республика басшылығына бір орталықтан ұйымдастырылып, үлестіріп отыратын республикалық Ғылым Академиясын ашу мұқтаждығы көрсетіліп, қазақстандық ғылым дамуы туралы хат жолдайды. 1944 жылдың соңында Қ.Сәтбаев үкімет тапсырмасы бойынша ҒА ашуға жұмыстарына кірісе бастайды. ҚазКСР Ғылым Академиясын құру бойынша жұмыстарды басқару мақсатында Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына КСРО ҒА-ның 11 академигі және президенті С.И.Вавилов кіреді.
Ұзақ дайындық жұмыстардан кейін 1946 жылы 1 маусымда ҚазақКСР Ғылым Академиясы құрылады. Ғылым ордасы алғашқыда қазіргі микробиология Институтының екіқабатты ғимаратында орналасты. Ғылым академиясының құрамында 18 ҒЗИ, 8 сектор, 7 тәжірибелі станция, 3 ботаникалық бақ болды. Қызметкерлердің саны 1400 адам, соның ішінде 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаттары. Қ.Сәтбаев бастамасымен 11 жаңа ғылыми-зерттеу институттары құрылды.
Дегенмен, 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды.
Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.
Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.
«Жамбыл», «Ботагөз», «Мәншүк туралы ән», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», т.б. фильмдер қазақ кино өнері мен қайраткерлерінің үздік жетістігі қатарына кірді. 70-80 жылдары 20-дан астам өнер саңлақтары «КСРО-ның халық әртісі», «КСРО-ның халық суретшісі», «Социалистік Еңбек Ері» атақ-дәрежелерімен марапатталды.
Кеңестік кезеңде білім, ғылым, мәдениет саласы қарама-қайшылыққа толы болды. Бұл қарама-қайшылық сипаты жетістіктерге де дамуға да қатысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар тапшылығы мәселесі қиынға түсті. 1947 жылы қараша айында өндіріс пен ауыл шаруашылығын жоғары сапалы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін оқу орындарын салуға қаражат бөлуді қарастырған «Қазақ КСР жоғары және орта білімді ары қарай дамытудың шаралары» атты қаулы қабылданды. Мектептегі білім беру ісіне қатты көңіл бөлінді, барлық жерде сегізжылдық, ал ірі қалаларда онжылдық білімге көшу жүргізілді.
1950-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет